2015 жыл №10 (83) желтоқсан
18
– Бақыт Жұмағазықызы, оқу орнындағы
тәрбие жұмыстарына тоқтала кетсеңіз?
– Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр
уақытта өзекті болып келген. Өскелең ұрпақты
болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеуде бізге
артылған жүк жеңіл емес. Біліктілігі жоғары
мамандарды даярлау – бұл кешенді үрдіс,
осының ішінде маңызды орынды тәрбие алатыны
сөзсіз. Сондықтан да университеттің тәрбие
жұмыстарын
студенттерді
интеллектуалдық,
ұйымдастырушылық және мәдени негізде дамытуға
бағытталған тәрбие жұмысы және жастар саясаты
бөлімі жүргізеді. Сондай-ақ университет ректораты
да тәрбие жұмысына көп көңіл бөледі.
– Студенттердің университет қабырғасында
қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына
қандай жағдайлар жасалған?
– Негізінен, сабақтан тыс уақытта студенттердің
қоғамдық,
мәдени,
ғылыми
жұмыстармен
шұғылдануы олардың тұлға ретінде қалыптасуына
зор септігін тигізеді. Алайда, студенттердің
барлығы дерлік оған талпынбайды. Сол үшін
де университетте көптеген ұйымдар ашылып,
студенттің өзі қалаған қоғамдық жұмысқа
араласуына жалпы университет тарапынан
барынша жағдай жасалған. Атап айтқанда,
«Қазақстан студенттер Альянсы», Студенттік
Парламент, «Жас Отан» жастар қанаты, сонымен
қатар «Парасат», «Конгресс» дебат клубтары және т.б.
қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.
Аталмыш ұйымдар жастар саясатын іске
асыруда, студенттер өміріндегі маңызды мәселелерді
шешуде, студент жастардың құқығын, мүддесін,
қызығушылықтарын қорғау және талап-тілектерін
орындауда белсенді жұмыс атқарып келеді. Ал тәрбие
бөлімінің негізгі міндеті – студенттерге елінің патриоты
ретінде интеллектуалдық және профессионалдық
тұрғыда қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға
бағыт-бағдар беру болып табылатындықтан, олардың
жұмыстары тікелей студент жастармен байланысты.
– Жастардың мәдениетін байыту, өнерге және
шығармашылыққа баулитын үйірмелер бар ма?
Спорт кешенінің тағы бір ерекшелігі өзге оқу
орындарында сирек кездесетін жүзу бассейні
студенттердің еркін пайдалануына мүмкіндік берілген.
Әрбір залдың жеке шешінетін, жуынатын бөлмелері,
жаттықтырушылар кабинеті, спорттық жабдықтарды
сақтауға арналған қоймалары бар.
Спорт кешенінің аумағында медициналық
кабинет жұмыс істейді. Біздің студенттер үнемі
спорт турнирлері мен жарыстарына қатысады және
әртүрлі жарыс деңгейлерінде бірнеше дүркін жеңімпаз
және жүлдегер атанды. Студенттердің осы аталған
спорт түрлерімен шұғылдануларына барлық жағдай
қарастырылған, осының бәрі тек студенттер игілігі
үшін.
– Студенттерге арналған мүмкіндіктерді
айтып отырсыз, осы орайда университеттің
жатақханалары жайында айта кетсеңіз.
– Алыс мекендерден келген студентерге біздің оқу
орнымызда міндетті түрде жатақхана беріледі. Бізде
төрт жатақхана бар.
Барлық жатақханаларда студенттерге арналған
кітапханалар, Wi-Fi және интернетпен жабдықталған
компьютерлік кабинеттер, демалатын орын, тренажер
залдарымен қамтамасыз етілген. Ден қойып, білім
алуға талпынған студенттерге барлық жағдай бар деп
санаймын.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға
білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік
тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат
болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған.
Ал, біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – жас
ұрпақты тәрбиелеп, білімді, сапалы, саналы азамат
ретінде қалыптастыру болып табылмақ. Өскелең
ұрпаққа жалықпай оқып, ерінбей ізденіп, еліміздің
ертеңін гүлдендіруге сүбелі үлестеріңді қосып,
Отанымыздың нағыз патриоты болыңдар деймін!
– Әңгімеңізге рахмет!
Баспасөз қызметі.
Сұхбат
– Оқудан тыс мезетті тиімді өткізу мақсатында
көптеген шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.
Мәселен, би, оркестр, хор және студенттік театр.
Олардың арнайы жұмыс кестесі бар және әр
үйірменің жұмыс жоспары құрылып, сол бойынша
көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Кез келген мерекелік
концерттерде, ауқымды іс-шараларда бұл үйірмелер
өз өнерлерін ортаға салып, университет намысын
қорғауда түрлі сайыстарға қатысып, өз уақыттарын
тиімді пайдалануда.
– Елбасы Жолдауындағы бағыттардың бірі –
денсаулықты нығайту. Осы мәселеге орай, келешек
қоғам иелерінің спортқа деген қызығушылығын
арттыру мәселесіне тоқтала кетсеңіз?
– Университеттің заманауи
спорт кешені студенттермен
міндетті сабақты өткізуді ғана
емес, белсенді денешынықтыру
және спорттың әр түрімен
айналысу
жағдайын
қамтамасыз етеді.
Спорт кешенінің залдары
студенттерге шағын футбол,
волейбол, баскетбол, теннис,
атлетикалық спорт, ырғақты
гимнастика,
күрес
түрі,
жасанды жабыны бар ашық
футбол алаңы және т.б. спорт
түрлерімен және сонымен
қатар
спорттық
шаралар
мен біріншіліктерді өткізуге
мүмкіндік береді.
СТУДЕНТТЕР үШІН бАРЛЫҚ жАҒДАЙ жАСАЛҒАН
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әр
жылғы Жолдауында жастарға зор сенім
білдіріп, олардың жарқын болашағына баса
назар аударып отырады.
Жастардың терең білім алуына жол
ашқан Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті бүгінгі таңда
жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жұмыстар
атқаруда. Осы орайда, университеттің
Халықаралық
ынтымақтастық
және
тәрбие ісі жөніндегі проректоры, тарих
ғылымдарының
докторы,
профессор
Атантаева Бақыт Жұмағазықызын әңгімеге
тартқан едік....