Сабақ «Еңбек-бәрін жеңбек» Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна



жүктеу 44,28 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі44,28 Kb.
#6559
түріСабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№47 ЖББОМ

Мерзiмі:10.02.2017 жыл

Тақырыбы: № 21- сабақ «Еңбек-бәрін жеңбек»

Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна

Класс Оқушылар саны: 21

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері:сыйластық, мейірімділік, еңбекқорлық:




Сабақ мақсаты: Еңбек-бәрін жеңбек дұрыс әрекет құндылығынан туындайтынын ұғындыру

Міндеттері:

  • оқушыларды үлкендерді сыйлай білуге, ізетті болуға үйрету

  • Оқушылардың мейірімділік қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару.

5Т Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық - ережесін сақтау

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма : 21-сабақ. 84-85-беттегі Б.Әділовтің «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» мысал әңгімесін оқу.Ө.Тұрымжановтың «.Қайдан келдің, бауырсақ ?» өлеңін жаттау.



  • Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

  • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

  • «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  • Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  • Өздерің еңбектің қай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Сабақ барысын талдау:

4. Сергіту сәті.

5. Дәйексөз.

«Еңбек - қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»

Абай Құнанбаев

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.





6. Мұғалімнің сыйы. «Адал еңбек» бейнеролик

  • Абзал қандай бала болып өсті ?

  • Ол қандай еңбекпен айналыса бастады?

  • Абзал ұстасының қандай кемшілігін байқады?

  • Абзал дұрыс әрекет жасады ма?

  • «Әркім өз ісін- адал жасаса» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Абзалды еңбекқор бала деуге болады?




7.Шығармашылық жұмыс: топтық жұмыс

Түстер арқылы 4-топқа бөлемін.

Суретін салып, сұрақ бойынша ойларын жеткізеді

І-топ Еңбек туралы өлең оқиды.

ІІ-топ Еңбек туралы мақал-мәтел айтады.

ІІІ-топ «Мен еңбекті сүйемін» тақырыбында шағын әңгіме жазады.

ІV-топ Еңбекқор бала тақырыбында сурет салады





8.Топпен ән айту. Бір жұлдызың болармын менде

Шаттық сыйлап қазақтай елге

Елін сүйген айналып ерге

Аспанда емес жарқырап жерде

Бір жұлдызың болармын менде

Қ-сы


Әнімді жалғайын еліме арнайын

Отанда әрдайым табылып жүрміз

Өнердің өрінде қазақтың төрінде

Жарқ етті көгінде тағы бір жұлдыз


Өнерпазды шығарып төрге

Қолдау білдір өнерін көрде

Өрмелесең талабым өрге

Бақыт тілеп батаңды берде

Қ-сы

Жымың қағып күнде де түнде



Жанған жұлдыз сөнбесін мүлде

Жүрсем шалқып халқыммен бірге

Соның бәрі мен үшін жөнді

Қ-сы






9.Үй тапсырмасы.

22-сабақ 86-87-бет. «Жақсылардың жақсысы» мысал әңгімесін оқып келу.







9.Сабақтың қортынды минуты.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!







жүктеу 44,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау