Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Тауарлардың құны бойынша қосымша тексеріс жүргізу



жүктеу 9,1 Mb.
бет31/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51

Тауарлардың құны бойынша қосымша тексеріс жүргізу


Бұл қызмет бойынша 929 сұхбаткерден сауалнама алынды.

Клиенттердің алынған қызметке қанағаттанушылығы орташа алғанда 8,2 балға бағаланды. Пайздық өлшемде қызметке толық қанағаттандырылғанд сұхбаткерлер үлесі4 68,9%-ды құрайды. Орта бизнес шағын және ірі бизнеске қарағанда аз қанағаттандырылған, орта бизнестегі қанағаттандырылғандар үлесі 62,8%-ды, шағын және ірі бизнесте 73,1% және сәйкесінше 71,9%-ды құрады.



Автоматтандыру деңгейі

Қызметті толық электрондық форматта іске асыру жағдайы СЭҚ қатысушыларының арасында белгіленбеген, бірақ 41,6% сұхбаткер осы қызметті ішінара электрондық тәсілмен алды, осылайша қажетті қосымша құжаттар беру кезінде уақыттық, коммерциялық шығындарды азайтты.

Қағаз нұсқаларының көп бөлігі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін тапсырумен, сонымен қатар құжаттар тапсыру қарапаймдылығымен байланысты, өйткені электрондық құжат айналымы заманауи компьютерлік бағдарламаларды, жүйелік әкімгерлік тәжірибесін, сонымен қатар белгілі бір қосымша қаржылық шығындарды (бағларламаларды сатып алуды, штатта бухгалтердің, жүйелік әкімгердің болуын) талап етеді.

93-диаграмма. Автоматтандыру деңгейі, N=879, %:



Бизнес көлемдеріне қатысты слыстыру шағын бизнес ішінде қызметтің қағаз нұсқасы кең таралғандығын көрсеттң (60,2%), өйткені оның шығыны аз, компьютерлік бағдарламаларды білуді талап етпейді, және кәсіпкерлердің өздерінің пікірі бойынша сенімдірек, өйткені тікелей кеден қызметкерімен байланыс болады.



94-диаграмма. Автоматтандыру деңгейі (қызметті көрсету нысаны), % бизнес кесігінде:


Уақыт шығындары

Талдау көрсетіп отырғандай, қызметті күту уақыты орташа алғанда 3605 минутты құрады. Еің көп күту уақыты 720 жұмыс күніне тең.

Кезек күтуге жұмсалған уақыт орташа алғанда, бір өтініш беру кезінде 162,8 минутты құрады.

60-кесте. Қызмет алуға жұмсалған уақыт шығындары



Қызмет нәтижесін күту уақыты

Бір өтініш үшін кезек күту уақыты

3605 минут

62,8 минут

Қызмет параметрлеріне қанағаттанушылық

Қызмет көрсетудегі ең әлсіз буын «техникалық қамтамасыз ету» (7,8 балл) болып табылады, бұл серверлердің, бағдарламалардың, жабдықтардың жеткіліксіз жұмыс сапасын білдіреді.

Сонымен қатар, сұхбаткерлер электрондық коммуникацияны да слыстырмлы түрде төмен бағалады (8,3 балл). Сәйкесінше, қызмет бойынша ақпараттың Интернет, телефон және басқа коммуникация құралдары арқылы да қол жетімділігіне назар аудару қажет.

Қызмет алу шарттары мен рәсімдеріне қанағаттанушылық 8,5 балға бағаланды. Сұхбаткерлердің пікірі бойынша, қызмет алу рәсімі күрделі, айқын түсінідірілмеген. Сонымен қатар, сапаны бағалауға қызмет алу барысында ілеспе қызметтерге (банктік, нотариалдық) байланысты поблемалар туындайтындығы әсер етті.

Ақпараттың мазмұнына, қызмет көрсету уақытына, мерзімдеріне қанағаттанушылық 8,6 балға бағаланды. Сұхбаткерлер кезекте тұруға жұмсалған уақытқа, уақтылылыққа, қызмет бойынша ақпараттың түсініктілігіне наразылықтарын білдірді.

Қызметкерлерді бағалау 8,7 балға тең. Сұхбаткерлердің пікірі бойынша ең әлсіз буын кеден қызметкердерінің әдептілігі және сабағаттық көмек көрсетуге дайындығы болып табылады.

Бланктерге, көрсеткіштерге, үлгілерге, нұсқауларға қол жетімділікті бағалау ең жоғары балл (9 балл) алды.

95-диаграмма. Қызмет параметрлеріне қанағаттанушылық, 10-ның ішіндегі орташа балл



Бизнес көлеміндегі салыстырмалы бағалар бойынша, орта бизнес ірі және шағын бизнеске қарағанда сыни болып келеді. Қызмет параметреріне қанағаттанушылықтың орташа балы орта бизнесте 8.4 балл, шағын және ірі бизнесте – 8.5. атап айтқанда, орта бизнес қызмет алу рәсімін төмен бағалады (8.3), кезекте күту уақыты (8.5), қызмет рәсімі туралы ақпараттың мазмұны (8.5).

Ірі бизнес электрондық коммуникацияға, техникалық қамтамасыз етуге, ілеспе қызметтерге (банктік, нотариалдық және басқалар) шағымданады, бағалау балдары салыстырмалы түрде төмен (8.1 және сәйкесінше 7.7 балл).

96-диаграмма. Қызмет параметрлеріне қанағаттанушылық, бизнестің кесігінде, 10-ның ішіндегі орташа балл.






жүктеу 9,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау