Талқылау сұрақтары:
Әкімшілік жауапкершіліктің ерекшелігі неде?
Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі қағидалары қандай?
Әкімшілік жауапкершілікті ауырлататын ж/е жеңілдедетін мән жайларды атаңыз?
ДӘРІС 6 ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУ
Әкімшілік іс жүргізу түсінігі. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері.
Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары.
Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері.
1. Әкімшілік іс жүргізу - материалдық әкімш. құқ-тық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы, не басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс-әрекеттерінің әкімш. процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.
Заңмен алдын-ала қарастырылған жағдайда - ол басқару органдарының нормативтік басқару актілерін қабылдаумен материалдық құқ-тық нормаларын қолдануы.
Кез келген іс-жүргізу сияқты, әкімш. іс-жүргізу де қандай да бір нәтижелі әкімш. мақсатқа жетуге бағытталған.
Әкімшілік іс жүргізуге мынадай ерекшеліктер тән:
1. мемлекетпен тікелей байланысы: себебі әкімш. іс-жүргізу билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі. Оның негізін уәкілетті басқару органдарының іс-әрекеттері құрайды;
2. түрлі құқық салаларының материалдық нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс жүргізудің әлеуметтік белгіленуін білдіретін заңды әрекет;
3. нақтылы басқару істерін шешуге бағытталған;
4. құқ-тық тәртіп көмегімен ғана нәтижеге ие болатын заңды нәтижелі іс-әрекет;
5. процессуалдық құжаттардағы іс-әрекеттер нәтижесінің міндетті түрде толтырылуы;
6. процессуалдық реттеудегі объективті қажеттілікті тудырады.
2. Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары (принциптері).
Әкімшілік іс жүргізу - бір жағынан заңды іс жүргізу болса, екінші жағынан басқару іс-әрекет нысаны процессуалдық нормалармен реттелетін құқ-тық іс-жүргізу.
Әкімшілік іс жүргізудің мынадай негізгі қағидалары (принциптері) бар:
1. ортақ басқарушылық - басқару заңдылықтарын көрсетеді;
2. процессуалдық - басқарушы құқық шығармашылық пен құқық қабылдаушылық аясындағы ортақ процессуалдық заңдылықтар әрекеттерінің ерекшелігін көрсетеді.
Бұл қағидалардың бөліну шарты олардың өзара тәуелділік күшіне тікелей байланысты. Әкімш. іс жүргізудің ортақ басқарушылық қағидасына жалпының көзқарастары мен іс-жүргізуге қатысатын тараптардың мүддесінің есепке алынуы, әкімш. іс жүргізуге қоғамдық бақылау жасалуы, ұлттық тең құқылық, заңдылық жатады.
Басқарушылык қағидалары ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады, мысалы:
- атқарушы билік субъектілері арасындағы жеке істерді шешуді немесе құқ-тық акт шығаруда әкімш.-процессуалдық өкілетгілікті бекітуді білдіретін іс жүргізуге шешім қабылдамағаны үшін ж/е тиісті емес басқару жүргізгені үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін дербестендіру.
- процессуалдық қағидасының жүйесі мен мазмұны дәстүрлі процессуалды құқық салаларында тиянақты қолданылған, (азам. құқықта не қылм. құқықта) бірақ олардың көбісі сот ісін жүргізуге ғана қатысты емес, сонымен қатар мемл-тік қызметтің құқық қолдану заңдылықтарында көрініс табады. Оларға істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы; толықтылығы; объективтілігі; іс-жүргізуге қатысушылардың заң алдындағы тендігі; жариялылығы; мемл-тік тілі; іс жүргізудегі мемлекеттің ж/е тұлғалардың мүдделерінің қорғанысы; іс жүргізудің.қос дәрежелілігі; шешім қабылдау органының өз бетінше іскерлілігі жатады.
Әкімшілік іс жүргізудің қос дәрежелік қағидасы - кез келген қатысушысының ж/е ең алдымен, өндіріс барысында міндеттері мен құқықтары белгіленген субъектілерінің мүмкіндігін болжайды ж/е ҚР заңдарының тәртібінде белгіленген билік субъектілерінің әрбір теріс іс-әрекеттеріне шағым берілуін қадагалайды. Сонымен қатар бұл қағиданың екінші сатылық шешімі дұрыс мақсаттылығы жоқ шағымданудан тарайды. Азаматтардың арызы бойынша аудандық, қалалық соттың әкімш. комиссия қаулысына сүйеліп шығарылған шешіміне шағымдануға рұқсат етілмейді.
Процессуалдық қағиданың ішінен ерекше (спецификалық) қағиданы бөліп көрсетуге болады. Оған іс жүргізудің белгіленген мерзім ішіндегі жылдамдығы мен үнемділігі жатады. Мыс.: әкімш. құқық бұзғандарға 15 күндік мерзім, азаматтардың арызы бойынша қаралатын істерге 1 ай мерзім белгіленетіні сияқты, сол уақыт аралықтарында іс-жүргізуді тез, әрі нәтижелі қылып шешіп, шешім қабылдау. Мемлекеттің әкімш. тұрғыдағы жұмыстары еш кемшіліксіз болуы үшін, біріншіден, осы қағидалар нақты нормативті бекітілуі керек, себебі олардың көбісі әлі заңды толықтыруларға ілікпей жатыр, екіншіден, осылардың есептелуімен басқарушы құқық шығармашылық пен құқық қолданушылардың процессуалдық механизмінің дамуы керек.
Мемл-тік атқарушы орган норма шығармашылық, құқық қолданушылық ж/е юрисдикциялық қызметтердің жиынтығынан тұратын күрделі құрылым. Мемл-тік басқару аясында біртұтас іс-жүргізу жоқ, олар әрқайсысы өзінше бір рөл атқаратын іс жүргізулерден тұрады. Барлық процессуалдық іс-әрекеттер тек біртұтас әкімш. іс жүргізудің қағидалары, мақсаттары, міндеттері мен құқ-тық қамтамасыз ету құралдарының шекарасында ғана жасалады.
3. Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері:
- ҚР-ң азаматтары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар;
- мемл-тік органдар;
- мемл-тік кәсіпорындар мен мекемелер;
- қоғамдық ұйымдар;
- мемл-тік қызметкерлер;
- қоғамдық ұйымдар қызметкерлері;
- мемл-тік мекеме уәкілдері жатады.
Субъектілердің бірінші түрі әкімш. іс-жүргізуге көп қатысады. Олар мынадай қызмет атқарады:
- әкімш. іс жүргізуді қозғаушы, тудырушы, яғни оны шешетін органға ұсынушы;
- бұзылған құқықты қорғауда әкімш. даудың бір жағы ретінде қатысушы;
- өз еркімен екі жақтың біреуін қолдап қатысушы;
- әкімш. жауапкершілікке тартылған тұлға болуы;
- өкілетті уәкіл болуы;
- әкімш. құқ/бұзушылық пен мүліктік, моральдық зиян шеккен, жәбірленуші болуы;
- куәгер болуы;
- өзге тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жақ болып қатысуы.
Кез келген іс жүргізудегідей әкімш. іс-жүргізуде де ерекше рөл атқаратын мемл-тік-биліктік өкілеттілігі бар істерді қарастырып, оған шешім қабылдап, оны орындауды талап ететін атқарушы орган.
Мемл-тік орган әкімш. іс жүргізуге 2 сипатта қатысуы мүмкін:
әкімш. істі шешетін орган ретінде;
әкімш. іс жүргізудің тек бір тарабы ретінде.
Прокуратура органдарының да әкімш. іс жүргізуге тәжірибеде қатысуы жиі кездеседі. Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімш. жаза белгілеу немесе заңсыз басқару актісін ортақ бақылау тәртібінде протест беру.
Бұл қатысушылар іс жүргізуде әр түрлі қызмет атқаратындықтан олардың құқ-тық мәртебесі де әр алуан болады. Барлық субъектілердің тең құқылы мүмкіндіктері бар. Олар заң алдында да бірдей болғандықтан заң бойынша әрекет етуі тиіс.
Сонымен қорытындылай келгенде, әкімш. іс жүргізу – әкімш. процессуалдық нормалардың жиынтығы, соларға негізделген атқарушы билік органдарының ж/е олардың лауазымды адамдарының оларға жүктелген міндеттерін іске асыру жөніндегі қызметі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |