Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы желтоқсандағы
№ бұйрығына
1-қосымша
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына сәйкес
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс
(бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртiбiн айқындайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
Конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар кезде мемлекеттік орган конкурсты өткізбей тұрып, сәйкес келетін лауазым санаты бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тізімін қарастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген азаматтың мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алады.
Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiз болып табылады.
Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.
2. Конкурс өткiзудiң тәртiбi
Конкурс мынадай ретті сатылардан тұрады:
конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай комиссия құру;
конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарау;
кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға құжаттарды тапсырған азаматтар конкурс қатысушылары болып табылады.
Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.
3. Ішкі конкурс
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері,
сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия солар үшін құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған кезде, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.
Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс өткізіледі.
Бұл ретте орталық мемлекеттік органда не оның ведомствосында жалпы конкурс уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінде не оның ведомствосында не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойыша өткізіледі.
4. Жалпы конкурс өткізуді келісу тәртібі
«Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын төменгі лауазымға орналасу үшін өткізілетін жалпы конкурс уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатпайды.
Төменгі болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс өткізуді келісу үшін, бос орын бар мемлекеттік орган уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне сұрау жіберіп, оған мынадай құжаттарды қосады:
1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды растайтын мәліметті қамтитын;
2) ішкі конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының күшіне енген хаттамалары.
Мемлекеттік органдар осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген немесе толық табыс етпеген жағдайда, олар уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен қарастырусыз қайтарылады.
Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі табыс етiлген материалдарды олар келіп түскен сәттен бес жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) жалпы конкурс өткізуге келісім береді;
2) келiсiм беруден бас тартады.
Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткізуге келiсiм беруден бас тарту үшін негiз болып табылады.
5. Жалпы конкурс
Жалпы конкурс:
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос тұрған төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына;
осы Қағидалардың 15-тармағымен көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.
6. Конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландырулар конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыр конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіп бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерден тұрады:
мекен-жайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почта мекен-жайлары, телефондары мен факс нөмiрлерi, электрондық почта мекен-жайлары;
негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
құжаттарды қабылдау мерзiмi (тиісті конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап нақты мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс үшін 5 жұмыс күнін, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс үшін 7 жұмыс күнін, жалпы конкурс үшін 10 жұмыс күнін құрайды);
осы Қағидалардың 52 және 53-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
Конкурс белгілі жұмыс істеу мерзімі бар бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу жағдайында, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосу рұқсат етіледі.
7. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен (аппарат басшысымен) қалыптастырылады.
Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
Конкурс комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады. Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалады.
Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген тұлғалар, мемлекеттік органның басқа бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалатын өзге тұлғалар енгізіледі.
Конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметші кіре алмайды.
Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы не өзге тұлға тағайындалады.
Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына орналасуға өткізілетін конкурс бос лауазымдар бар мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қосылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту осы Қағидалардың
27-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының құрамына конкурсқа қатысушы кіре алмайды.
Конкурс комиссиясы әр бос лауазым үшін сол лауазымға үміткерлерге міндетті түрде және тең көлемде қойылатын сұрақтар тізімін бекітеді.
Конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 70-тармағында көзделген жағдайларда әр бос лауазымға эссе тақырыптарының тізімін бекітеді.
8. Бақылаушылар мен сарапшылар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталардан бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттік органның қызметкерлеріне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.
Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуде және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.
Уәкілетті органның не оның аумақтық бөлімшесінің өкілі осы Қағидаларды, мемлекеттік қызмет туралы өзге заңнаманы бұзуды анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі конкурс жариялаған мемлекеттік органға конкурсты болдырмау туралы ұсыным енгізеді.
9. Құжаттарды қабылдау
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер үшін құжаттарды «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы тапсыруға жол беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама ;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы
21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариатты куәландырылған көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағиданың 53-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Осы Қағиданың 56-тармағында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына сәйкес айқындалады.
10. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және осы Қағидалардың 52-53-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды..
Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
11. Собеседование с кандидатами
Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
Ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқауларына сүйенедi.
Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға рұқсат беріледі.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
12. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы
Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кеш емес өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
|Кандидаттарды бағалау нәтижелері Результаты оценки кандидатов заносятся в оценочный лист по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
Осы Қағидалардың 82 тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда конкурс комиссиясының шешімі оны қабылдаған күннен 5 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
13. Кандидаттың лауазымға орналасуы
Конкурс комиссиясының шешімі күшіне енгеннен кейін, мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы (аппарат басшысы) конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жауапты хатшы (аппарат басшысы) кандидатты жоғары тұлған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша қабылдайды.
14. Шағым жасау тәртiбi
Конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Осы Қағидалардың 77 тармағында қарастырылған мерзімде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының күшіне енбеген шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешіміне түскен шағымды қарастырып, осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, конкурс өткізген мемлекеттік органға конкурс комиссиясының шешімінің не оның конкурс нәтижелеріне шағымданған тұлғаның құқықтарын қозғайтын бөлігінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен өзінің отырысында қаралады. Осы отырыста конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не бұрын қабылданған шешiмге өзгерiс енгізеді. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан күнінен он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Өздерiне қатысты бөлiгiнде конкурс қатысушылары мен кандидаттар, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына
1-Қосымша
Байқаушыға жадынама
Байқаушының:
конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
олармен әңгімелесуде қатысуға;
әңгімелесу өткізу рәсімі туралы оның аяқталғанынан кейін өз пікірін білдіруге;
әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;
конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар
Байқаушы:
әңгімелесу барысына фото-, аудио-, видеотүсірілімдер жүргізуге;
конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялауға;
әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасауға;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесуге;
конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер етуге;
нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалауға және пікірін білдіре алмайды.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына
2-Қосымша
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені бос тұрған мынадай _______________________________________
___________________________________________________________________________________________________________ қызмет орнына тағайындалуым
үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 20__ ж.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына
3-Қосымша
-
САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)
Тегі__________________________________________________
Аты __________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________
2. Азаматтығы_________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз_______________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ___________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз ___________________
Болған елiңiз _________________________________________________
Болған уақытыңыз _____________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз _____________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген
деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ___________________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн _____________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын
мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала
асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы
немесе зайыбы) болып табыласыз ба ______________________________.
8. Тілдерді білуі: _______________________________________________
9. Мекен-жайы және байланыс телефоны ___________________________
______________________________________________________________
______________(жеке қолы)
«___»_________________ 20 г.
(толтыру күні)
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына
4-Қосымша
Кандидатты бағалау парағы
(басқарушы лауазымдар үшін)
Кандидаттың Т.А.Ә (болған жағдайда) ____________________________________
Лауазымы __________________________________________________________
1 сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)____________________________
2 сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ___________________________
3 сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _________________________
№
|
Критерий
|
Безбен
|
Балл *
|
1
|
1 сұраққа жауап (бейінді)
|
1
|
|
2
|
2 сұраққа жауап (жағдайлық)
|
1
|
|
3
|
3 сұраққа жауап (уәждемелік)
|
1
|
|
4
|
Кәсіби тәжірибе
|
0,4
|
|
5
|
Білім деңгейі
|
0,4
|
|
6
|
Басқару дағдылары
|
0,4
|
|
7
|
Коммуникативтік дағдылар
|
0,2
|
|
8**
|
|
0,2
|
|
9**
|
|
0,4
|
|
Барлығы
|
5
|
|
Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
** критерий мемлекеттік органмен дербес айқындалады
1 сұраққа жауап (бейінді):
0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі
5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2 сұраққа жауап (жағдайлық):
0 балл – кандидат жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсіл сипаттады
3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсіл сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады
5 балл – кандидат дұрыс тәсіл сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды
3 сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибе жоқ
1 балл – 1 жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
2 балл – 1 жылдан екі жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
5 балл –релеванттық кәсіби тәжірибе 5 жылдан астам
Білім деңгейі:
1 балл – талап етілетінге сәйкес, бірақ қалаулы білімге сәйкес келмейді
2 балл – қалаулы білімге сәйкес келеді
3 балл – магистратура бар
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты, PhD докторы ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Басқару дағдылары:
1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі талап етілетінге тең
2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан астам
3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 4 жылдан астам
4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан астам
5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам
Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені ерікті жүргізеді, бірақ жағдайлық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисының жоғалтады
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені ерікті жүргізеді, кез-келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Кандидатты бағалау парағы
(атқарушы лауазымдар үшін)
Кандидаттың Т.А.Ә (болған жағдайда) ____________________________________
Лауазымы __________________________________________________________
1 сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)____________________________
2 сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ___________________________
3 сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) _________________________
№
|
Критерий
|
Безбен
|
Балл *
|
1
|
1 сұраққа жауап (бейінді)
|
1
|
|
2
|
2 сұраққа жауап (жағдайлық)
|
1
|
|
3
|
3 сұраққа жауап (уәждемелік)
|
1
|
|
4
|
Кәсіби тәжірибе
|
0,4
|
|
5
|
Білім деңгейі
|
0,4
|
|
6
|
Коммуникативтік дағдылар
|
0,5
|
|
8**
|
|
0,2
|
|
9**
|
|
0,5
|
|
Барлығы
|
5
|
|
Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
** критерий мемлекеттік органмен дербес айқындалады
1 сұраққа жауап (бейінді):
0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі
5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2 сұраққа жауап (жағдайлық):
0 балл – кандидат жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсіл сипаттады
3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсіл сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады
5 балл – кандидат дұрыс тәсіл сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды
3 сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балв – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибе жоқ
1 балл – 1 жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
2 балл – 1 жылдан екі жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі релеванттық кәсіби тәжірибе
5 балл –релеванттық кәсіби тәжірибе 5 жылдан астам
Білім деңгейі:
1 балл – талап етілетінге сәйкес, бірақ қалаулы білімге сәйкес келмейді
2 балл – қалаулы білімге сәйкес келеді
3 балл – магистратура бар
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты, PhD докторы ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені ерікті жүргізеді, бірақ жағдайлық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисының жоғалтады
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені ерікті жүргізеді, кез-келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді
Достарыңызбен бөлісу: |