ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж


Жеке әкімш. – құқ-тық субъектілері



жүктеу 0,76 Mb.
бет5/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ

Жеке әкімш. – құқ-тық субъектілері.


1. Әкімш. құқықтың субъектісі болып азаматтар, қоғамдық ж/е мемл-тік емес бірлестіктер мен олардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар ж/е еңбек ұжымдары саналады.

Әкімш. құқық субъектілері мынадай 3 шарт бойынша ғана әкімш. құқ-тық қатынастардың субъектісі болып табылады:

- субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімш. құқық нормалары;

- субьектілердің құқ-тық ж/е әрекет ету қабілеттілігінің болуы;

- құқ-тық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылу негіздерінің қалыптасуы.

Әкімш.-құқ-тық субъектілер жеке ж/е ұжымдық болып 2-ге бөлінеді.

Жеке субъектілерге азаматтардың ж/е ҚР Президентінің әкімш. құқ-тық әрекеттері мен құқықтары жатады.

Ұжымдық субъектілерге ҚР Үкіметі, Министрліктер, Мемлекетттік комитеттер ж/е ведомствалар, сондай-ақ жергілікті органдар мен ұйымдар жатады.

Жеке әкімш. құқықтың субъектісін қарастыратын болсақ, ол ең алдымен азаматтың құқ-тық мәртебесінен басталады.

Сондықтан ең алдымен «азамат» деген түсінікті анықтап алу қажет.

Азаматтардың әкімш. құқ-тық мәртебесі жалпы құқ-тық мәртебесінің бөлігі болып табылады ж/е оның төмендегідей элементтері бар:


  1. әкімш. құқық қабілеттілігі ж/е әрекет қабілеттілігі;

  2. мемл-тік басқару саласындағы құқық пен міндеттер;

  3. азаматтардың бостандығы мен құқығының әкімш.-құқ-тық кепілдігі.

Әкімш. құқықтың субъектісі болу үшін азаматтар әкімш. құқық кабілеттілігіне ж/е мемлекетті басқару саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу керек.

Жалпы азаматтарда әкімш. әрекет қабілеттілігі басқа құқ-тық салаларға қарағанда ерте қалыптасады. Мысалы, мектеп оқушылары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қолдануды әкімшіліктен талап ете алады.



Толық әкімш. әрекет қабілеттілігі 18 жастан басталады.

Әкімш. құқық ж/е әрекет кабілеттілігі тек жас мөлшеріне ғана емес, сондай-ақ денсаулыққа, тұрғылықты жеріне, біліміне ж/е басқа да факторларға негізделіп қалыптасады. Кейбір факторлар әкімш. құқық ж/е әрекет қабілеттілігін толығымен немесе жартылай шектеуі мүмкін. Мәс., психикалық аурулар мен мүгедектер транспорт жүргізу құқықтарынан айырылады, соттық жауапкершілікке тартылған ж/е арнайы білімі жоқ азаматтар мемл-тік аппаратта лауазымды міндет атқару құқығын жоғалтады.

Сонымен қатар әкімш. құқықтың субъектісі болып шетел азаматтары ж/е азаматтығы жоқ тұлғалар да саналады. Оларды 2 топқа бөлуге болады: тұрақты тұратындар ж/е уақытша тұруға келгендер. Бұл екі топтағы азаматтардың да мемл-тік басқару саласында құқықтары мен міндеттері бар, сонымен бірге олар әкімш.-құқ-тық қатынастарға қатыса алады.

2. ҚР Президенті әкімш. құқық субъектісі ретінде.

ҚР мемлекет басшысының құқ-тық мәртебесі «ҚР Президенті туралы» Конст. заңмен ж/е Конституциямен анықталады.



ҚР Президентінің әкімшілік-құқ-тық мәртебесі:

  1. жоғары лауазымды тұлғаның мемл-тік органдар жүйесінде әлеуметтік-құқ-тық тағайындалуы;

  2. сайлау тәртібі (құрылуы, тағайындалуы).

  3. құзіреттері (компетенция) мен өкілеттіліктері;

  4. басқа органдармен қарым-қатынас тәртібі;

  5. жауапкершілік;

  6. әрекет кепілдігі;

Кандидатқа қойылатын талаптар:

- ҚР-ң азаматы болуы тиіс;

- активті сайлау құқығына ие;

- жас мөлшері 40 - (шексіз);

- ҚР-ң территориясында тұрақты 15 жылдан кем емес өмір сүруі керек;

- соттылығы болмау керек;

- мемл-тік тілді жетік меңгерген болуы шарт;

- бір тұлға екі реттен артық Президент бола алмайды;

- өкілетті органның депутаты болмауы қажет;

- оқытушылық қызметтен басқа кәсікерліктің немесе жалақы төленетін кәсіптің кез-келген түрімен айналысуға тыйым салынады.



Берілетін құқ-тық кепілдіктер:

ҚР Президентінің мынадай құқықтары бар:

- халықтың ж/е мемлекеттің атынан сөз сөйлеуге;

- халық бірлігі ж/е мемл-тік биліктің, сонымен қатар Конституция тұрақтылығының кепілі болуға;

- мемл-тік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүмыс атқаруын қамтамасыз етеді;

Әрекеттің негізгі бағытына байланысты келесі өкілеттіктері атап өтуімізге болады.

- мемл-тік егемендігінің ж/е адам мен азаматтың құқ. мен бост-тарын қамтамасыз ету;

- ҚР-ң мүдделерін халықаралық қатынастарда, ішкі саяси өмірде жүзеге асырады;

- мемл-тік билік институттарын ж/е органдардың лауазымдарын айқындау, қалыптастыру, құру;

- жарғылар мен бұйрықтар шығару, олар республиканын барлық территориясында заңды күшіне ие, сонымен қатар Конституцияда қаралған жағдайда заң күшіне ие заңдар шығару;

- Президент өкілдерін жүйелеуді (классификациялауды) бірнеше негізге байланысты жүргізуге болады, мысалы түрақты ж/е уақытша жіберілген өкілдер.

Ұйымдық кепілдік:

- кезекті ж/е кезектен тыс Парламент сайлауларын тағайындайды;

- Парламент ж/е Үкімет өкілдерін Конституцияда қарастырылған жағдайға сәйкес мерзімінен ерте тоқтату құқығы бар;

- Ұлттық Қауіпсіздік Комитетін ж/е Мемл-тік Тергеу комитетін құруға құқылы;

- атқарушы ж/е биліктің басқа тармақтарын ұйымдастыру жүйесіне әсер ету;

- ерекше маңызды мәселелер жөнінде Үкімет отырыстарын басқарады;

- Президент әкімшілігін құру.

Әлеуметтік кепілдік:

- Президент ж/е оның жанұясының қорғалуы, олардың қамтамасыз етілуі мемлекет есебінен жүзеге асырылады;



  • төте ж/е белсенді сайлау құқығы, сайлау институттары арқылы халықпен үнемі байланыста болу, референдум ж/е жыл сайынғы халыққа жолдауы арқылы жүзеге асырылады. Жауапкершілік Президент мәртебесінің әкімш.-құқ-тық элементі ретінде өзіне тән ерекшеліктерге ие болады.

ҚР Үкіметі.

Үкімет ҚР-ң атқару билігін жүзеге асырады.



Үкімет құрамы - Премьер-Министр ж/е үкіметтің мүшелері кіретін ұжымдық орган. Оның әкімш.-құқ-тық мәртебесі бірнеше ерекшеліктермен ерекшеленеді: құрылу тәртібі, қызметінен кетіру (отставка) мен өкілеттілігін тоқтату институтымен.

1. Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылысы мен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды;

2. Үкімет Президенттің қатысуымен құрылады;

3. Үкімет мүшелері халыққа ж/е Президентке ант береді;

4. Үкімет барлық істерінде Президент алдында жауапты ж/е Парламентке ҚР Конституциясында қарастырылған тәртіп бойынша есеп береді. Үкімет атқарушы билікке қатысты сүрақтарды шешуге байланысты өкілеттілікке ие;

5. бұл негізгі бағыттағы әлеум.-экон-лық саясат, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ж/е көрсетілген бағыттар бойынша орталық ж/е жергіліқті атқару органдарына жетекшілік етуді жүзеге асыру;

6. Парламентке республ. бюджетті дайындап, таныстыру ж/е оның орындалуын қамтамасыз етіп, ол туралы есеп беріп отырады;

7. мемл-тік меншікті басқарады;

8. Мәжіліске заң жобаларын енгізіп, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

9. Ішкі саясатты жүргізу туралы шаралар қабылдау.

Халық шаруашылығымен байланысты сұрақтарды шұғыл шешу үшін тұрақты орган ретінде Үкіметтің Президиумы қызмет етеді. Оның құрамына Премьер-Министр, бірінші орынбасар ж/е Премьер-Министрдің орынбасары кіреді. Премьер-Министр үкімет жұмысында алқалылықты (коллегиялықты) қамтамасыз етеді. Президенттің тапсырмасы бойынша, ол ҚР-сын халықаралық қатынастарда таныстырып, үкіметаралық келісімдерге қол қояды ж/е үкімет кеңесінде қарастыруды талап етпейтіні мемл-тік басқару туралы мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Премьер-Министрдің орынбасары атқаратын міндетіне сәйкес министрліктер мен үкіметтің ведомстваларына тәуелді органдардың қызметтерін үйлестіруді (координациялау) жүзеге асырады. Заңның орындалу ж/е Парламенттің басқа да актілері, сонымен бірге ҚР Президентінің Жарлығы мен қаулысы негізінде Үкімет қаулы шығарып, оның орындалуын ведомстваға тәуелді органдар арқылы тексереді.

Үкіметтің мүшелері үкімет қабылдаған шешімдерге, олар шешім қабылдауға дауыстарын бермесе, сонымен қатар өз келісімдерін бермесе де жауапты болады. Заң бойынша үкімет мүшелерінің құқықтары белгілі органның депутаты болуға, басқа лауазымды міндет атқаруға ж/е кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу қояды. Сонымен қатар оларға дәріс беруге ж/е ғылыми басқа да шығармашылықпен айналысуға рұқсат беріледі. ҚР Үкіметінің өкілеттілігі Президенттің өкілеттілік мерзімімен өлшенеді.

Сонымен қатар Үкімет өзінің өкілеттілігіне сәйкес құқ-тық, ұйымдық ж/е әлеуметтік кепілдікке ие болады.

Құқықтық кепілдік:


  • үкіметтің қызметі Конституция ж/е заң негізінде, биліктің жеке ж/е тәуелсіз болып тармақталу негізінде жүзеге асады;

  • өкілеттілік негізінде бүкіл территорияға міндеттілік күшіне ие қаулы қабылдайды;

  • өкілеттілік негізінде Конституция ж/е заң, Президент қаулысы бойынша билік көздерін (ресурстарын) бөледі. (экономика-қаржылық, кадрлық ж/е ақпараттық);

Ұйымдық кепілдік:

- атқарушы органдардың қызметіне жетекшілік ету;

- үкімет құрамына кірмейтін жетекшілерді лауазымды міндетке тағайындап, одан босатады;

- ақпараттық-сараптама, атқару ж/е шаруашылық функцияларын атқаратын үкімет аппаратын құрады.



Әлеуметтік кепілдік:

- еңбек ақы ж/е қамтамасыз ету, яғни, асырау мемл-тік бюджеттен бөлінеді;

- қорғау, медициналық қызмет көрсету ж/е басқа да әлеуметтік төлемдер мемлекет бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

Заң бойынша үкімет өкілеттілігінің тоқтатылу ж/е қызметінен кету (отставкаға) институты қарастырылған. Үкімет өздерінің өкілеттілігі мен функциясын әрі қарай жүзеге асыруын мүмкін емес деп тапса, онда өздерінің өкілеттілігін тоқтату жайлы Президентке хабардар етуге құқылы. ҚР Президенті 10 күн ішінде өкілеттілігінің тоқтатылуы немесе тоқтатылмауы жайлы сұрақты қарастыруға тиіс. Егер тоқтатылуын қабылдаса, онда үкіметтің ж/е оның мүшелерінің қызметі тоқтатылады. Премьер-Министр отставкаға кетсе, онда үкіметтің өкілеттілігі де тоқтайды. Егер үкіметтің ж/е оның мүшелерінің отставкаға кетуі қабылданбаса, онда Президент әрі қарай міндеттерін атқару туралы тапсырма береді. Егер, үкіметтің отставкаға кетуі Парламенттің сенімсіздік вотумымен байланысты болса, Президент Парламентті таратуға құқығы бар. Президент өз бастамасы (инициативасы) бойынша да үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға ж/е кез келген мүшесін лауазымды міндетінен босату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Атқарушы биліктің орталық органы - Министрліктер, мемл-тік комитеттер мен ведомствалар. Олар заңды атқарушы биліктің мемл-тік органдары жүйесінің орталық органы ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын қалыптастырады.

Министрлік - мемл-тік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімш. құқықта министрлік әкімшілік-саяси, экономикалык, әлеуметтік-мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы мемл-тік басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады.

Мемл-тік комитетке - салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрліктер мен Мемл-тік комитет ҚР Президентінің қатысуымен құрылып, қайта құрылады, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас Прокурор мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет.

Министрліктер мен мемл-тік комитеттің құқ-тық ж/е әкімшілік-құқ-тық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың қызметтері бірінші жетекшілері ж/е орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады. Орынбасарларды Министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды.

Ал ведомстваларға тек орталық органдар ғана емес, сондай-ақ Департаменттер, мемл-тік комиссия ж/е инспекциялар да жатады. Ал орталық мемл-тік органдағы ведомства - ол белгілі бір министрлік немесе мемл-тік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады.

Ведомствалар ішінде 2 топты бөліп көрсетуге болады:

1) үкіметте құрылатын ведомства; мұнда ведомства Президенттің қатысуымен құрылып, ұйымдастырылады.

2) министрлік құрамында құрылып, қызмет ететін ведомства (қаржы министрлік жүйесінде құрылған қаржы-валюталық бақылау комитеті).

Екінші топтағы ведомствалар өз тарапынан актілер шығарып, әкімш. жауапкершілікке тарта алмайды ж/е жеке билік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Сонымен бірге тағы да бір айта кететін жағдай ҚР Ұлт. Банкі заң бойынша оған жатпаса да, республикалық мәртебесі бойынша орталық мемл-тік органға жатқызылады. Бұл органдар өзіндік ведомствалар рөлін атқарады.

Жергілікті атқару органдары. Атқарушы биліктің жалпы мемл-тік саясатын облыстар, аудандар, қалалар, қала аудандарындағы әкімнің басқаруымен жергілікті орган атқарады. Жергілікті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

- Үкіметке, Президентке ж/е жоғары тұрған әкімшіліктердің басшыларына есеп береді;

- заңдылық;

- азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтары ж/е бостандықтарын қамтамасыз ету;

- өзінің қызметі мен қабыддаған шешіміне жауапкершілік.

Олардың әкімш.-құқ-тық мәртебесі ҚР Конституциясы ж/е заңды актілері арқылы анықталады. Әкімдердің қызметтерін ұйымдық, құқ-тық ж/е материалды-техникамен камтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Сондай-ақ, консультативтік - кеңесші орган - коллегия құрылуы мүмкін, оның құрамын әкім тағайындайды. Коллегияның отырысы, қажет кезде маслихат хатшысының шақырылуымен өтеді. Облыс, қала ж/е астана әкімдерін лауазымды міндетке ҚР Президенті тағайындап, міндетінен босата алады: Барлық әкімшілік-территориялық бірліктің әкімдері:



  • өз құзіреті бойынша мемл-тік-реттеу өкілеттілігін орындайды;

  • территорияға сәйкес белгілі күшке ие шешімдер қабылдайды

Әкімдердің қызметтерінің негізгі бағытына мыналар жатады:

  • белгілі территорияға сәйкес экон-калық ж/е әлеуметті даму туралы бағдарлама жобасын жасап; маслихаттың бекітуін ұсыну;

  • мәслихаттың бекітуіне бюджет жобасын ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз ету;

  • коммуналдық жеке меншікті басқару;

  • жергілікті әкімшілікке лауазымды қызметке тағайындау ж/е босату;

  • Жер туралы заң бойынша жер қатынастарын реттеу;

  • қарыз (ссуда) ж/е басқа да ұзақ мерзімдік міндеттемеліктер бойынша шешім қабылдау.

Сонымен бірге ҚР-ң заңы бойынша әкім әкімш. бірлікке сәйкес облыста, ауданда, қапада басқа өкілеттелік атқара алады. Әкім жалпы қаулы мен жарлық қабылдап, орынбасарлары тапсырыстар береді.

Ұйымдар әкімш. құқық субъектісі ретінде. Әкімш. құқықтың субъектісі болып кәсіпорындар мен мекемелер саналады. Негізгі кәсіпорындарға шаруашылық-коммерциялық қызмет атқаратын ұйымдар жатады.

Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімш.-құқ-тық мәртебесі олардың түрлеріне байланысты.



Ұйымдарды мына жағдайларға қатысты жіктеуге (классификациялауға) болады:

1. меншік нысанына (формасына) қарай: мемл-тік, жеке меншік, заңды немесе жеке тұлғалардың жеке меншігіне негізделген, аралас ж/е т.б;

2. негізгі қызметіне қарай: өндірістік, ауылшаруашылық, сауда, транспорттық, банктік, сақтандыру, құрылыс кәсіпорындары ж/е т.б.

Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ғылым, спорттық мекемелер. Өз кезегінде кәсіпорын ұйымдық-құқ-тық нысанына қарай кооперативті; акционерлік қоғамға, қоғамдық ж/е діни ұйымдардың кәсіпорны, концерн, корпарация, фирма ж/е т.б. бөлінеді.

Ұйымдар мемл-тік басқару сферасында мынадай құқықтармен белгіленеді:

- әр түрлі істермен айналысып, олардың жүзеге асуына рұқсат алу;

- құзіреттеріне кірмейтін мәселелер б-ша тексеріс жүргізетін мемл-тік органдарының талабын орындамау;

- құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;



Сондай-ақ мемлекет мынадай құқықтарын шектейді:

  • мемл-тік құнды қағаз жасауға, қару ж/е жарылғыш заттар жасауға, жұқпалы ж/е психикалық аурумен ауыратын науқастарды емдеуге тыйым салынады. Бұл тек мемл-тік ұйымдарға ғана беріледі.

Сонымен қатар ұйымдарға мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемл-тік органдарға статистикалық ақпарат жеткізу;

  • мемл-тік ж/е стандарттық, техникалық шарттарды сақтау; әртүрлі істер атқару үшін лицензиялар алу; антимонополиялық ж/е экологиялық шарттарды сақтау.

Арнайы ұйымдарға келесі міндеттер қойылады:

  • денсаулық сақтау мекемелерінің азаматқа жедел дәрігерлік көмек көрсетуі;

  • транспорт козғалыстарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қорыта келе, әкімш.-құқ-тық субъектілердің жеке ж/е ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Жеке әкімш.-құқ-тық субъектілерде жеке ж/е жалғыз субъектілердің құқықтары мен міндеттері, сонымен бірге субъектінің мемл-тік орган арасындағы құқ-тық қатынастары, олардың әкімш.-құқ-тық мәртебелері жеке тұлғаға ғана бағытталады. Сондай-ақ, жеке субъектілердің қоғамдық қатынастары мен әрекеттері ҚР Конституциясы ж/е басқа да заңды актілер арқылы жүзеге асады.

Ал ұжымдық әкімш.-құқ-тық субъектісінде белгілі бір ұйымның немесе мемлекеттің басқару органдарының, яғни бірнеше жеке субъектілердің топтасуы нәтижесінде қалыптасқан қатынастар мен әрекеттер қарастырылады. Сонымен қатар олардың әкімш.-құқ-тық мәртебелері, сондай-ақ, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, олардың қоғамдық ж/е мемл-тік органдар арасындағы қатынастары бірнеше тұлғаларға бағытталады. Сонымен қатар ұжымдық субъектілердің де іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары белгілі заңды күшке ие ережелер мен актілер арқылы атқарылады


жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау