Сабақ №1 Тақырыбы: Анатомия және физиология ғылымдарының дамуына қысқаша шолу



жүктеу 1,62 Mb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі1,62 Mb.
#20880
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ №1

Тақырыбы: Анатомия және физиология ғылымдарының дамуына қысқаша шолу

Мақсаты: 1. Биология ғылымдарының салаларымен таныстыру. 2. Анатомия және физиологияның ғылым ретінде қалыптасуын көрсету, міндет-мақсаттарын айқындау. 3. Салауатты өмір сүруге бағыттау;

Әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнекілік: Оқулық. Кесте

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (ой қозғау)

1. Биология ғылымы нені зерттейді?

2. Биология ғылымының қандай салалары бар?

ІІ. Жаңа материалды меңгерту/Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру / а/ тапсырма. Негізгі ұғымдар мен терминдерге анықтама бер:

Анатомия-

Физиология-

Гигиена-


Саналы адам-

Гистология-

Адам морфологиясы-

ә/ тапсырма: Адам ағзасының құрылымын,қызметін зерттеу әдістерін сипатта:

Анатомиялық әдіс-

Физиологиялық әдіс-

Математикалық-

Химиялық-

Хирургиялық-

б/ тапсырма:Адам ағзасының құрылымдық деңгейіне кесте жаса:




Деңгейлер

Жүйедегі мүшелер

Атқаратын қызметі

Молекулалық







Жасушалық







Ұлпалық







Организмдік






в/ тапсырма: Мүшелер жұмысының реттелу жолдарын түсіндір.

г/ ЕСІҢДЕ сақта!

Гиппократ – медиицинаның атасы, Клавдий Гален – анатом физиолог, Аль –Фараби – ұлы ойшыл философ, Авиценна – Шығыстың ұлы энцеклопедист ғалымы, Леонардо да Винчи – анатомияның дамуына үлес қосты, Андреас Везалий – анатомияның негізін қалаушы, Уильям Гарвей – физиологияның қалыптасуына әсер етті, Н.И. Пирогов – анатом-хирург, И.В. Сеченов – рефлекстің табиғатының негіздері, И.И Мечников – иммунитет негізін салды, И.П. Павлов – физоилог, Х.Досмұхамедов – салауаттылықтың негізін қалады.

ІІІ.Деңгейлік тапсырмаларды орындап баға ал.
1.Адам ағзасында қандай деңгейлер бар?

2Адам ағзасын зерттеу әдістерін ата.

3Адамның адам болып қалыптасуына қандай факторлар себеп болды?

4. ағзаның біртұтастығын дәлелде.

Үйге: параграф 1

Сабақ №2
Тақырыбы: Адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орны. Адамның шығу тегі


Мақсаты: Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі ролін, маңызын білу;

Адам мен жануарлар ағзасын салыстыра отырып негізгі ұқсастық, айырма-

шылықтарын анықтау. Эволюция нәтижесінде адам ағзасында болған өзге-

рістерге көңіл аудару;

Салауатты өмір сүруге бағыттау;

Әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнекілік: Кесте: Жануар және адам ағзасы.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Биология ғылымы нені зерттейді?

2. Биология ғылымының қандай салалары бар?

ІІ. Жаңа материалды меңгерту/Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыру / а/ тапсырма. Негізгі ұғымдар мен терминдерге анықтама бер:

Атавизм-

Рудимент-

Дриопитектер-

Рамапитектер-

Аустралопитектер-

Епті адам-

Тік жүретін адам-

Неандертальдықтар-

Кроманьондықтар-
ә/ тапсырма:Антропогенезге кесте жаса:


Қазба адамдар

Сипаттама

Табылған жері

Рамапитектер







Аустралопитектер







Епті адам







Тік жүретін адам







Неандертальдықтар







Кроманьондықтар






б/ тапсырма: Адам нәсілдері

в/ ЕСІҢДЕ сақта!

Адам ардақты ат, оны халық ежелден құрмет тұтып, басқа тіршілік иелерінен ерекше кім деп сұраған.

Адамның жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларға, оның ішінде сүтқоректілерге ұқсастығы сырттай қарағанда бірден көзге түседі.

ІІІ.Деңгейлік тапсырмаларды орындап баға ал.

1.Адам ағзасында қандай деңгейлер бар?

2Адам ағзасын зерттеу әдістерін ата.

3Адамның адам болып қалыптасуына қандай факторлар себеп болды?

4. ағзаның біртұтастығын дәлелде.
Үйге: параграф 3
№3 сабақ Жасуша мен оның органойдтарының

Мақсаты: 1. Адам организмінің клеткалық құрылымы туралы түсінік беру.

2. Өсімдік және жануар клеткасын салыстыра отырып, ұқсастық белгілерін анықтау.

3. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

Әдісі: деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнекілік: жануар және өсімдік клеткасының құрылысы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. адам организмінің ішкі құрылысы (неден тұрады)

2. Адам организмінің деңгейлерін ата.

3. Адам организмін неліктен біртұтас дейді?

ІІ. Кезең. Жаңа тақырыпты меңгеру (оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру)

а) Жаңа ұғымдарға анықтама бер.

- жасуша (клетка)

- органоид – клетканың тұрақты арнайы құрылымы.

ә) тапсырма

Кестені толтыр: Клетканың құрылысы.



Органоидтар

Атқаратын қызметі

1. Мембрана
2. Цитоплазма

3. Митохондрия

4. Рибосома

5. Ядро


6. Гольджи жиынтығы

7. Лизосома

8.ЭПТ


Клетка арасындағы зат алмасуға, қоректі заттарды тасымалдау, қорғаныш, беріктік, тіректік.

Клетканың тіршілігін, біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Энергия түзеді, өздігінен бөлініп, көбейе алады.

Нәруыздар түзеді.

Генетикалық ақпаратты сақтаушы, көбеюге қатысады.

Гликоген түзуге қатысады, заттарды тасиды, лизосомаларды құрайды.


Қоректік заттарды қорытуға қатысады, ыдыратады.

Липидтер, көмірсуларды түзеді.






Бейорганикалық заттар

Органикалық заттар

Су, минералды тұздар

Нәруыз, көмірсу, липидтер

б) тапсырма : клетканың негізгі тіршілік қасиеттерін жаз :

3. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

1-деңгей

1. АТФ қай органоидта түзіледі ?

а) рибосома ә) ядро б) митохондрия

2. Аталған заттардың қайсысы фермент

а) майлар ә) көмірсу б) нәруыз

3. Қай зат тұқымқуалаушылық процесіне қатысады

а) нуклеин қышқылы ә) ақуыз б) май в) көмірсу

2-деңгей


1. Аталған заттардың қайсысында азот бар?

а/ май ә /глюкоза б/ нәруыз

2. Ең көп энергия қай зат ыдырағында бөлінеді ?

а) 1г май ә) 1г ақуыз б) 1г көмірсу

3-деңгей 1. Сөйлемді аяқта.

а Күрделі затты жай затқа ыдырататын активті зат ......... деп аталады.

ә Нәруыздың мономері......

а) Эндоплазмалық тор.

1. құрылысы – бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақша. Түзіліс.

2. қызметі -нәруыздар синтездейді, басқа органоидтармен қатынас жасауға.

ә) Гольджи жиыны –

құрылысы – түтікше тәрізді түзіліс

қызметі – заттарды тасымалдау, соңғы өнімдерді шығару.

б) Жануарлар мен өсімдік жасушаларының айырмашылығы.

в) Жасушаның негізгі қасиеттері

Деңгейлік тапсырмалар.

1. Органоид деген қандай ұғым, олар жасушада қалай орналасады?

2. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері.

3. Жасушаның органиодтарын ата.
Үйге § 4 оқу.

Cабақтытың тақырыбы: Адам организмінің жасушалық құрамы

Сабақтың мақсаты: 1 Адам организмінің клеткалық құрылымы тіршілік қасиеті туралы түсінік беру.

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия, медицина

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау,



Көрнекілік: жануар және өсімдік клеткасының құрылысы.

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

І Ұйымдастыру бөлімі

1. Органоид деген қандай ұғым, олар жасушада қалай орналасады?

2. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері.

3. Жасушаның органиодтарын ата.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасутітіркенгіштігікөбеюөсу мен даму және т. б.



Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қанлимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.

Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер.

Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен-бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.

Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазмаядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.

Көбею - тіршіліктің қалыпты сақталуын, ал өсу мен даму жасушалар санының көбеюін қамтамасыз етеді. Даму - көбеюмен аяқталады.

Жасушалар мен жасушааралық заттар ағзаның даму барысында ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және тұтас ағзаға бірігеді.
ІІІ. Бекіту 1. Зат алмасыу қала жүреді?

2.Жасушалардың көбею қалай жүреді?

3. Адам бойының өсуі неге байланысты деп ойлайсың?

ІV. Үйге тапсырма беру. Параграф 5 оқып 20 беттегі сұрақтарға жауап бер.

Үйге § 5 оқу.

Cабақтытың тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы

Сабақтың мақсаты: 1 Адам организмінің химиялық құрамы туралы түсінік беру.

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау,

Көрнекілік: жануар және өсімдік клеткасының құрылысы.

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

І Ұйымдастыру бөлімі

1. Зат алмасыу қала жүреді?

2.Жасушалардың көбею қалай жүреді?

3. Адам бойының өсуі неге байланысты деп ойлайсың?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы агзалық және бейагзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (белок), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.

1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.

2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.



3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.

Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады.



Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оңдагы кажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка шығарылады.

Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калийкальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.

Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді:

  1. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);

  2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды. РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.
ІІІ. Бекіту

Кестені толтырыңдар



Химиялық қосылыстар

Олардың жасушадағы қызметі






ІV. Үйге тапсырма беру. Параграф 6

Cабақтытың тақырыбы: Адам организміндегі ұлпалар. Эпителий және дәнекер. Ұлпаларының құрлысы мен қызметтері

Сабақтың мақсаты: 1 Ұлпалар. Эпителий және дәнекер. Ұлпаларының құрлысы мен қызметтерімен таныстыру.

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,

Көрнекілік: жануар және өсімдік клеткасының құрылысы.

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

І Ұйымдастыру бөлімі

1. Жасушаның құрамында қандай заттар бар?

2.Жасушалардың Цитопалзмада қанша пайыз су бар?

3. Нуклемн қышқылы қандай қосылыс?



4. Зат алмасу деген не?
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ұлпа дегеніміз – құрлысы түзілуі жағынан атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы.

Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер: экзокринді және эндокриндіболып бөлінеді. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін атқарады, зат алмасу, процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.

Қорғаныш (жамылғы) Ұлпалары өсімдіктің ішкі Ұлпаларын сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды. Эпидермис және тамырдың эпиблема Ұлпасын бастапқы жамылғы, ал көп жағдайда оның бет жағында түрліше қызмет атқаратын түкшелер, балауыз тәріздес кутин қабаттарын кутикула деп атайды. Жапырақ эпидермисі қорғаныш, газ алмасу, транспирация, ал кутикула Ұлпаға микроорганизмдердің, т.б. зиянкестердің енуіне қосымша кедергілік қызметін атқарады. Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп беріп, органдардағы клеткалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін біріктіреді. Клетка қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.

ІІІ. Бекіту

Кестені толтырыңдар


Ұлпа түрлері

Олардың қызметі






ІV. Үйге тапсырма беру. Параграф 7

Cабақтытың тақырыбы: Бұлшық ет, оның құрлысы және маңызы

Сабақтың мақсаты:

1 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрлысы мен қызметтерімен таныстыру.

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,


жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау