Республики казахстан



жүктеу 335,04 Kb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата11.01.2022
өлшемі335,04 Kb.
#32515
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Кусаметова Г.К., Болашақ педагогтардың кәсіби имиджін қалыптастырудағы аудиториядан тыс қызметтің маңыздылығы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 

 РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 

 

 

 

 

               



БҚМУ  

ХАБАРШЫСЫ 

Жылына 4 рет шығады 

 

№ 2 (66) - 2017 

 

ВЕСТНИК ЗКГУ 

Выходит 4 раза в год 

 

 

 

 

Орал-Уральск 

 

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 

БАТЫС  ҚАЗАҚСТАН 

МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ 

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  

УНИВЕРСИТЕТ  

им. М. УТЕМИСОВА 


ӘОЖ  37.012:17.022.1 

Кусаметова Г.К. – 

педагогика ғылымдарының кандидаты,  

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 

      Муханбетчина А.Г.

 

 педагогика ғылымдарының кандидаты,  

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 



Бозғұланова Н.Е. – 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  

университетінің магистранты 

E-mail:

 b.nazgul@bk.ru 



 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 

АУДИТОРИЯДАН ТЫС ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Аңдатпа.  Мақалада  педагогикалық  имидж,  оның  кәсіби  қызметтегі  алатын  орны  жайындағы 

сұрақтар,  оны  қалыптастыру  барысындағы  студенттердің  аудиториядан  тыс  қызметтерінің 

маңыздылығы туралы баяндалады. 

Тірек  сөздер:  Имидж,  педагог  имиджі,  имидж  құраушылары,  кәсіби  сапа,  аудиториядан  тыс 

қызмет, студенттер клубы.  

 

Жақсы  педагог-оқытушы  қазіргі  таңда  қоғам  үшін  аса  қымбат  қазына  болып  есептелмек. 

Бәсекеге  қабілетті  Қазақстанның  қарышты  экономикасы  десек  те,  жақсы  экономикадан  демеу 

алатын,  қуатты  әлеуметтік  мемлекеттің  қабілетті  халқы  үшін  де  ең  қажеттісі  –  білімділік.  Уақыт 

талабына  сай  білім  мазмұнын  жаңарту  –  бүгінгі  күннің  басты  міндеті.  Сол  білім  мазмұнының 

негізгі кілті есебінде мұғалімдерді алуға болады. 

Қазіргі  заман  педагогының  кәсіби  іс  -  әрекетінің  табысты  болуы  көбінесе  оның  имиджіне 

байланысты болып келеді. Басқа мамандық иелеріне қарағанда педагог мамандығы ерекше, себебі 

ол  әрдайым  үлкен  аудитория  ішінде  және  көпшілік  көз  алдында  жүретін  тұлға.  Имидж  –  сіздің 

бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы, 

американдық  психологтардың  пікірінше,  тамаша  табыс  феномені  –  адамның  имиджі  мен  оның 

карьерасымен тікелей сабақтас. 

Кәсіби  мамандығын  жан-жақты  меңгерген  педагог  қана  жоғары  бағаланып,  әріптестері  мен 

шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. Педагог үшін өзін көрсете білу, ұнау, өзі туралы жақсы 

пікір  қалдырудың  маңызы  зор.  Тартымды  имидж:  айналасындағы  адамдардың  көңілін  аулау 

кепілі;  кез  келген  жұмыста  жетістікке  жетудің  негізгі  шарты.  Әрбір  педагог  оның  жасына  және 

қызмет  өтіліне  қарамастан  өз  білім  алушылары  алдында  беделді  болғысы  келеді,  өйткені  ол 

педагог  үшін,  әрі  оны  танытатын  өлшем,  әрі  оған  және  пәнге  қатынас  жүйесі  және  оның 

үкімділігін көрсету дәрежесі, және оны қоршағандардың оған сый кұрметінің көрсеткіштері. 

Педагогтың 

жеке 

басына 


қызықпаса 

білім 


алушылардың 

оқу 


іс- 

әрекетіне 

қызығушылықтары  да  болмайды.  Себебі,  педагогтың  өмірінің  жартысы  білім  ғана  беріп  қоймай, 

сонымен  қатар  олардың  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  көмектесетін  оқу  орнында,  білім 

алушылардың көз алдында  өтеді. Әлеуметтік және жастық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер 

үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Оған ұқыптылық, кәсіби стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады.  

Имидждің  құрылымына  сыртқы  бейне,  вербальды  және  вербальды  емес  қарым-қатынас 

құралдарын  пайдалануы,  ішкі  «Мен»  сезімінің  кәсібі  бейнесіне  ішкі  сәйкестігін  жатқыза  аламыз. 

Жағымды сыртқы бейнені құруда оның барлық құраушылары маңызды рөл алады: мимика, дауыс 

күші мен тембрі, киім үлгісі, қимыл, мәнер. 

Сыртқы  бейне  өзіне  сырттың  назарын  аударуға,  жағымды  кейіп  қалыптастыруға,  өзін  тек 

қана  әдемі  ғана  емес,  сонымен  бірге  керемет  педагог  ретінде  көрсетуге  көмектеседі.  Педагог 

тұтастай сыртқы бейнесі арқылы үлкендерді де, оқушыларды да өзіне икемдей  білуі керек. Оның 

тұла бойында ішкі бай жан-дүниесі мен оқушыларына деген қамқорлық пен сүйіспеншілік үйлесім 

табуы шарт. Педагогтың алдындағы білім алушылары сүйікті ұстаздарының ең әуелі киім үлгісін 



өздеріне үлгі ретінде алады. Киіну әдебіндегі ең басты қағида: әдемі көріну – қоршаған адамдарға 

деген  құрметтің  белгісі.  Сырт  бейнеге  қойылатын  талаптар  педагогқа  өзінің  кәсіби  имиджін 

жақсартып,  жетістікке  жетуіне  мүмкіндік  береді.  Шынайы  педагог  сырт  бейнесі  арқылы  түр-

сипатын емес, кәсіби дағды-қабілеттері мен сапасын, ақыл-ойын көрсетеді. 

Вербалды  және  вербалды  емес  қатынас  құралдары  имидждің  маңызды  құрамдарының  бірі 

болып  табылады:  қалай  сөйлеу  керектігі,  адамды  өзімізге  қалай  баули  алуымыз,  жүргенде, 

тұрғанда, отырғанда қандай дұрыс қимыл-әрекеттер мен мимикаларды қолдана білуіміз.  

Ішкі  «Мен»  сезімінің  кәсібі  бейнесіне  сәйкестігі  педагогикалық  имидж  бөліктерінің  ең 

бастысы ретінде алынады, себебі, өзге адамдарға ұнау және оларды өзіне тарта білу кәсіби қарым-

қатынастағы басты қажеттілік. 

Имидждің  педагогтың  мінезі  мен  көзқарастарына,  ішкі  ұстанымдарына  сай  келуі  де 

маңызды міндет атқарады. 

Ішкі  бейне  –  педагогтың  мәдениеті,  шынайылығы  мен  еркіндігі,  баурап  алуы, 

эмоционалдылығы,  әсемдігі,  ассоциативті  пайымдауы,  сабақ  барысындағы  күтпеген  жерден 

шығатын жарқын шешімдері, шығармашылыққа деген ішкі бағыттылық және басқалары [1, 8 б.]. 

Имиджді  қалыптастыру  үдерісі  білім  алушылардың  өзін-өзі  шыңдауын,  өз  көзқарастарын, 

бағалауын  әлеуметтік  және  кәсіби  мақұлданған  құндылықтарға  сәйкес  келтіріп  отыруын 

қамтамасыз етеді. Студенттің өзімен жұмыс жасай алуы оның болашақта кәсіби имиджін сауатты 

жасай алатын маман болатынын көрсете алады.  

Педагогикалық  имидж  мәселелерімен  алғашқылардың  бірі  болып  ғылыми  тұрғыда 

зерттеушілік  қызметпен  айналысқан  отандық,  әрі  шетелдерге  белгілі  ғалымдардың  бірі  А.А. 

Калюжный  өзінің  еңбегінде:  «Педагогикалық  имиджді  қалыптастыру  мәселесіне  педагогикалық 

қызметке  келмей  тұрып  біраз  уақыт  бұрын  көңіл  аударған  жөн»,  -  деп  жазады  [1,  13  б.].  Осы 

ұсынысты негізге алар болсақ, онда ЖОО-дағы педагогикалық қызметке аяқ басқан студенттердің 

өз  болашақ  имидждерінің  іргетасын  университет  қабырғасында  білім  алып  жүрген  кезден 

бастағандары абзал. 

Болашақ  педагог  мамандарды  тәрбиелеу  дегенде  көпшілік  орта  оқу  орындарындағы  «бір 

жолғы»  тәрбиелік  іс-шараларды  айтуға  болады.  Олар  әрине  белгілі  бір  дәрежеде  студент 

тұлғасының кейбір тұстарына ықпал еткенімен олардың өзін педагог маман ретінде сезінуіне әсері 

жоқтың  қасы.  Сол  себепті  педагогикалық  мамандықтар  даярлайтын  жоғары  оқу  орындарындағы 

барлық  іс-шаралар  университет  студенттерінің  бойында  болашақ  мамандығына  тән  қабілет, 

қасиет, сапаларды дамытып, қалыптастыруға жүйелі түрде бағытталуы тиіс [2, 4 б.]. 

Көбіне  білімнің  сапасы  ретінде  оның  мақсаты  мен  нәтижесінің  бір-бірімен  сәйкес  келуі 

анықталады. Білім берудің нәтижелік-мақсаттық негізі соңғы онжылдықта маманның құзыреттілік 

моделі  контекстінде  қарастырылады.  Жоғарғы  оқу  орнындағы  кәсіби  білімнің  сапасының  негізгі 

көрсеткіші  кәсіби  құзыреттілікті  дамытуда  жоғары  деңгейге  ие  мамандардың  дайындалуынан 

көрінеді. Сол жоғары деңгейлі мамандарды дайындауда аудиториядан тыс қызмет түрлерінің алар 

орны ерекше. 

Студенттік  кезең  дербестік  пен  жауапкершілік  уақыты  болып  табылады.  Студент  атануға 

дейін  білім  алушылар  мектеп  кезеңінде  өзін-өзі  ұйымдастырудан  белгілі  бір  тәжірибе  мөлшерін 

жинақтайды.  Сол  себепті  де  университет  қабырғасында  жүргізілетін  аудиториядан  тыс  қызмет  

өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру секілді жұмыстар арқылы өз жалғасын табуы тиіс. 

Жан-жақты  ізденуші  және  білім  алушы,  өзін  үнемі  кәсіби  қырынан  жетілдіріп  отыруға 

ұмтылушы  ретінде  студенттің  аудиториядан  тыс  бос  уақытын  тиімді,  әрі  пайдалы  етіп 

ұйымдастыру  -  қазіргі  таңның  басты  мақсаты  саналуы  тиіс.  Aдaм  өміріндегі  бос  уaқыттың  алар 

рөлі  өте  ерекше.  Ол  демалу,  тынығу  үшін  емес,  рухани  қажетін  өтеуге,  ойлау  қабілетінің 




жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Кез-келген адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге 

арнайды.  Бірақ,  бос  уақытты  ұтымды  етіп  өткізу  әлдеқайда  тиімді.  Дұрыс  тиімді 

ұйымдастырылған  бос  уақыт  -  олардың  рухани  өмірін,  көзқарасын  толықтырылуын  қамтамасыз 

етеді.  Студенттің  бос  уақытын  оның  өз  қалауымен  өткізуге  атсалысу,  оған  аса  мән  беру  -  қазіргі 

жоғары  білім  беру  ұйымдарының  алдына  қойылып  отырған  үлкен  мәселелердің  бірі  деп  айтуға 

толық  негіз  бар.  Сонымен  қатар,  қазіргі  кезеңде  бос  уақытты  әлеуметтік  құбылыс  ретінде 

қарастыру  мәселесі  әлемдегі  барлық  ғылымдардың  назарын  аударып  отыр,  өйткені 

қоғамымыздағы  әлеуметтік  -  экономикалық,  саяси  және  мәдени  өзгерістер  тұлға  санасына  да 

жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде. 

Әлеуметтік  және  кәсіби  жетілу  білім  алушының  оқу  қызметімен  қатар  оның  оқудан  тыс, 

яғни,  аудиториядан  тыс  қызметке  қатысуына  да  тікелей  байланысты.  Оқу  қызметі  ең  алдымен 

кәсіби  білім  мен  дағдыларды  меңгеруге,  кәсіби  бағыттылықтың,  когнитивті  сферасының, 

тұлғаның кәсіби сапаларының дамуына бағытталады. Әлеуметтік маңызды сапаларсыз болмайтын 

кәсіби жетілуді қалыптастыруда оқу (аудиториялық) және аудиториядан тыс қызметтерді бірлікте 

алған жөн. Аудиториядан тыс қызмет қоғамдық пайдалы бағыттылықты ұстануы шарт. 

Аудиториядан тыс қызмет - бұл білім беру-дамыту үдерісіндегі студенттердің сабақтан тыс 

уақытта  педагогикалық  қолдау  шарты  негізінде  кәсіби  бағытталған  іс-әрекеттерге  белсенді 

қатысымын  айқындайтын    қызмет  түрі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  ол  студенттердің  ерікті 

түрде 

таңдайтын, 



бос 

уақыттарында 

ұйымдастырылатын 

кәсіби 


қызметке 

дайындық 

құралдарының бірі.  

Аудиториядан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  функцияларын    өз  мойнына  студенттік  өзін-өзі 

басқару  ұйымы,  кураторлар,  факультет  және  ЖОО-ны  басшылығы  ала  алады.  Олардың  басты 

қызметтері  болашақ  мамандардың  бос  уақыттарын  тиімді  ұйымдастыру,  әрі  олардың  бойында 

болашақта қажет болатын кәсіби қасиеттер мен сапаларды қалыптастыруға әсерін тигізу.  

Студенттердің  аудиториядан  тыс  қызметтерін  зерттеу  мәселелерімен    И.Попова,  Н.Н. 

Азизходжаева,  Р.В.  Дружинина,  Р.М.  Каримова,  З.У.  Омарова,  А.В.  Казьмерчук,  И.Н. 

Айнутдинова,  С.Г.  Тажбаева  секілді  отандық  және  шетелдік  ғалымдар  айналысты.  Олар 

аудиториядан  тыс  қызметті  жан-жақты  қырынан  қарастыра  отырып,  нысан  ретінде  алғанымен, 

зерттеу  пәндері  ретінде  оның  кәсіби  сапаларды  қалыптастыруға  әсері,  тұлғаның  дамуына  әсері, 

тәрбие  құралы  және  студенттердің  әлеуметтенуіне  тигізер  пайдасы  сияқты  проблемаларын 

зерттеді. 

Аудиториядан  тыс  қызметтің  студенттердің  қызығушылықтары  мен  сұраныстарын  толық 

мөлшерде  қамтамасыз етуге   беретін мүмкіндіктері зор. Өз зерттеу  еңбегінде  орыс ғалымы В.И. 

Попова  «Оқу  процесін  ұйымдастырудағы  әлеуметтік  шарттандырылған  міндеттердің  шешімін 

табуында  студенттің  өзі  қызығатын  қызметтерде  субьект  ретінде  өзін  көрсетуіне  мүмкіндік 

беретін  тәжірибелік-бағытталған  студенттердің  аудиториядан  тыс  қызметтерінің  алар  орны 

ерекше», - деп атап өткен болатын [3, 4 б.]. 

Аудиториядан  тыс  қызмет  формалары  мазмұны  жағынан  әртүрлі,  әрдайым  күрделеніп 

отыратын,  студенттердің  позицияларын  жай  қатысушыдан  белсенді,  негізгі  қатысушыға 

айналдырып (ауыстырып) отыратын болуы тиіс.  Аудиториядан тыс жұмыстардың кейбір түрлері 

мен формалары ретінде төмендегілерді көрсетуге болады:  

1.  Кештер  мен  апталықтар  - үйірменің  жыл  бойы  атқарған  жұмыстарының  нәтижесін 

көрсетудің өзіндік формасы; 

2.  Клубтық  қызметтер  -  студенттердің  белгілі  бір  бағыт  бойынша  білімдерін,  дағдыларын 

дамыту, кәсіби сапаларын жетілдіру, түрлі мамандыққа сәйкес ерекшеліктерге тәрбиелеу; 

3.  Байқаулар  -   бұл  студенттің  белгілі  бір  ғылымға,  спортқа,  өнерге  деген  қызығушылығын 

арттыру  немесе  ең  жақсысын  таңдау  мақсатында  жекелей  немесе  ұжымдық  өздіктерді  анықтау 

үшін тиімді. 



4.  Ғылыми-зерттеу  қызметтері  -  студенттердің  ғылыми  конференцияларға,  дөңгелек 

үстелдерге, әлеуметтік-педагогикалық оқылымдарға, ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысуы; 

5.  Болашақ  педагогтарды  кәсіби  тәрбиелеуге  бағытталған  іс-шаралар  (студенттердің 

сабақтан  тыс  оқушылармен  жұмыс  жасаулары, педагогикалық  шеберлік  конкурстарына  қатысуы, 

педагогикалық кинозал жұмыстары, т.б.); 

6.  Студенттік  өзіндік  басқару  қызметтері  –  студенттердің  оқу  және  факультет  жұмысына, 

университет басшылығымен тікелей басшылықта бола отырып араласуы; 

7.  Волонтерлық  қызмет  (түрлі  әлеуметтік  акциялар  өткізу,    балалар  үйлеріне  бару, 

мүгедектер мен зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету, т.б.); 

Студент  үшін  аталған  формалардың  ішінен  өзінің  жекелік  маршрутын  таңдап  алуы  өте 

маңызды.  Жекелік  маршрут  –  бұл  алдын-ала  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған,  негізделген, 

құзыреттілікке,  ересек  тұлға  болуға  көзделген  жол.  Әрбір  жекелік  маршрут  кез-келген  студент 

үшін  өзінің  қызығушылықтарын  қанағаттандыру,  қабілеттерін,  әлеуметтік  маңызды  тұлғалық 

сапаларын дамыту үшін бағытын таңдап алуға зор мүмкіндік болып табылады. 

Аудиториядан тыс қызмет түрлерінің негізгі әлеуеттеріне (потенциалдарына) жатады: 

-  аудиториядан  тыс  қызмет  студенттерді  түрлі  жастағылар  арасындағы,  көпкәсібилік 

(полипрофессиональное)  қарым-қатынасқа  ендіре  отырып,  олардың  қарым-қатынас  жасау 

құзыреттіліктерін  дамытады,  студенттер  қарым-қатынас  жасау  барысында  өмірді  және 

ересектердің қызметін тани түседі; 

-  сан-алуан  аудиториядан  тыс  қызмет  түрлеріне  ене  отырып  студенттер  түрлі  шағын 

топтардың  мүшелеріне  айналады,  көбіне  сол  топтар  олар  үшін  анықтамалық  болып  келеді,  яғни 

олардың  кәсіби  және  тұлғалық    сапаларының  дамуына  максималды  түрде  жағымды  әсерін 

тигізеді; 

- аудиториядан тыс қызмет студенттерге оқу қызметі барысында жүзеге асырыла алмайтын 

мазмұнды,  форманы,  қатысу  деңгейі  мен  орнын  таңдау  мүмкіндігін  береді,  бұл  өз  кезегінде 

әлеуметтік  маңызға  ие  жауапкершілік,  белсенділік,  дербес  әрекет  ете  алу  секілді  сапалардың 

қалыптасу шартын жасайды; 

- аудиториядан тыс қызмет жағдайында студенттерге өздерінің өскелең мүмкіндіктерін іске 

асыруға және өзгелер үшін де жауапкершіл болуға мүмкіндік туындайды; 

- аудиториядан тыс қызмет оқу қызметі шекарасын ұлғайтуға негіз болады; 

- аудиториядан тыс қызмет барысында студенттердің түрлі қызметтерге қызығушылықтары 

артады; 


-  аудиториядан  тыс  қызмет  ЖОО  шекарасын  кеңейтіп,  студенттерге  қоғамдық  ұйымдармен 

істес болуға, олардың әлеуметтік тәжірибесін дамытуға үлесін қосады. 

Бірінші  курстың  өзінде  студенттің  алдында  таңдау  тұрады:  аудиториядан  тыс  уақытта  не 

нәрсемен  айналысуға  болады,  қандай  топтық,  ұжымдық  және  жекелік  іс-әрекет  формаларында 

жұмыс жасай алады, қызметте  ол қандай позицияны ала алады. Студенттерді түрлі аудиториядан 

тыс  қызмет  түрлерімен  олардың  қызығушылықтарына  байланысты  дұрыс  таныстыра  білу,  оларға 

түрлі  таңдаулар  ұсыну  олардың  болашақта  оң  шешім  қабылдап,  әлеуметтік  маңызды  кәсіби 

тұлғалық қасиеттерінің дұрыс қалыптасуына әкеледі [4, 14 б.]. 

Қазіргі  кезде  университетте  жастармен  жұмыс  жасау  комитеті  және  түрлі  білім  беруші 

кафедралардың  құрамында  студенттерге  арналған  түрлі  студенттік  клубтар  мен  үйірмелер  бар: 

«Достар  алаңы»  қоғамдық  еріктілер  ұйымы,  «Ритор»,  «Үркер»,  «Тұмар»,  «Парасатты  қыз», 



«Спортклуб», 

«Жас 


ақындар», 

«English-club», 

«Education 

club», 


«Шахмат», 

«Көркем 


шығармашылық  клубы»,  волонтерларға  арналған  «Д.А.Р.»,  «Жүректен  жүрекке»,  «Үмітің 

үзілмесін».  Олардың  барлығының  дерлік  белгілі  бір  өзіндік  мақсат-міндеттері  бар.  Біреулерінің 

мақсаты  студенттердің  спорттық  қабілеттерін  жетілдіру  болса,  келесілері  сөйлеу  мәдениеті, 

қарым-қатынас  жасай  алу,  жүйелі  ойлау,  мейірімділік,  шығармашылық  секілді  болашақ  тұлғаға 

қажетті  қасиеттерді  қалыптастыруды  көздеуде.  Бұлардың  барлығы  өзіндік  маңыздылыққа  ие 

қасиеттер  екендігі  сөзсіз.  Аталмыш  клубтар  мен  ұйымдар  жұмысы  барысында  өздерін  жан-

жақтылық  қырынан  үздік  көрсете  білген  студенттердің  болашақта  жұмыспен  қамтылуына  да 

мүмкіндік  кеңінен  ашылады.  Олардың  кейбірлері  университет  қабырғасында  жүріп-ақ  әкімшілік, 

педагогикалық білім ордаларынан, түрлі қызмет органдарынан сұранысқа ие болып жатады.  

Жастар 


саясаты 

орталығында 

студенттермен 

аудиториядан 

тыс 

қызметтерді 



ұйымдастыратын  «Нұр  Отан»  партиясы  «Жас  Отан»-  жастар  қанаты,  «Қазақстанның  студенттер 

Альянсы»  секілді  орталықтар  бар.  Жастар  саясаты  орталығы Қазақстан Республикасының жастар 

саясатын  жүзеге  асырады  және  студенттердің  оқу-тәрбие,  шығармашылық  және  қоғамдық 

жұмыстарымен  айналысады,  жастардың  қоғамдық  өмірге  белсенділікпен  араласуы  мен  жастар 

туралы  қоғамның  көңілге  қонымды,  объективті  пікірінің  қалыптасуын  қамтамасыз  ету  болып 

табылады,  жастардың  көшбасшылық  қабілеттерін  арттыру  бағытында  жұмыс  жасайды.  Жастар 

саясаты  орталығының  басты  мақсаты  -  тәрбие  жұмысын  жүйелі  түрде  үйлестіру,  әр  түрлі 

жобаларды  жүзеге  асыру  арқылы  студенттерді  отансүйгіштік  пен  әлеуметтік  жауапкершілікке, 

салауатты  өмір  салтын  насихаттауға  шақыру,  қазіргі  қоғам  сұранысына  толықтай  жауап  бере 

алатын болашақ маманды  кәсіби сапалармен  қамтамасыз ету. 

Жастар  саясаты  орталығы  алдына  қойылған  мақсаттарды  жүзеге  асыруда  төмендегідей 

міндеттерді қояды:




жүктеу 335,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау