Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 821 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
4-қосымша
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Ескерту. 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілде өзгеріс енгізілмеді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) егер туу туралы акт жазбасы өтініш берген жерде болса, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 1 (бір) жұмыс күні;
2) егер туу туралы акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында басқа тіркеуші органда болса, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн;
3) азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбаға өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қоса әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
1) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
2) әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілуіне байланысты куәлік берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысандағы әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өзін баланың әкесі деп мойындайтын тұлғаның әке болуды анықтау туралы өтініш;
2) әкесінің өтінішінде көрсетілген негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы өтініш;
2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәлігі;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
5) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;
3) әке болуды анықтау туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – әке болуды анықтауды тіркеу туралы анықтама;
4) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;
6) нотариатта куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда);
7) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
8) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне берген кезде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қағаз жеткізтегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ, егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін өкіл арқылы жүгінген кезде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау: шағым мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныстылық тәртiбiмен субъектіге тиісті субъектінің немесе лауазымды адамның әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны жеке немесе заңды тұлғаға белгілі болған мерзімнен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздің бірі болып табыл.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамалына сәйкес сотқа жүгіне алады.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы және жіберіледі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Заңнамамен белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап кұту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мұмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету «1414» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
«Әке болуды анықтауды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар және түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
_________________________________
_________________________________
(тіркеуші органның атауы)
_________________________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
мекенжайы:
__________________________________
__________________________________
Тел. № ___________________________
__________________________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
мекенжайы:
__________________________________
__________________________________
Тел. № ___________________________
Әке болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туралы
Өтініш
Мен өзімді, _________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
баланың әкесімін деп растаймын ______________________________________
(баланың аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
азаматшада __________________________________________________________
(анасының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
20____жылғы «____»_______________ туылған
Мен ________________________________________________________ баланың
(баланың аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
анасы _______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
азамат ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
______________________________________ менің баламның әкесі екенін
растаймын.
Әке болуды белгілеуді баланың әкесінің атын әкесінің аты бойынша жазып тіркеуді сұраймыз _____________________________________________
тегін беруді ________________________________________________________
Сонымен бірге баланың тууы туралы акт жазуында әке туралы мәліметті енгізуді және ананың некеге дейінгі тегін түзетуді сұраймыз.
_____________________________________________________________________
Баланың әкесімен неке қию барысында қабылдаған ______________________
______________________________________________тегіне ауыстыруыңызды
(бала әкесімен некелі (ерлі-зайыптылықты) жағдайда анасы толтырады)
Туу 20____жылғы «____»_______________
___________________________________________________________ тіркелген
(тіркеуші орган атауы)
Акт жазуының нөмірі _________________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты _________________ Әкесінің аты (бар болғанда) ___________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»_______________
Ұлты ________________________________________________________________
Жасы ________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _____________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:
Аты___________________ Әкесінің аты (бар болғанда) __________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»_______________
Ұлты ________________________________________________________________
Жасы ________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
Өтінішке қосымша тапсырамыз:
___________________________
___________________________
Әкесі ________________ (қолы)
Анасы _______________ (қолы)
20____жылғы «____»_______________
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20__ жылы «___» _____________ __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
20__ жылы «___» _____________ _________
(қолы)
---------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___ж. «______» _____________ қарауға _________ құжаттар қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар болғанда)_______________
_____________________________________________________________________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «___» _____ келу керек.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда)___________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________
_____________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
жеке куәлік № ________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Өзін баланың әкесімін деп танитын адамның өтініші бойынша
әке болуды белгілеу туралы
Өтініш
Мен, ________________________________________________________ өзімді
(тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)
азаматша ____________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)
20___ жылы «___» ___________ туған баласы ___________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты) (бар болғанда)
әкесімін деп танимын.
Баланың әкесінің атын менің есімім ___________________________бойынша
тегін __________________көрсетіп, әке болуды анықтауды тіркеуді сұраймын.
Бір мезгілде баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді енгізуді, сондай-ақ ондағы анасының некеге дейінгі тегін _________________________ баланың әкесімен некеге тұрған кезде қабылдаған тегіне _________________________ түзетуді және баланың туу туралы жаңа куәлігін беруді сұраймын, туу
_____________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
20___ жылғы «___» __________ тіркелген.
Акт жазбасының нөмірі _______________________________________________
Анасы мен әкесі туралы мәліметтер:
№
|
Қажетті мәліметтер
|
Әкесі
|
Анасы
|
1
|
Туған күні
|
__ жылғы «___» ________
|
__ жылғы «___» _________
|
2
|
Ұлты
|
|
|
3
|
Азаматтығы
|
|
|
4
|
Тұрғылықты тұратын жері
|
қала __________________
ауданы_________________
облысы,
республикасы __________
_______________________
көшесі_________________
пәтер № _______________
|
қала ___________________
ауданы__________________
облысы,
республикасы ___________
________________________
көшесі__________________
пәтер № ________________
|
5
|
Қай жылдан бастап
|
|
|
6
|
Қайда және кім болып жұмыс істейді
|
|
|
7
|
Білімі
|
|
|
8
|
Жеке басты куәландыратын құжаты (сериясы,
нөмірі, қашан және кім берген)
|
|
|
Анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттың атауы
_____________________________________________________________________
(қашан және қандай орган берген, нөмірі мен берілген күні)
Өтінішке қоса береміз:
1) өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші;
2) әкесінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) егер ата-анасы некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі.
4) анасының болмауы мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлігі; психикалық ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялағаны туралы, анасын ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін белгілеудің мүмкін еместігі туралы анықтама.
Әкесі ______________________
(қолы)
20__ жылғы «___» ___________
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20__ жылы «___» _____________ __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
20__ жылы «___» _____________ _________
(қолы)
---------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___ж. «______» _____________ қарауға _____________ құжаттар қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар болғанда). _____________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «___» _____ келу керек.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).__________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан
_____________________________________
____________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік № _________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы
өтініш
_____________________________________________________________ сотының
20__жылғы «___» ___________№ _________шешімінің негізінде
азамат ______________________________________________________________
азаматша_____________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)
____________ жылы «___» туған баласы ________________________________
(анасының тегі бойынша баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_____________________________________________________________________
әкесі болып танылды.
Баланың әкесінің атын ______________________ әкесінің аты бойынша
көрсетіп,_______________тегін беріп әке болуды анықтауды тіркеуді сұраймыз.
Баланың тууы ________ж. «___» _________ тіркеуші органда № __________
жазбамен тіркелген.
Мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
№
|
Қажетті мәліметтер
|
Әкесі
|
Анасы
|
1.
|
Туған күні
|
|
|
2.
|
Ұлты
|
|
|
3.
|
Тұрғылықты тұратын жері
|
|
|
4.
|
Қайда және кім болып жұмыс істеді
|
|
|
5.
|
Білімі
|
|
|
6.
|
Жеке басты куәландыратын құжат (№, қашан және кім берген)
|
|
|
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (бар болғанда)__________________ 20__ жыл «___» ________________ (қолы)
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20__ жылы «___» ____________ __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
20__ жылы «___» _____________ _________
(қолы)
---------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___ж. «______» _____________ қарауға _____________ құжаттар қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар болғанда). _____________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «___» _____келу керек.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).__________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болғанда), тегі) мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
Тел. № _______________________________
Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу)
Өтініш
__________________ туралы № ________ «___» _______ жылы акт жазбасына
келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ______________________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ____________________________
2. Туылған күні _____________________________________________________
3. Туылған жері______________________________________________________
4. Ұлты______________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері ___________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________
_____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекетітк органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме___________________________________________________________________
14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін:
1) ______________________________ 4) ________________________________
2) ______________________________ 5) ________________________________
3) ______________________________ 6) ________________________________
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
20__ жылғы «______» _______________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Журнал бойынша № ____
---------------------------------------------------------------------
(жыртып алу сызығы)
20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы
Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады
Маман _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Достарыңызбен бөлісу: |