Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 109 бұйрығына 1-қосымша
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және
микрокредит беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру
және микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен
бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама)
екінші бағыты шеңберінде әзірленді және шағын қалаларда және ауылдық елді
мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кредит беру
және микрокредит беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган
(бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында
басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы;
2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
орган (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы басқармасы) – жергілікті атқарушы
органдардың ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын
құрылымдық бөлімшесі;
3) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына
қарамастан) және шағын қалаларда кредит беру және микрокредит беру
жөніндегі шараларға қатысушылар (бұдан әрі - Қатысушылар) – халықты
жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан,
жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
және мен ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 11- бабы 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік
жасқа толмаған мүшелері, шағын шаруа немесе фермер қожалықтары;
4) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін,
акваөсіру (балық өсіру) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда,
өндіріс
құралдарымен
және
материалдық-техникалық
ресурстармен
жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің
мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да
сервистік қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де
шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды
тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын
өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта
жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын
алқалы атқарушы орган;
6) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс
іздеп жүрген және
еңбек етуге дайын адамдар;
7) кепілгер – «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;
8) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредит
берушінің алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын
құжат;
9) кредит беруші – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»
акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ), микроқаржы ұйымы
(бұдан әрі – МҚҰ), кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КC);
10) кредит/микрокредит - МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан
Республикасының
ұлттық
валютасында
ақылылық,
мерзімділік,
қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат талаптарымен
шарттарында кредит/микрокредит/орны толтырылмайтын кредиттік
желісін беру туралы шарт бойынша Бағдарлама қатысушысына беретін
қарыз қаражаты;
11) кредиттік серіктестік – жеке және/немесе заңды тұлғалар өз
қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық құралдарға, оның ішінде
банктік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін олардың ақшасын жинақтау
жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
12) қарыз – кредиттік келісім негізінде мерзімділік, ақылылық,
қайтарымдылық және нысаналы пайдалану талаптарымен микрокредит беру
ұйымы, микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін ақша