8) бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;
9) жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізеді;
10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады;
11) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге
де адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді;
11-1) жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы өтеусiз негiзде береді;
11-2) тіркелген жұмыссыздарға қатысты бюджет қаражаты есебінен және
көрсетілген қызметтер үшін олардан төлемақы алмай, халықты жұмыспен қамту
саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
11-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингі туралы шарттың іске асырылу барысын мониторингтеуді және
бақылауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы
заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын
көрсетеді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қаржыландыру
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
12-бап. Лайықты жұмыс
1. Лайықты жұмыс тұрғылықты жерін өзгертумен байланысты жұмыс іздеп
жүрген адамның немесе жұмыссыздың келісімімен ғана ұсынылуы мүмкін.
Тұрғылықты жерінен лайықты жұмысқа көлiктiң қолайлылығын, осы жердің
қоғамдық көлік желілерінің дамуын ескере отырып, тиісті атқарушы орган
айқындайды.
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ
екі жылдан артық жұмысы жоқ адамдар үшін алдын ала кәсiптiк даярлықты
талап ететiн жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда адамдардың
жас шамасы және өзге де ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының талаптарын ескере отырып, басқа ақы төленетін жұмысты
(уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге
болады.
3. Мүгедек үшін оның тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере
отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал жеті
жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және
толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты деп есептеледi.
4. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың
жас шамасы және өзге де ерекшелiктерiн ескере отырып) уақытша сипаттағы
жұмыс:
1) бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте
біліктілігі жоқ;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін
мектептердің жоғары сынып оқушылары;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;
4) ұзақ үзілістен (екі жылдан астам) кейін еңбек қызметін қайта
жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталықтары
оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;
5) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем аяқталғаннан
кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар
арасынан бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға
сәйкес келеді деп есептеледі.
13-бап. Жұмыс іздеп жүрген адам
1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген
адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты
жерiндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық
үкіметтің" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) еңбек қызметін растайтын (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының (бар
болған кезде) бар екендігі туралы құжаттардың негізінде жұмыс іздеп жүрген
адам ретінде тіркеледі.
Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің
бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген
күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы, оны бос
орындар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің
абоненттік құрылғысы арқылы лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабардар
ете отырып, өтеусіз негізде оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ
әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер
көрсетеді.
3. Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент,
ауыл, ауылдық округ әкімінен) лайықты жұмыстың бар екендігі туралы
ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту
орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар – кент, ауыл, ауылдық
округ әкіміне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және
(немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете
отырып, жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік
білдіруге тиіс.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
14-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Заңның 13-бабының 2-
тармағында белгіленген кезең өткен соң екі жұмыс күні ішінде халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Заңның 13-
бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды, осы баптың 6-тармағында және
осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды
қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты
жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс
күні ішінде, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының
4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, өтініш жасаған күннен бастап
он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған, жұмыс іздеп жүрген адамды
жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу оның деректері
мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері
арқылы тексерілгеннен кейін жұмыспен қамтудың жеке картасына алынған
мәлiметтер енгiзіле отырып жүзеге асырылады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға
жұмыссыз ретінде тіркеу күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі қабылданған
күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
4. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамның өтініші бойынша халықты
жұмыспен қамту орталығы өтеусiз негiзде анықтама береді, оның қолданылу
мерзімі ол берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |