5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда
тiркелген жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс
туралы ұсыныстар алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен
қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар – кент,
ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан
бас тартатыны туралы жеке өзі жүгініп немесе ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы
арқылы хабардар етуге тиіс.
6. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не
толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс
(кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген
зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған
мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді
ұсынған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
15-бап. Жұмыссыздардың құқықтары мен мiндеттерi
Жұмыссыздар:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан:
лайықты жұмыс іздестіру және жұмысқа орналасуға, оның ішінде жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жәрдемдесу бойынша;
консультациялық;
ақпараттық;
қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында әлеуметтік кәсіптік
бағдарлау бойынша халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін
қызметтерді, сондай-ақ еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында
қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;
2) егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып
табылса, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға;
3) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуға құқығы бар.
2. Жұмыссыздар:
1) осы Заңның талаптарын сақтауға;
2) осы Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына бару немесе оны
хабардар ету тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес
жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге
жүгінуге;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмысқа
шарттар бойынша орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға
құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы
уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi
уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынуға мiндеттi.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты
жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс
күні ішінде жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында
аталған адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш
нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал
ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін
лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас
тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;
2) дәлелсiз себептермен:
халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес
жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына
келмегенде;
шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту
орталығына келмегенде;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды
өз бетiнше тоқтатқанда;
3) жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе
оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен
бұзғанда;
4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не
заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
5) 15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
6) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен
шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) — 3) тармақшаларына сәйкес есептен
шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн
өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам
ретінде қайтадан тiркеле алады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2017
№ 80-VI
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 16.04.2018
№ 147-VI
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
17-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және
жергілікті атқарушы органдар елдің және өңірлердің экономикалық және
әлеуметтік даму болжамдары негізінде:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуді;
2) еңбек делдалдығын;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын;
4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуді;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар
белгілеуді көздейтін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
Достарыңызбен бөлісу: |