3 Сыныпқа және жеке оқушыға мінездеме жасау
№ 7 Қ. Спатаев атындағы IT мектеп лицейінің 8 «а» сыныбына
Психологиялық-педагогикалық мінездеме
Сыныпта 28 оқушы бар. Оның ішінде 12 ұл бала, 16 қыз бала. Барлық оқушылардың отбасы жағдайлары жақсы. Сыныптың әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. 8 «а» - сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған. Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Жақсы оқитын балалар саны – 7, орташа оқитын балалар саны – 17, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ауызбіршілікті, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі жәрдемдесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар.
Сынып математика пәнінен жаман емес, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Химия және биология пәндеріне қызығушылықтары жоғары.
Қыздар әртүрлі үйірмелерге белсенді қатысады. Атап айтар болсақ, үш қыз шахматқа, бес қыз домбыра мен биге қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып жүрген ұлдар да бар. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар де бар. Ұлдар төрт баладан топ-топ болып жүреді. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы.
Практикант: Жолшыбек Дамира Турланқызы
№ 7 Қ. Спатаев атындағы IT мектеп лицейінің
8-«а» сынып оқушысы
Маратов Асхат Бақытұлына
Психологиялық-педагогикалық мінездеме
Маратов Асхат Бақытұлы 20.03.2006ж. дүниеге келген. Қазіргі таңда №7 Қ. Спатаев атындағы IT мектеп лицейінің 8а-сынып оқушысы. Әкесі: жеке кәсіпкер, анасы: оқытушы. Жанұяда 4 ұл. Олармен қарым-қатынасы жақсы. Отбасындағы тәрбиесіне келетін болсақ, анасына үй шаруасына көмектесе отырып, өзінен кейінгі бауырларына үлгі бола алады деген сенім білдіремін. Ата-анасын өте қатты сыйлайды. Ұстаздарын да сыйлайды. Сыныптастарымен де қарым-қатынасы жақсы.
Оқуға, білім алуға деген ынтасы, құштарлығы жақсы. Маратов Асхат Бақытұлы сыныптастарының арасында белсенділігімен, жауапкершіліктіліген, талапшылдығымен, қабілеттілігімен, алғырлығымен және зеректілігімен көзге бірден түседі. Ол өзіне жүктелген тапсырманы дер кезінде ұқыптылықпен, жауапкершілікпен орындайды. Асхаттың өзге балалардан ерекшелігі – ізденімпаз. Алға қойған мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салады. Қазіргі таңда ағылшын курстарына қатысып, өз білімін арттыруда.
Асхат жаратылыстану пәндерін: физика, химия, информатика сабақтарын және дене шынықтыру пәнін ұнатады. Оқу үлгерімі өте жақсы. Түсінбегенін мұғалімнен сұрап алуды жөн санайды. Химия пәнінен есептер шығаруды ұнатады, өз бетімен жұмысты жақсы атқарады. Берілген тапсырманы тыңғылықты орындайды. Әр сабақты зейін қойып тыңдайды. Қосымша білім арттыру үшін ағылшын, орыс тілінен қосымша сабақтарға қатысады. Оқушының ерік-жігері жақсы дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін талпынады, алға ұмтылады.
Эмоциялары: Асхаттың мінезі ашық, ақкөңіл, сөзге шешен, жайдарлы ұл бала, көңілді, барлық нәрсеге сабырлылық таныта біледі. Олжас тез қозғалады, қимылдары шапшаң.
Асхаттың сезімталдық қасиеті жақсы дамыған. Өз күшімен жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болатынына сенімді. Осы принциптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сыныппен тығыз қарым-қатынас жасайды. Спорт пен кітап оқуға қызығады. Әсіресе ғылыми кітаптар оқығанды жақсы көреді.
Практикант: Жолшыбек Дамира Турланқызы
Достарыңызбен бөлісу: |