Прес-релиз



жүктеу 178,54 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата23.11.2018
өлшемі178,54 Kb.
#23483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

      16-1) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен 

көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және 

тарифтердің шекті деңгейін әзірлейді және бекітеді;

      17) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 

№ 147-VI

 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және

өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      19) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен 

қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді 

және бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      20) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-

V Заңымен.

      20) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және 

(немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі 

мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      21) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу 

үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды беру немесе ұзарту 

қағидаларын, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше 

жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) 

және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      22) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-

V Заңымен.

      22) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу 

және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін 

әзірлейді;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      23) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-

V Заңымен.

      23) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 

квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында 

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;



      24) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу 

қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес

ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

      26) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      26-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің 

аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін 

әзірлейді және бекітеді;

      26-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты 

орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру 

мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну 

қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-3) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты 

жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру 

қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 

Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 

№ 147-VI


 Заңымен 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі).

7-1-бап. Орталық атқарушы органдардың құзыреті

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға 

жауапты орталық атқарушы органдар жұмыс орындарын құру мониторингін 

жүзеге асырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 

органға тиісті мәліметтер ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.04.2018 

№ 147-VI

 

Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен 



соң қолданысқа енгізіледі).

8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы

      1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және 

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі 

мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты 

жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты 

жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ететін 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.



      2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:

      1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың 

болжамы;


      кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруды және кадрларды кәсіптік 

даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта 

даярлау және біліктілікті арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске 

асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру 

бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны және азаматтарды әлеуметтік қолдау 

мәселелері жөніндегі ведомстволық статистикалық есептілікті жинауды 

ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

      2) әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған 

бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс 

істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-

қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек 

саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдауды;

      3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы 

заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға 

әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық және консультациялық көрсетілетін 

қызметтерді ұсынуды;

      4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 

айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы 

мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, 

сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын 

адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеуді және есептен шығаруды жүзеге 

асырады.


      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2017 

№ 80-VI


 Заңымен (алғашқы

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі).

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы 

мемлекеттік саясатты іске асыруды:

      1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-

шараларды өткізу;



жүктеу 178,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау