Прес-релиз



жүктеу 178,54 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата23.11.2018
өлшемі178,54 Kb.
#23483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

      8) еңбек нарығына қатысушылардың күш-жігерін біріктіру және халықты 

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде 

олардың әрекеттерінің келiсілуі;

      9) халықты жұмыспен қамту орталықтары және жұмыспен қамтудың жекеше 

агенттiктерi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

      10) iшкi еңбек нарығын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу 

арқылы қорғау;

      11) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-

шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру;

      12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн

шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру мен реттеу және

олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң 

Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты 

мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын 

шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      14) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген,

жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы 

жұмыс орындарын құруды ынталандыратын қаржы, салық және инвестиция 

саясатын жүргізу жолымен іске асырылады.



4-бап. Жұмыспен қамтылған халық

      Жұмыспен қамтылған халыққа:

      1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты ақы үшiн 

толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы 

төленетiн өзге жұмысы (еңбек функциясы) бар;

      2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған;

      3) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;

      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен 

әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында және арнаулы мемлекеттік 

органдарында қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.



5-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары

      Мемлекет:

      1) жұмыс түрін және жұмысты таңдау еркіндігіне;

      2) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс 

алуда, жұмыспен қамтылу мен еңбек жағдайларын таңдауда мүмкіндіктер 

теңдігіне;




      3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға негізделген халықты жұмыспен 

қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етеді.



 2-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуды 

реттеу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 

бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-

V Заңымен.

      2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 

белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін 

бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан 

Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы 

Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның 

құзыреті

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi 

шегiнде:

      1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы 

органдарды, еңбек ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске 

асырады;

      3) жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесін әзірлейді 

және бекітеді;

      4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек 

нарығының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар 

етеді;


      5) экономиканың кадрларға қажеттігінің болжамын әзірлейді және оны 

мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі;

      6) мыналарды:

      қоғамдық жұмыстарды;

      әлеуметтік жұмыс орындарын;

      жастар практикасын;




      кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және 

бекітеді;

      7) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және 

бекітеді;

      8) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      9) мыналарды:

      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып 

табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 

жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      10) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды 

ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде 

қоныс аудару тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      12) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын 

құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын 

әзірлейді және бекітеді;

      12-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің 

аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және 

бекітеді;

      12-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің 

аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      12-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің 

аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне 

қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік 

кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін 

қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру 

парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді 

және бекітеді;

      16) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және

бекітеді;




жүктеу 178,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау