1) кәсіптік оқытуға жіберуді;
2) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына
жәрдемдесуді;
3) жастар практикасына жіберуді;
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға
жәрдемдесуді;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын
ұйымдастыруды;
7) қоғамдық жұмыстарды қамтиды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға он алты
жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында
белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі адамдардың құқығы бар.
3. Әлеуметтік көмек:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып
табылатын жұмыссыздарға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін
әлеуметтік төлемдерді;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
2) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген шарттарда және мөлшерде атаулы
әлеуметтік көмек көрсетуді;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары
болып табылатын жұмыссыздарға "Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда
және тәртіппен медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
4. Жұмысқа орналастыруға арналған квоталар:
1) еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер;
2) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін көзделеді.
18-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
1. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бюджет қаражаты шегінде жеке адамның
кәсіптік білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-
өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы
білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда,
қызмет түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек
көрсету мақсатында жүргізіледі.
2. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, меңгерген кәсібі (мамандығы)
бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері
туралы кәсіби ақпарат беруді;
2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары
ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының,
денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктерінің негізінде
жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультацияны;
3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған
біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді
қамтиды.
3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар
және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты
жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан
өткен адамдар туралы мәліметтерді еңбек нарығының біртұтас ақпараттық
базасында орналастырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018
№ 147-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
19-бап. Кәсіптік оқыту
1. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті
арттыруды қамтиды.
2. Егер:
1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін
болмағанда;
2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты
кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;
3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда,
халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту
жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.
4. Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:
1) мүгедектердің;
2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап
алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);
3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған
жұмыссыздардың;
4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте
біліктілігі жоқ адамдардың;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе)
мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың құқығы бар.
5. Кәсіптік оқыту еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріліп, оның ішінде
жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының білім
беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар білім
беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің оқу орталықтарында жұмыс
берушілерді қоса қаржыландыру ескеріле отырып, бюджет қаражаты шегінде
жүргізіледі.
6. Кәсіптік оқыту жөніндегі әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен
қамту орталығы, кәсіптік оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын
адам арасында жасалады.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген, оқуын өз
еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыс іздеп жүрген адамдар не