Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»



жүктеу 1,21 Mb.
бет1/7
Дата18.12.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5044
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «___» _____________

___ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы «15» желтоқсандағы

520 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

  1-бөлім. Миссиясы мен пайымы 1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

Миссиясы: ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін білім және ғылым, мемлекеттік жастар саясаты, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымы: Елдің бәсекеге қабілеттілігін және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ететін сапалы және қол жетімді білім беру.

  

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару



 

1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 8834 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 2013 жылмен салыстырғанда 965 бірлікке артты (2013-2014 оқу жылдары - 7869 бірлік, 2014-2015 оқу жылдары - 8467 бірлік).

Бұл ретте, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 73,4%-дан 81,6%-ға дейін артты (2013-2014 оқу жылдары - 73,4%, 2014-2015 оқу жылдары - 78,6%).

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы арқылы ғана емес, сонымен қатар шағын-орталықтарды ашу, бұрын жекешелендірілген балабақшаларды қайтару және сатып алу, жеке меншік бала бақшаларды ашуды ыңталандандыру, жалға берілген коммуналдық меншіктегі бөлек тұрған ғимараттарды босату, мектепке дейіңгі ұйымдарды ашуға жарамды басқа ғимараттар мен орындарды беру есебінен артты.

Сонымен бірге, мектепке дейінгі қызмет көрсету сапасын арттыруда 2013 жылдан бастап күндіз қысқа уақыт болатын шағын орталықтардың саны 855 бірлікке қысқарып, 4593 бірлікті құрады. Бұл ретте күндіз толық мерзімді шағын орталықтар 2213 бірлікті құрайды (2013 жылы – 2254, 2014 жылы - 2194).

Сондай-ақ, жекеменшік балабақшалар желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013-2015 жылдар аралығында 655 жекеменшік балабақша ашылып, олардың саны 1553 құрады (2013 жылы - 898 бірлік, 2014 жылы - 1261 бірлік). Бұған қолданыстағы заңнаманы жетілдіру өз дәрежесінде септігін тигізді.

Сондай-ақ жекеменшік балабақшалардың білім беру қызметтерін ұсыну процесіне жеңілдікпен салық салу бойынша Салық кодексіне түзетулер енгізілді.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 80,8 мың адам жұмыс істейді (14,6 мың адам - шағын-орталық педагогтары). Соның ішінде педагогтердің 60,7% жоғары, 1,9% - аяқталмаған жоғары, 36,8% техникалық және кәсіптік білімі 0,6 % - жалпы орта білімі бар.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнына сабақтастықты, үздіксіздікті, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарламада «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының жаңартылған мазмұны, Үлгілік оқу жоспары мен Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын критериальді бағалаудың индикаторлар жүйесі кіріктірілген.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Республикада мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үшін 545,4 мың өтініштер тіркелген, соның ішінде 3-6 жас - 185,6 мың.

Алматы (72,0%), Маңғыстау (68,7%), Жамбылской (75%), Оңтүстік Қазақстан (75,5%) облыстарда және Астана (64,5%), Алматы (70%) қалаларында қамту республикалық көрсеткіштен төмендігі сақталуда.

Тағы да проблемалардың бірі мектепке дейінгі ұйымдарды бейінді білімі бар педагог кадрлармен толықтыру болып табылады. Тек мектепке дейінгі ұйымдардың 34,8% педагогтары ғана «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандандығы бойынша жоғары және техникалық кәсіптік білімі бар.

Олардың ішінде «ҰБАО «Өрлеу» АҚ негізінде қысқа мерзімді курстардан 7716 педагогтар өтті, соның ішінде 2805 жетекшілер.



Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды тиімді оңалтуда ерте жастағы балаларды педагогикалық түзету көмегімен қамтудың төмендігі жағымсыз әсерін тигізіп тұр. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – ППТК) әрбір аудан орталықтарында (220) жұмыс істеуі қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашуға сұраныс 69 бірлікті (2015 жылғы 1 қаңтарда) құрайды. ППТК ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды түзету көмегімен жеткілікті түрде қамти алмайды (10-нан 40%-ға дейін).

1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атаулары

Тәуекелдерді басқару

бойынша іс-шаралар



1

2

Миграциялық процесстер және демографиялық жағдайлар

Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу.

Мектепке дейінгі оқыту жүелерін ұлғайту, соның ішінде МЖӘ есебінен



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагог кадрларының тапшылығы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагог кадрларының дайындауға мемлекеттік тапсырысты беру.

Мектепке дейінгі ұйымдарда педагог мамандығы мәртебесін арттыру




2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру.

2.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

Орта білім беру білім жүйесінің базалық деңгейі болып келеді. 2015-2016 оқу жылы республикада жалпы контингентті 2,7 млн. бала, 7160 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп қызмет істеуде (2013-2014 оқу жылда – 2 530 322 оқушысы бар контингентпен 7307 мектеп, 2014-2015 оқу жылда – 2 615 898 оқушысы бар контингентпен 7222 мектеп).

Республика бойынша физика-математика және химия-биология бағыттарында барлығы 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) жұмыс атқарады.

Республикадағы жалпы білім беру мектептерінің оқу әдістемелік базасын жақсарту үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (бұдан әрі – НЗМ) тәжірбиесін есепке алып білім беру мазмұның жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрлікпен орта білім беру мазмұның жаңартуға көшу мақсатында:

- орта білім беру құрылымы анықталды: 1-11;

- бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы бекітілді;

- мектепке дейінгі, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖББС) жобалары, бастауыш мектептер үшін барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары, жалпы білім беру мектептері үшін бағалау жүйесінің критериялық ережелері, 1-сыныптардағы оқушыларды бағалау жүйесі бойынша жетекшілік және әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

2015-2016 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру мазмұнын жаңартуға көшу Кестесіне сәйкес оқу бағдарламасын, оқулықтар мен жаңартылған білім беру оқу-әдістемелік кешендерінің кезеңдеп апробациялау (1-сыныптан бастап) басталды, сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі.

117 мектептерде оқу үш тілде жүргізілуде, оларда 63 мың оқушылар (2,3%) қамтылған (2012-2013 оқу жылы – 86 мың оқушылар, 2013-2014 оқу жылы – 98 мың).

2015-2016 оқу жылы елімізде дарынды балалар үшін контингенті 61 392 оқушылар бар мамандандырылған білім беру ұйымдары жұмыс істеуде.



Соңғы үш жылда қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадаларда қатысу нәтижелері бойынша Қазақстан химия, физика және математика бойынша ең үздік 15 елінің қатарына енді. Сонымен, 2013 жылы жалпы интеллектуалдық сайыстар женімпаздарының саны – 967 адам, 2014 жылы – 1 376, 2015 жылы – 1 309 (олардың ішінде алтын медаль: 2013 жылы - 188, 2014 жылы - 333, 2015 жылы - 276; күміс медаль: 2013 жылы - 298, 2014 - 388, 2015 жылы - 384; қола медаль: 2013 жылы - 463, 2014 жылы - 626, 2015 жылы - 629; мақтау қағазы: 2013 жылы - 18, 2014 жылы - 29, 2015 жылы - 20).

2015 жылдың 1 желтоқсанына 1075 (14,8%) мектептерде электронды оқыту жүйесі енгізілген. Электронды оқыту жобасының аясында 14551 сандық білім беру ресурсы әзірленді (СББР)

Орта білім беру жүйесінде 63 пилоттық мектеп базасында жан басылық қаржыландыруды апрбобациясы жүргізілуде (республиканың 5 өңірінде: Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары).

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру және оларды әлеуметтік бейімдеу олардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, қамтамасыз етіледі.

Республикада 2015 жылдың басында 0 жастан 18 жасқа дейінгі 5,4 миллион барлық балалар санынан 141952 немесе 2,7% ерекше білім беру қажеттілігі анықталды (2013 жылы – 148 652, 2014 жылы – 138 513).

Олардың ішінде білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғауда түзеу-педагогикалық көмек, білім беру бағдарламалары бойынша 129 980 балалар (91,5%) қамтылған (2012-2013 оқу жылдары – 116 478, 2013-2014 оқу жылдары – 118 219).

Соның ішінде 129 980 балалардың білім беру қажеттілігімен:

- ерте жаста - 5428 (6,4%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 3532, 2013-2014 оқу жылы - 3723), олардың ішінде арнай бөбекжайлар мен балабақшаларда - 295 (3,3%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 400, 2013-2014 оқу жылы - 512); арнайы топтарда - 268 (3%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 72, 2013-2014 оқу жылы - 49); инклюзивті топтарда - 3109 (35,2%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 351, 2013-2014 оқу жылы - 534); психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде (ППТК) және бейімдеу орталығында (БО) - 1751 (19,8%) балалар педагогикалық-түзеу көмегін алуда (2012-2013 оқу жылы - 1295, 2013-2014 оқу жылы - 1551); үйде тәрбиеленушілер - 5 (0,1%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 0, 2013-2014 оқу жылы - 16);

- мектепке дейінгі жас аралығында - 37013 (44%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 31116, 2013-2014 оқу жылы - 30959), олардың ішінде арнай балабақшаларда – 5159 (12,3%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 2706, 2013-2014 оқу жылы - 2687), арнайы топтарда – 4474 (10,8%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 2706, 2013-2014 оқу жылы - 2687); инклюзивті топтарда – 14717 (35,2%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 6353, 2013-2014 оқу жылы - 6024); ППТК және БО - 12663 (30,2%) балалар педагогикалық-түзеу көмегін алуда (2012-2013 оқу жылы - 14671, 2013-2014 оқу жылы - 14888);

- мектептегі жас аралығында – 84120 (64,7%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 81830, 2013-2014 оқу жылы - 83537), олардың ішінде арнай мектептерде – 13722 (14,6%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 14086, 2013-2014 оқу жылы - 13996), арнайы сыныптарда – 11461 (12,2%) балар (2012-2013 оқу жылы - 8605, 2013-2014 оқу жылы - 8540), инклюзивті топтарда – 46340 (32%) балалар (2012-2013 оқу жылы – 31 124, 2013-2014 оқу жылы - 29998), үйде б3л3м алушылар – 10408 (7,3%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 8028, 2013-2014 оқу жылы - 8387), жеке меншік ұйымдарда – 2189 (2,3%) балалар (2012-2013 оқу жылы - 5316, 2013-2014 оқу жылы - 7728);

- колледждарда - 3419 (2,6%) жасөспірімдер (2012-2013 оқу жылы - 2880, 2013-2014 оқу жылы - 2549).

Арнайы білім берумен қатар инклюзивті білім беру саясаты іске асырылуда. 2166 (30%) білім беру ұйымдарындабаларды инклюзивті оқыту үшін жағдайлар жасалынды.

Орта білім жүйесіндегі білім беру процесі қосымша білім беру арқылы іске асырылатын тәрбие компонентім тығыз байланысты.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдары желісінің саны 2015 жылы 860 бірлікті құрайды (2013 жылы – 680, 2014 жылы – 833). Онда 673,0 мың бала қамтылған (2013 жылы – 576,2 мың, 2014 жылы – 620,0 мың), бұл 24,5%-ды құрайды (2013 жылы – 23,1%, 2014 жылы – 23,9%).



2015 жылы қосымша білім берумен қамту 1 700 573 баланы (61,9%) құрады (қосымша білім беру ұйымдары + мектепткегі үйірмелер), бұл 2014 жылмен салыстырғанда 109 849 балаға көп (2014 жылы - 1 590 724 немесе 60,5%, 2013 жылы – 1 205 400 немесе 59%).

Балалар денсаулығы мен өмір сүру қалпы ата-аналар және қоғамның қамқорлығымен қатар мемлекеттің де белсенді қолдауын қажет етеді.

2015 жылдың 1 қаңтарында мектептерде 6243 медициналық кабинет қызмет жасайды. Оқушыларға медициналық қызметті 260 дәрігер және 7525 медбике көрсетеді. Бұдан басқа арнайы медициналық топтарда созылмалы ауруы бар 507 мың баланың ішінен әлсіз денсаулыққа ие 20 мыңнан астам оқушы (4%) шұғылданады. Балалардың дамуы мен өсуін жүйелі түрде қадағалау өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы жағдайын күнделікті бақылау жүйесіндегі басты түйін болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуында ыстық тамақ маңызды рөл атқарады. Республика мектептерінің 84,6%-ында 1,9 млн. (80,4%) бала үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың 99%-ы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Жалпы білім беру мектептерінде спорт түрлері бойынша спорттық секциялар желісі кеңейтілуде. 31 мыңнан астам спорт секциясы қызмет атқаруда.

Білімнің сапасы, ең біріншіден, білім беру ұйымындағы педагог қызметкерлердің сапалы құрамымен анықталады.

2015-2016 оқу жылы республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 325 184 педагог еңбек етеді (2013-2014 жылы – 292 064 адам, 2014-2015 оқу жылы - 297 293 адам). Олардың ішінде жоғары білімі бар – 290 399 немесе 89,3% (2013-2014 оқу жылы - 87,9%, 2014-2015 оқу жылы - 89,3%); орта кәсіби білімі бар – 34 514 немесе 10,6% (2013-2014 оқу жылы - 11,3%, 2014-2015 оқу жылы - 10,6%); орта білімі бар – 271 немесе 0,08% (2013-2014 оқу жылы - 0,2%, 2014-2015 оқу жылы - 0,8%).

Мұғалімдер беделінің жоғарылауына, олардың кәсіби өсуіне «Үздік педагог», «Үздік ауыл мұғалімі», «Үздік сынып жетекшісі» сияқты жыл сайынғы республикалық конкурстар, авторлық бағдарламалар конкурстары және т.б. септігін тигізеді, олардың жеңімпаздары материалдық және рухани жағынан көтермеленеді.

Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі түбегейлі қайта қаралды, кәсіптік педагогикалық қауымдастықтарды дамытуға және өз алдына дербес оқуды қолдайтын кәсіптік даму бағдарламалары әзірленді, кәсіптік даму үшін мүмкіндік беретін онлайн ресурстар құрылды.

2016 жылдан бастап орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде 389 968 педагогтарды кезеңдеп оқыту жоспарлануда: 366 574 мұғалімдер, 19314 жалпы білім беру мектептерінің жетекшілері, 4080 білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және Министрліктің бағынысты ұйымдарының мамандары.

Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығымен өткізілді. 2012-2015 жылдары елде деңгейлік бағдарламалар бойынша 52 550 мұғалімдер оқытылыды, бұл мұғалімдердің жалпы санынан 18,0% құрайды (2013 жылы - 15126 адам, 2014 жылы - 17037 адам, 2015 жылы - 13217 адам).

Үш ауысымды мектепті жою, апаттылардың орнына және оқушылар орындарының тапшылығын үшін Республикалық бюджет, Ұлттық қор және жергілікті бюджет есебінен оқу құралдарымен жабдықталған мектептердің құрылысы жүргізілуде.

2015 жылы республикада 5,4 млннан астам 0 жастан 18 жасқа дейінгі бала өмір сүреді (2013 жылы - 5,1 млн., 2014 жылы - 5,3 млн.).

Балалық шақты құқықтық қорғаудың заңнамалық базасы қалыптасқан. Балалардың неғұрлым маңызды болып табылатын өмір сүру, ар-намысы мен абыройын қорғау, білім алу, әлеуметтік қамтамасыз етілу және басқалары қамтамасыз етілген. Бала құқықтарын қорғау саласында соңғы үш жылда 49 нормативтік-құқықтық актілер әзірленді және қабылданды (2013 жылы - 14, 2014 жылы - 9, 2015 жылы - 25).

Бала мүддесіне қатысты арыз және өтініштер қабылдау механизмі қамтамасыз етілген: Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде (бұдан әрі – Комитет) сенім телефоны, тәулік бойы ақысыз ұлттық желі «150», өңірлерде 160-тан астам сенім телефоны, мемлекеттік органдардың сенім телефоны, басшылардың болгтары, барлық өңірлерде қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс жасайды. Барлық білім беру ұйымларында, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, балалар үйлерінде «сенім жәшігі» орнатылған.

Республикадағы 18 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жанында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға, ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кеңестік, құқықтық, психологиялық,педагогикалық пәрменді көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары қызмет жасайды. Соңғы үш жылда 24 267 ата-аналар мен балаларға көмек көрсетілді (2012 жылы - 2 528, 2013 жылы - 3 912, 2014 жылы - 17 827).

«Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары» жүзеге асырылуда. Жоспарда қарастырылған шаралар балалардың мүдделерін және құқықтарын сақтауға, ана мен баланы, отбасын қорғауға, өмірдің қиын жағдайына тап болған тұлғаларды қолдауға бағытталған.

Бала өмірінің сапасын жақсарту мақсатында жылсайын бала мейірімді қалалар форумы өткізіледі. 30 қала және 4 аудан әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумғм қол қойылды.

Балалардың және жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелері мен баптары жөнінде хабардар болуын арттыру үшін жылсайын «Балалық шақ әлемі Конвенциямен бірге!» апталығы өткізіледі. Сауалнама өткізу арқылы жүйелі сұрастыру практикасы, яғни кері қатынас механизмі енгізілді. Балалардың құқықтық сауаттылық деңгейінің артуы байқалады.

2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда балалардың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейі 5%-ға артты (2012 жылы – 49%, 2013 жылы - 53%, 2014 жылы - 58%). Білім алу (69%), мектепке бару және оқу (48%), медициналық қызмет көрсету (38%) және ата-ананың қамқорына бөлену (35%) құқықтары балаларға ең көп таралған және танымал құқықтар болып табылады. Бала құқықтары саласында негізгі ақпарат көзі мектеп (51%), ата-аналар (40%), туысқандар (33%), психологтар (47%), әлеуметтік қызметкерлер (42%) және телеарналар (21%) болып табылады.

Балаларға уақытылы көмек көрсету, олардың проблемаларын шешу, балалар құқықтарын қорғау мәселелерінінің жағдайы туралы ақпаратты жинау және талдау, өз құқығы туралы олардың хабардар болу деңгейі туралы, бала құқықтары туралы құжаттарды көпшілікке тарату мақсатында Комитеттің Web-сайт (www.bala-kkk.kz) қызмет жасайды.

Бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі әлеуметтік жетімдікті азайту.

Өңірлердің Білім басқармаларының деректері бойынша 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 29,7 мың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала өмір сүреді, (2012 жылы - 34,8 мың, 2013 жылы - 33,7 мың, 2014 жылы - 32,4 мың).

Олардың ішінен 21,6 мың бала (2012 жылы - 23,9 мың, 2013 жылы - 23,8 мың, 2014жылы - 23,2 мың) отбасыға орналастырудың баламалы нысандарымен (қамқоршы, патронат, асырап алу) қамтылды.

8 066 бала (2012 жылы - 10,9 мың, 2013 жылы - 9,8 мың, 2014 жылы - 9,1 мың) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленуде.

Балалар үйінде 81,6% ата-аналары тірі балалар және 18,4% бір немесе екі бірдей ата-анасы қайтыс болған балалар тұрып жатқанын айта кетуіміз керек (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санынан республика бойынша 37%-жетім балалар).

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында шаралар қабылдануда, оның ішінде отбасылық және балалар арасындағы сәтсіздіктерді уақытылы анықтау, өмідің қиын жағдайына тап болған балалар мен отбасыларға қажетті көмек көрсету бойынша, балаларды баламалы түрде орналастыру дамуда.

Қазақстандық азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру жүйесі құрылды - баланы қорғаншылыққа алушыларға 10 АЕК, патронаттық тәрбиешілерге 9-10 АЕК, баланы асырап алушыларға 75 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

БАҚ құралдарында іс-шаралар, акциялар, PR-компаниялар жүйелі түрде шығып отырады, қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім балаларды орналастыру бойынша ақпараттқ-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Осы шаралар республикада ата-аналарынан қамқорсыз қалған және жетім балалардың жалпы санынан қамқорсыз қалған балалар саның отбасыларда тәрбиелеуді ұлғайтады.



2.2) Негізгі проблемаларды талдау

Материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базасының әлсіздігі және кадрлық әлеуетіне байланысты проблемалар орта білім беру жүйесінде орын алды.

2015 жылы 7160 күндізгі жалпы білім беретін мектептерден:

  1. 2257 мектеп немесе 30,7% бейімделген ғимараттарда орналастырылған;

  2. 69 мектеп (0,96%) – апатты жағдайда, 86 мектеп (1,2%) сабақтарды үш ауысымда жүргізеді;

  3. 1012 мектептер күрделі жөндеуді қажет етеді (14,1%);

  4. 796 мектеп немесе жалпы санының 10,8%-ы пеш арқылы жылытуды пайдаланады;

5) 1 337 мектептің немесе 27 %-ының спорт залы жоқ, 687 мектептің немесе 9,5% - кітапханалары жоқ.

6) 5954 мектеп немесе 81,2 % 1990 жылға дейін, 2427 мектеп немесе 33,1 % - 1970 жылға дейін құрылған;

7) 4876 (68,1%) – жаңа модификациялы физика, химия, биология кабинеттерімен, 2868 (40%) – ЛМК жабдықталған.

Ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық пәндерін оқыту бойынша мамандарға қажеттілігі бар.

Соңғы жылдың қарқыны көрсеткендей (2013 жылы – 7402 мектеп, 2014 жылы – 7222 мектеп, 2015 жылы – 7160 мектеп), күндізгі мектептердің саны азайып бара жатыр. Ол шағын ауылдардағы шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) жабылуымен байланысты. Мектептердің 44% ШЖМ болып табылады. Кейбір облыстарда көптеген мектептер шағын жинақты меткеп болып саналады: Солтүстік Қазақстан облысында – 80,8%, Ақмола облысында - 69,3%, Қостанайда – 68,2% және Батыс Қазақстанда – 59,8% шағын жинақты мектептерді ұстап тұру үшін 160 ресурстық орталық құрылды.

Қосымша білім беруді дамытуды тежеп тұратын фактор ретінде оның инфрақұрылымының төмендігі. 2015-2016 оқу жылында 860 ұйымның (2013-2014 оқу жылы – 680, 2014-2015 оқу жылы - 833) 351 типтік ғимараттарда орналасқан (2013-2014 оқу жылы – 183, 2014-2015 оқу жылы – 321).

Күрделі жөндеу жұмыстарын 103 ғимарат қажет етеді (2012-2013 оқу жылы – 172, 2013-2014 оқу жылы –179, 2014-2015 оқу жылы - 109).

Жүйе заманауй жабдықтар мен инвентарларға, оқу құралдары мен бағдарламаларға деген тапшылықты сезініп отыр. Қосымша білім беру ұйымдарының материалдық жабдықталуы 2014-2015 оқу жылдары.

Алматы қаласында (15%), Алматы (11,1%), Оңтүстік Қазақстан (16,2%), Атырау (18,8%), Маңғыстау (19,8%), Қызылорда (21,5%) облыстарында мектептен тыс қосымша білім берумен аз қамтылған.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша құқық қорғау органдарының есебінде 17 мың бала тәрбиеленіп жатқан, жағдайы төмен отбасылардан шыққан 12 мыңнан астам бала тіркелген. Жыл сайын балалар үйіне 1500 –нан 2 000-ға жуық бала орналастырылады.

2014 жылы 700 ата-ана ата-аналық құқығынан айрылды. Осындай отбасыларда ата-аналары тірі бола тұра әлеуметтк жетім атанып жүрген, балалар үйін толықтыратын 1 мың бала өмір сүруде.

Әлеуметтік жетімдік пен отбасылық сәтсіздіктің негізгі себептері: материалдық және баспана қиындықтары, бейәлеуметтік өмір салтын ұсанатын (маскүнемдік, нашақорлыққа салыну) обасылардағы адамдар саны, некесіз туудың артуы, ана мен әке болуға деген жеккөрініштілік, отбасы және отбасы тәрбиесі құндылықтарының нашар насихатталуы, бала тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуі, қарқынды көшіп-қону процессі.
2.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдер атаулары

Тәуекелдерді басқару

бойынша іс-шаралар



1

2

Миграциялық процесстер және демографиялық жағдайлар

Мектептегі білім беру желісін ұлғайту

Балалар құқығын жүзеге асыру тетіктері жеткіліксіз

Балалар құқығының орындалуын қамтамасыз ету, алынған қызметтің сапасына балалар мен ата-аналардың қанағаттануы бойынша мониторинг жүргізу

Балар мен ата-аналардың өздерінің құқықтары мен міндеттері бойынша жеткіліксіз хабардар болуы

Балалардың, ата-аналардың, педагогтардың және т.б. құқықты білу және сауаттылық деңгейін арттыру бойынша жүргізу

Қайталама жетімдік проблемасы

Белсенді ақпараттандыру жұмыстары, акциялар, PR-науқандар өткізу, жетім балаларды отбасына орналастырудың балама түрлерін дамыту


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау