Мемлекеттік органдардың құрылымы алда тұрған міндеттерді шешуге сәйкес болуы және Стратегия – 2050 мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі қажет.
Мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу.
Білім беру саласында 2030 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейін сапалы біліммен және тәрбиемен толық қамтылатын болады.
Қазақстан балаларды ерте дамытудың заманауи және тиімді жүйесін қалыптастырады. Осы мақсаттарда ата-аналарды білім беру процесіне тарта отырып, баланың кешенді (табиғи, әлеуметтік, мәдени және когнитивтік) дамуын көздейтін, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің толыққанды жүйесі құрылатын болады.
Мектепке дейінгі білім беруге және тәрбиелеуге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, балабақшалар, жеке және шағын орталықтар салу арқылы инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасатын болады.
Аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік субсидиялау тетіктері енгізілмек.
Орта мерзімді перспективада 3 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту бағдарламасы қабылданатын болады.
Қажетті инфрақұрылым құрумен қатар, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің және тәрбиешілердің біліктілігін жоғарылатудың стандарттарын енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары халықаралық практикада пайдаланылатын үздік стандарттар мен әдіснамаларға сай келетін болады.
|
Практикалық дағдыларды оқыту және практикалық біліктілікті алу бойынша бағдарламаларды қоса отырып, орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыты мен екпінін өзгерту.
Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек.
Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.
PISA, TIMSS сияқты немесе соларға ұқсас мектепте білім беру сапасын бағалау индекстері бойынша Қазақстан рейтингтері өте жоғары 30 елдің қатарына кіреді.
Назарбаев зияткерлік мектептері жұмысының табысты тәжірибесі орта мерзімді перспективада Қазақстанның барлық мектептеріне енгізілетін болады.
2050 жылға қарай қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады.
Білім беру саясаты функционалды сауаттылықты түбегейлі арттыруға, заманауи құзыреттілікті қалыптастыруға, жас буынды сындарлы әлеуметтендіруге, бүкіл өмір бойы білім алудың қолжетімділігіне, сондай-ақ оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.
Орта мерзімді перспективада екпінді инфрақұрылымды кеңейтуден білім беру бағдарламаларының және оқыту технологияларының жаңа сапасына қол жеткізуге, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаны дамытуға аудару қамтамасыз етіледі.
Орта білім берудің сапасын арттыру оқу бағдарламаларына әлемдік озық білім беру жүйелерінің деңгейіне сәйкестігі тұрғысынан мониторинг және бағалау жүйесін енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Педагогикалық шеберліктің және білім беру технологиясының үздік әлемдік практикалары енгізілетін болады, сондай-ақ үздік шетелдік профессорлар мен мамандар тартылатын болады.
Оқытушыларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. Олардың жұмысқа орналасу мен мансаптық өсуінің тетіктері жетілдірілетін болады.
Білім берудің барлық деңгейлерінде «E-learning»-ті қоса алғанда, АКТ, жаңа білім беру технологияларын белсенді пайдалануды көздейтін жаңа педагогикалық тәсілдері енгізілетін болады.
Жас ұрпақтың болашақ кәсіп таңдаудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай туғызатын әртүрлі мамандандырылған оқу бағдарламаларын ұсынатын факультативтік білім беру жүйесі қалыптастырылатын болады.
Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылмақ.
Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары едәуір кеңейтілетін болады.
|
Халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету
Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.
Кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру жүйесінің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде қосарлы білім беру қағидаттары енгізілетін болады, оқыту процесіне нақты секторда жұмыс істейтін өндірістік оқыту шеберлерін тарту қамтамасыз етіледі.
Астана мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі кем дегенде екі колледж құрылатын болады.
2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.
Мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді біріктіретін үшжақты комиссияларға және кәсіптік білім беру саласындағы салалық кеңестерге кәсіптік стандарттарды және біліктіліктерді тану рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, біліктіліктер мен бүкіл өмір бойы оқытудың ұлттық жүйесін реттеу үшін жауапкершілік беріледі.
Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары едәуір кеңейтілетін болады.
Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру. Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылмақ.
|
Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру .
Ол үшін қажетті шаралар:
Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.
Көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу;
Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.
Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру;
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет;
Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек.
Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.
Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс.
Жоғары білім беру жүйесінің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Жоғары білім беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.
Жоғары білімнің ғылымды қажетсінетін экономика қажеттіліктеріне бейімделуін арттыру құрылатын зияткерлік-инновациялық кластерлері бар университеттер мен кәсіптік-техникалық мектептерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін барлық базалық курстардың бағдарламаларына инновациялар және кәсіпкерлік, сондай-ақ қаржы менеджменті бойынша оқу модульдері енгізілетін болады. Университеттерде білімді басқару жүйесі енгізілмек.
2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.
Елдің басты университеттері әлемнің жүз жетекші ЖОО қатарына кіреді.
Қызметкерлердің ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру арқылы жүзеге асатын еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар мен біліктіліктердің қолданыстағы тізбесін оларды ірілендіру және қысқарту жолымен оңтайландыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Студенттердің кәсіпкерлік тәжірибе жинақтауда, өзінің оқуы шеңберінде, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың нақты өндірістік және басқа мәселелерін шешуіне ықпал ететін жобаларды іске асыруға, мүмкіндік алуы үшін университеттерде кәсіпкерлік қызмет практикасы ынталандырылады.
Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары едәуір кеңейтілетін болады.
Халықаралық университеттермен әріптестікті кеңейтуге назар аудара отырып, ЖОО мен бизнес мектептерінде іскерлік білім беру сапасын шындап жақсарту міндеті тұр, мұның өзі сапалы бағдарламаларды жылдам құруға және оқытушылар арасында машықты дамытуға ықпал ететін болады.
Өнертапқыштарды ынталандыруға, олардың шығармашылық үлесін мойындауға, оларға өзінің өнертабысынан материалдық пайда алу мүмкіндігін беруге бағытталатын болады.
Металлургия және өңдеу өнеркәсібінің кадр әлеуетін дамыту бойынша, оның ішінде әлемнің ең үздік тау-кен ісі ЖОО-ларында мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту арқылы одан әрі шаралар қабылданады.
Әлемдік деңгейдегі тау-кен ісі университетін қалыптастыру дағдыны дамытудағы маңызды құрауыш болып табылады. Ол үшін тау-кен ісі бойынша әлемдегі жетекші мамандармен әріптестік бағдарламалары, бірлескен зерттеу бағдарламалары, сондай-ақ сала кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастықта үздіксіз білім беру бағдарламалары әзірленіп, технологияларды дамыту үшін арнайы орталықтар құрылмақ.
Білім беру, кәсіптік көрсетілетін қызметтерді қамтитын, көрсетілетін қызметтердің өнімділігін арттырып, олардың экспортын әртараптандыру, жаңғырту және кеңейту межеленген нәтиже болып табылады.
Университтерге мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүргізілген зерттеулерді коммерциялық пайдалануға лицензияны тапсыру құқығы берілетін болады.
Астана, Алматы және Шымкент агломерацияларының университеттерінде инновациялық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Университеттерде инновациялық қызметті қаржыландыру қосылған құн тізбегінің барлық деңгейін – инновациялық әлеуетті және зерттеулерді дамытуды, технологияларды коммерцияландыруды, стартаптарды қолдауды қамтитын болады.
Орта мерзімді перспективада тұңғыш зияткерлік-инновациялық кластер Назарбаев Университетінде қалыптасатын болады.
Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылмақ.
|
Экономиканың жаңа жоғарытехнологиялық салалардың құру ТЖӨ-дан 3 кем емес деңгейге дейін қаржыландырудың өсуін қажет етеді.
Технологиялық парктердің жұмысын белсендіру қажет, әсіресе ірі қалалық агломерацияларында ең біріншіден Астана және Алматы қалаларында.
Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл үдеріске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.
Елде инновациялық белсенділік өседі және ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне жұмсалатын шығыстар ұлғаяды. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын ішкі шығындар көлемінің ІЖӨ-ге қатынасы 0,2%-дан 3%-ға дейін өседі, бұл Қазақстанды ғылымды қажетсінетін экономикасы бар елдердің даму деңгейіне жақындатады.
Өндірістің жоғары технологиялық салаларын дамытуды қолдау мақсатында «жасыл дәліз» рәсімі енгізілетін болады.
Ғылыми зерттеулерді жандандыру. Жаңа технологияларды игеру Қазақстанға орта мерзімді перспективада құрғақ және шөлейт өңірлердегі бұрын игерілмеген жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосуға, сондай-ақ сала өнімділігінің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік кешенді замануи тиімді әзірлемелермен қамтамасыз ету үшін мемлекет зерттеушілердің біліктілігін әлемнің озық ғылыми орталықтарында арттыруға бағытталған халықаралық ғылыми бағдарламаларды іске асыратын болады.
Өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамытудың нәтижесінде ғылымды қажетсінетін экономикаға көшуді жүзеге асыру үшін технологиялық база қалыптастырылатын болады.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру ғылымның, білім берудің және өнеркәсіптің тығыз ынтмақтастығы арқылы жүргізілетін болады.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру ғылымның, білім берудің және өнеркәсіптің тығыз ынтмақтастығы арқылы жүргізілетін болады. Робот жасау, мобильді технологиялар, «бұлтты» және Grid-есептеу, жасанды интеллект, өнімділігі жоғары есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі, сондай-ақ мультимедиалық технологиялар салаларында инновациялық шешімдер әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу орталықтары құрылады.
Қазақстанның жаңа агломерациялары ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің, инновацияны және кәсіпкерлікті дамытудың орталықтарына айналмақ.
Мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара іс-қимылын күшейту мақсатында нысаналы технологиялық бағдарламалар іске асырылады.
Ғылыми ұйымдар коммерциялық мүмкіндіктерді анықтау, кәсіпорындармен инновациялық өнім әзірлеуге шарт жасау үшін кәсіпорындармен жұмыс істейтін болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру мақсатында зияткерлік қызметтің бюджеттік қаржыландыру есебінен алынған нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері беріледі.
Бұл үшін венчурлік қаржыландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселесі пысықталады, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулерді және инновацияларды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнама жетілдіріледі.
Университтерге, зерттеу институттарына және шағын бизнеске мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүргізілген зерттеулерді коммерциялық пайдалануға лицензияны тапсыру құқығы берілетін болады.
Зияткерлік-инновациялық кластерлер іргелі және қолданбалы білім алуға және алмасуға, экономиканың басым секторларында инновациялар үшін мүмкіндіктерді жасауға және пайдалануға бағытталатын болады. Ғылыми ұйымдар коммерциялық мүмкіндіктерді анықтау, кәсіпорындармен инновациялық өнім әзірлеуге шарт жасау үшін кәсіпорындармен жұмыс істейтін болады.
Таза энергетика, робот техникасы, нанотехнологиялар, аэроғарыштық өнеркәсіп, гендік инженерия және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер, сондай ақ басқа да жоғары технологиялық бағыттар зияткерлік-инновациялық кластерлердің басым бағыттары болады.
Зияткерлік-инновациялық кластерлер желісіне мынадай құрылымдар кіретін болады:
1) жоғары технологиялық компанияларға арналған арнайы экономикалық аймақ;
2) жоғары технологиялық өндірістер, ұлттық компаниялардың салалық институттары, қазақстандық және шетелдік компаниялардың зерттеу орталықтары орналасатын индустриялық алаң;
3) өнеркәсіптің тікелей тапсырыстары бойынша ең жаңа технологияларды әзірлеу, бейімдеу және енгізудің Инжиниринг орталығы;
4) инновациялық инфрақұрылым элементтері: технопарк, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру және технологиялар трансферті орталығы, инновациялық венчурлік қор.
Өз кезегінде, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы университеттерді, ірі компанияларды ғана емес, сондай-ақ шағын, орта бизнесті, инноваторлар мен өнертапқыштарды қызықтыратын инновациялық кластерге айналады. Бұл практика перспективада басқа қалаларға да таратылатын болады. Кластерлерде ғылыми әзірлемелер және академиялық кәсіпкерлік дамытылады.
|
Жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдері арқылы жастар үшін
қолжетімді білім беруді кеңейту, ауылдық жерлерден келген және аз қамтылған отбасылардың жастарына жол жүру және өмір сүруді қаражаттандыру, жатақханалардың желісін дамыту керек;
Мемлекеттік жастар саясаты институттардың қызмет стандарттарын енгізу;
Жастар ұйымдары сабағаттық-кеңесші және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметтеріне белсенді ат салысу қажет.
|