Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»



жүктеу 1,21 Mb.
бет2/7
Дата18.12.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5044
1   2   3   4   5   6   7

3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру

    1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі - ТжКБ) жүйесі еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыруда және ел экономикасының даму перспективасында маңызды рөл атқарады.

807 колледждер жұмыс істейді (ҰБДБ), оның ішінде 462 мемлекеттік, олардың 169 немесе 20,9% ауылдық жерде орналасқан.

Білім алушылар контингенті (2015 жылы) 499,4 мың адамды құрайды (2013 жылы -561,9 мың адам, 2014 жылы -531,4 мың адам), оның ішінде колледждерде күндізгі бөлімде 422,6 мың адам оқиды (87,9 мың адам сырттай бөлімде білім алады, 3,1 мың адам кешкі мектепте оқиды), олардың ішінде 242,3 мың адам немесе 48,5% мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

Оқыту 183 мамандық пен 463 біліктілік бойынша жүргізіледі. Білім алушылардың 55,4 %-ы немесе 294,3 мың адам техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алуда.

2015 жылы құрылыс пен қайта жөндеу есебінен 1708 орындық 19 жатахана қолданысқа енгізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы 595 орындық 6 жаахана пайдалануға берілді (2013 жылы 772 орындық 5 жатахана, 2012 жылы 577 орындық 4 жатахана пайдалануға берілді).

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі – ҰБЖ) арқылы кәсіптік стандарттарға негізделген оқу бағдарламаларына толығымен көшеді.

2014 жылы ТжКБ мазмұнын жаңарту мақсатында кәсіптік стандарттар негізінде 85 үлгілік оқыту жоспары, 825 үлгілік оқу бағдарламасы, 30 кіріктірілген білім беретін оқу бағдарламасы (2013 жылы - 80 үлгілік жоспар, 825 бағдарлама, 24 кіріктірілген бағдарлама, 2012 жылы – 65 үлгілік жоспар, 650 бағдарлама, 16 кіріктірілген бағдарлама) әзірленді.

Дүниежүзілік Банк қарызы есебінен іске асырылатын «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы шеңберінде 2012-2014 жылдары 11 экономика саласының мамандықтары бойынша 147 кәсіптік стандарт әзірленді, оның ішінде: геология, тау-кен өндірісі мен пайдалы қазбалар өндіру – 14 кәсіптік стандарт, мұнайгаз және химиялық өндіріс – 26; энергетика - 11, металлургия және машина жасау - 18, құрылыс, көлік (сала бойынша) – 12, құрылыс және коммуналдық шаруашылық -13, өндіріс, монтаж, пайдалану және жөндеу (сала бойынша) – 21; жоба, байланыс – 10, сервис, экономика және басқару – 3; білім-5, ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология - 14. Жоба шеңберінде 68 колледж үшін заманауи оқу-өндірістік жабдықтар, сатып алынды, зертханалар мен кабинеттер жарақталды (бір мамандық үшін). Сатып алынған жабдықтар оқу процесінде қолданылуда.

6 ТжКБ жүйесі кадрларын даярлау/қайта даярлау өңіраралық орталықтары базасында (ШҚО,БҚО Астана қаласы) 764 оқытушы оқытылды. Институционалдық даму жоспары (ИДЖ) шеңберңнде 600 адам, ал бұл гранталушы-колледжддердің басшылар құрамы мен педагог қызметкерлері шетелде «Даярлаудың дуалдік жүйесі» (Германия), «Еңбек дағдылары модулі» базасы негізінде модулдік бағдарламаларды әзірлеу», «Модулдік бағдарламаларды жобалау», «арнайы пәндерді оқытуда жаңаша қарау және дуалдік жүйеде білім беру шеңберінде өндірістік оқуды ұйымдастыру» актуалды тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ИДЖ мамандықтары бойынша Ресей, Қытай, Болғария, Түркия, Белорусь елдерінде тағылымдамадан өтті.

2015 жылғы жобаны ұзарту барысында 15 ресурстық (оқу) орталықтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Құрылған орталықтар бірінші жұмысшы мамандығын алу үшін келген тыңдармандардың құқығын іске асыратын, кадрларды даярлауды және қайта даярлауды өткізу, мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануын және жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің инновациялық моделі болды.

2014 жылдан бастап «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ ТжКБ жүйесіне салалық қауымдастықтар негізінде біліктілікті растаудың институционалдық моделін енгізу жөнінде жұмыстар жүргізуде.

2014 жылы салалық қауымдастықтар базасында мынадай 4 біліктілікті тәуелсіз сертификаттау орталығы құрылды: тау-кен металлургия саласында «Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорны қауымдастығы» БЗТ, ақапараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау және ТКШ саласында «KACEBI» корпоративтік қоры, туризм және мейрамхана бизнесі саласында «Қазақстан туристік қауымдастығы» БЗТ, мұнайгаз саласында «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» БЗТ.

Алдағы уақытта салалық қамтуды жыл сайын тиісті салаларға 3 салалық жұмыс берушілерді бірлестіру арқылы тарта отырып кеңейту жоспарлануда. Кейінгі жылдары тәуелсіз біліктілікті растау орталықтары энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, химия, дизайн және денсаулық сияқты салалар құрылатын болады.

2015 жылы ТжКБ саласында кәсіптік даярлық деңгейін бағалауға және біліктілікті беруге 165 мамандық бойынша 703 колледжден 102562 бітіруші қатысты. Олардың ішінен 88,3 мың бітіруші (86%) алғашқы реттен сертификаттаудан өтті (2013 жылы 112,6 мың бітірушінің алғашқы реттен 93 мыңы немесе 83%-ы, 2012 жылы 123,5 бітірушінің 89,5 немесе 72,5%-ы өтті).

2014 жылы кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында республикалық бюджет есебінен 4,250 млрд. теңге сомасына 236 шеберхана мен зертхана қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылды, жергілікті бюджет есебінен 66 шеберхана мен зертхананы жарақтандыруға 1,225 млрд.теңге бөлінді, 2013 жылы 184 шеберхана жарақталған, 2012 жылы -164.

2015 жылы Бүкіләлемдік банк есебінен қосымша 15 ТжКБ оқу орындары қосымша жарақтандырылды.

ТжКБ жүйесін жаңғырту үшін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (бұдан әрі - Холдинг) құрылды, олар халықаралық әріптестердің қатысуымен өздерінің колледждерінің желілеріне арналған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуде. Осылайша, Атырау қаласындағы колледж базасында мұнай-газ саласына мамандар даярлаудың жаңа бағдарламалары іске асырылуда, халықаралық аккредиттеу бағдарламасы енгізілді, олар бітірушілердің тек Қазақстанда ғана емес, оның сыртында да жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Холдингтің болашақ колледжерді, оның ішінде Астана және Алматы қалаларында жаңа стандарттар мен бағдарламалар сынамалаудан өткізіледі кейін және ТжКБ-нің барлық жүйесіне жаңа стандарттар мен бағдарламалар таратылады.

Кәсіпорындармен өзара іс-қимылды дамыту мақсатында дуальді оқытудың негізгі элементтері енгізіледі. Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіптік білім беруді дамыту саласында бірлескен жұмыс жоспары мен Меморандумға қол қойылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен (2015 жылғы 15 қазандағы №1093) дуальді оқытудың Жол картасы бекітілді. 2015 жылдан бастап дуальді оқыту 1718 кәсіпорынның қатысуымен 348 колледжде енгізілді.

2014 жылы оқу орындары мен жұмыс беруші компаниялар арасында жасалған 27238 келісім шеңберінде:

1) ТжКБ оқу орындарының 219,2 мың студентін практикадан өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға;

2) 703 млн. теңге сомасына ТжКБ оқу орындарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

3) 6,2 мың адамға компания қаражаты есебінен оқуға және стипендия төлеуге;

4) ТжКБ жүйесінің 2,4 мың инженерлік-педагогикалық қызметкерінің (бұдан әрі - ИПҚ) тағылымдамадан өтуіне көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасын индустриялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы үшін экономиканың басым салалары негізінде, еңбек ресурстары сұранымын құрайтын өңірлерде, сондай-ақ, колледждердің қазіргі жай-күйі негізінде кадрларды даярлау мақсатында 10 колледж анықталған.

Қабылданған шаралар негізінде мамандықтар бойынша жұмысқа тұру 1,3%-ға (2013 жылы – 70,5%, 2014 жылы – 68,6%, 2015 жылы – 71,8%) артты

ҚР Білім және ғылым министрлігі Денсаулық және әлеуметтік даму, Инвестициялар және даму министрліктерімен бірлесіп мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы бітірушілерді жұмысқа орналастыру мониторингінің тетігін әзірледі. Бұдан әрі колледж бітірушілерін жұмысқа орналастыру Мемлекеттік зейнетақы төлеу қоры арқылы қадағаланып отырады.

ТжКБ жүйесінде 43,2 мың адам инженерлік-педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 5,7 мың адам - өндірістік оқыту шеберлері.

3.2) Негізгі проблемаларды талдау.

ТжКБ жүйесінің қазіргі инфрақұрылымы және материалдық-техникалық жабдықталуы кадрлар даярлаудың сапасын және жастар үшін оқудың тартымдылығын тиісті деңгейде қамтамасыз етпейді.

Жабдықтауға жататын 3541 шеберханалар мен зертханалардың 1442 (40,7%) жабдықтармен қамтамасыз етілді немесе қайта жабдықталды (2013 жылы – 97, 2014 жылы -170, 2015 жылы – 40).

Әлеуметтік әріптестіктің әлсіз дамуы, кәсіпорындардың кадрлар даярлауға қызығушылығының болмауы. Аталған проблемаларды шешу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (өңірлерде АКП) үш-төрт жақты шарттар жасалуда.

Жалақының төмендігіне байланысты экономиканың басқа да салаларында жоғары білікті кадрлардың кетуі байқалуда. Жыл сайын 3 мыңға жуық адам жоғары білікті инженер-педагог қызметкері өндіріске кетеді.
3.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдер атаулары

Тәуекелдерді басқару

бойынша іс-шаралар



1

2



Жұмыс орындарының болмауы

Экономика саласына нақты қажетті кадрларды даярлауда мемлекеттік тапсырысты құрылымдау

Материалдық-техникалық базаның ескіруі

ТжКБ ұйымдарын заманауи зертханалық жабдықтармен жарақтандыру


4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім

4.1) Реттелінетін саланы немесе қызмет өрісін дамытудың негізгі параметрлері

Республикада 125 жоо жұмыс істейді (9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 1 ААҚ, 1 халықаралық, 16 акционерлендірілген, 54 жеке) (2012-2013 оқу жылы - 135, 2013-2014 оқу жылы - 132).

2015-2016 оқу жылында жоо-да білім алушылардың контингенті 489 460 адам құрады (2013-2014 оқу жылында - 606,1 мың адам, 2014-2015 оқу жылында - 506 390 адам), оның ішінде, бакалавриатта – 459 369 адам, магистратурада -28 090 адам, докторантурада - 2001 адам.

2015-2016 оқу жылында оқытушы-профессор құрамының саны (әрі қарай - ОПҚ) -40121 адам құрады (2013-2014 оқу жылында - 41 635, 2014-2015 оқу жылында - 40 320). Олардың ішінде PhD докторлар -1 460, ғылым докторлары - 3115, ғылым кандидаттары -14 316 адам (2013-2014 оқу жылында – PhD докторлар - 694, салалық докторлар - 108, ғылым докторлары - 4008, ғылым кандидаттары - 15908 адам, 2014-2015 оқу жылында - PhD докторлар - 888, салалық докторлар - 102, ғылым докторлары - 3863, ғылым кандидаттары - 14 949 адам). Қазақстан жоо-ның ғылыми дәрежелілігі орташа 50% құрайды. Бұл жерде мемлекеттік жоо-да ғылыми дәрежелілік - 47,8%, жеке жоо-да - 53,7%.

2015 жылы кадрлар даярлауға мемлекетік тапсырыс көлемі құрады: бакалавриат- 32168 грант, магистратура - 7 241 орын, PhD докторантура - 623 орын. (2012-2013 оқу жылында: бакалавриат - 34315 грант, магистратура - 6809, докторантура - 500; 2013-2014 жыл: бакалавриат - 35053 грант, магистратура - 6959, докторантура - 520; 2014-2015 оқу жылы: бакалавриат- 34 165 грант, магистратура - 7065 орын, докторантура 656 орын). Осылайша, жоо кейінгі білім бағдарламасына мемлекеттік тапсырыстың жоғары білімнің мемлекеттік тапсырысынан алғандағы жалпы арақатынасы 2015ж. – 26,4%, 2014 ж. – 24,4% құрайды.

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру республикалық бюджет есебінен де, бюджеттен тыс қаражат есебінен де жүргізіледі. 2012 жыл бойына - 5864 (15%), 2013 жылы - 6379 (15.3%), 2014 жылы 9378 (22%) оқытушы жоо, кәсіпорындар, инженерлік зертханалар, салалық орталықтар базаларында біліктілік жоғарылату курстарынан өтті.

Нақты аймақтың тиісті кадрларға деген еңбек рыногының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін жоо-ң академиялық еркіндігі мен ұтқырлығын арттыру мақсатында жоо-ң бакалавриаттың білім бағдарламаларының мазмұнын 55% дейін, магистратураны 70% дейін, докторантураны 90% дейін айқындау құқығы кеңейтілді.

Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы даму үстінде. 3 жыл ішінде 1,7 мыңнан астам студенттер мен магистранттар шетелдік жоо-да оқытудан өтті.

Инновациялық экономиканың тиімді көрсеткіші болып жоғары оқу орындары ғылымын дамыту тренді көрсетілген. Университеттер мен бизнес-құрылымдарды интеграциялау күшеюде.

Зерттеу жоғары оқу орындарының даму жобалары іске асырылуда. Зерттеу университеттеріне бағыттап отырған Қытай инвестициясы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттігін арттырды.

Коммерцияландырудың 16 кеңсесі, 3 технопарк және 4 бизнес-инкубатор жұмыс жасауда. Ғаламдық білім мен ғылыми ашулардың флагманы болып Назарбаев Университет танылды. Жоғары оқу орнының инженерлік мектептерінде инновациялық білім және ғылыми жобалар жемісті түрде бастау алды.

Бірлескен білім және зерттеу бағдарламаларын іске асыру үшін шетелдік ғалымдар тартылуда. 3 жыл ішінде Еуропа, АҚШ, Ресей Федерациясы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Беларусь Республикасы және т.б. елдердің жоо-нан 4,2 мыңнан астам шетелдік ғалымдар мен оқытушылар шақырылды.

Ішкі академиялық ұтқырлық та дами түсуде. Ол кафедрааралық байланыстар негізінде дамуда. Мұндай келісімшарттар 72 жоо-да бар, бұл 1100-нан астам студент, 250 магистрант, 16 докторант, 360 оқытушыларды ішкі академиялық ұтқырлықпен қамтуды мүмкін етті.

Болон процесінің параметрлерін орындау отандық білім бағдарламаларының шетелдіктермен үйлесімділігіне, салыстырмалы білім бағдарламаларының үлесі артуына және жоғары білімді интернационализациялауға ықпал жасайды. ЕСTS типі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық моделі енгізілуде.

41 жоо-да педагогикалық, техникалық, ғылыми-жаратылыстық мамандықтарда көптілді білім бағдарламасы енгізілуде. Оның ішінде 15 жоо-да 13 педагогикалық мамандықтар бойынша 1200 астам адам білім алуда.

Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жоо-ды аккредиттеудің ұлттық моделі енгізілуде. Аккредиттеу бәсекелестік ортаға берілді. Қазақстан білім сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық реестрінің үкіметтік мүшесі болды.

Аккредиттеу органдарының Ұлттық реестріне 10 аккредиттеу агенттіктері кіреді, оның ішінде Қазақстаннан – 2, және 8 шетелдік бар (Германиядан - 3, Австриядан - 1, АҚШтан -3, Ұлыбританиядан - 1).

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша инновациялық бағыттағы 10 жоо жұмыс істейді. Бұл жоо-ға ғылым мен инновацияны дамыту, зерттеулерді коммерцияландыру, дарынды жастарды тарту үшін мақсатты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жоғары оқу орындарының жанында 500 ғылыми-зерттеу бөлімшелері мен құрылымдар жұмыс істейді.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша корпоративтік басқару енгізілуде. 15 жоо-ң басшылары Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптесі - Пенсильвания Университеті (АҚШ) базасында оқытылды.

10 жетекші университететтерде қадағалау кеңестері жұмыс істейді. 64 жоо-да жұмыс істеп жатқан Қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеу қағидалары қайта қаралуда.

4.2) Негізгі проблемаларды талдау

Жоо-ды басқарудың ұлттық және институционалдық моделі бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз етпейді және халықаралық тәжірибемен үйлестірілмеген. Жоо-ын, оның ішінде мемлекеттік жоо-ын ұйымдастырушылық-құқықтық басқару түрі мен жүйесі олардың әлеуеттерін тиімді іске асыруға шектеу жасайды. Жоғары білімнің сапасын қамтамасыз етуге жұмыс берушілерді, қоғамдық ұйымдар мен жалпы қоғамды тарту мен қоғамдық тетіктер жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстарды белсендіру үшін келесі жұмыстар жүргізіледі: білім бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде қалыптасады; мемлекеттік жоо-да жұмыс берушілер мен бизнес құрылымдардың қатысуымен корпортативтік басқару жүйесі енгізіледі.

Жоо-на түсу жүйесі халықтың жоғары білімге бірдей тең қол жеткізуін қамтамасыз етпейді. Ауыл мектептерінің түлектерінде жоғары білімге қол жеткізуде жағдайлары бірдей емес. Сырттай оқыту бағдарламасына қабылдау деңгейі жоғары болып отыр (жалпы контингенттің 27 %). Халықтың табыс деңгейінің төмен болуы жоғары білімге қол жеткізуге шектеу жасайды.

Кадрлар даярлаудағы сәйкессіздік еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуіне әкеледі. Бизнес және құқық бағдарламасына қабылдау деңгейі жоғары – 41%, және ғылыми-техникалық мамандықтарға төмен - 24%, инновациялық және технологияларға негізделген экономика қажеттіліктеріне жауап бермейді.

Сонымен бірге Қазақстанда зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға арналған инфрақұрылым дамымаған: (небәрі 11 (9,9%) азаматтық жоо-да (114) коммерцияландыру кеңселері бар. Қазақстан Республикасында ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік шығыстар ІЖӨ-ң 0,16% құрайды, ал ОЭСР елдерінде бұл көрсеткіш 2,4% құрайды (ғылымға).

Жоғары білімді қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту үшін талап етілетін білім сапасы мен деңгейін қамтамасыз етпейді. Елдің жоо мен жоғары білімінің бәсекеге қабілеттігі төмендігі бірқатар факторларға байланысты. Жоо-ын қаржыландыру шынайы баға белгілеуді ескеру арқылы минималды шығыстар деңгейіне сәйкес емес. Жоғары және жоо кейінгі білімге мемлекеттік шығыстың үлесі ІЖӨ-ң 0,4% құрайды. ЕС елдерінде бұл көрсеткіш 2,2% құрайды.

Материалдық-техникалық, оқу-зертханалық және ғылыми база әлсіз. Жоо-ды мемлекеттік қаржыландырудың негізі көзі студенттік грант болып табылады. Жоғары білімге арналған мемлекеттік шығыстардың 94% мемлекеттік тапсырыс құрайды. 6% – басқа шығыстар, оның ішінде материалдық-техникалық базаны қолдау бар. Бұл мақсаттарды бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландыру мардымсыз. Жоо-ң инфрақұрылымдары өте ескірген. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жалпы алғанда 65% құрайды. Мұқтаждардың ең көп саны Алматыда шоғырланған – 21,3 мың, Астанада - 10,1 мың, Оңтүстік Қазақстан обласында – 7,6 мың, Актөбеде – 5,4 мың, Жамбылда – 5,5 мың, Қарағандыда – 4,2 мың студент.

4.3) Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа жетуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару іс-шаралары

1

2

Жұмыс орындарының болмауы

Экономика салаларының шынайы сұраныстары арқылы мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты құрылымдандыру

Жоғары білімді мамандардың сұранысқа ие болмауы

Мамандар даярлау сапасын арттыру:

Жоо-ның академиялық еркіндігін кеңейту;

Білім бағдаламаларының мазмұндары жұмыс берушінің талаптарына сай келуі;

Жоо-ң оқу-зертханалық базасын күшейту.




5-стратегиялық бағыт Ғылымды дамыту

5.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан ғылымында түбегейлі жүйелі өзгерістер болды. 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылымды басқарудың мүлдем жаңа моделі мен ғылымды қаржыландырудың жаңа тетіктері қызмет етеді.

Кадырлық потенциал жағдайы дұрысталды - соңғы үш жылда ғылыми қызметкерлер санының тұрақты өсуі тенденциясы байқалады. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында ғылыми қызметкерлер санының үлесі 1,2 есеге артты (2012 жылы - 20 404 мың, 2013 жылы - 23 712 мың, 2014 жылы - 25,8 мың).

Жастардың ғылымға келуі артуда. 35 жастағы ғалымдардың саны 5 114-тен 9 447-ге, яғни 1,8 есеге артты.

Тәуелсіз ғылыми-техникалық сараптама жүйесі жұмыс істейді. Сараптаманы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша соңғы шешім қабылдайтын алқалы орган болып табылатын Мемлекеттік ғылыми-техникалық ұлттық сараптама орталығы және бес Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) жүргізеді.

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия 2014-2016 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басымдықтарын мақұлдады:


  1. табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

  2. энергетика және машина жасау;

  3. ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

  4. тіршілік туралы ғылымдар;

  5. елдің зияткерлік әлеуеті.

Тұтастай алғанда, ғылымды қаржыландыру ұдайы өсуде: 2011 жылы – 26,8 млрд.теңге, 2012 жылы – 46,3 млрд. теңге, 2013 жылы 49,5 млрд. теңге, 2014 жылы - 47,9 млрд. теңге бөлінді.

Ғылымды қаржыландырудың жаңа нысандарының енгізілуі жалпы республика көлемінде ғылыми процесті жандандырды. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары базалық қаржыландыру алуда. Ғылыми зерттеулердің өзі бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде қаржыландырылады.

Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурстық негізде жүзеге асырылады (жаңа жүйе бойынша 4 конкурс өткізілді). Жобаларға халықаралық сараптама жүргізу енгізілді – жобаларға сараптама жүргізу үшін 2,9 мың ғалым, оның ішінде әлемнің 59 елінен 1,7 мың шетелдік сарапшы тартылды. Конкурсқа ұсынылған 6593 өтінімнен ҰҒК 2016 ғылыми жобаны іріктеді.

2014 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитеті гранттық қаржыландыру шеңберінде 16,4 млрд. теңге көлемінде 1933 ғылыми және ғылым-техникалық жобалар іске асырылды.

Оның ішінде 1525 жоба 2014 жылы желтоқсан айында аяқталды. Аяқталған жобалардың ғылыми зерттеулерді орындау туралы есептері мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтті (бұдан әрі - МҒТС) қазіргі таңда қарастырылған тәртіпке сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестің қарауына енгізілді.

Бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2011-2013 жылдары 8 ғылыми-техникалық бағдарлама (ҒТБ) іске асырылды, ал 2012-2014 жылдары 33 ҒТБ іске асырылды. Алынған нәтижелер ҰҒК қарауына енгізілді.

2013-2015 жылдары БНҚ шеңберінде экономиканың әртүрлі саласын дамытуға мемлекеттің маңызды талаптарын шешуге бағытталған 13 ҒТБ, ал 2014-2016 жылдары 8 ҒТБ іске асырылуда.

Ғылымды басқарудың жаңа тетіктері ғылым саласындағы кадрлық әлеуеттің жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. 392 ғылыми ұйым жұмыс істеуде, онда 25,8 мың қызметкер жұмыс істейді.



Соңғы үш жылда ғылыми қызметкерлер санының тұрақты өсу үрдісі қалыптасты (2012 жылы – 20,4 мың, 2013 жылы – 23,7 мың, 2014 жылы -25,8 мың).

Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі енгізілді. PhD философия докторы атты жаңа ғылыми дәреже бекітілді. Ғылым докторларын даярлау жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарының бірлескен бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде қазақстандық жас ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктері пайда болды. Техникалық бағыттағы мамандықтардың санын 40 %-дан 53 %-ға дейін ұлғайту көзделген.



Барлық ғалымдардың әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі қамтамасыз етілді – Тhomson Reuters, Springer, Elsevier ірі шетелдік компаниялар және баспалар лицензиялар мен келісімдерге қол қойды.

Халықаралық рейтингтік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жарияланым белсенділігінің айтарлықтай өсуі байқалуда. 2012 жылы – 1405 жарияланым, 2013 жылы – 1874 жарияланым, 2014 жылы – 2784 жарияланым белгіленді.

Ғылым жүйесіне жоғары оқу орындарының қатысуы ұлғаюда – олардың ғылыми жобаларды орындауға қатысу үлесі 2010 жылы 33 %-дан 2012 жылы 67 %-ға өсті. ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу құрылымдарын (ҒЗҚ) дамыту бойынша, яғни, 2011-2013 жылдары құрылған 541 ҒЗҚ дамыту және 2017 жылға дейінгі кезеңде ЖОО-да 67 ҒЗҚ құру жұмыстары жүргізілді.

Екі жақты негізде ғылыми-техникалық ынтымақтастық дамуда – ғылым және техника саласында Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, Корея, Жапония, Египет, Германия, Италия, Франция, Польша, Ресей, Украина және т.б. мемлекеттермен 30-дан аса мемлекетаралық келісімдерге қол қойылды.

Министрлік енгізу үшін перспективалы, аяқталған ғылыми әзірлемелерді тұрақты түрде іріктеу жұмыстарын жүргізуде. Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде 21 ғылыми жоба іске асуда. «Парасат» ҰҒТХ» АҚ зерттеудің соңғы нәтижесіне бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Министрлік 2012 2014 жылдарға арналған технологиялық және әлеуметтік инновацияға бағытталған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға жеке конкурс өткізді. Оның қорытындысы бойынша 33 жоба іріктелді. Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркінің базасында зияткерлік кластерлер құрылды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында анықталған ғылымды дамытудың жаңа бағыттары тапсырылды, бұл:

ЖОО ғылыми-зерттеу қызметін белсенді дамыту;шетелдік ғылыми қауымдастықпен ықпалдасу, ауқымды халықаралық жобаларға қатысу; экономикаға ғылымның нақты үлесі, ғылым мен бизнестің бірлесуі.

Министрлік ғылымды дамытудың мынадай міндеттерін айқындады:



  1. ел экономикасын инновациялық индустрияландыру бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін ғылымды экономиканың инновациялық дамуымен үйлестіру;

  2. ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру үшін ғылыми және кадрлық әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  3. зерттеу жоғары оқу орындары мен ғылыми технопарктер желісін дамытуды көздейтін ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және одан әрі дамыту;

  4. ғылымның венчурлық дамуын құру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияны қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мақсатында ғылыми қызметті қаржыландыру және қолдау тетіктер жетілдіру.

5.2) Негізгі проблемаларды талдау

Ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтық сақталуда, нәтижесінде ғылым мен инновациялардың алға жылжуын қолдайтын бірыңғай жүйе жоқ. Ғылымның негізгі проблемалары ғылыми зерттеу нәтижелерінің практикалық іске асырылуы болып қалды. Ғылыми зерттеулерді іске асыруда мониторинг жүйесі жоқтың қасы. ТКЖ орындау сатысында қаржылық тетіктердің, басқадай баламалы қаржы көздері мен қаржы инструменттерінің дамымауы. Жақсарту мақсатында құқықтық нормативтік және заңнамалық базаны құру бойынша шаралар қабылдануда. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерциялау туралы» Заң жобасы әзірленуде.
5.3) Тәуекелдерді басқару

Негізгі мақсатқа жетуге септігін тигізетін тәуекелдердің атауы

Тәуекелді басқару жөніндегі

іс-шаралар



1

2

Ғалымдардың өз ғылыми- зияткерлік әлеуетін іске асыруы аса қолайлы болғандықтан, басқа мемлекеттерге кетуі

Ғылыми-техникалық базаны ынталандыру, жаңарту; ғылыми зерттеулерді өткізуді қамтамасыз етуге арналған шығыстарды көбейту; алынған нәтижелерді енгізу үшін тиімді жағдай жасау

ҒЗТКЖ нәтижесінің төмендігі

Ғылыми жобалармен олардың коммерциясын іске асырудың біркелкі жүйесін (бағытын) құру. Ғылыми зерттеу нәтижесін бағалау және мониторингтеу саясатын әзірлеу


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау