НұСҚаулар семей 2016 Алғы сөз «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет»



жүктеу 316,32 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі316,32 Kb.
#310
түріНұсқаулар



Тарих-педагогика факультеті

Психология кафедрасы

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

мамандығына арналған

«Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет» пәні бойынша

практикалық (семинар) сабақтарына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Семей


2016

Алғы сөз

«Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет» курсы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының таңдау пәндері қатарына кіріп, болашақ мамандарды баланың ақыл-ой және жеке бастық даму ерекшеліктерін зерттеудің негізгі тәсілдері және психодиагностика саласындағы теориялық және практикалық білімдер жүйесімен қаруландыру мақсатын көздейді.

1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырушылар Жакпарова Г.А.

Рапикова С.А. «31» тамыз 2016 ж.

Әдістемелік нұсқау оқытудың барлық түрлерінің 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандық бойынша білім алушылар үшін «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарын өткізу үшін арналған.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әдістемелік нұсқау психология кафедрасының отырысында қарастырылды

«31» тамыз 2016 ж. Хаттама №1
Кафедра меңгерушісі ___________ Джумажанова Г.К.
Әдістемелік нұсқау оқу үдерісінде қолдану үшін тарих-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюро отырысында ұсынылды.

«31» тамыз 2016 ж., Хаттама №1


Төрайымы _______________ Абишева Ш.Ш.

Мазмұны





1

Кіріспе




4

2

Негізгі бөлім (Практикалық (семинар) сабақтардың мазмұны)







3

Әдебиеттер және интернет-ресурстар







4

Глоссарий







5

Білімді бағалау бойынша ақпарат







Кіріспе

Пәннің қысқаша мазмұны

Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басқару пәні студенттердің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін профилдік пән болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басқару пәні психологиялық қатынастардың ажырамас бөлігі ретіндегі қатынас болып табылады. «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басқару негізгі мақсаты болып – болашақ мамандарды мектепке дейінгі тәрбие мәселесі туралы теориялық білімді меңгертеді. Курсты оқыту әдістері, психологиялық оқулықтарға арналған отандық және шетелдік әдебиеттер тізбелері берілген. Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесіне психологпен бірге жаңа білім, қатынастар, ғылыми диагностика, зерттеулер бала мен педагогқа көмек беру түрлері келетіні түсінікті. Міне бұл педагогтарға балабақшанын оқу-тәрбиелеу үрдісіндегі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Пәннің мақсаты Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет» бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің, балабақшаның дамуы туралы классикалық және отандық ғылыми еңбектер мен тұжырымдар басшылыққа алынып жасалынып, студенттер мектепке дейінгі тәрбие мәселесі туралы теориялық білімді меңгерту; студенттерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негізін бере отырып, іс жүзінде қолдану жағдайын қарастыру.

Пәннің міндеттері:


  • мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстыру;

  • басқару мен басшылық жасаудың әдістемесін үйрету;

  • әдіскердің тәрбиешілер білімін көтерудегі міндеттерімен таныстыру, олардың мамандығына деген қызығушылығына тәрбиелеу;

  • мектепке дейінгі маман кадрларының білімі мен біліктілігін көтерудегі әдістемелік жұмыс формаларымен таныстырып, дүниетанымын қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалар бойынша балалардың оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасау, ұйымдастыру түрлерін меңгертіп, шығармашылық қабілетін арттыру;

  • ғылыми-теориялық білімін жетілдіріп оны практикада қолдана білу дағдыларын, кәсіби құзырлығын дамыту;

  • оқытудың жаңа технологияларымен таныстырып оларды мектеп алды дайындауда қолданудың дидактикалық негіздерін меңгерту.

Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:

Студент «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет» курсын оқу барысында келесі білімдерді игермек:



  • оқу-тәрбие мәселелеріндегі тұлғаның толық дамуын қалыптастыру;

  • жас ерекшелік кезеңінде толық тұлғалық және ақыл-ой кәсіптік дамуын қамтамасыз ету;

  • әрбір балаға жекелеген қатынас жолдарын табу;

  • баланың психологиялық-педагогикалық зерттеулермен қамтамасыз ету;

  • тұлғалық және ақыл-ой даму ауытқының коррекциясымен алдын-алу жұмыстарын жүргізу;

  • ата-аналарды немесе бала тәрбиесімен айналысатындарды, отбасында психологиялық ахуалды қалыптастыру жағдайында кеңеспен қамтамасыз ету.

Студент келесі дағдыларды игермек:

  • осы курсты ұйымдастыруды;

  • бағдарламаны бейімдеуді;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды;

  • топта жұмыс жасауды.

Келесі дағдыларды меңгеріп шығуы тиіс:

  • теориялық білімдерді практикалық кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыра білу;

  • психологиялық-педагогикалық салада ақпараттық технологияларды жетік иемдену;

  • оқытудың жаңа технологияларымен таныстырып оларды мектеп алды дайындауда қолданудың дидактикалық негіздерін меңгерту;

  • метеп психологынын жұмысын ұйымдастыру және басқарудын даму сатысын көрсету;

  • метеп психологынын жұмысын ұйымдастыруды және басқарудың кәсіби этикалық түсініктемесін көрсете білу.

Практикалық (семинар) сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

Практикалық (семинар) сабақтарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студентте шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Практикалық (семинар) сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді. Практикалық (семинар) сабағының бірден бір мақсаты – лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалы ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқындап, анықтау.

Практикалық (семинар) сабағына дайындықтың бастауы – әдебиетпен жұмыс істеп, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Практикалық (семинар) өз әдістемесінің әр түрлі, көпқырлылығымен ерекшеленеді.


Практикалық (семинар) сабаққа қалай дайындалу керек?

1 Әрбір практикалық (семинар) сабағына дайындалыңыз

Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.

Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәріс конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазыңыз.

2 Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз

Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап, түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.



3 Курстас, топтастармен бірге дайындалғанның пайдасы зор

4 Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болыңыз

Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай білу.



5 Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз

Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, сіздер ой-өрістеріңізді кеңейте аласыздар, зерттеп, зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастармен танысасыздар.



Негізгі бөлім

Практикалық (семинар) сабақтардың мазмұны
Тақырып 1. Мектепке дейінгі тәрбиенің ұйымдастырылуы

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет пәніне кіріспе және пәннің қазіргі балабақшалар жұмыстарымен байланыстыру.

Жоспар

1. Мектеп дейінгі тәрбие мақсаты және міндеттері

2. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелік жұмыстардың ұйымдастырылуы

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жүйесінің қарастыратын негізгі мәселелеріне, мектеп психологының қызметі туралы заңнамалық құжаттарына, мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің даму тарихына тоқталу керек. Сонымен қатар аймақтық көлемде психологиялық қызмет жүйесінің бүгінгі жағдайына тоқталу керек.

Төменде ұсынылған әдебиеттерден жоспар бойынша әр сұрақққа жауаптар әзірлеңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 2. Мектепке дейінгі тәрбиенің ұйымдастырылу принциптері

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиенің ұйымдастырылу принциптерін қарастыру.

Жоспары:

  1. Бала-бақшада тәрбиенің ұйымдастырылуы принциптері

  2. Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог және тәрбиеші жұмыстарының байланысы

  3. Бала-бақша психологының ата-аналармен жұмысы.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында отандық психологтар еңбектеріндегі ұсынылған психологиялық қызметтің құрылу концепцияларын жан-жақты қарастыру қажет. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жұмысында арнайы мамандар жұмысының қажеттілігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Сонымен қатар мектеп психологының негізгі жұмыс бағыттарына тоқталу қажет.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 3. Бала-бақшалар және оларды ұйымдастыру

Мақсаты: Балабақшалар және оларды ұйымдастыру жұмыстарымен студенттерді таныстыру, олардың маңызыдылығын анықтау

Жоспары:

1. Бала-бақша ұйымдарының жұмыс ережесі

2. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің қазіргі уақыттағы ұйымдастырылуы

Әдістемелік нұсқау: Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтегі мектеп психологының жұмыс мақсаты, міндеттеріне сәйкес практик-психологтың жұмысының мазмұнын анықтау қажет. Мектеп психологының жұмысындағы әлеуметтік-психологиялық бағытына нақты тоқталу керек. Мектеп психологының құқығы, ұстанатын кәсіби этикалық кодексіне тіркелетін ережелерге талдау жасау керек.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 4. Мектепке дейінгі ұйымдардың қаржылық жүйесі

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың қаржылық жүйесіндегі мәселелерді анықтау

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарды қалай қаржыландырады?

  2. Мектепке дейiнгi білім берудің сметасын құру

  3. Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында білім беру мекемелеріндегі практик-психологтың жеке тұлғасының даму ерекшеліктеріне, соның ішінде тұлғалық даму процесінің бөліктеріне тоқталып, тұлғалық ерекшеліктерін сипаттау қажет. Ұсынылған әдебиеттердегі мәліметтерді жан-жақты қарастырып болашақ маман ретінде психолог тұлғасының бейнесін сипаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 5. Меңгеруші – мектепке дейінгі ұйымдастырудың негізгі жетекшісі

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің қызметін анықтау

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні

  2. Меңгеруші тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар

  3. Меңгеруші қызметі және қызметтік ережелері

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты қарастыру барысында оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесін анықтаудың жолдарын, психологиялық-педагогикалық мәртебесін анықтаудың негізінде мінездеме жазудың ерекшеліктерін ашып көрсету керек.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 6. Әдіскер – мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық ұжымды ұйымдастырушы

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің алатын орнын анықтау және оның атқаратын қызметтерін қарастыру

Жоспары:

  1. Әдіскердің жұмысы және оның міндеттері

  2. Мектепке дейінгі әдіскер және әдістемелік қызмет

  3. Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі

  4. Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологиялық-педагогикалық консилиум, оның қатынасушылары, мамандардың ұсынатын мәліметтері туралы толық мәлімет беру керек. Психологиялық-педагогикалық консилиумның оқушыларды психологиялық-педагогикалық жағынан қамсыздандырудағы ролін анықтау қажет.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 7. Мектепке дейінгі ұйымның басқару әдістемесі

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымның басқару әдістемесін түсіндіру.

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері

  2. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмысына басшылық

  3. Мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң ережесi

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында жоспар үлгісімен танысып, болашақ маман ретінде жоспар үлгілерін түрлендіріп, ұсынылған формалардың қаншалықты тиімді екендігін бағалау қажет.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 8. Мектепке дейінгі ұйымның жоспарлау жұмысы

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымның жоспарлау жұмыстарын талдау.

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жүйесі

  2. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің жұмыс формасы

  3. Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау

Әдістемелік нұсқау: Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері тақырыбын қарастыру барысында психологтың мектепке бейімделу мәселесін, психолог және мектеп әкімшілігімен жұмыс істеу ерекшеліктерін, өзара қатынас жасаудың негізгі сұрақтарына толық тоқталу керек.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 9. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жұмысының педагогикалық және бақылау анализы

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің жұмыс формасын анықтап, талдау.

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі

  2. Мектепке дейінгі білім берудің сапасы

  3. Мектепке дейінгі ұйым педагогының имиджін және беделін арттыру

Әдістемелік нұсқау: Мектеп психологының кәсіби бағдар беру жұмысының ерекшеліктеріне, кәсіби бейімділікті анықтауға арналған әдістемелердің кешенін әзірлеу керек.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 10. Педагогикалық кеңестің ұйымдастырылуы

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жұмысының педагогикалық маңызын анықтау.

Жоспары:

  1. Педагогикалық кеңес анықтамасы

  2. Педагогикалық кеңестің ұйымдастырылу мақсаты және міндеттері

  3. Бала-бақшадағы педагогикалық кеңес түрлері

  4. Озық педагогикалық тәжірибелер

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұнын ашып көрсетуде ата-аналарға арналған диагностикалық әдістемелердің үлгілерін, кеңес беру барысында қарастырылатын сұрақтар үлгілерін ұсынып, сұранысқа жауап қайтарудың жолдарын анықтау керек.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 11. Семинардың ұйымдастырылуы (практикумдық-семинарлық)

Мақсаты: Балабақшадағы педагогикалық кеңес түрлерін қарастыру.

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы семинарлар мақсаты

  2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңаша инноватор тәрбиеші қалыптастыруда әдістемелік жұмыстардың жүргізілу

  3. Педагогтың кәсіптік және мәдени деңгейінің жоғарылатуының себептері

  4. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас мүмкіндіктерін ескеріп, мектепке дейінгі білім берудің инновациялық әдістері мен технологияларының мазмұны

Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша жұмыс істеу кезінде психокоррекциялық жұмыстың мазмұнына, олардың ерекшеліктеріне назар аударып, еркін таңдалған тақырыпқа психокоррекциялық бағдарламалар жасаудың үлгілерін ұсыну қажет.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 12. Кеңесті жүргізудің әдістемесі

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңаша инноватор тәрбиеші қалыптастыру.

Жоспары:

  1. Балабақшада өтетін педагогикалық кеңестің ережесі

  2. Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері

Әдістемелік нұсқау: Психологиялық кеңес берудің жас ерекшелікке байланысты сипаттарына, кеңес берудің формаларына, мектеп психологының тәжірибесінде қолданылатын кеңес беру әдістеріне толық тоқталу қажет.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 13. Ойын іс-әрекетіндегі басшылық

Мақсаты: Балабақшада ойын және оқу іс-әрекеттерінің маңыздылығын сипаттау.

Жоспары:

  1. Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы

  2. Ойынның сюжеті мен мазмұны

  3. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері

  4. Баланың дамуындағы ойынның рөлі

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, формаларына тоқталып, психологиялық үйірмелер ұйымдастырудың үлгілерін ұсынуымыз керек (практика негізінде).

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011


Тақырып 14. Оқу іс-әрекетіне талдау жүргізу

Мақсаты: Балалардың еңбек әрекетін ұйымдастыру, балабақшада және отбасында еңбек әрекеті арқылы адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

  1. Балабақшадағы оқу-әрекет сипаттамасы

  2. Балабақшадағы оқу-әрекет жұмыстары

  3. Балабақшада оқу іс әрекеттеріне талдау

  4. Балабақшада оқу іс әрекеттінің формалары

Әдістемелік нұсқау: Психологиялық білімнің қажеттілігін оқушылар, ата-аналар арасында насихаттау жұмыстарының формаларына тоқталып, мектеп психологы ретінде психологиялық білімге деген қызығушылықты оқушылар арасында жүзеге асыру жұмыстарының үлгілерін ұсынуымыз қажет.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  3. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.


Тақырып 15. Еңбек іс-әрекетіне басшылық

Мақсаты:

Жоспар:

  1. Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз

  2. Балабақшада және отбасында еңбек әрекеті арқылы адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу

  3. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі

  4. Балабақшадағы еңбек түрлері

  5. Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің түрі

Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді қарастыра отырып, психотерпаияның жеткіншектермен жұмыстағы негізгі бағыт ретіндегі ерекшеліктерін ашып көрсету. Психотерапиялық әдістерді қолдану ерекшеліктерімен танысу.

Төменде көрсетілген әдебиеттерді пайлалана отырып, жоспар бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  2. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007.

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

  1. Методист детского сада./ Бурк Р.С. – М., 2009.

  2. Организация работы методиста детского сада. Спецкурс. – М., 2010

  3. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. – А., 2007

  4. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасы. - Семей 1999.

  5. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учереждении. - М., 2011

  6. Бондоренко А.К., Поздняк Л.В., Шкатулла В.И. Заведующий дошкольным учереждением. - М., 2008

  7. Васильева. А.И. и. др. Старшый воспитатель детского сада. - М., 2009

Қосымша әдебиеттер:

  1. Михайленко Н.Я., Короткова. Н.А. Ориентиры и требования к обновлению содержания дошкольного оброзавания: Методы рекомендации. – М., 2009

  2. Новое педогогическое мышление// Под. Ред А.В. Петровского. - М., 2008.

  3. Калмыкова В.А. Руководство общественным дошкольным воспитанием в районе. - М.: Просвещение, 2008

  4. Ковалев А.Г. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. – М., 2008

  5. Логинова В.И., Саморукова П.Г. и др. Лабораторный практикум по дошкольной педагогике и методикам. - М.: Просвещение, 2005

Интернет-ресурстар:

  1. http://iknigi.net/avtor-inna-vasileva/80009-organizaciya-psihologicheskih-sluzhb-uchebnoe-posobie-inna-vasileva.html

  2. http://www.soub.ru/psychologicalservice

  3. http://fictionbook.ru/author/irina_dubrovina/psihologicheskaya_slujba_v_sovremennom_o/read_online.html


Глоссарий

Адаптация - баланың әлеуметтік ортаға белсенді бейімделудің үздіксіз үрдісі.

Алалия – балалардың қалыпты есту және интеллектісінің сақталу жағдайында сөздің дамымауы немесе болмауы.

Алексия - оқи алмау немесе бұл үрдісті мүлдем меңгере алмау.

Аутизм - баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасының бұзылуы және баланың өз күйзелістері әлеміне үңілуінде бейнеленетін психологиялық жатсынудың шекті формасы.

Әсер ету - ақпараттың бір адамнан екінші адамға мақсатты түрде ауысуы.

Белсенділіктің органикалық жүйесі - жануарлардың мінез-құлық белсенділігінің әдістері мен формасын белгілейтін түсінік.

Белсенділік - тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.

Госпитализм - бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Детерменизм - психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.

Депривация – баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу.

Детерменизм - психикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын түсіндіру.

Жетекші әрекет - онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

Жақын арадағы даму аймағы - ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер.

Жүйелілік принципі - психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Заттық белсенділік жүйесі - заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі.

Интервьюрер - интервью немесе сауалнаманы жүргізуші адам.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау) - адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.

Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.

Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/

Қатынас – тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас – эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі.

Креативтілік - адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері.

Қабілеттіліктер – оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ерекшелік.

Методология (грек сөзі) - теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.

Мәдени-тарихи теория - 20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н. Леонтьев және А.Р. Лурия құрастырған концепция.

Меңгеру - индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.

Негативизм - қоршаған адамдадың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық.

Невроз- жүйке психикалық ауытқулардың кең тараған түрі.

Негізгі іс-әрекет - онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет.

Нейролингвистикалық бағдарламалау - психологияның жаңа прогрессивті бағыты.

Онтогенез - балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Постнаталды кезең - босанудан кейінгі кезең.

Психикалық даму диагностикасы - психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және индивидуалдв даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.

Психикалық даму диагностикасы - психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және индивидуалдв даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.

Психотерапия - адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.

Психиканың дамуы - психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы - балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С. Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз - филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Респондент - сұраққа жауап беретін адам.

Сенсорлы - сезетін, сезімдік, түйсікке байланысты ұғымдар.

Сана - психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Таңдап алу - белгілі бір мақсатқа байланысты іріктеу.

Тонус - өмірлік белсенділіктің дәрежесі.

Теория - ғылыми принциптер жүйесі.

Физиология - ағзаның, оның жасушалары, мүшелері мен функционалды жүйелердің қызметі жайлы ғылым.

Филогенез - жануарлар тәртібі мен психиканың тарихи дамуының қалыптасу үрдісі.

Іс-әрекет теориясы - психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.

Іс-әрекеттің индивидуалды стилі - іс-әрекетті орындаудың психологиялық әдіс-тәсілдерінің ерекше, индивидуалды, тұрақты жүйесі.

Фрустрация - мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.

Эгоцентрлі сөйлеу – формасы бойынша сыртқы және мағынасы бойынша ішкі, яғни өзіне бағытталған сөйлеу.

Білімді бағалау бойынша ақпарат


Студенттердің білімін қорытынды бағалау кестесі:

Студенттердің білімін және сабаққа қатысуын бағалау критерийлері (сабақ түріне қарай):

1. Дәріс:

- дәріс сабағына келіп және жұмыс жасаса – 100% (дәріске келгені үшін бағаның үлесі сомалық есептеген кезде құрайды - 20% (100%х0,2))*;

- дәріс сабағына келмесе – 0%.

2. Студенттің өзіндік жұмысы (БӨЖ):

- БӨЖ, БОӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындаса (модульдің силлабусына сәйкес) – 0-ден 100%-ге дейін. Тапсырмалар БОӨЖ уақытысында тапсырылуы керек.

(БӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындау бағасының үлесі, аралық бақылау сомалық есептегенде құрайды - 80% (100%х0,8))*. Тапсырмалар БОӨЖ уақытында тапсырылады.

Дәріске келу, БӨЖ тапсырудың орташа арифметикалық бағасы 100% сомаланып, ескеріледі (бір баға секілді).

3. Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабақтар:

- Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабақтарында келіп және жұмыс жасаса– 20-дан 100%-ге дейін (осының ішінде семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтарында келіп сабақ үстінде жәй отырғаны үшін – 20%);

- Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтарында келмесе – 0%.

Берілген модуль бойынша студенттердің білімін бағалау қортынды бақылау бойынша баға 40% құрайды.

Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

«А», «А» («өте жақсы) - егер оқып білім алушы бағдарламадағы материалды терең және мықты менгерсе. оны толық, сабақтастықпен, сауатты және қисынды айтып берсе, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмаса, алдыға қойыған міндеттерді еркін жүзеге асыра алса, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздесе, тәжірибелік жұмыстарды орындаудын жан жақты дағдылары мен тәсілдерін игерген болса, материалдарды қате жіберместен, өздігінен айта алып, қорытынды жасай алса;

«В+», «В», «В-» («жақсы») - егер оқып білім алушы материалды нақты білсе, сауатты түрде оның негізгі мәнін айтып бере алса, сұракқа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздіктерге жол бермесс, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болса;

«С+», «С», «С-», «Д+» («қанағаттанарлық») - егер оқып білім алушы материалды ғана менгерсе, дәлсіздіктерге жол берсе, жеткілікті түрде дұрыстап қисынмен айта алмаса, бағдарламалық материалды баяндау сабақтастығын бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналса;

«Ғ» («қанағаттанарлықсыз») - егер оқып білім алушы бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесе, түбегейлі қателіктерге жол берсе, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындаса.

Емтихан бағасын қою процесінде оқытушы осы жоғарыда айтылған өлшемдерді басшылыққа алады.

А-дан А- -ға дейінгі, В- -тен В+ -ке дейінгі, Д-дан С+ -ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау оқып білім алушынын білімі мен біліктілігінің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.

Модуль бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау бағасын қосқанда шығады.


Әріптік жүйе бойынша бағасы

Сандық эквивалент баллы

%-тік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


өте жақсы

В+

В

В -



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

канағаттанарлық

F

0

0-49

канағаттанарлықсыз

Студенттің қорытынды бағасы (Қб) келесідей есептеледі:

Қ б. () = (А1+А2)/2*0,6+Е*0,4;

Бұл жерде:

А1- Бірінші аралық бақылау бағасы

А2 –Екінші аралық бақылау бағасы

Е-емтихан бағасы

Қ б.- қорытынды баға



  • Сабақ үстінде сөйлесіп,басқа тақырыптарға ақылдасуға болмайды;

  • Ұялы телефондарды қолдануға, бір-біріне кедергі жасауға,ауиториядан шығуға болмайды;

  • Аудиторияға сыртқы киіммен кіруге болмайды.

  • Оқу процессінде белсенді қатысып, сонымен қатар курстың жеке тақырыптары бойынша қосымша әдебиеттер таңдана өзіндік қабілеттерін таныта білу керек;

  • Себепсіз сабақтарды босатуға болмайды.Егерде себепті жағдайларға байланысты болса,онда себепті дәлелдейтін құжат ұсынуы керек. Сосын оқытушы бекіткен уақытқа сәйкес сабақтар тапсырылады.

  • Бекітілген уақытта тапсырмаларды орындамаған жағдайда, қорытынды баға келесі апталарда 10%-ке кемиді де, одан кейінгі уақыттарда қабылданбайды.

  • Ұқыпты, жауапкершілікті қарым-қатынаста болу қажет; топпен жұмыс істей білуі керек.

  • Ұжымдық жұмыстар нәтижесін ұсына білу керек.

Апелляция үрдісі. Студент емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, емтихан өткеннен кейін келесі күні 13 сағаттан кешіктірмей апелляция беруге құқылы. Апелляция беру өтініші жеке студенттің өзімен апелляциялық комиссия төрағасына беріледі. Осы мақсатпен емтихан сессиясы кезінде Жоғары мектеп директорының өкімімен емтихан сессиясына шығарылған профилді пәндерге сәйкес квалификациялы оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Өтініш апелляциялық комиссиямен өтініш берген күннен бастап, студенттің және оқытушы-зкзаменатор қатысуымен 2 күн ішінде қарастырылады. Студент апелляция нәтижелерімен танысуына (ауызша немесе жазбаша) міндетті. Апелляция нәтижелері апелляциялық ведомостқа енгізіліп, пән бойынша қорытынды бағаға қосылады. Апелляция пәні болып табылмайтын емтихан бойынша бағалардың өзгеруіне жол берілмейді.


жүктеу 316,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау