6-стратегиялық бағыт Жастар саясаты
6.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2015 жылы республикадағы жастар (14-29 жас) саны 4 206,3 мың адамды (2014 жылы 4 293,3 мың адам, 2013 жылы - 4 376, 1 мың адам, 2012 жылы - 4 436, 2 мың адам) құрайды.
Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басым міндеттер жастардың өзін-өзі іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау және олардың бесекеге қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады.
2013 жылдан бастап «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асырылуда.
2015 жылы Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады. Бірінші кезеңнің аясында жастарға атаулы көмек көрсету мақсатында өңірлерде 213 жастардың ресурстық орталығы (2013 жылы – 92 ЖРО, 2014 жылы - 198) ашылды.
ЖРО ақпаратты-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу және жастар бастамаларын қолдауды іске асырады, жастар арасындағы жағдайға мониторинг және талдау жүргізеді.
Жастардың ресурстық орталықтарын құрудың оң тәжірибесі Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жүргізген жұмыстарынан көруге болады.
2013 жылы ЖРО қызметімен 372 863 адам қамтылса, 2014 жылы 491 899, ал 2015 жылы 1 млн. 288 мың адам қамтылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығымен ЖРО туралы типтік ереже бекітілді.
Мемлекеттік жастар саясаты саласын үшін мемлекет пен жастардың өзара іс-қимылын жетілдіретін консультациялық-кеңес органдарының рөлі күшейтілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығымен Әкімдіктердің жанындағы жастар жөніндегі кеңестердің типтік ережесі бекітілді.
2015 жылы жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» жобасы шеңберінде 24 015 адам (2014 жылы – 13 580, 2013 жылы – 16 422 адам) жұмысқа орналастырылды. Сарбаздардың жұмыс жасау мерзімі 2 айға дейін ұзартылды, аталған мүмкіндікті 7 493 адам пайдалана алды.
«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауылдық жерге денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт салалары және агроөнеркәсіп кешені бойынша 5429 маман (2012 жылы – 5849, 2013 жылы – 6044, 2014 жылы - 6495) барды.
2015 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 1 094,07 млн. теңге (29 жоба), 2014 жылы 42 жобаға 1 062, 17 млн. теңге қарастырылған. 2013 жылы 795,81 млн. теңгеге 44 жоба (2012 жылы - 1 159,3 млн. теңгеге 97 жоба) іске асырылды.
2016 жылдан бастап жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру бойынша Дүниежүзілік банкпен келісімді іске асыру жоспарланған. 8,5 мың жастар, жастардың осал топтары, сонымен қатар 100 ге жуық жастар ұйымдары жобаны іске асырылуға тартылады.
Аталған Келісімнің мақсаты - жастарды, әсіресе отбасы аз қамтылған, жұмыссыз, жарымжан жастарды қоғамның өміріне тартылуына ынталандыру, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызмет бағдарламаларын оқыту арқылы жастардың бойындағы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық 12 елмен (Украина, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Белорусь, Сауд Арабиясы Корольдігі, Грузия, Қатар, Германия Федеративті Республикасы, Мысыр, Иордан Хашимит Королдігі) жасалынған екі жақты келісімнің, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен хаттамалар негізінде іске асырылады және 3 халықаралық ұйымдардың шеңберінде Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының жастар саясаты жөніндегі кеңесі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Жастар кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмыстарына қатысу.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 1000 астам түрлі жастар ұйымдары: «Нур Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан жастары Конгресі, «Болашақ» стипендиаттары қауымдастығы, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жасыл ел», Ұлттық волонтерлік желісі және тағы басқалары.
2014 жылдан бастап, еліміздің колледждерінде, жоо және ірі кәсіпорындарда жастардың өзін-өзі басқару органдары құрылды. 2015 жылдың басынан бастап оларда 751 Жастар ісі комитеттер (2014 жылы - 533) жұмыс жасайды.
«Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығының жүргізген әлеуметтік зерттеулері нәтижесінде, 60%-дан астам жастар оқу/жұмыс орнында патриоттық іс-шаралармен қамтылған. Сауалнамаға қатысқандардың 86%-ы өздерін Қазақстанның патриоты ретінде санайды.
Қоғамдық пайдалы қызметпен (волонтерлік қызметке, студенттік өзін-өзі басқару, жоо, кәсіпорындардың жастар ісі комитеттерінің жұмысы, жастар ұйымдарының қызметі, төтенше жағдайда көмек көрсету және т.б.) сауалнама қатысушылардың 48% қатысатынын көрсетті.
«Қазақстан жастары - 2015» Ұлттық баяндамадағы мәліметтер бойынша жастардың 73,3 %-ы жастар саясатының іске асырылуымен (2014 жылы – 73%, болса 2013 жылы сауалнама жүргізілмеді) қанаттанатынын көрсетті.
6.2) Негізгі проблемардың талдауы
Жүргізілген шаралар жалпы жастардың жұмыссыздығын төмендетуге мүмкіндік берді. 2013 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық 1%-ға төмендеген және 2014 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық 4,2%-ы (2013 жылы – 5,5 %, 2012 жылы – 5,4 %) құрады. Сондай-ақ, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Алматы (8,2%), Астана (6,3%) қалаларында, Маңғыстау (5,6%), Жамбыл (5,2%) және Қызылорда (5,1%) облыстарында байқалды.
Ресми статистиканың мәліметі бойынша 2014 жылы Қазақстанда 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET (6 айдан ұзақ уақыт бойында жұмыссыздыққа тап болған, оқымайтын және біліктілігін арттырмайтын жастар (ағылш. not in education, employment or training) үлесі 8,8%-ы (2013 жылы – 8,0%, 2012 жылы - 8,0%,) құрады. Неғұрлым жоғары деңгей Маңғыстау (16,5%), Қызылорда (14,6%), Қарағанды (12,8%), Жамбыл областарында (11,8%). байқалады.
Әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелер: жастар ұйымдарын жеткіліксіз қаржыландыру (36,4%), жастарға көмек және қолдау көрсету тетігінің жеткіліксіз дамуы (26,7%), тұрғын үй, денсаулық, білім алу сияқты маңызды мәселелерді шешуге ықпал ететін тетіктің жоқтығы (24,5%), жастарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандырудың төмендігі (24,4%), жастар үшін қызықты және талап етілетін жобалардың жоқтығы (23,8%) болды.
6.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа жетуге әсерін тигізетін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар
|
1
|
2
|
Мемлекеттік жастар саясаты институттарының қызметін бағалау жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігі.
|
Жастардың ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдарының, ЖОО-ғы жастардың өзін-өзі басқару органдарының, әкімдіктердің жанындағы Жастар ісі кеңестерінің қызметіне талдау жүргізу.
Жастардың дамуына қолайлы өңірлердің рейтингін есептеу әдістемесін әзірлеу.
Жастардың ресурстық орталықтарының қызметін бағалайтын әдістемені әзірлеу.
ЮНИСЕФ сарапшыларының қолдауымен Қазақстан Республикасында жастар ресурстық орталықтарын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды әзірлеу.
|
Жастармен жұмыс істейтін мамандарды дайындау деңгейінің төменділігі
|
Жастармен жұмыс істейтін мамандар үшін оқыту семинар-тренингтері мен вебинарларын ұйымдастыру
«Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің» жұмысын ұйымдастыру ЖОО-да гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар бойынша оқыту үшін «Жастар саясаты» оқу пәнінің бағдарламасын әзірлеу
|
Достарыңызбен бөлісу: |