ПоәК 042-18-28 08/03-2014 2014 жылғы № басылым


-дәріс. Инновациялық технологияларды қолдану



жүктеу 0,81 Mb.
бет2/4
Дата16.05.2018
өлшемі0,81 Mb.
#14217
1   2   3   4

3-дәріс. Инновациялық технологияларды қолдану.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды. 
Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? 

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. 

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады. 
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. 

Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады). 

Сонымен қатар, деңгейлеп саралап оқытуға тоқталып өтсем, әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30-40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен оқушылар қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да, оларды әбден меңгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып соғады. Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгіленген уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін мен тапсырманың саны мен күрделілігін мұқият іріктеп аламын. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, оқытудың әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады. 

Осы мақсатпен Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамыз. 

Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі. 

1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. 

2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. 

3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады. 

4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. 

Қазіргі кезеңде әр мұғалім үшін көмек болатын «ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ)» деп айта аламыз. 
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. 

Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалану қажет. 

Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі: компьютер техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бірі - бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады. 
Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. 

• Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015- 50%; 2020 -90%) 

• Интернет желісіне қосылу көзделіп отыр. 


Пайдаланылған әдебиеттер 


1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.

3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б. 

4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б. 

5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 

6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б. 
Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б


4 – дәріс Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыру
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.

Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі,  шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек.

Қазіргі кезде  көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады:

І-бөлім.   Кәсіби шеберлік

ІІ – бөлім.   Біліктілік дағдылары

ІІІ-бөлім.   Жүзеге асыру,  қолдану.

Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы  осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.

Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.

Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.

Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі". Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:

ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;

ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;

ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;

ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.

I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)

II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)

III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)

Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.

Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал.

Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.

Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.

Баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпыну. Ол жүйе мына төмендегідей:

Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.

Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.

Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.

Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру.

Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.

Мұғалімнің    айшықты,    өмірден    алынған    дәйектерді    сабақта қолдану.

Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.



Қорыта келгенде, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар  заманы. Сондықтанда жер бетінде болып  жатқан жаңалықтар мен  өзгерістер туралы спутник, интернет арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер 


1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.

3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б. 

4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б. 

5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 

6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б. 
Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б

5-дәріс. Қазақ тілі сабақтарында тиімді тәсілдерді пайдалана отырып, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін арттыру.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. 
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. 

АКТ оқыту мақсаты 

• бағдарламалау дағдыларын дамыту; 

• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету; 

• желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.; 

• желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. 

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық Қазақтан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан оқыту- үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы» оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екіжүзден аса электрондық басылымдар ұсынылды. 

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. 

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. 
Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «E-learning» электронды оқытуды да айта кету керек. 

Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы. 
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
6 – дәріс Инновациялық технологияларды қазақ тілі пәні арқылы орыс аудитоиясының оқушыларына меңгерту.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алға қойған мақсаты-өзінің зерттейтін обьектісі жан-жақты танып білу, зандылықтарын айкындау демек ғылыми зертеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін обьектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекеті бойынша іске асырылады, бірінші – қажетті материалдарды, фактілер жинау, екінші – жиналған факті немесе материалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, обьектіні ғылыми танып-білу процесінде іске асырылатын бұл әрекетті қазақ тілін оқыту әдістемесіне де негізгі кезеңдер болып саналады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: әдістемелік әдебиеттерді талдау, зертеу, сабақ процесін көру, бақылау, анкетамен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:


  1. Тіке байланыс

  2. Адамның жеке қабілетін ескеру

  3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау

  4. Сатылап даму

  5. Динамикалық өзгеру

  6. Өзектілік

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
7-дәріс. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛЕРІ.
Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің бірі- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Осы мәселені шешу барысында жалпы білім беру мектептерінде, орта және жоғары оқу орындарында әртүрлі технологиялар жүйелері еніп, қазақ тілін оқыту әдістемесі де өз нәтижесін беріп келеді. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады.

Өз тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін үнемі қолданудамын:

- деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы;

- модулдік технология;

- дамыта оқыту технологиясы;

- ақыл-ой, іс-әрекеттердің кезең бойынша қалыптасу технологиясы;

- танымдық іс-әрекеттерді жандандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы;

- ынтымақтастықта оқыту технологиясы.

Орыс тілді дәрісханада қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаттарының бірі- тіл үйренушінің қатысымдық біліктілігін қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамыту.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, ойын еркін білдіру, тиімді шешімдер қабылдауға жеке тұлғаны қалыптастыру. Біз, оқытушылар, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, түрлі тәсілдер, әдістер және инновациялық технологиялрды қолдануымыз керек. Әр оқытушы заман талабына сай өз жүргізетін пәні бойынша жаңа технологияларды пайдаланса, болашақ маманның білім сапасын тереңдетіп пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

80-ші жылдардағы жаңа технологиялардың бірі – В.Шаталов технологиясы. Сол жылдары біз сабақ беру барысында жаңа технология ретінде жиі қолданғанбыз. Ғалым тірек сигналдар арқылы үйрету әдістерін ұсынған. Тірек сигналдарды қолданған кезінде, тыңдаушылардың есте сақтау қабілеттері дамиды. Ал бүгінгі техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бәр оқытушының қойылатын талаптары.

Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен жиі кездеседі. «Техника» терминінің екі мағынасы бар:

1.Өндіріс құралдарының жиынтығы.

2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезңде оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, интернет) оқытамыз.

Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек, қандай принциптер арқылы, қандай факторларды үнемі ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан, оқыту технологиясы оқытудың мақсат, мазмұн, принцип, әдіс және құралдармен тығыз байланысты.

Қоғам талабына сай инноваиялық технологияны меңгеру ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық технологияларының түрлерін ұсынады:

- құрылымдық логикалық технология;

- интеграциялық технология;

- ойындар технологиясы;

- тренингтік технологиясы;

- ақпараттық технология;

- сұхбаттық технология.

Бүгінгі кезде әдістеме саласында жоғары аталған технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей шарттар қажет:

- оқу үрдісін белсендіру және басшылыққа алу;

- студенттердің ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарға алу;

- жаңа пәндік білім стандартымен танысу.

Осы шарттарды үнемі ескеріп жүрсек, педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдаланумен ерекшелінеді. Білім беру барысында оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру қажет. Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын бақылауға бағалауымыз керек.

Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады.

Компьтердің әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген қателерді түзету, мәтін бойынша тапсырмалар орындау және тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.

Студенттің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми-педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модульдік оқыту технологиясы жаңа технологиясының әр пән бойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі 3 құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі бөлімінен және қорыту. Әр модульге оқытушы өз уақытын бөліп, қойылған ақсаттарына жетуге тырысады. Оқытушы сабақты ұйымдастыру түрлерін ойластырады. Оқу материалдарын тақырыптың мазмұнына сәйкес деңгейлік тапсыру болуы қажет. Әр деңгейді орындап, ең соңғыда студент баға алады.

Инновациялық технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –жинақ дегенді білдіреді , яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:

- студенттің жеке тұлғасын дайындау;

- ойлау қабілетін жетілдіру;

- эстетикалық тәрбие;

- нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;

- пәнаралық байланыстарды тереңдету.

Мультимедиялық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мәдениетін, ойын жүйелеу білу мен өзіндік көз-қарастың және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру - студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады.

Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.

Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.

Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық , синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен, олардың сөздік қорын байыту; әдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет.

Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсат - білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз.

Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (17-19б.).

2. Г. Амандыкова. «Шет тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2007ж., (103-105 б.).

3. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).

4. Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (14-17б.).

8-дәріс. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.

Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.

Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.

Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.

Олар :

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;



Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;

Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.

Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.

Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады.

Араларға көмек ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты : тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі.

Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.

Көптік жалғауын дұрыс жалғау.

Септік жалғауларын табу.

Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт», Мәтінді жалғастыр ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады.

Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мақмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998

9-дәріс. Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.

Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;

1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде;

- монитор экранындағы фонына назар аудару;

- фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;

- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;

- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;

2)жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;

- жаттығуды абстрактілі ойлау;

- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;

3)жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде;

- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;

- таныс жаттығу түрлерін жасау;

- берілген жаттығуды бағалау;

4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;

- дағдыны таныс жағдайда қолдану;

- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру

Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.

Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.

Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.

Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.

Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.

Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:

а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;

ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді.

Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.

Мысалы, 8 сыныптағы қазақ тілі салбағында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбын өткен кезде алдын – ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады, оқушы пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады.

Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.

Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:

•Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау

процесі үшін тиімді.

•2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,

сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.

•3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;

•ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың

•арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.

•4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

•5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін

•табысты байланыстырады.

•6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998

10дәріс. Оқытудың озық технологиялары туралы жалпы түсінік.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А. Каменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер- оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама дәл келеді:

Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: 1)адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; 2)өзіне және өзімен-өзінің, дүние дүниемен қатынастарының жүйесі; 3) іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы; 4)айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі; 5) қажеттілік жүйесі; 6) шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; 7) сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы;

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Оқыту, білім беру барысында біршама жаңалықтар бар. Соның ішінде дамыта оқыту, модульдік оқыту, интеграциялап оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, проблемалық оқыту,қашықтан оқыту, т.б. бар.

Осы атап өткендеріміздің ішінен ең бірінші модульдік оқытуға тоқталайық. Ол үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен, қорытынды бөлімінен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша(10-20мин.), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық прцесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен- алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.(III, II деңгейлер).

I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне интелектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең –кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттерінің жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен және оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады.

Оқу бөлігінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында бірін-бірі оқытуды, бір-біріне көмегі құпталса, ал бұл бөлімінде оқушы өзінің алған білімін, білігі мен дағдысын өзі көрсетуі тиіс.

Менің ойымша, бұл технология:



  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  • Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға;

  • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

  • Белсенді өзіндік қорын,ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

  • Тұлғаның қиындықтарға дайын болу және жеңе білу, қарым- қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
11-дәріс. Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үдеріс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні- жеке тұлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі.

Бұл технологияның өіндік ерекшелігі мен маңызын поляк ғалымы В.Оконь төмендегідей саралайды: « Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций,формулирование прблемы, оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании».

Ал проблемалық оқыту айналасында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген М.Махмутов « В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущностью которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и обьяснения которых прежних знаний недостаточно» деген тұжырым айтады.

1. Білімді проблема негізінде баяндау


2.Оқушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу

3.Оқытудың зерттеу әдісі





  1. Мұғалім сабақты жай хабарлап,не баяндап түсіндірмейді. Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.

2.Мұғалім оқушылар алдында проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.


3. Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қортынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау