Файл-б±л Windows 98 ж‰йесінде ж±мыс ж‰ргізетін аќпараттыњ негізгі ќ±рылымдыќ білігі



жүктеу 138,37 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі138,37 Kb.
#4803
түріПрактикум

Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Қапшықтар құрылымы. Таңбашалар жасау.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1.«Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар», «себет» ұғымдарымен және қапшықтың құрылыммы мен объектілер жасау ережелерімен таныстыру

2. Оқушылардың файлдар, қапшықтар, таңбашалар не екенін,

қапшықтар құрылымын, қапшықтар, таңбашалар құру ережелерін

білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар баяндап көрсету

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - файлдар, қапшықтар не екенін;

- қапшықтар құрылымын;

- қапшықтар құру ережелерін;

- таңбаша деген не екенін;

- таңбашалардың арналуын;

- таңбашалар құру ережелерін.



Оқушылар үйренуі тиіс:

- файлдар мен қапшықтарды құруды;

- таңбашалар жасауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты Windows-тың белгілі объектілерін қайталаудан бастау керек.

3.4.1. Тапсырма. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?

Windows объектілерін бөлу кестесі берілген тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі кезінде немесе оқулықтан өз бетімен оқуы кезінде толтырылады.


Windows объектілері

Негізгі

Арнайы

  1. Қапшықтар

  2. Бағдарламалар

  3. Құжаттар

  4. Таңбашалар

  1. Бас меню

  2. Басқару тақтасы

  3. Менің компьютерім

  4. Себет


Файл-бұл Windows 98 жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Мұндай ақпарат қандайда бір тұрақты жадтайтын құрылғыға, мысалы, дискетаға немесе винчестерге жазылады және оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажырату үшін нақты аты болады.

Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар.



Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

  1. Файлдың аты мен кеңейтілу болады.

  2. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.

  3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:

дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

  1. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

  2. Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

  1. txt, doc, dot, rtf - мәтіндік файлдар;

  2. exe, com-бағдарламалар және қолданбалар файлдары;

  3. bat- командалық файл;

  4. bmp-графикалық файл;

  5. htm-Web-Internet беті;

  6. rar arj, zip-архифтік файл;

  7. hlp - анықтама файлы;

  8. Lip, obj, dll –кітапханалар файлдары;

  9. bas-Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні;

  10. bac-ecкі файлдардың көшірмесі;

  11. sys-жүйелік файл;

  12. dbt- директор базасы және т.б.

Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.

Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т.б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.

Файлдардың барлығының (аты мен кеңейтілуінен басқалары) келесі сипаттамалары (арибуттары) бар:

- өлшемі (берілген файлда бар ақпарат көлемі);

- типі (Windows 98 жүйесінде файлдың кеңейтілуін қалай түсіндіретін мағынасын ашу);

- өзгеру уақыты (файл қашан құрылғанын және соңғы соңғы өзгерту қашан енгізілгенін көрсетеді);



Windows 98 жүйесінде файлдар терезелер немесе жұмыс үстелінде пиктограмма түрінде қаралады, оның астында (немесе жанында) аты көрсетіледі, мысалы: бірнеше шартты белгілеуді қарастырайық:

(*) жұлдызша символы файлдың атында кез келген символдың кез келген санын белгілеу үшін қолданылады.

(?) сұрақ белгісі символы файлдың атында кез келген символдың бірін белгілеу үшін қолданылады

Мысалдар:

  1. *.*-кез келген символдардың белгілі бір мөлшері бар файл.

  2. ?Файл.? хt – аты мен кеңейтілуі белгісіз символмен басталатын, мысалы,- # файл. txt. файл.

3.4.2. Тапсырма(Ү). Сөйлемді аяқта.

Тапсырма тақырыпты меңгеруін бекітуге арналған.


Қапшық – бұл объектілер бірлестігі

Компьютердегі қапшықтар белгілі бір ретте орналасқан, оны иерархия деп атайды

Бағыттауыш қолданбасы терезесінің сол жақ бөлігінде қапшықтар иерархиясын көруге болады

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ қапшығына МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ және СЕБЕТ қапшықтары салынған. МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ қапшығында бар дискілердің белгішелері, БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ мен ПРИНТЕРЛЕР қапшықтары бар.

Соңғы қапшықта тек файлдар мен таңбашалар бола алады

Файл – бұл аты бар байттар тізбегі

Файл бағдарламаны немесе құжатты көрсете алады

Windows-та бағдарламалар қолданбалар деп аталады

Құжат бағдарламаға бағынышты, өйткені ол не бағдарлама өңдейтін объект немесе бағдарламаны өңдеу нәтижесі болып табылады

Құжат өңделетін қолданба файлдың типі бойынша анықталады

Жүйелік қапшықтарға Windows және PROGRAM FILES қапшықтары жатады

Жұмыс қапшықтарына өздерін құрған қапшықтар жатады

Windows-та қапшықтарды бір-біріне шексіз сала беруге болады

3.4.3. Тапсырма. Файлдардың қандай аттары болады? Оларды адамның атымен салыстыр. Атаудың оң жақ және сол жақ бөлігі нені көрсетеді?

Бұл тақырыпты орындамай тұрып, оқушылармен файл аттарының құрылысы адам аттарымен ұқсас болатыны туралы әңгімелеу керек.

Адам аттары қалай құраылған? Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен (фамилиясынан) тұрады. Адам аты, оны басқа адамдардан айыру үшін қажет. Адамға атты ата-анасы өздерінің қалауы бойынша қояды. Тегі оның қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі.

Файлдардың аттары да шамамен солай құрылған. Сол жақ бөлігі, оны басқа файлдардан ажыратуға арналған, пайдаланушы оны өзі таңдайды. Ал оң жағы, бұл қандай қолданбада құрылғанын көрсетеді және файлға автоматты түрде меншіктеледі.

Файлдың аты


С
Аты
ол жақ бөлігі О
Типі
ң жақ бөлігі


Файлдардың аттарының мысалдары әр түрлі болуы мүмкіін.

Жаңа қапшықтар құру

Қапшықтар - бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы.

Windows 98-дiң қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі iшіне қағаз беттерін – файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows'98-дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады. Қапшықтың пиктограммасы болуы мұмкін.

Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мұмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың iшiндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті. Қапшықтар eкi тұрде болады:

- кәдімгі қапшық-каталогтар;

- арнайы қапшықтар (Менің компьютерім, принтерлер және т.б.).

Олармен пайдаланушылардың көбі жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:

  • Жұмыс үстелі;

  • Менің компьютерім - ДК ресурстарына қатынау;

  • Логикалық дискілер;

  • Себет;

  • Басқару тақтасы;

  • Принтерлер;

  • Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар).

Қағида бойынша, әp6ip қапшық шынында да каталог болып табылады (мысалы, Жұмыс үстелі (алаңы) - бұл Windows каталогінің Бас меню бағыныңқы каталогіне кіреді және т.с). Негізгі қапшық - жұмыс үстелі.



Қапшықтарды құру және оның құрылымы.

Қапшықтың құрылымын қарастырайық - Қапшық элементтері:

тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы. Қажет элементтер жиынын мына жолмен таңдауға болады:

Түр =>Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.

Кесте батырмасы қапшықтың объектілері туралы неғұрлым толық ақпарат шығарады. Қапшықтарды қарап шығу режимін де беруге болады.

Терезеде жаңа қапшық құру.

Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл" меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру.



  1. Жұмыс үстелінің жаңа қапшық,ты орналастырмақшы болған
    жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню
    пайда болады.


  2. Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде
    қ
    апшық, белгішесі пайда болады.

  3. Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.


3.4.4.Тапсырма. Жаңа қапшық құрудың екі тәсілін сипатта. Олардың айырмашылығы неде?

Тапсырма тақырыптық контексті болып табылады, оны оқушылардың меңгеруін тексеру үшін де қолдануға болады. Қапшық құру тәсілдері бір ғана әрекеттен айырмашылықты екенін атап өту керек. Бұл әрекетті (3) кестеде түспен белгілеу керек. Оқушыларға қапшық құрудың екі тәсілін де байқап көру керек.


1-тәсіл

2-тәсіл

1. Менің компьютерім қапшығын ашыңдар

2. Өздеріңнің қапшықтарыңды ішіне салғыларың келетін қапшықты ашыңдар

3. Терезе ішінде маустың оң жақ батырмасымен бос жерді шертіңдер

3. Маус нұсқағышын меню жолындағы Файл командасына орнатыңдар

4. Создать (Құру) командасына шертіңдер

5. Пайда болған бағыныңқы менюде Папка командасын таңдаңдар

6. Экранда жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Керек атты енгізіңдер де, Enter-ді басыңдар


ТАҢБАШАЛАР

Таңбаша – бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің таңбасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows 98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді.Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады және т.б.)

Ағымдағы терезеде таңбаша құру.

1. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, файл => Создать ярлык немесе

контексті менюдің Создать -Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.

  1. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға
    орналастыруға болады.

  2. Ол үшін таңбаша кұрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау
    процесін іске қосканнан соң жүргізуге болады немесе алдымен
    объектіні тауып алып, содан кейін таңбашаны құруды бастауға
    болады.

Жұмыс үстелінде таңбаша құру.

  1. Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың
    он жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.

  2. Создать => Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка"
    ("Таңбашаны ҚҰРУ") диалог терезесі пайда болады.

  3. "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдармен қапшықтар арасынан объект табу.

  4. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі"
    ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетпеген.

  5. "Далее" ("Одан әpi") батырмасын басу - "Таңбашаның атын
    таңдау" (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады.
    Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.

  6. "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа
    таңбаша пайда болады.


Таңбашаға жылдам шақыру пернесін тағайындау.

  1. Қажетті таңбашада маустың оң жақ батырмасын басып, «Қасиеттері: таңбашаның аты» диалог терезесін ашады. «Таңбаша» (Ярлык) қосымшасын ашу

  2. Сочетание клавиш енгізу өрісінде меңзерді жылжыту (пернелер тағайындалмай тұрып, енгізу өрісінде «Нет» жазуы көрінеді).

  3. Пернені таңдап, оны басу. Сочетание клавиш енгізу өрісінде Ctrl+Alt+таңдалған перненің символы бейнеленеді.

  4. Пернелердің үйлесуін пайдалану таңбашаға мауспен баспай-ақ, бағдарламаны шақыруға мүмкіндік береді. Пернелер үйлесуі (нақты соңғы таңдалатын символ) бірегей болуы керек.


Тапсырма (Ү). Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты игеруін бақылау үшін ұсынылады.

  1. Таңбаша дегеніміз не?

Таңбаша – бұл бір файлға нұсқайтын арнайы белгіше.

  1. Таңбаша белгішесінің басқа белгішеден айырмашылығы қандай?

Таңбашаның төменгі сол жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан.

  1. Таңбашаны екі рет шерткен кезде не болады?

Таңбашада екі рет шерту құжат ашады немесе бағдарламаны іске қосады.

  1. Егер файлдың таңбашасын жойса, не болады?

Файлмен ештеңе болмайды. Таңбашаны жойғанда файл жойылмайды.

  1. Таңбашаны негізгі арналуы (қызметі) қандай?

Таңбашаның негізгі арналуы – объектілерге әр жерден қатынауды қамтамасыз ету.
3.4.6.Тапсырма. Таңбаша жасаудың екі тәсілін сипатта.

1-тәсіл

2-тәсіл

1. Объектісі бар қапшықты ашыңдар

1. Объектінің белгішесінде маустың оң жақ батырмасымен шертіңдер

2. Маустың оң жақ батырмасымен объектіні таңбаша құратын жерге апарыңдар

2. Создать ярлык командасын таңдаңдар

3. Динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдаңдар

3. Таңбашаны қажет орынға апарыңдар


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

3.4.1, 3.4.3, 3.4.4, 3.4.6– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Қапшықтар құрылымы. Таңбашалар жасау.



3.4.2, 3.4.5-тапсырма

2)Оқушыларды бағалау
жүктеу 138,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау