п.ғ.к. Құрманбекова А.С.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Аймахова А.Р.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, магистрант
Бастауыш сыныптағы дарынды балалардың ақыл-ойын дамыту
жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат
негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке
адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.
Сондықтан соңғы кезде дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне
бастады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін
бүгін таңда ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда
әкелетіндігі анық [1].
Бәрімізге белгілі, бір сыныпта қабілеті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-
өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әртүрлі оқушьшар отырады. Мүмкіндігінше бір
сыныпқа оқушылардың жеке қабілеттеріне, бейімділігі мен ой-өрістерінің даму
дәрежесіне көңіл бөліп топтаған дұрыс деп есептейміз.
Бүгінгі күн талабы-еліміздің интеллектуалдық, рухани потенциялы
жоғары дарынды балаларды анықтау, қолдау, оқыту процесін жүйелеу болса,
осы күрделі міндетті шешу үшін Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау және дамыту туралы»
нұсқауына сәйкес үкіметтің 24 наурыз 1998 жылғы 256-шы бұйрығымен
республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы құрылған еді. Облыс
орталықтарында да, аудандық білім беру бөлімінде, мектептерде де «Дарын»
орталықтары құрылып, бағдарлы жұмыс істей бастады.
А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды:
«... мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім
білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай
болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан
хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» [2].
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты
- оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту жеке тұлғаның дарындылығын жетілдіру. Ал
мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Көрнекті ғалым, доктор В. Панов: «Дарындылық оқушы үшін қабілеттілік
қана емес, ол - сын. Дарынды оқушы ұстаз үшін мәртебе әрі сын...», - деген [3].
Дарынды бала дегеніміз кім? Дарынды баламен жұмыс жасау түрлері
қандай? Баланы дамыту үшін қандай факторлар әсер етеді? деген сияқты
сұрақтар
алдымен
туындайды.
Педагог–психолог
ғалым
Н.Лейте
«Дарындылық-баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда
білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса ерекше байқалатын
шығармашылық қабілетінің байқауы», - десе, ал ғалым В.Крутецкий «Егер
қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда
дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі»
деп көрсетеді [4].
Дарындылық ағыл-тегіл ақылдылық. Дарын-зерделілігімен дамып
отыратын үздіксіз үрдіс. Дарындылық - адамның белгілі бір істі орындауға
бейімділігі мен ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық
ерекшелік.
Дарындылықтың санасы - зейінділік. Дарындылық - сананың белгілі бір
нысанаға бағытталып, сол нәрсеге шоғырлануы. Дарындылық - қуат пен серпін
беретін сиқырлы күш. Дарындылық - даналығымен даралану.
Баланың дарындылығы мынадай алты ерекшелік арқылы анықталады.
Олар: интеллектуалдылық, академиялық жетістік, шығармашылық ойлау,
ортамен байланыс жэне өз ортасына жетекшілік жасай білуі, көркемөнерге
қабілеттілігі, қимыл-қозғалысқа бейімділігі.
Мұны дарынды бала қабілетінің әр қыры деп те қабылдауға болады, әйтсе
де, балаға көп көңіл бөле білетін адамдар бұл аталған ерекшеліктердің көп
ретте бір-бірін толықтырып тұратының байқайды.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеу барысында оның бойында мынадай
қабілеттердің калыптасуына баса назар аударған жөн:
қоршаған ортаны сезе білу, құүбылыс себептерін іздене білу;
ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
алдына мақсат қоя білу жәэне жетуге ұүмтылу;
өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай
технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөлінді анықтай білу;
баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін
ең бастысы жағдайлар жасау қажет.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе
мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалімнің қызметі маңызды орын
алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби
тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша
құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен
ойлау қабілетін дамытуға міндетті.
Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби
біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды:
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары
деңгейде білу;
оқушы дарындылығының моделін білу;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл
бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға
шығармашылық пен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған
бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе
алуы;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми - ізденіс жұмыстарымен айналысуына
жетекшілік етуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда
жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «...Көптеген табиғи талант
дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи
құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып
тынады». Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Әрине, арткарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді
ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Дарынды балалармен жұмыс
барысында білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай
деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру ісіне үлкен ықпал
етеді.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің нәтижесі білімді өз еркімен игере
алатын дәрежеге жеткізу болып табылады.
Қоғам алға қарай дамыған сайын адамның өмірге деген көзқарасы, білімге
деген құштарлығы арта түсуде. Толық оқып жетілген адам - ол өскен,
гүлденген, жасыл желекке бөленген, тұқымын шашқан ағаш секілді. Ал, біздің
негізгі максатымыз оқушы тұлғасын дұрыс зерттеп, табиғатын дамыту.
«Дарындылық-үлкен
нышаннан
туындайтын
қабілеттіліктің
түрі.
Дарындылық-адамның сәби кезінен байқалатын дара психологиялық құбылыс».
Дарынды бала зейінді, зерек, жинақты келеді, қиындығы мол жұмысты
жан-тәнімен беріліп істейді, мектепте ұстаздың сөзін қалт жібермейді, әдемі
жауап беруге әзір тұрады.
Нышан: Анатомиялық-баланың ана құрсағында ата-анаға ұқсауы.
Физиологиялық-нерв жүйесінің тарауы. Бұл қабілетке әсер етеді. Нышанның
ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Сонымен нышан,
қабілет, дарындылық-бір-бірімен байланысты барлық адамда болатын табиғи
қасиеттер. Ол біреуде аз, біреуде көп болуы мүмкін.
Нышан, қабілет, дарындылық ата-анадан балаға қанмен берілетін белгілер.
Белгілер қоршаған ортаға, әлеуметтік жағдайға байланысты дамиды.
Дарындылықты жақсы дамытатын мүмкіндік туғызсақ, дарындылық өз жемісін
береді. Егер де ондай мүмкіндік жасай алмасақ, дарындылық өзінің бастапқы
қалпында қалады, немесе өшеді. Дарындылықты көре білу ұстаздың міндеті.
Ұстаз дарындылықтың көзін ашып, ары қарай дамыту, оның негізгі қызметі.
Бала: «Менің мынадай дарындылығым бар» деп айта алмайды. Ол көпшілікпен
бірдей өзінің барлық қабілетін, қасиетін бар мүмкіншілігінше шыңдай береді.
Алғашқы кезде болашақ музыкант, суретші, математик, архитектор, косманавт
т.б. бірдей оқиды, тәрбиеленеді. Олар кейін біртіндеп дараланады. Оны ұстаз
анықтайды (ойлау қабілеті, интеллектуалды мүмкіндігі, физиологиялық
жаратылысы т.б.)
Балалардың осы ерекшеліктерін ескере отырып, ұстаз тек дарынды
балалармен жұмыс істемес бұрын, барлық балалармен жұмыс істеуі керек.
Сонда ғана дарынды көпшіліктің арасынан бөліп алуға болады. Дарындылық:
а) ата-анадан қан арқылы берілетін қасиет;
б)ол анатомия-физиологиялық негізге байланысты;
в) ми құрылысына да байланысты т.б.
Идеялылығы, сенімділігі, бірбеткейлігі, турашылдығы, интеллектуалдығы,
адамгершілігі, қайтпастығы, өзін-өзі тежей білуі, азаматтық саналы тәртіптілігі
т.б. қасиеттің бәрі дарынның нышаны. Ол әр балада болады.
Дарындылық аяқ астынан білінуі немесе баланың өсе келуіне байланысты
білінуі мүмкін. Оның олай бөлінуі қанға немесе қоршаған ортаға байланысты.
Дарындылықты анықтау үшін баланы әртүрлі үйірмелерге, сыныптан тыс
жұмыстарға, қоғамдық тапсырмаларға қатыстырып баланың дарынын ашу
керек.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, дарынды баланың қабілеті дами түсетін
оң жағдайлар жасалуы тиіс. Бірақ өмірде әрдайым солай бола бермейді.
Сондықтан, дарындылықты ашып таныту үшін ұстаз да, шәкірт те көп
еңбектенуі тиіс. Қанша дарынды болсаң да сол дарындылықты тауып халыққа
таныту үшін өте көп еңбектеніп, оның ішкі, сыртқы қиындықтарын жеңе білу
керек. Дарындылықтың жетіспеуі дарындылықтың жоқтығынан емес, оны таба
білмеуде. Таба білсек те, шыңдай білмеуде. Мұнда не ұстаз, не шәкірт немесе
екеуі бірдей әлсіздік танытып, дарындылығын көрсете алмай жолда қалып
қоюда. Дарындылықты дамыту үшін жағдай жасап, көмек көрсету керек.
Көп жағдайда дарындылықты жібермейтін, соған кері әсерін тигізетін
факторлар болады:
1) материалдық базаның нашарлығы;
2) ұстаздың жетіспеушілігі;
3) оқу жүйесінің кемшілігі;
4) көреалмаушылық;
5) дарынды анықтауда адалдықтың, ақиқаттың болмауы т.б.
Осыдан барып дарындылар аз, бұзақы немесе дарынсыздар көп.
Дарындылықты анықтайтын өзінің белгілері:
а) Рационалды ойшыл типтер. Мұндайлардан болашақ ғалым, қоғам
қайраткерлері шығады.
б) Көркем өнерге, бейнеге берілген ойшылдар. Мұндайлардан болашақ
конструкторлар, дизайндер, суретшілер, өнер адамдары шығады.
в) Табан астынан бір нәрсені ойлап табатындар. Мұндайлардан болашақ
философтар, композиторлар шығады.
г) Экстрасеністік типтер. Мұндайлардан болашақ дәрігерлер, режиссерлер,
актерлер, рухани ойдың қызметкерлері шығады.
д) Дене тәрбиесіне бейім типтер т.б. болып бөлінеді.
Дарындылық әр жас кезеңінде әртүрлі болып бөлінеді. Әсіресе сәби
кезінде дарындылықты жақсы айқындауға болады. Себебі бұл кезеңде бала еш
нәрседен қаймықпай, ұялмай бар қасиетін көрсете алады, ұстаздың айтқан
ақылымен жүреді.
Орташа оқитын оқушылардан да дарындылықтың белгісін іздеп табуға
болады. Бірақ оған жағдай жасау керек, көп іздену керек. Кей жағдайда орташа
оқушыдан күтпеген дарындылықтың көзі ашылуы мүмкін. Ол үшін оқушы
ұстаздың көмегімен өзін-өзі таба білуі, өзінің дарынын дамыта білуі, яғни оны
өзінің дарынын дамыта алатын субьект ретінде қарағанымыз жөн.
Дарындылықтың көзін ашуға мектептен, сыныптан тыс ұйымдастырылған
үйірмелердің, үйдегі шеберхананың рөлі ерекше. Еңбектеніп, іздене берсе бала
өзін-өзі табады.
Дарындылық бала тәрбиесінде, оқуында, үйренуінде негізгі мәселенің бірі
болып саналады. Әрбір шәкіртті дарындылық тұрғысынан қарасақ, қоғамымыз
көп нәрсені ұтады.
Әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. –Астана, 2015.
2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 1999 жылғы 7 маусым №
89-1 / «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары ескерілді.
–Астана, 2004. -134б.
3 Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы- 1991. -26б.
4 Богоявленская Д.Б. Путь к творчеству. М- 1981.-33б.
Достарыңызбен бөлісу: |