МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ (ИКТ) ҚОЛДАНУ
XXI ғасыр табалдырығында барлық білім беретін мекемелерде, соның ішінде балабақшаларда да инновациялық технологияларды қолдану бұл- заман талабы. Қарқынды дамып жатқан технология ғасырында, біздің елімізді алдыңғы қатарлы мемлекеттер арасына қосуды мақсат еткен ел басымыз «Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз» деп сеніммен айтқан.
Баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы кішкентай жастан басталады. Демек, еліміздің сенімді болашағын тұрғызу үшін біздің негізгі мақсатымыз инновациялық технологияларды жатық меңгерген «жаңа заман баласын» тәрбиелеу. Бұл қажеттілікті айқындау үшін, білімнің алғашқы сатысын меңгеретін, тәлім мен тәрбие алатын, алғашқы білім мекемесі- балабақшадағы педагогтар сапалы, жан-жақты дамыған, әрі шығармашыл болуы қажет.
«Инновациялық технологиялар» термині жаңадан енгізіліп жатқан жоқ, онымен барлық мекемелер жақсы таныс, әрі оны қолданысқа енгізген. «Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар:денсаулық сақтау, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, деңгейлеп оқыту, ТРИЗ, ӨТШТ, Монтессори әдістемесі, Тәй-тәй, В.Воскобович, Г.Доман, З.Дьенеш технологиялары және т.б.
Әр педагог өз жұмысының ерекшелігіне қарай, қажет педагогикалық инновациялық технологияны қолданады.
Дәстүрлі оқыту формаларына қарағанда, компьютерлік технологиялар бірнеше артықшылықтарға ие:
-компьютерлік экранда, проектор арқылы, смартборттарда балаларға жаңа информацияны таныстыруды ойын түрінде жүргізу барысында, балалардың мотивациясы өсіп, қызығушылығы артады.
-экранда көрсетілген материалдар баланың әр түрлі психикалық функцияларын дамытады олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.
-түрлі презентациялар арқылы ауқымды тақырыптарды түсінікті, бөліп, бөлшектеп оқытуға болады.
-әр түрлі слайд-шоуларды қолдану кезінде балаларға өмірде көре алмайтын процесстерді таныстыру мүмкін болады.
Балаға шет тілін оқыту, үйрету барысында бірнеше қиындықтарға ұшырауға болады. Біріншіден, балалар жалпы ағылшын тілін уйрену не үшін керек екенін түсінбейді, себебі олар «дәл қазір» ұранымен өмір сүреді. Екіншіден, тілдік орта құру мәселесі.
Осы мәселелерді ескере отыра, мен балаларға ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігін байқадым. Егер, ересек адамдар жаңа тілді меңгеру барысында көп материалдық, тіпті техникалық жабдықталуды қажет етпесе, балалар керсінше, жаңа тақырыптарды түрлі компьютерлік жабдықтар қолдану барысында еркін, әрі оңай меңгереді.
Ағылшын тілін оқытуда ИКТ-ны қолданудың қаншалықты тиімді болатынын анықтау үшін, мен 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, ONE-TO-ONE (БЕТПЕ-БЕТ) жобасын бастадым.
Жобаның өзектілігі: ағылшын тілін оқыту процесіне инновациялық компьютерлік технологияларын енгізу (мультимедиялық программалар,компьютер,ноутбук,проектор,планшет,смартборт).
Жобаның мақсаты: ағылшын тілін қолдану барысында қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін ИКТ-ны қолдану.
Жобаның міндеттері:
1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту үшін ағылшын тілде флипчарт сабақтар, логикалық және дидактикалық ойындар жинағын құру.
2. Балалардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру үшін ағылшын тілінде мультфильмдер жинақтау.
3. Шетел халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын баулуда онлайн ертегілер қолдану және оларды сомдау.
4. Балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу) барысында мультимедиялық презентациялар қорын жасау.
5. Ағылшындардың мәденитімен таныстыруға слайд-шоу құру.
6.Ағылшын тілінде тақпақтар және өлеңдер үйрету үшін, ағылшын тілінде өлеңдер мен видеолар базасын жасау.
Осы міндеттерді іске асыру үшін, жобаның жылдық жоспарын құрдым. Жоспар бойынша ИКТ-мен жұмыс істеу барысында, біріншіден-балалардың жас ерекшелігі ескеріліп, ИКТ тек қана қайталау оқу іс-әрекеттерінде қолданды және оны қолдану 20 минуттан аспады, екіншіден-балалардың қызығушылығы ескерілді, үшіншіден-оқытып жатқан тақырыпқа сай болуы ескерілді.
Жобаның жылдық жоспары
Бөлімі
|
Мерзімі
|
Мазмұны
|
Нәтижесі
|
1-кезең
Ұйымдастырушылық
|
қыркүйек
|
Әдебиеттер мен вебсайттарды зерттеу
|
Әдебиеттерді оқу. Оқыған әдебиеттерге және вебсайттарға анализ жасау.
Ағылшын тілін оқыту барысында зерттелген әдістемелерді қолдану.
|
Ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру. Кеңес беру. Тест алу.
|
Ата-аналардың планшеттпен оқытуға келісімдері.
|
2-кезең
Негізгі
Балалармен жұмыс
|
қазан
|
Балаларды планшеттермен, ноутбукпен жұмыс істеуге үйрету.
Мультимедиялық бағдарламалар мен ойындарды қолдануды бір жүйеге келтіру.
|
Балалар планшетпен жұмыс істей алады. Фотоесеп
|
желтоқсан
|
«ABC ENGLISH» бағдарламаны планшеттерге жүктеу, қоданысқа енгізу
|
Балалар «ABC ENGLISH» бағдарламасын еркін меңгерген
Фотоесеп
|
қаңтар
|
«MONTESSORI» бағдарламасын планшеттерге жүктеу, қоданысқа енгізу
|
Балалар бағдарламасын еркін меңгерген
«MONTESSORI»
Фотоесеп
|
ақпан
|
«TEREMOSHA» және «Raskraska» оқу бағдарламаларын балаларға үйрету, оның жұмысын бір жүйеге келтіру.
|
«TEREMOSHA» «Raskraska» бағдарламалармен жұмыс істей аладаы
Фотоесеп
|
наурыз
|
«Winniethewitch» электорндық оқулықпен әңгімелер оқу және оларды сахналау
|
Балалар ағылшынша әңгімелерді есту барысында қарапайым сөздерді түсінеді
Фотоесеп
|
сәуір
|
«Welcome to London» жоба
|
Көрме
|
мамыр
|
«Мнемотехника бойынша тақпақтар жаттау және ертегілер оқу». Мультимедиялық презентация
|
Балалар тақпақтарды жатқа біледі
Фотоесеп
|
Ата-аналармен жұмыс
|
ақпан
|
ИКТ қолдану арқылы «Travelling to London» жобасымен жұмыс жүргізу
|
Фотоесеп
Ата-аналармен ұйымдастырылған көрме
|
«Our big house» ашық оқу іс-әрекеті (Флипчарт сабақ)
|
Фотоесеп
Ата-аналар белсенді қатысты
|
3-кезең
Қорытындылау
|
қаңтар
|
“Travelling to London”. Қысқа мерзімді жоба
|
Ашық оқу іс-әрекеті
|
ақпан
|
«Our big house» ашық оқу іс-әрекеті (Флипчарт сабақ)
|
Фотоесеп
|
Мамыр
|
«Games with animals»
қорытынды ашық оқу іс-әрекеті (Флипчарт сабақ)
|
Фотоесеп
|
Жылдық жоспар бойынша жасалған жұмыстың көрсеткішін 2013-2014 оқу жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда, балалардың тілдің дыбысталу мәдениеті- 88%-ға, сөздік жұмысы-90%-ға, байланыстырып сөлеуі-77%, шығармашылық тілдік дамуы-100%-ға меңгерілгенін көруге болады. Бұл нәтиже ИКТ-ны қолдану шет тілін үйрету барысында өте тиімді екенін дәлелдейді.
Қорытындылай келетін болсақ, қай педагогикалық технологияны қолдансақ та, оны таңдаудың мақсаты бір, ол –сенімді болашаққа жол ашатын - дарынды,шығармашыл, қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |