Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
89
4-сурет. f- элементтер «Актиноидтар» туралы мәліметер.
Жоғарғы оқу орындарында білімгерлердің оқу қызметіндегі дербестігі орта
мектепке қарағанда анағұрлым артық. Жоғары мектепте білімгер шын мәнінде
оқу үрдісінің субъектісі екенін айқын кӛруге болады.
Қорыта келгенде электронды оқулықтарды қолдана отырып ӛзіндік жұмыстарды
орындауда:
- білімгерлердің оқу-танымдық қызметі жоғары дәрежеге кӛтеріліп, жетіле
түседі;
- оқыту қазіргі заман талаптарына сай мамандар даярлауға бағытталып,
бағдарланады;
- оқыту үрдісінде білімгерлердің дербес, жоғары дәрежеде ойлау, іздену
қабілеті дамытылады, жетілдіріледі;
- оқыту үрдісі қазіргі таңдағы білімгерлерді барған сайын дербес, ізденімпаз,
зерттеуші
қызметіне лайықтап, жол аша түседі;
- білімгер ӛздігінен білім алу дағдыларын игереді;
- білімгерлердің дербес ізденімпаздығына жол ашылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Боголюбов В.И. Педагогические технологии.– Ростов-н/Д.:Изд. Центр, Март,
2002.-320с.
2. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология и ее звенья.–М.: Народ.
образов., 2001.
3. Ӛтелбаев Б.Т. Химия-1,2,6. Шымкент 1998, 1999.
4. Гольбрайх З.Е. Сборник задач и упражнений по химии . М: Высшая школа.
1984.
5. Қыстаубаев Е.И. Химиялық тестік тапсырмалар. Шымкент. 2003.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
90
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі
d- және
f- элементтерін
оқытуға арналған электронды оқулықты құрастыруда модульдік технология
қолданылды.
РЕЗЮМЕ
В статье рекомендовано модульная технология составления электронного
учебника для преподавания
d- и
f- элементов в периодической системе
Д.И.Менделеева.
БОЛАШАҚ МҦҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ҚҦЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мажибаева Г.П.– оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі күні ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білу
қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең
саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен
дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол
себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен
деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта
құруларды талап етуде.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса,
олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап
қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта
құрулардың, педагогикалық үдерістердің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Бүгінгі күні мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалім қажет.
Бұл жағдайда дамытудың ӛзектілігі – жаңа ақпараттық- коммуникациялық
технологияны оқу-тәрбие үдерісіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету,
дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
Білім беруді ақпараттандыру мұғалім біліктілігіне қойылатын талаптардың
ӛзгеруіне алып келді. Педагогтардың қазіргі балалармен байланысы нәтижесінде
педагогикалық қызметтің және мұғалімнің ролі де ӛзгеруі тиіс. Ақпараттық
технологиялар педагогикалық технологияларға ӛте үлкен әсерін тигізеді. Ақпарат
құралдары педагог қызметінің құралдары болады, ал мұғалімнің кәсіби сапалылығы
ретінде ақпараттық мәдениет болып саналады.
Қазіргі таңда мұғалімдердің технологиялық біліктілін жоғарлату деңгейі үлкен
қажеттілігі сезіліп отыр. Мұғалімдердің педагогиалық қызметтерінде ақпарттық
құралдар мен ақпарттық технологияларды қолдануға дайындау жүйесін құру
қажеттілігі туындады.
Педагогикалық қызмет – бұл оқушының ӛздігінен даму, ӛздігінен анықтау және
ӛздігінен орындау үшін шарттарды құру; оның ӛмірдегі тәжірбиесін белсенді ету;
ӛзіне қажеттілерін, білімін, ойларын қамту; ӛмірінде болып жатқан мәселелерді
шешуге байланысты кӛмек беру; баланың жетістігіне және табысына тіреу болу.
Мұғалім педагогикалық қызмет барысында педагогикалық тапсырмаларды орындауға
тура келеді. Олардың ішінен педагогикалық диагностика тапсырмаларын,
педагогикалық жоспарлау және болжау тапсырмаларын, белгіленген жоспардың
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
91
практика жүзінде орындалу тапсырмаларын, орындалған жұмыстың нәтижесін талдау
тапсыраларын ерекшелеп алуға болады. Осы тапсырманың әр қайсысын орындауда
ақпараттық құралдар және ақпараттық технологияларды қолдану қажеттілігі
туындайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология – бүгінгі күннің тамаша жетістігі, осы
технологияның озық үлгісін мектеп қабырғасынан терең меңгерту болашақ кәсіп
мамандарын тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда орны
айырбасталмас нәрсе.
Оқыту
үдерісінде
қазіргі
заманғы
техникалық
құралдарды
(дербес
компьютерлерді, теле және видео аппараттарды, ақпараттардың бір түрінен екінші
түріне аударуда қолданылатын әр түрлі құрылғылар) және ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолданудың нәтижесінде жаңа дидактиалық
үдерістерді түсінуге және талдауға, оқытуда жаңа принциптерді қалыптастыруға алып
келеді.
Соңғы жылдары педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
(АКТ) оқытудың жүйесі құрылған. Мұғалімдердің ақпараттық құзырлық түсінігін
қарастыруда әр түрлі ұсыныстар берілген.
Біріншісі, ақпараттық және коммуникациялық құзырлық түсінігінің қалыптасуы
келесі
түсінікпен
байланысты:
компьютерлік
технологиялар
(ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар)
ақпараттық құзырлық. Бұл жағдайда ақпараттық
құзырлық түсінігі техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды сақтау, ӛңдеу
және тарату біліктілігі қарастырылады.
Екіншісі, мұғалімнің ақпараттық және коммуникациялық құзырлығын
анықтайтын ақпарат термині болып табылады және мұғалімнің кәсіби қызметінде адам
қабылдайтын ақпарат үдерісі мен сол ақпаратпен жұмысы қарастырылады.
Мұндағы мұғалімнің ақпараттық және коммуникациялық құзылығы дегеніміз –
оқу, тұрмыс, кәсіби міндеттерді ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың
кӛмегімен шеше білу қабілеттілігі.
Мұғалімнің ақпараттық және коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі
ең кӛкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Оқушының қызығушылығы мен қабілетін дамытуда басты қажеттілігі мұғалімнің
педагогикалық шеберлігі, жаңа оқыту технологиялар мен ақпараттық технологияларды
ӛз сабағында пайдалана білуі. Сабақты түрлендіріп дәстүрлі емес әдістерді қолдана
отырып, ойын, жарыс сабақтарын, конференция сабақтарын т.б. ӛзі қажет деп тапқан
әдістерді кӛптеп қолдану оң нәтиже бертіндігі сӛзсіз.
О.Н.Шилова мұғалімнің ақпараттық құзырлығын келесі түрде қарастырған:
теориялық білімін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практика жүзінде
қолданудың нәтижесінде пайда болған тапсырмаларды орындау амалдары.
Сонымен бірге ақпараттық құралдарды және ақпараттық технологияларды
педагогикалық қызметте қолданудың нәтижесінде мұғалімнің педагогикалық ынтасы
мен оның ақпараттық және коммуникациялық құзырлығын (АК) дамытады.
Л.Л.Босова, Т.В.Добудько, А.А.Кузнецов, Е.А Ракитина, И.В.Роберт, А.В.
Хуторский және т.б. жұмыстарын талдаудың нәтижесінде мұғалімнің АК-
құзырлылығын анықтау білім берудегі ақпараттандыру шарттары негізінде кәсіби
қызмет ортасында тұлғаның кез келген ӛзгерістерге жылдам биімделе алатын
сапалардың жиынтығы ретінде қарастырған.
Солардың ішінде:
- білім алушылардың интеллектуалды потенциалдарын дамытуға бағытталған
ӛздігінен білім алу біліктілігі мен зерттеушік қызметін қалыптастыру, оқу-
әдістемелік жүйемен қамтамасыз етілген ортада және білім беру жүйесін