Математикадан білім сапасын арттыру жолдары тулеева Жанар Закировна



жүктеу 0,65 Mb.
бет1/4
Дата22.08.2022
өлшемі0,65 Mb.
#39111
  1   2   3   4

МАТЕМАТИКАДАН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тулеева Жанар Закировна
Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданы,Қасқасу ауылы
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат – оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған. Математика пәніне тиімді қолданылатын технологиялардың бірі – саралап-деңгейлеп оқыту және сыни тұрғысынан ойлау технологиясы болып саналады.Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн- жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны.Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады,оның әрі қарай дамып,жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген.Демек,оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз.Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
-оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
-оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда.Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру,басқару және бақылау деп түсіну керек.Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын екшеп,пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек,ұтарымыз көп.Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық.Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы,қажеттіліктің қайнар көзі болса,нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.
Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
-заман талабына сай білімді,білікті,дүниетанымы кең,шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады,яғни,өтілетін сабақтың жоспарын құру,оны өткізу әдістемесі,оқушылардың қабілеттерін,жас ерекшеліктерін ескере отырып,иллюстрация,техникалық құралдарды,дидактикалық материалдарды пайдалану.Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады.Ал,шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады.Оқушыны шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа,икемділікке,тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Сондықтан,мен Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін. Осы мәселелрді қарай келіп, әрбір мұғалім өз жұмысына тұжырымдама жасағаны жөн.
Өзіме төмендегідей тұжырымдама жасадым.




жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау