Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
11
тӛрағалығына басқа жоғары оқу орнынан танымал ғалымдар шақырылады. Бұндай
әрекеттер
студенттердің
қызығушылығын
дамытумен
қатар,
университет
студенттерінің білім деңгейін басқа жоғары оқу орнының ұстазы бағалауы арқылы сол
оқу орындарының студенттерімен білім деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сӛйтіп, бұндай шаралар бәсекеге қабілетті маман даярлауға ӛз септігін тигізетіні
ақиқат. Жоғары бағаланған баяндамалар міндетті түрде ғылыми жинаққа енуге
мүмкіндік алуымен қатар, студент ақшалай сыйақы мен бағалы сыйлыққа ие болады.
Конференциялармен
қатар
университетімізде
студенттердің
пәндік
олимпиадаларын жүйелі түрде жыл сайын ӛткізу ӛз жемісін беруде. Біздің
студенттеріміз 2008-2009 оқу жылының ӛзінде республикалық студенттердің
олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болды: математикадан – жеке студент
(Хансеитова Айгерім) – Гран Приге ие болса, ал жалпы команда ІІ (екінші) орынды
иеленді; информатикадан – ІІ орын, психологиядан – ІІ орын; мектепке дейінгі білім – І
орын; қазақ әдебиеті – І орын; қазақ тілі – І орын;
2007-2008
оқу жылында Жоғары оқу орындарының арасында ӛткен
жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар
бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда
жүлделі орынға ие болған университеттің 8 студенті Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды. Олардың үшеуі – 1
дәрежелі, екеуі 2 дәрежелі, үшеуі 3 дәрежелі диплом иегерлері болса, Корпоративтік
Қазақстан Білім және ғылым қорының тағайындаған атаулы стипендиясына
университеттің 4 студенті ие болды.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
12
М Е К Т Е П К Е Д Е Й І Н Г І Ж Ә Н Е Б А С Т А У Ы Ш Б І Л І М Б Е Р У
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ
ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Әмірова Ә.С.- п.ғ.д., доцент ( Алматы қ.., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру стандартында: мұғалімнің
кәсіби іс-әрекеті нақтылы пәндік саласы педагогикалық шынайылықпен байланысты.
Демек кәсіби даярлықтың жетекші идеясы болашақ мұғалімдердің білім мен
тәжірибелік іс әрекеті кәсіби іс-әрекеттің объект ерекшеліктеріне оқу орнының тұтас
педагогикалық процесіне бара бар болуы керек, - деп кӛрсетілген.
Құзыреттілік туралы айтқанда Болон үрдісіне енумен байланыстыра отырып оның
кӛкейкестілігін оқу жүктемесімен және оқыту нәтижесімен байланыстырады.
Энциклопедиялық сӛздікте: құзыреттілік ұғымы
оқытушының кәсіби - педагогикалық
іс-әрекетінің жоғары деңгейі мен нәтижесіне кепіл бола алатын, мұғалім даярлау
үрдісін ұйымдастыру және технологиялық жағынан қамтамасыз етіп, мақсатын,
мазмұнын анықтайтын бірегей жүйе, - деген анықтама берілген [1.].
Болашақ маманның моделін қалыптастыру мен маманның кәсіби қызметінің
жүйелілік әрекеттік әдіснамасы мен отандық әдіскер зерттеушілердің шешімі бойынша
жоғары оқу орнынын жетілідіру бағыттары мен қазіргі шындықты негізге алып,
парадигмаларды алып пайдалануды оңтайландырып, кәсіби стандарттарды
дайындаймыз.
Бүгінде жоғары оқу орындарының білім беру мазмұнын қалыптастыруда жаңаша
тұрғыда әлемдік кәсіби маман дайындау динамизмінің жоғары деңгейін қамтамасыз
ету үшін оқу ақпараттарының концентрациясы және түйінді шектеудің қажет болды.
Болашақ маманның тұтас кәсіби келбетіне сәйкес оны дайындау жүйесіне негіз
болатын еңбек рыногындағы эвристикалық әдістердің құндылығы, маманның кәсіби
әрекеттерін үлгілеу әдістерін жасау қажеттілігінен жобалау кезеңінде еңбектің пәндік
және қызметік жағы айқындалады [2].
Соңғы жылдары университет түлектерінің практикалық әрекетке тез бейімделе
алмайтыны жиі сӛз болып жүр, ал базистік білім жоғары бейімделудің алғышарты
ретінде қарастырылады. Сондықтан да қазіргі жоғары кәсіптік білім стандартындағы
болашақ маманның біліктілік сипаттамасы олардың кәсіби әрекетін үлгілеуге негіз
болады.
Біздің тәірибемізде білім жүйесін жобалауда және оны меңгертуді құзыреттілік
тұрғысында қарастыра отырып, стандарт, оқу бағдарламалары, мен оқу әдітемелік
кешендерді білім саясатына сәйкес жаңарту қажет деп санаймыз. Ол бізге мынадай
мүмкіндіктер берді:
біріншіден, еуропалық білім жүйесімен салыстыратын, мӛлдір, тұнық
жоғары білім стандартын дайындау қажет.
бұған дейінгі оқу бағдарламаларын ӛңдеп қана қоймай, бакалавр,
магистр дипломын алатын мамандарды дайындауға арналған бағдарламаларды
жобалауда құзыреттілік пен әдіснамалық негізіне баса назар аудару қажет. Ӛйткені, ол
стандарттардың негізіне сандық және мазмұндық параметрлер емес, білім беру
үдерісінің сапалық нәтижесімен айқындалады.
еліміздің жоғары білімін еуропалық білім мен зерттеу кеңістігіне ену
үдерісін жүргізуде ӛзіміздегі білім беру сипатын сақтау қажет.
еліміздің экономика және еңбек рыногының сұранысына қарай жоғары
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
13
оқу орнында жалпы жүйелілікті сақтай отырып, оның тұлғалық және әлеуметтік мәнін
ескеру керек.
бітіріуші түлектерді жаңа білім парадигмасының субъектісі ретінде
ӛмірге бейімделуі мен әрекеттенуінің динамикалық ӛсуіне байланысты белсендіру
қажет.
Құзыреттіліктің мәні жаңа білімнің мәдениеті оны кең және тар мағынасында да
қолдануға болады яғни білім беру үдерісінің нәтижесін сипаттау үшін қолданылуында.
Неміс зерттеушісі Эрпенбектің пікірінше, құзыреттілік ұғымының теориялық мәні
А.Н.Хомскийдің теориясынан бастау алады. Ӛйткені, ол қарым-қатынас құзыреттілігін
белгілі кӛзқарастарын білдіруде ӛзін-ӛзі ұйымдастырумен байланыстырады.
Эрпенбектің пайымдауынша, құзыреттілік белгілі кӛзқарастарын білдіруде ӛзін-
ӛзі ұйымдастыру болып табылады. Себебі қазіргі жағдайда проблемалық мәселелерді
шешуде әрекеттерді кешенді түрде пайдалануға және жүзеге асыруға, динамикалық
жүйе ретінде құзыреттілікті қазіргі теорияда ӛзін-ӛзі ұйымдастыру, синергетика,
түбегейлі құрастыру, күрделілік және т.б. байланыстырады [3.].
Білімді меңгеру дағдысы мен қабілеттілігі оның жұмыс істеу барысында
мамандығында қажетті мәселелерді шешуде, әріптестерімен кәсіби қарым-қатынасты
дамытуға ықпал етеді. Стандартты дайындауда құзыреттілік элементі ретінде
тӛмендегілер:
әрекет ӛлшемі (сапа кӛлемі);
қолдану аясы;
талап етілетін білім.
Кәсіби құзыреттілік – ӛзінің әрекетінің нәтижесін бағалай алатын, туындаған
міндеттерді, мәселелерді ӛздігінен шешуді әдістемелік тұрғыда ұйымдастыруға
қабілеттілігі мен дайындығын мақсатқа бағыттап, талаптарға сәйкес әрекет ете білуі
болып табылады. Басқаша айтсақ пәндік дағдылармен байланысты оған сәйкес әдістер,
технологияларды саралап қолдана білу болып табылады.
Кәсіби құзыреттілікке мыналарды жатқызуға болады.
қазіргі «педагогикалық мәдениет», «педагогикалық шығармашылық»
ұғымдарына сәйкес кәсіби педагогикалық білім, біліктің даму логикасын дәлірек
анықтауға мүмкіндік береді;
педагогикалық білім мазмұнын құру бағдарын дәлірек анықтау
мүмкіндігі туады;
болашақ маманды даярлаудың барлық кезеңдерінде олардың кәсіби-
педагогикалық құзыреттілік деңгейін тексеру нақтамасын дәлірек құруға мүмкіндік
анықталады;
педагогикалық білім жүйесіндегі жаңа үрдістердің дамуына
жағымды ықпал етеді.
Кәсіби құзыреттілікке қалыптастыру қағидалары:
1. нақтамалық, яғни мінез-құлық пен ойлауда пайда болатын нақтамалық
нәтижеге қол жеткізуге бағыт алу;
2. кешенділік, пәнаралық-білімдік, сырттай факторлар мен әсерлерді есепке
алу;
3. кӛпфункциональдық: құзыреттілік педагогикалық білімді жаңарту құралы
ғана емес, оны қазіргі заман талабына сәйкестендіру. Ол мұғалім даярлау үрдісіне
маңызды ішінара түзетулер енгізіп, оған практикалық-бағдарлы сипат береді.
Кәсіби құзыреттілік құрамдары:
1. аксиологиялық, жалпыадамзаттық құндылықтар - адамның рухани дүниесін
байытады;
2. мәдениеттанушылық, кәсіби іс-әрекетте қажетті жалпы мәдени қабілеттер;
құндылықтар мен ұлттық мәдениет дәстүрлері, оларды сақтау, жаңғырту әрекеті;
Достарыңызбен бөлісу: |