№1 Тапсырма:
«ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын жаңғырту пәні мен объектісі. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын жаңғырту тарихының тарихнамасы» ұсынылған тақырып бойынша, сөздік-анықтама құрастыру.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді. 1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың [1]. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |