Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
32
вопрос или проблемную ситуацию, предполагают применение метода перебора
вариантов предназначены для развития творческой интуиции и пространственного
продуктивного воображения.
Задания II уровня сложности находятся на ступеньку ниже и направлены на
развитие основ системного мышления, продуктивного воображения, преимущественно
алгоритмических методов творчества. Под объектом в заданиях данного уровня
выступает понятие «система», а также ресурсы систем. Цель заданий данного типа –
развитие основ системного мышления учащихся.
Задания I (высшего, высокого, продвинутого) уровня сложности. Это открытые
задачи из различных областей знания, содержащие скрытые противоречия. В роли
объекта рассматриваются, ресурсы любых систем. Задания такого типа предлагаются
учащимся третьего и четвѐртого года обучения. Они направлены на развитие основ
диалектического мышления, управляемого воображения, осознанного применения
алгоритмических и эвристических методов творчества.
Выбираемые учащимися методы творчества при выполнении заданий
характеризуют соответствующие уровни развития творческого мышления, творческого
воображения. Таким образом, переход на новый уровень развития креативных
способностей младших школьников происходит в процессе накопления каждым
учащимся опыта творческой деятельности.
ЛИТЕРАТУРА
1. Унт И.Э. Индивидуализация и дифференциация обучения –М.: Педагогика,
1990 г.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения –М., 1972 г.
3. Словарь –справочник педагогических инноваций в образовательном процессе.
Составитель Л.В. Трубайчук –М.: издательство дом. «Восток», 2001 г.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақала бастауыш сынып оқушыларының музыкалық дамуын жүзеге асыруда
шығармашылық жұмыстардың жүйесі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о роли творческих заданий в музыкальном развитии младших
школьников.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҤНИЕТАНЫМЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АБАЙ ҚҦНАНБАЕВ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНЫҢ
МАҢЫЗЫ
Текесбаева А.М. – п.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруда Абай
Құнанбаев шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері аса зор.
Абай Құнанбаев - халқымыздың тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің
асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері. Данышпан ақынның ұлылығы туралы С.
Торайғыров "Асыл сӛз" ӛлеңінде былай дейді:
Ақыл сӛзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе!
Адалдықты кӛздесең,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
33
Жат тоқып ал кӛңілге, дей отырып, ақын жастарға Абай сӛзі қасиетті, ол
адалдыққа бастар бастау, бұлақ кӛзі деп түсіндіреді.
Абай, Шоқан мен Ыбырай сияқты халық ауыз әдебиетінің мол мұрасынан
сусындап ӛскен. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сӛзі білім мен
мәдениеттің маңызын насихаттай отырып, балалардың дүниетанымын дұрыс
қалыптастыруға арналды. Ұлы ақынның "Ғылым таппай, мақтанба", "Әсемпаз болма
әрнеге" ӛлеңдері кейінгі ұрпаққа айтар ӛсиеті үлгісінде жазылған. "Ғылым таппай,
мақтанба" ӛліңінде адам бойындағы қазынаның ең бастысы, әр баланың ұмтылатын
арманы - ғылым болуы керектігін айтады.
Ғылым таппай, мақтанба!
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге, - дей
келе, ғылым жолына ұмтылған әр адамның қандай нәрселерден қашық, қандай
нәрселерге асық болу керектігін жіпке тізгендей тізіп, саралап береді.
Ұлы ойшыл ақын "Әсемпаз болма әрнеге" ӛлеңінде:
Әсемпаз болма әрнеге,
Ӛнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!-
деп әр баланың ӛмірдегі ӛз орнын дұрыс таба білу қажетін ескертіп:
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар-
Сол жарасар туғанға, - дейді.
Ақынның бұл ӛлеңдері бастауыш сынып оқушылары үшін дүниетанымдық,
адамгершілік, эстетикалық кӛзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағдар береді.
Абай табиғат лирикасын ӛзінше жырлаған. Оның әсіресе, жылдың тӛрт мезгілін
суреттейтін ӛлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен жазылған сұлу жырлар.
Жайқалған гүл-бәйшешек, кӛкорай шалғыны мен күркіреген ӛзені бар
тамылжыған жаз да, ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау
қабақ қыс та, аспанын бұлт торлаған, гүлі солғын, сарғыш далалы күз де Абай
ӛлеңдерінде бейнеленеді.
Ақын ӛлеңдерінде табиғат пен адамның, қоғамның байланысы терең суреттеледі.
Тӛменгі сынып оқушыларының дүниетанымдық кӛзқарасын қалыптастыруда ұлы
ақынның табиғат туралы ӛлеңдерінің алатын орнына баға жетпейді.
Абай "Жаз" ӛлеңінде жазғы табиғатттың кӛркем кӛрінісін асқан шеберлікпен
бейнелейді, кӛкорай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау әлі қонып үлгермеген
ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суреттеледі.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Кӛкорай – шалғын, бәйшешек,
Ұзарып, ӛсіп толғанда,
Күркіреп жатқан ӛзенге
Кӛшіп ауыл қонғанда, - дей
келе, әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралап
жүрген ауыл иелері, жылқы соңындағы жылқышылар, су жағалап құс салған
бозбалаларға дейін алып, кӛшпелі ауылдың реалистік тіршілігі шағын ӛлеңнің ішіне
шеберлікпен сыйғызыла суреттеледі.
Ақын қыс табиғатын ӛзгешелеу стильде етіп суреттейді. "Қыс" ӛлеңінде де
табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Бұл әрекет табиғаттан гӛрі адамның
әрекетіне ұқсайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Достарыңызбен бөлісу: |