Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
9
Зертханаға 6 мектеп тірек-эксперимент мектептері ретінде бекітілген (Мамания
орта мектебі, Шарын қазақ орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі,
Ш.Уалиханов атындағы № 12 кӛпсалалы гимназия мектебі, Қарғалы №2 гимназия-
мектебі, Тасқарасу орта мектебі). Бұл мектептерде педагогикалық менеджмент, білім
және тәрбие мазмұны, инновациялық жаңа технология, ұл және қыздар тәрбиесін
ұйымдастырудың этнопедагогикалық негіздері, оқушылардың ӛзін-ӛзі басқаруын
ұйымдастырудың жаңа формалары тақырыптарында семинар-кеңестер ӛткізілді.
Зертхананың зерттеу нысанын аралас мектептердің, шағын жинақталған, ауыл, қала
қазақ мектептерінің мәселелері құрайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институтында 2006 жылдың 28-29 наурыз күндері «ХХІ ғасырдағы қазақ
мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
ӛткізілді.
Конференцияның мақсаты: қазақ мектебінің жай-күйін жете зерттеп-зерделей
келе, оның даму болашағын айқындау, білім беру сапасын арттыру бағытында кең
кӛлемде пікір алмасу, ой бӛлісу. Осы мақсаттарды орындау жолын анықтап, нақты
ұсыныстар қабылдау.
Конференцияның: «Қазақ мектебінің даму мәселелері: тарихы мен тәжірибесі»,
«Қазіргі қазақ мектебіндегі оқытудың инновациялық технологиялары», «Қазіргі қазақ
мектебі тәрбие жүйесінің этнопедагогикалық негіздері», «Жаңа формациядағы ұстаз
келбеті», «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі. Басқару мәселелері» атты 5
секциялары бойынша республиканың барлық орблыстарынан келген 207 баяндама
талқыланды. Конференцияға қатысушылар университет ректоры Ш.К.Беркімбаеваның
пленарлық мәжілісте жасаған «Қазақ мектебі – қазақ ұлтының бесігі» атты
баяндамасын секциялық отырыстарда қызу талқылап, қазақ мектебіне қатысты ӛткір
пікірлерін ортаға салып, тың ұсыныстар жасады.
Зерттеудің инновациялық әдістері зертханасы – (зертхана меңгерушісі С.С.
Мірсеитова).
Зертхананың мақсаты: философиялық тұрғыда адам мүмкіндіктерін,
психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, таным әрекетін қалыптастыру.
Зертхана 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Зертхананың
жұмысы сын тұрғысынан ойлау мен оқу мәселесіне арналған. Зерттеудің нәтижесі 2008
жылдың 28-29 наурызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде
ӛткен «Оқушының жеке басының дамуы: әлеуметтегі орны» атты конференцияда ӛз
бағасын алды.
Зертхана жетекшісі Мірсеитова Сапаргүл – Халықаралық Оқу Ассоциациясының
Евразиялық комитетінің тӛрайымы. Зертхана шетелдік ғалымдармен тығыз байланыста
жұмыс жасайды. Мысалы, АҚШ, Айова университетінің профессоры Дәвид Ландис
жыл сайын ӛз студенттерін ертіп келіп зерттеу жұмыстарын университеттің
ғалымдары және студенттерімен бірігіп ӛткізуде. Бұндай жұмыстардың студент
жастарға берері кӛп, әсіресе тіл үйренуде (американдық студенттер – қазақ тілін
үйренуге мүмкіндік алса, ҚызПУ студенттері – ағылшын тілін меңгеруде). Зертхана
жыл сайын ӛтетін халықаралық Оқу Ассоциациясының конференцияларына белсенді
қатысып отырады. Зертхананың ұйымдастыруымен «Дауыс&Кӛрініс» журналы шығып
тұрады. Қазіргі кезде зертхана жетекшісі 2009 жылдың айында Португалияның Брага
қаласында ӛтетін 16 Европалық конференцияға дайындық үстінде.
Университеттегі
ғылыми жұмысты қажетті деңгейге кӛтеру ғылыми
педагогикалық кадрлар әлеуетіне тікелей байланысты екені белгілі. Бүгінгі таңда Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 56-ғылым докторлары; 255-ғылым
кандидаттары жұмыс істейді. Олардың ішінде, тек қана Қазақстан Республикасына
емес, алыс-жақын шетелдерге де танымал ғалымдар шоғырланғанын айта кету керек,
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
10
олар: Тынық мұхит аймағы елдерімен және Жапония ғалымдарымен ынтымақтастықта
жұмыс істейтін профессор, Мемлекеттік ғылыми стипендия және «Жоғары оқу
орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері – Р.Б.Баймахан; «Дәстүрлі емес
энергия кӛздерін пайдалану» және «Физиканы оқыту әдістемесі» ғылыми жобаларға
жетекшілік жасап жүрген, «Құрмет» орденінің иегері тех.ғ.д., профессор
А.Ж.Жамалов; «Ӛзін-ӛзі тану» адамгершілік-рухани білім беру оқу әдістемелік
бағдарламасының жетекшісі, әрі кеңесшісі, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша
жарық кӛрген «Әлемнің әйгілі психологтары» он томдығының авторларының бірі,
«Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері – псих.ғ.д., профессор Х.Т.Шериязданова; Жалпы
білім беретін мектептерге (12 жылдық) арналған оқулықтардың авторы, «Құрмет»
орденінің иегері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант
иегері – Қ.А.Аймағамбетова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың және Ресей
Федерациясы тағайындаған К.Д. Ушинский атындағы медальдың иегері, п.ғ.д.,
профессор А.Қ.Құсайынов, «Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томының
құрастырушысы, халықтық педагогиканың даму тарихын түбегейлі зерттеген ғалым,
Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д., профессор С.Қ.Қалиев,
Этнопедагогика ғылымының әдіснамалық, теориялық негіздерін анықтап, дамуына
елеулі үлес қосқан ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д.,
профессор К.Ж.Қожахметова; Педагогика ғылымының әдіснамасын зерттеудегі зор
еңбегімен танымал ғалым, п.ғ.д., профессор Ш.Таубаева; Ресей Федерациясының
М.Ломоносов атындағы медалінің иегері В.И.Жұмағұлова; «Құрмет» орденінің иегері
– профессорӘ.Б.Бірмағамбетов; Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері – ф.м.ғ.д.,
А.Қ.Ершина; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант
иегерлері: ф.ғ.д., профессор Б.Хасанұлы, х.ғ.д., профессор Б.М.Бутин, филос.ғ.д.,
профессор Н.Қ.Сейтахметов, п.ғ.к., доцент Р.Р. Масырова, п.ғ.к., доцент И.А.Әбеуова,
ф.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова, п.ғ.д., профессор Ж.Н.Сүлейменова, п.ғ.к.доцент
Р.Дәрменова. Бұндай жетістіктер университет ғалымдарының жоғары деңгейі мен ӛре
биіктігін байқатады.
Университеттің халықаралық байланыстары
Университет
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында біраз
жетістіктерге қол жеткізген. Оған дәлел университет Туркия жоғары оқу орындары
Ассоциациясының (ЙОК) және Педагогикалық білім беру ғылымдары Халықаралық
академиясының мүшесі (Мәскеу), EWHA Корея қыздар университетімен, Кангнам
(Корея, Сеул), Айова штаты(АҚШ) университеттерімен және басқа да Ресей,
Қырғызстан, Ӛзбекстан, Тәжікстанның ЖОО –мен ынтымақтастық байланыста.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алдында тұрған басты
міндеттерінің бірі - аға ұрпақтың еліміздің ғылымын дамытудағы ӛнегелі істерін жаңа
серпінмен жалғастыра алатын жас ғалымдарды тәрбиелеу.
Осыған орай, университет студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына,
шығармашылық ізденістерге тарту үшін 2004 жылы Кіші ғылым академиясы құрылды.
Кіші ғылым академиясы үйірмелер арқылы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысын, әр
түрлі конференциялар ұйымдастыруға, студенттердің қалалық, республикалық,
халықаралық конференцияларға, олимпиадаларға, кӛрмелерге қатысуына ықпал етіп
отырады.
65 жылдық тарихы бар университетімізде студенттердің тұңғыш ғылыми-
практикалық конференциясы 1948 жылы ӛткізілген, ал 2008-2009 оқу жылында 62 - ші
ғылыми-практикалық конференциясы ӛтті. Конференцияда студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарының нәтижелері жан-жақты талқыланады. Ғылымға қызығушылығы
бар студенттерді қолдау мақсатында Жас ғалымдар кеңесі мен Кіші ғылым академиясы
тарапынан әр секция бойынша эксперттік комиссиялар құрылып, комиссия
Достарыңызбен бөлісу: |