Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет32/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
68 
сауатсыздық,  білікті  жұмыссыздық,  қазіргі  ӛндіріске  сәйкес  мамандардың 
жетіспеушілігі  мәселелері  асқынуда.    Қалыптасып  отырған  жағдайдан  шығудың 
жалғыз шешімі - барлық білім беру жүйесіне озыңқы сипат беру болып табылады.  
Қоғам  ӛмірінің  барлық  саласындағы  адам  факторының  бастапқы  маңыздылығы 
кӛрініс  алып  отыр.  Бүгінгі  орын  алып  отырған  әлеуметтік  мәдени  үрдістері 
жағдайында ондағы адам ролін және орнын ӛзгерту қажеттілігі туындап отыр. Кәсіптік 
оқытудың    тек  операциялық  техникалық  жағына  бағытталуы  рецептуралық, 
технократиялық,  догматикалық  және  агрессивтілігімен  айқындалатын  маманның 
барынша  тар  азаматтық  және  кәсіптік    санасын  қалыптастырады.    Нарықтық 
экономика  жағдайында  бұндай  маман  әлеуметтік  қорғалмаған:  кез-келген  жұмысты 
ауыстыру қайта оқуды талап етеді, ал кӛпжағдайда ол жұмыссыздыққа әкеліп соғады. 
"Эрудитті"  оқытудың  дәстүрлі  міндетінің  орнына,  бірінші  орынға  стандартты  емес 
ойлайтын  шығармашылық  адамның      дамуы  қойылады.  Осыған  байланысты  оқыту 
ақпараттық  қамсыздандыруды  кеңейтуге  емес,  ӛмірдің  ӛзін  тану  және  жасау,  оны 
жақсы  жаққа  ӛзгерту  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс.    Алғашқы  рет 
тұлғаның  ӛзекті  қыры  ретінде  ӛз-ӛзін  әлеуметтік-мәдени  анықтау  қабілетін 
қалыптастыру міндеті қойылады. Кәсіптік оқытудың сапасына бірыңғай әмбебап талап 
пайда  болады  –  бұл  маманның  нарық  жағдайына  икемді  бейімділігін,  нарыққа 
қабілеттілігін  қамтамасыз  ететін,  кәсіби  құзырлығы.  (Ф.Н.  Клюев,  А.Я.  Найн,  М.П. 
Сибирская, В.А. Сластенин). 
Білім  беру  жүйесінің  бірыңғай  негізі  ретінде  жалпы  адамзаттық  рухани 
құндылықтар  алынады,  мұнда  демократия,  адамның  құндылықтары,  толеранттық 
негізгі  компоненттер  болып  табылады.  Оның  салдарынан  әлемдік  қоғамдық  сананың 
демократиялық  бағыты  дамуда.  ¤зіндік  дамуды  қамтамасыз  ететін  адамның  ӛзіндік 
құндылығын  түсіну,  әрқайсысының  ерекшелігін  мойындау,  демократиялық  қайта 
түрленудің  ұйытқысы  болып  табылады.  (Ш.А.  Амонашвили,  К.Я.  Вазина,  Б.Т. 
Лихачев, П.И. Пидкасистый, В.И. Слуцкий). 
Білім  берудің  гуманизациясы  және  гуманитаризациясы  демократиялық 
ӛзгертулер  кӛрінісінің  негізгісі  болып  табылады.  Осыған  орай  білім  беру  үрдісі 
адамның барлық құқықтарын сыйлауға кепілдік беретін, ӛзін-ӛзі кәсіби және тұлғалық  
анықтауда  негізгі  болып  табылатын  қабілеттерін  дамыту  қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын орта ретінде қарастырылуы қажет.  
Ғылыми зерттеулер пайда болып  кең таралуда,  әсірессе ақпараттық технология 
аумағында  бұл  кәсіптік-экономикалық  білім  беруді  ұйымдастырудың  әртүрлі 
формаларын жүзеге асыру мүмкіндігін береді (В.П. Беспалько, А.А. Вебрицкий, М.В. 
Кларин, В.П. Симонов). 
Әлемнің  түрлі  мемлекеттерінің  практиктері  мен  ғалымдары  білім  берудегі 
дағдарыстың  мәні  қоғам  ӛмірінің  ӛзгеру  шарттары  мен  білім  беру  арасындағы 
айырылыста  деп  тұжырымдайды  және  бұдан  шығудың  жолын  олардың  ӛзара 
үйлесуінде кӛреді. 
Үздіксіз  кәсіптік  білім  беру  адамның  бүкіл  ӛмірі  бойында  ӛзіндік  іске  асырылу 
мүмкіндіктерін жоғарылату үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек. 
Қазіргі  жағдайдағы  кәсіптік-экономикалық  білім  беру  аумағында  мемлекеттік 
саясат  жеке  қызығушылықтың  кәсіптік  қызығушылықтарға  бағынуына  емес,  ал 
кәсіптік  қызығушылықтың  жеке  қызығушылықтарға,  социумға  және  оған  қатысты 
бағынуына негізделеді.  
Жоғары білім беру мекемелеріндегі жаңа білім беру парадигмасының теориялық 
негізі  В.И.  Загвязинскийдің,  Ю.А.  Конаржевскидің,  Р.Х.  Шакурованың,  С.А. 
Шапоринскийдің  және  тағы  басқалардың  еңбектерінде  қаралған.  Үздіксіз  кәсіптік-
экономикалық білім беру мәселелерімен айналысатын мамандардың байымдауындағы 
пайда  болатын  қарама  қайшылықтарды  белгілемеуге  болмайды.  Олар  дәстүрлі  жүйе 
немесе  білім  беру  үрдісін  инновациялық  қайта  түрлендірудегі  білім  берудің  басым 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
69 
бағыттарын анықтауда кӛрініс алады. (И.В. Бестужев – Лада, А.Г. Гостев, Л.В. Занков, 
В.В. Давыдов). Студенттердің үздіксіз кәсіптік-экономикалық даму мәселесін жоғарғы 
оқу орындарының ӛзіндегі  білім беру үрдісіндегі  иновациялық бастамалардың дамуы 
тұрғысынан  қарастырған  жӛн.  Бұл    ынтымақтастық  жүйелі  әдістеме  жүйелілік 
қағиданы  іске  асыру  жолында  мүмкін  болады  (Р.Ф.  Авдеев,  В.Г.  Афанасьев, 
Л.Берталанфи,  М.Мессарович,  Ф.Ф.  Королев,  В.Н.  Саготовский,  Я.  Тахикара). 
Мақсаттардың,  элементтер  мен  қатынастар  байланысының  субординациясы  П.Р. 
Агутованың пікірінше жүйелілік қағиданың мазмұнды жағы болып табылады.  
Жүйелілік  қағидасы  оқыту  объектілерін  жүйе  құрушы  байланыстар,  олардың 
иерархиясы,  ұйымдастырушы  құрылымы  тұрғысынан    қарауды  білдіреді.  Яғни, 
жүйелілік  қағидасы  жалпы  әдістемелік  таным,  танымның  құндық  бағыттары, 
зерттеудегі  кешендік  әдістеме  сияқты  гнесеологиялық  қызметпен  байланысты.  
Жүйенің  байланыс,  қарым-қатынас  иерархиясы  жүйелілік  қағидасының  жетекші 
белгісі болып табылады.  
Аталған  қағиданы  жоғарғы  оқу  орын  студенттерінің  кәсіптік-экономикалық 
дамуы  мәселелерін  зерттеу  негізі  ретінде  қарастыру  жүйелілік  әдістеме  жолында 
мүмкін  болады.  Жүйелілік  әдістеме  жалпы  қағидалар  мен  заңдылықтардың 
жиынтығын  кӛрсетеді.  Жүйелілік  әдістеме  мәнінің  және  оның  ғылыми  танымдағы  
роліне  деген  кӛзқарастардың  кӛптүрлігі  осымен  түсіндіріледі  (П.Р.  Агутов,  И.В. 
Блауберг, Э.Г. Юдин). 
Жүйелілік  әдістеме  шегінде  білім  беру  үрдісінің  классикалық  кӛзқарастарымен 
қатар    жаңа  әдістемелерді  қолдануға  болады.  Жүйелілік  әдістеменің  мәні  кӛптеген 
түрлі  құрылымдарды сипаттау дағдысында ғана емес, сонымен қатар олардың ішінен 
берілген мақсаттарды іске асыруға қажетті соңғы нұсқаны белгілеуде.  
Жүйелілік әдістемеге  жүйелі  талдау  сәйкес келеді. Жүйелі  талдау  – бұл  күрделі 
әлеуметтік, экономикалық мәселелер бойынша шешімдерді негіздеу және дайындауда 
қолданатын әдістемелік құралдардың жиынтығы.  
Жүйелі  талдау  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  үрдісін  жаңадан  түсінуге 
мүмкіндік береді:  
Біріншіден, оқу-тәрбиелік үрдіс тек жүйелі әдістеме негізінде басқаруға болатын 
күрделі жүйе ретінде танылады; 
Екіншіден,  жүйелі  талдаусыз  оқытудың  және  тәрбиелеудің  педагогикалық 
теориясын  құрастыру,  педагогикалық  құбылыстардың  мәнін  түсіну,  педагогикалық 
үрдісті  басқаруды жетілдіру шарттарын, факторларын үлгілеу мүмкін емес; 
Үшіншіден,  білім  беру  әрекеті  зерттелетін  объектілер  құрылымына  сәйкес 
әдістерді  қолдануды  талап  етеді.  Педагогикалық  үрдіске  жүйе  ретінде  жүйелі  әдіс, 
жүейлі тұғыр сәйкес келуі керек; 
Тӛртіншіден, жүйелі талдау және жүйелі әдістеме – бұл тек қана танымдық әдісі 
ғана  емес,  сонымен  қатар  жүйенің  қызметін  ұйымдастыру  болып  табылады  (А.М. 
Дрыгин, М.Е. Дуранов, Н.В. Кузьмина). 
Оқу  үрдісінде  қолданылатын  жүйелі  талдау  келесі  қағидалар  шегінде  жүзеге 
асырылады: 
  Объективтілік,  яғни  ғылымдылық  қағидасы,  оқу  үрдісінің  мәнін, 
байланыстарын, қозғаушы күштері мен қызметтерін ашуға мүмкіндік береді; 
   Танымдық қағидасы, танымның ғылыми әдістерін таңдаумен, олардың оқу-
танымдық әрекеттегі  оптимизациясымен байланысты; 
  Детерминизм  қағидасы,  жүйе  элементтері  байланысының  оқыту  жүйесін 
жетілдірудің, оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының шартты себебі; 
  Даму қағидасы, оқыту жүйесі және оның элементтерінің дамуынан тұрады; 
  Тарихи  қағида,  оқыту  жүйесін  нақты  тарихи  шарттарға,  қоғам  дамуының 
қажеттіліктеріне байланысты қарастыру.  
 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау