Пәннің атауы Баскетболдағы теориялық және әдістемелік негіздері



жүктеу 126,66 Kb.
бет9/16
Дата16.01.2022
өлшемі126,66 Kb.
#32605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
1578938162039 силлабс мекте бакет теория әдісте

Үлгі жаттығулар:

  1. Шабуылдайтын ойыншы беру мен алып жүруді қолдана отырып, қарсы жақтағы қалқанға қарай жақындап допты лақтыруы керек. Ауысу төмендегідей ретте орындалады: қозғалу жолының бойындағы оң жэне сол жағында түрған ойыншылармен допты беру кезінде өзара әрекет жасау. Қорғаушы берілғен доптарға қарсы әрекет жасайды жэне шабуылшының қозғалысына кедерғі келтіре, оның допты қабылдап, беруіне мүмкіндік бермеуі тиіс. Осы жатгығуды екі қорғаушының бір шабуылдаушыға қарсы әрекет жасауымен орындауға болады.

  2. Үйренушілер уш адымнан үш командаға бөлінеді. Барлық үш команда да бір қалқанға шабуыл жасайтындай жаттығу ойынын өткізеді. Бір шабуылдаушы командаға бірден екі команда қарсы әрекет жасайды.



Тақырып 8.Баскетбол ойынындағы негізгі техникалық және тактикалық әрекеттерін жетілдіру.

Баскетбол ойынындағы негізгі техникалық және тактикалық әрекеттер.Қозғалыста допты беру және ұстау. Баскетбол ережесі бойынша қолында добы бар ойыншы жүрісін шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Бірінші адым жасамас бұрын төмендегі қозғалыс қимылдарын жасау керек: аяқты жерге тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын екінші аяқпен келесі адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты үстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады. Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де орындалуы мүмкін. Бұл ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте шапшаң беруді жүгірістің алгашқы адымында да жүзеге асыруға болады.Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы бір адым да жасамай, доп қолға тиген бойда, келесі адамға береді. Шапшаңдықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру.Шапшандық пен бағытты өзгертіп доп алып жүруді бастапқыда баяу жүгіріс кезінде орындау керек. Кейін шапшандықты бірте- бірте арттыра түседі. Бағытты өзгертіп алып жүру ептілігі ойын кезінде қорғаушының қарсы қимылын жеңу ушін қажет. Бағытты өзгерту үшін, мысалы, допты оң қолмен алып жүрсе, онда сол аяқпен адым жасалады, доп ілгері-төмен итеріледі және сол қолмен допты алып жүріп, қозғалыстың бағытын өзгертеді.Қозғалыс кезінде допты лақтыру. Әдетте, лақтырулар жүгірістен кейінгі секірулерде орындалады. Сөйтіп, қозғалыс кезіндегі лақтыруларга қозғалыс уақытындағы допты берулер секілді қимылдар кескіндемесі тән. Бұл жағдайда секірулер тіке, жоғары қарай орындалады. Қозғалыс кезінде 180°-қа жэне 360°-қа бұрылыстар жасалуы мүмкін.Допты қозғалыс кезінде беру. Доп бүл тәсілмен командалас екі ойыншы бір бағытқа жүріп, не жүгіріп бара жатқанда беріледі. Қабылдаушы қарсыласы жоқ ашық жерге шығуға тырысады, ал беруші ыңғайлы сәтті пайдаланып допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан, бүйірден немесе төменнен, не допты еденнен шоршытып өз серігіне қарай лақтырады. Жаттығуды жұптасып не үш бұрышта тұрып үйренеді.Қозғалыс кезіндегі лақтырулар бір аяқпен итеріліп секіру кезінде орындалады. Орын ауыстыра жүріп, баскетболшы тірексіз жағдайда допты ұстап, жерге түскеннен кейін бірінші адымды, сосын екінші адымды жасайды. Секіру үшін ол осы аяқпен серпіледі. Қолдар бұл ретте жоғары қарай созылып және қолдың бірқалыпты қимылымен лақтыру жүзеге асырылады.Допты айып алаңынан баскетбол торына лақтыру. Айып добы кеудеден екі қолмен немесе бір қолмен екіншісіне жәрдемдесе отырып лақтырылады. Бұл төмендегідей шарттардың орындалуымен жүзеге асырылады: айып добын лақтыратын алаңда тұрып, допты еденге бір-екі рет соғып алады, кейіннен терең тыныс алып демді шығармастан допты торға секіріп лақтырады.

Ойын техникасы. Шабуылды жүзеге асыру үшін допқа ие болу қажет. Осындай мақсатта мына әдістер қолданылады: допты ұстау, оны беру, алып жүру және шығыршыққа тастау.

Допты үстау. Допты бір және екі қолмен үстауға болады. Допты дэл ұстау үшін қолды алға созу керек. Ұшып келе жатқан доп қолмен түйіскен кезінде қол сәл бүгіледі. Бір қолмен допты үстау барысында қолдың саусақтары ашылып, алға созылады.

Ойын барысында эр түрлі биіктікте үшып келе жатқан допты ұстау ұстаушының дене қалпына байланысты. Бүл жағдайда қозгалыстың алғашқы бөлігі ғана өзгереді (үшып келе жатқан доптың бағытына байланысты қолды созу).

Допты үстауды және қолды үсыну қалпын тексеру төмендегідей жаттығулар арқылы жүзеге асырылады:бастапқы қалыпта тұру қалпынан жылдам отырып, жерде жатқан допты екі алақанмен үстап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. Тұрегеліп тұрып допты алақанмен бірге әрі-бері қозғау;бұл да осындай, бастапқы қалыпта түрып допты жерге тастау, еденнен шоршыған допты қайта ұстау;допты жоғары лақгырып, қайта ұстау;қарама-қарсы түрған ойыншының лақтырған добын немесе қабырғадан қайтқан допты ұстау.

Допты беру - негізгі әдіс. Допты дәл әрі тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді:

  • кеудеден беру;

  • төменнен беру.

Бастапқы қалыптың әрқайсысында екі қолмен жэне бір қолмен беру арқылы орындалады. Қазіргі баскетболда допты берудің кең тараған түрлері - кеудеден екі қолмен жэне иықган бір қолмен беру. Бұл беруде допты дэл, тура, эр түрлі қашықтықтан жеткілікті шамадағы күшпен беруге болады. Допты бұлай беруді жетілдіру үшін мыналарды есте сақтаған жөн.

Екі қолмен кеудеден беру. Допты кеуде тұсында ұстайды, шынтақ төменде. Қолды алға сермеуіне байланысты доп алға қарай ұшады, осылай беру қолдың толық түзуленуімен аяқталады.

Екі қолмен иықтан беру. Бастапқы қалыпта доп иық деңгейіндегі екі қолдың біреуінің алақанында, шынтақтан бүгулі түрған қолда үсталады. Қолды алга қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымен аяқталады. Осылай допты берудегі жетілдіру мынадай жаттығулар арқылы жүзеге асады:

беру;

  • ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айнала орналасады; ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа бір оқушыға беріп, соның орнына барып түрады. Осылай ойынға қатысушылардың барлығы бір-бірден допты беріп шығады.

Ойында допты орнында түрып беру көп кездесе бермейді, сондықган жоғарыда айтылған жаттығуды қозғалыста орындауға тырысу қажет. Бүл жерде баскетбол ережесін үмытпай жэне артық қадам жасамауға дағдыланған жөн. Бірінші адымда допты үстасаңдар, екінші адымда аяқгы кеңірек алып, үшіншіде аяқты жерге тигізуден бүрын допты лақтыру керек.

Допты алып жүру. Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі - баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алақан арқылы төмен үрғылап алып жүреді. Бүл қозғалыс шынтақгың бүгіліп жазылуына байланысты. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан-жағында болып жатқан жагдайды бақылау үшін денені тік үстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты жерге багыттау мен допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты.

Шығыршыққа лақтыру. Допты шығыршыққа лақтыру бір және екі қолмен орындалады. Шығыршыққа лақтыру техникасы допты беру әдісіне ұқсайды, тек доптың үшуында айырмашылықтар болады. Барлық жағдайда допты лақтырудың көрсеткіші дене мүшелерінің, әсіресе, аяқ пен қолдың үйлесімді қимылдарына байланысты. Әр түрлі қашықтықтан (бір орында, қозғалыста, допты үстағаннан кейін, допты алып жүру кезінде және ойламаған жерде тоқтағанда) шығыршыққа доп лақтыра білу қажет. Қазіргі баскетболда кең тараған тәсіл - жоғарыдан екі қолмен және бастан асыра бір қолмен лақтыру.

Жоғарыға бастан асыра екі қолмен лақтыру, көбінесе, секіру кезінде және бір орында тұрып орындалады. Бастапқы қалыпта доп бастан сәл биіктеу, қолдың алақаны алға қараған, шынтақ буынын жоғары-алға жазу арқылы доп өз бағытындағы шығыршыққа қарай лақгырылады. Бастан асыра бір қолмен шығыршыққа лақтыру кезінде допты бір қолдың алақанында ұстайды. Осы жағдайда екінші қол допты алдынан не жанынан ұстауға көмектеседі. Қалған қимылдар екі қолмен тастау әдісіндей орындалады.

Допты қарсыластан тартып алу. Бұл тәсіл допты жұлып алу және қағып жіберуден тұрады. Олар қарсылық көрсету тәсілдеріне жатады.

Егер қарсылас допты бір орында ұстап тұрса, онда допты өзіңе қарай екі қолмен жұлқи тартып алып немесе қарсыласыңа арқанды бере отырып допты жұлқи ілгері әрі төмен қарай бағыттаған дұрыс.

Қолдан қағып жіберу жоғарыдан не төменнен допты қолдың қырымен ұрып жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Ойын тактикасын үйрену. Жас баскетболшылардың тактикалық іс-қимылға үйренуіндегі басты міндеттері - зейінді, ойын жағдайын толық бақылай білу қабілетгілігін дамыту; дербес жэне толық тактикалық іс-әрекетгерді үйрену; ойын кезінде туындайтын тактикалық міндеттерді ізденіспен шешу үшін ойынды жүргізу мен әрекеттер жасаудың негізгі жүйелерімен танысу.

Ойынды тактикалық үйренуде төмендегідей реттілік сақгалады: алдымен жеке тактикалық іс-әрекеттерді игеру, содан соң екі-үш ойыншының өзара топтық іс-әрекеті жэне командалық іс-қимылдарды үйрену. Осыған байланысты ойынның осы жүйесі үшін жеке және топтық әрекегтерге тән қимылдар нақтыланады.

Ойын тактикасын меңгеру үшін қорғаныс пен шабуылдың екі жақты өзара іс-қимылындағы кейбір тәсілдерді үйрену қажет. Бұл ойыншылардың қимыл-қозғалысын ынталандыратын немесе шектейтін белгілі бір шартгылықтарды жаттығуларға енгізуді талап етеді.

Шабуылдау тактикасы. Жеке іс-әрекеттер. Ойыншылардың доппен жэне допсыз әрекет етуі: допты ұстап алуға шығу немесе қарсыласын алаңдату мақсатында бос жерге шығу. Шабуылдаудың техникалық тэсілдерін орындаудың аз ғана қорының өзі жеке-дара әрекет етудің тактикасын үйренуге мүмкіндік береді.Алдымен тәсілдерді қолдану амалдарын үйрену, кейін ойыншы осы тәсілді допсыз жасауды үйренуі қажет, содан соң сол тәсілдің тактикалық жағына көбірек көңіл аударылатын жаттығуларды іріктеп алып үйрену керек. Бүл үшін жаттыгудың екі нұсқасы берілуі мүмкін, окушы оның біреуін ғана таңдап алады. Мысапы, оқушы допты алып келе жатып белгіге байланысты (қолды көтеру, т.б.) допты не мүғалімге береді, не шығыршыққа лақгыруды орындайды.

Жеке әрекеттерге үйренуде нақты ойындық жағдайда немесе өзара іс-қимыл жасауда кейбір тактикалық әрекетгердің тиімділігін анықтап алулары керек. Өйткені осы уақытқа дейін жеткілікті мөлшерде техниканы меңгеріп үлгереді. Мүғалімнің қоятын талабына оқушылардың шамалары толық жетеді.


жүктеу 126,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау