Пәннің атауы Баскетболдағы теориялық және әдістемелік негіздері


Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттыгулар



жүктеу 126,66 Kb.
бет6/16
Дата16.01.2022
өлшемі126,66 Kb.
#32605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1578938162039 силлабс мекте бакет теория әдісте

Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттыгулар:

  • жүгіру барысында күтпеген жағдайдагы тоқтау;

  • тоқтағаннан кейін кенет алға ұмтылу және қайтадан тоқтау;

  • секіруден кейінгі немесе допты алып жүрген кездегі тоқтау.

Межелі жерге жетуді қысқарту, қарсыластың қарсы әдіс-

әрекеттерінен құтылу, бағытты өзгерту жэне қарсыласынан допты жабу үшін бұрылу әдістері қолданылады. Ойыншының бұрылыстағы қозғалысы циркульдің қозғалысына үқсайды. Тірелетін аяқтың үшы орнынан қозғалмайды, екінші аяқ әр түрлі бағытган адымдар жасайды. Бүл әдіс қиын емес, бірақ ол үнемі дамытуды қажет етеді. Мүны мынадай жатгығулармен жетілдіруге болады:

  • баскетболшы бастапқы қалыпта тұрып, өз еркімен алға және артқа бұрылыстар жасау;

  • дәл осындай, бірақ бұрылысты көру арқылы жасау;

  • жүппен орындау; шеңберде бірінші ойыншы екінші ойыншының алдына тоқтайды да, артқа бұрылады, екінші ойыншы орнында түрады, бірінші ойыншы жаттығуды әрі қарай жалғастырады;

  • екі қатармен арнайы белгіленғен жерге дейін жүгіріп барып тоқтау, артқа бұрылу, алға қарай бүрылу, жүгірісті әрі қарай жалғастыру;

  • жұппен орындау (біреу доппен, екіншісі қорғаныста): добы бар ойыншы бұрылуды орындау арқылы допты қорғаушыға бермеу үшін жабады, қорғаушының міндеті - допты тартып алу;

  • шығыршықтан кері қайтқан допты артқа бұрылу барысында ұстау және арнайы белгіленген жерге дейін допты алып жүру және беру.

Ойын техникасы. Шабуылды жүзеге асыру үшін допқа ие болу қажет. Осындай мақсатта мына әдістер қолданылады: допты ұстау, оны беру, алып жүру және шығыршыққа тастау.

Допты үстау. Допты бір және екі қолмен үстауға болады. Допты дэл ұстау үшін қолды алға созу керек. Ұшып келе жатқан доп қолмен түйіскен кезінде қол сәл бүгіледі. Бір қолмен допты үстау барысында қолдың саусақтары ашылып, алға созылады.

Ойын барысында эр түрлі биіктікте үшып келе жатқан допты ұстау ұстаушының дене қалпына байланысты. Бүл жағдайда қозгалыстың алғашқы бөлігі ғана өзгереді (үшып келе жатқан доптың бағытына байланысты қолды созу).

Допты үстауды және қолды үсыну қалпын тексеру төмендегідей жаттығулар арқылы жүзеге асырылады:

  • бастапқы қалыпта тұру қалпынан жылдам отырып, жерде жатқан допты екі алақанмен үстап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. Тұрегеліп тұрып допты алақанмен бірге әрі-бері қозғау;

  • бұл да осындай, бастапқы қалыпта түрып допты жерге тастау, еденнен шоршыған допты қайта ұстау;

  • допты жоғары лақгырып, қайта ұстау;

  • қарама-қарсы түрған ойыншының лақтырған добын немесе қабырғадан қайтқан допты ұстау.

Допты беру - негізгі әдіс. Допты дәл әрі тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді:

  • кеудеден беру;

  • төменнен беру.

Бастапқы қалыптың әрқайсысында екі қолмен жэне бір қолмен беру арқылы орындалады. Қазіргі баскетболда допты берудің кең тараған түрлері - кеудеден екі қолмен жэне иықган бір қолмен беру. Бұл беруде допты дэл, тура, эр түрлі қашықтықтан жеткілікті шамадағы күшпен беруге болады. Допты бұлай беруді жетілдіру үшін мыналарды есте сақтаған жөн.

Екі қолмен кеудеден беру. Допты кеуде тұсында ұстайды, шынтақ төменде. Қолды алға сермеуіне байланысты доп алға қарай ұшады, осылай беру қолдың толық түзуленуімен аяқталады.

Екі қолмен иықтан беру. Бастапқы қалыпта доп иық деңгейіндегі екі қолдың біреуінің алақанында, шынтақтан бүгулі түрған қолда үсталады. Қолды алга қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымен аяқталады. Осылай допты берудегі жетілдіру мынадай жаттығулар арқылы жүзеге асады:

  • екі қатарда тұрып, допты бір-біріне бір адым жасау арқылы

беру;

  • ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айнала орналасады; ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа бір оқушыға беріп, соның орнына барып түрады. Осылай ойынға қатысушылардың барлығы бір-бірден допты беріп шығады.

Ойында допты орнында түрып беру көп кездесе бермейді, сондықган жоғарыда айтылған жаттығуды қозғалыста орындауға тырысу қажет. Бүл жерде баскетбол ережесін үмытпай жэне артық қадам жасамауға дағдыланған жөн. Бірінші адымда допты үстасаңдар, екінші адымда аяқгы кеңірек алып, үшіншіде аяқты жерге тигізуден бүрын допты лақтыру керек.

Допты алып жүру. Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі - баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алақан арқылы төмен үрғылап алып жүреді. Бүл қозғалыс шынтақгың бүгіліп жазылуына байланысты. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан-жағында болып жатқан жагдайды бақылау үшін денені тік үстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты жерге багыттау мен допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты.

Шығыршыққа лақтыру. Допты шығыршыққа лақтыру бір және екі қолмен орындалады. Шығыршыққа лақтыру техникасы допты беру әдісіне ұқсайды, тек доптың үшуында айырмашылықтар болады. Барлық жағдайда допты лақтырудың көрсеткіші дене мүшелерінің, әсіресе, аяқ пен қолдың үйлесімді қимылдарына байланысты. Әр түрлі қашықтықтан (бір орында, қозғалыста, допты үстағаннан кейін, допты алып жүру кезінде және ойламаған жерде тоқтағанда) шығыршыққа доп лақтыра білу қажет. Қазіргі баскетболда кең тараған тәсіл - жоғарыдан екі қолмен және бастан асыра бір қолмен лақтыру.

Жоғарыға бастан асыра екі қолмен лақтыру, көбінесе, секіру кезінде және бір орында тұрып орындалады. Бастапқы қалыпта доп бастан сәл биіктеу, қолдың алақаны алға қараған, шынтақ буынын жоғары-алға жазу арқылы доп өз бағытындағы шығыршыққа қарай лақгырылады. Бастан асыра бір қолмен шығыршыққа лақтыру кезінде допты бір қолдың алақанында ұстайды. Осы жағдайда екінші қол допты алдынан не жанынан ұстауға көмектеседі. Қалған қимылдар екі қолмен тастау әдісіндей орындалады.

Допты қарсыластан тартып алу. Бұл тәсіл допты жұлып алу және қағып жіберуден тұрады. Олар қарсылық көрсету тәсілдеріне жатады.

Егер қарсылас допты бір орында ұстап тұрса, онда допты өзіңе қарай екі қолмен жұлқи тартып алып немесе қарсыласыңа арқанды бере отырып допты жұлқи ілгері әрі төмен қарай бағыттаған дұрыс.

Қолдан қағып жіберу жоғарыдан не төменнен допты қолдың қырымен ұрып жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Ойын тактикасын үйрену. Жас баскетболшылардың тактикалық іс-қимылға үйренуіндегі басты міндеттері - зейінді, ойын жағдайын толық бақылай білу қабілетгілігін дамыту; дербес жэне толық тактикалық іс-әрекетгерді үйрену; ойын кезінде туындайтын тактикалық міндеттерді ізденіспен шешу үшін ойынды жүргізу мен әрекеттер жасаудың негізгі жүйелерімен танысу.

Ойынды тактикалық үйренуде төмендегідей реттілік сақгалады: алдымен жеке тактикалық іс-әрекеттерді игеру, содан соң екі-үш ойыншының өзара топтық іс-әрекеті жэне командалық іс-қимылдарды үйрену. Осыған байланысты ойынның осы жүйесі үшін жеке жэне топтық әрекегтерге тән қимылдар нақтыланады.

Ойын тактикасын меңгеру үшін қорғаныс пен шабуылдың екі жақты өзара іс-қимылындағы кейбір тәсілдерді үйрену қажет. Бұл ойыншылардың қимыл-қозғалысын ынталандыратын немесе шектейтін белгілі бір шартгылықтарды жаттығуларға енгізуді талап етеді.

Тақырып 7.Аландатарлық қимылдар Финттер . ойын тактикасын жетілдіру Алаңдатарлық іс-әрекеттер (финттер). Егер ойыншыны қарсыласы өте-жақыннан бағып жүрсе немесе ойластырылған беру жолында қарсыластың қорғаушысы болса, онда беруді табысты орындауға жәрдемдесетін алаңдатарлық эрекетгер жасау қажет. Мысалға, егер допты бастан асыра жоғары беру тиімді болса, онда



қарсыласқа төменгі пасты орындайтындай ниет көрсету керек, ал содан кейін қажетті беруді жылдам орындаған дұрыс.

Шабуылдау тактикасы. Жеке іс-әрекеттер. Ойыншылардың доппен жэне допсыз әрекет етуі: допты ұстап алуға шығу немесе қарсыласын алаңдату мақсатында бос жерге шығу. Шабуылдаудың техникалық тэсілдерін орындаудың аз ғана қорының өзі жеке-дара әрекет етудің тактикасын үйренуге мүмкіндік береді.

Алдымен тәсілдерді қолдану амалдарын үйрену, кейін ойыншы осы тәсілді допсыз жасауды үйренуі қажет, содан соң сол тәсілдің тактикалық жағына көбірек көңіл аударылатын жаттығуларды іріктеп алып үйрену керек. Бүл үшін жаттыгудың екі нұсқасы берілуі мүмкін, окушы оның біреуін ғана таңдап алады. Мысапы, оқушы допты алып келе жатып белгіге байланысты (қолды көтеру, т.б.) допты не мүғалімге береді, не шығыршыққа лақгыруды орындайды.

Жеке әрекеттерге үйренуде нақты ойындық жағдайда немесе өзара іс-қимыл жасауда кейбір тактикалық әрекетгердің тиімділігін анықтап алулары керек. Өйткені осы уақытқа дейін жеткілікті мөлшерде техниканы меңгеріп үлгереді. Мүғалімнің қоятын талабына оқушылардың шамалары толық жетеді.


жүктеу 126,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау