Педагогика мен білім беру тарихында оқу барысында студенттерді белсенді етудің сан-алуан әдістері мен формалары ойластырылады. Олардың кейбіреулеріне қазіргі уақытта ерекше мән берілуде (жобалау әдісі), ал кейбіреулері дәстүрлі оқыту қатарында болғанымен (эвристикалық әңгіме, зертханалық жұмыс т.б.) оларға деген қарым-қатынас өзгеріп отыр: мәселен жиырмасыншы ғасыр соңында өріс алған оқытудың ұжымдық түрі, проблемалық оқыту, авторлық мектеп т.б. Жалпы интерактивті оқыту теориялық та, практикалық та тұрғыдан зерттеуді қажет ететін дидактка міндеттерінің бірінен саналады. Ал интерактвті оқыту формаларын, әдістерін пайдалану мұғаліммен оқушымен қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай қалайды. Педагокилық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интеративтік оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шындайтындығы дау тудырмайды. Сонымен интерактивті оқыту әдісі, тек іс-әрекеттің өзара әсерлесуі ғана болмайды, ол мұғалім мен оқушы көзқарасы тең дәрежеде шығармашылық жұмыстануда әлеуметтік тұлғаралық қарым-қатынас моделін құрайды. Интерактивті қолдану кезінде оқытушы, қарастырылап жатырған тақырыптың ашылуын танымдық белсенділігімен шектеліп, өз бетінше жібермей, бұл оқушы мен оқытушының біріккен әрекеті екенін естен шығармаған дұрыс.
№11 дәріс тақырыбыПедагогикалық инновация
Педагогикалық инновация туралы түсінік
Жаңа педагогикалық инновация түрлері
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу - тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Елімізде оқу - ағарту жүйесін қайта құру, мектеп рефомасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, оқушылардың білімді өз бетімен ізденуіне үйрету және білім негіздерін демократиялық интеграциялық ұстанымдарға орайлас әр баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тәрбиелеу талап етілуде.
Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесін елеулі өзгерту қажеттігі жайында мәселе көтеріліп, онда білім берудің «стандарттың» ұсыну басты нысанға алынды. Білім стандарты - әр бір шәкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін бағдарлама.
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.
Қазір кез-келген пәнді оқытуда пәнаралық байланыс арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.
Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құныдылқ жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.
Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік бағалауы. (Бұл бақлауды жұптың өзара бақылауына да жаратуға болады).
Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары.
Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары.
Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары, т.б.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).
Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, жоғары.
Жаңа тақырыпты өмір мен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтары): төмен, орта, жоғары.
Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б. төмен, орта, жоғары.
Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. [31;28-29]
Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б.
Осындай қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де, оқушы да тұлғаны тану және таныту жолында қызмет жасайды.
Қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісне негізделген оқыту – интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлінуде. Оқыту үдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағыда қатысуы қажет: 1) ақпараттық (ақпараттың берілуі және сақталуы); 2) интерактивті (біріккен іс-әрекетке өзара әсердің ұйымдастырылуы); 3) перцептивті (адамның басқа адамды қабылдауы және түсінуі).
Қазіргі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр.
«Қарым-қатынас мәдениеті», «Риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курстарын ендіру.
Оқу жағдаяттарын банша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.
Интерактивті оқыту үрдісінде оқу диалогының сөздік емес және сөздік тәсілдерін қарастырып көрелік.
Сөздік емес оқыту тәсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады:
-визуальды;
-акустикалық және т.б.
Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:
-ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен «дұрыс» жауапқа алдын ала бағытталған жауаптар емес, мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды айту);
-мұғалімнің өз тұғырын өзара әрекеттесуде анықтаушы ретінде емес, сонымен қатар оқушыларға сабақ барысында «дұрыс» және «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы;
-сабақтың қалай және неге жүзеге асатынын түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болды, келешекте қалай шешуге болады;
-сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу.
Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс; оқу пікірсайысы; «Сократтық диалогтар»; ойындық жобалау; ми шабуылы; пікірталас; дөңгелек үстел. Енді осы әдістерді қолданудың әдістемесін қарастыралық.
Топтағы жұмыс немесе «Өзаралық». Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.
1-кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни, оқушылар оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға және өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі.
2-кезең. Жұппен жұмыс. Әрбір топша мүшесін өзіндік шартты белгімен бейнелейміз: төрт адам – алфавиттің төрт әрпімен А,Б,В,Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде әрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. Мысалы, А-Г, В-Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне әкелу. Уақыты - 10 минут.
3-кезең. Жұп болып жұмыс жасауды жалғастыру. Төрттіктегі жұптар тағы да алмасады. Мазмұны өзгермейді. Бұрынғы жұптардың өкілдері әріптестеріне мәселені өзіндік шешудің жолдарын және жаңарту мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің табылған шешімін қорғай білуге үйренеді.
4-кезең. Топтық шешімді қабылдау. Әрбір төрттік жиналады. Топ мүшелерінің мәселені шешу әдістерінен хабары болса да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, сонымен қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі.
Жұмыстың бұл формасы, яғни, ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкін береді. Әсіресе, бұл өзгелерден қысылатын оқушыларға көмектесіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді. Бірақ, барлық әдістер сияқты бұл әдістің де өзіндік кемшіліктері бар. Мәселен, оқушылар шағын топтың пікірімен ғана санасып, тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа фомасы «Мозайкаға» көшуге болады. Бұл әдістің мәні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортаға шығаруынан тұрады. Бұл әдістің мазмұны алдынғы әдістермен бірдей. Алайда бұл әдістің ерекшелігі мәселенің шешімін топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.
1-кезең. Шеңбер ішінде мәселе шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мәселе төрт адамнан тұратын кіші топтардың ішінде шешіледі. Әрбір қатысушы талқылаудың (15-20 минут) соңында сол топтың ортақ шешімінің жоспарын білуі керек.
2-кезең. Адамдар арасында мәселені шешу. Бұл жағдайда да кезеңнің аты кейінгі әрекеттерді көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан «әріптік бірлік» қағидасы бойынша құралған топтар (А-А-А-А) келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады.
3-кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты – 15-20 минут. Бұл өзара әрекетте әрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді.
Сабақты интерактивті түрде өткізген кезде оқушылар тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше
№12 дәріс тақырыбы Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы.
Негізгі тұжырымдық ойлар
Баланы қолдау технологиясы.
«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.
«Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім беру үрдісінде қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered" («тұлға орталықты») және "pupil - centered" («оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің гуманистік педагогикасы және гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді [29, 30].
Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл пікірлердің көптігі былайша түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әр қайсысын тұлғалық бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді. Қазіргі педагогикалық сөздікке жүгінсек, «тұлға» - 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкерілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам [31].
«Тұлға» ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдарында зерттелуде. Ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау негізінде анықтағанымыз: тұлғалық бағдарлы білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін Е.В. Бондаревская [32-38] терең зерттеген. Оның айтуынша, тұлғалық бағдарлы білім берудің сапасы мәдениетке сәйкестік ұстанымымен анықталады. Ұстанымның мәні – тұлғаны дамытушы және жетілдіруші орта ретіндегі мәдениет пен білім арасындағы, сонымен қатар баланың тәрбиесі мен дамуы арасындағы қарым-қатынастарды анықтау. Яғни, білім беру мазмұнының мәдениет орталығы – бірегей жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және аймақтық мәдени құндылықтар. Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзіжүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндірумен қалыптасады.
Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасын И.С. Якиманская толық зерттеген [39-41]. Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық бағдарлы оқытуда оқушының субъектті тәжірибесіне сүйенуі керек. Субъектті тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс - әрекеттің негізі болып табылады. Білім беру үрдісінде мұғалім беретін тәжірибесі және оқушының субъектті тәжірибе мәдениеттілік сипатқа иеленеді, өзгереді, дамытылады, жетілдіріледі.
И.С.Якиманскаяның тұжырымдамасында тұлғалық бағдарлы педагогикасының білім берудегі мақсаты – баланың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру.
Тұлғалық бағдарлы білім берудің тағы бір шарты педагогикалық технологияға қатысты. Оның идеясы: түсіндіруден – түсінуге, монологтан – диалогқа, әлеуметтік бақылаудан – дамытуға, басқарудан - өзін-өзі басқаруға көшу. Педагогтың негізгі міндеті – қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.
Тұлғалық бағдарлы педагогикалық технологиялары диалогтық тұжырымдамаларда беріледі. Онда диалогтың жалпылама идеясы адам санасының негізі ретінде қарастырылады. Диалогтық қарым-қатынас әмбебап құбылыс деуге болады, өйткені ол адамдық сөз және барлық қатынасты бойлай өтеді және адамзат өміріне байланысты жалпы мән мен мағынаның бәрін қамтиды. .
Тұлғалық бағдарлы технологиялар дегеніміз педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жеткізуде қажет құралмен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, операциялар мен шаралардың реттелген жиынтығы.
Бұл авторлар өз зерттеулерінде тұлғалық бағдарлы білім берудің ұстанымдарына сәйкес технологиялардың алты түрін белгілейді: оқытудың диалогты әдістері; ойын технологиялары; тренингті технологиялар; интеграцияланған тұлғалық бағдарлы технологиялар; оқу-кеңістік ортасы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары. [64].
Осы аталған оқыту технологиялары әртүрлі болғанмен, олардың жалпы бір ұқсастығы бар: практикада олардың барлығы оқытудың сынып-сабақ жүйесінде негізделеді. Бірақ оларды практикада қолдану мынадай факторлармен қиылыспайды: ең жақын даму аймағында оқытуды ұйымдастырумен (тұлғалық бағдарлы білім беруде ең бастысы осы болып табылады); шығармашылық оқыту әдістерімен; оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне оқытудың бағытталуымен.
Дәл осы факторлар оқушы тұлғасына бағытталған оқытудың моделін жасауда ең негізгілер болып табылады.
Қазіргі уақытта сынып-сабақ жүйесінде де тұлғалық бағдарлы білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар бір сыныпта түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқасын қолдануға, оларды оқушылардың таңдап, ең жақын даму аймағына сәйкес жеке жылдамдықпен ұйымдастырылуына, әрбір оқушының дер кезінде кәсіби көмек алуына, оқытудың шығармашылық сипатта болуына, материалды проблемді ұсынуға мүмкіндік береді. Ол мүмкіндікті қазіргі информатика мен телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырады.
Тұлғалық бағдарлы білім беру моделі қазіргі мектептердегі білім беру модельдері мен педагогикалық жүйелерден ерекшеленеді. Ең алдымен, ол модель балаға оқыту үрдісінде таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Онда мұғалімнің оқыту стиліне оқушы бейімделмейді, керісінше, мұғалім түрлі технологиялық құралдарды меңгере отырып, өзінің жұмыс жасау тәсілдері мен әдістерін баланың танымдық стиліне сәйкес шебер қолдануы шарт. Білім, білік және дағдыны меңгеруге бағытталған модельді тұлғалық бағдарлы білім беру моделімен салыстыра отырып, мұғалім мен оқушының оқытудың мақсат-мазмұнын, құралдарын таңдаудағы мүмкіншілік шеңберін көруге болады.
№13 дәріс тақырыбы: Оқытушы іс-әрекетіндегі оқытудың интерактивті әдістері
Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.
Коммуникативті ойын және рефлексия.
Интерактивті технология әдістеріне мыналар жатады: 1) эвристикалық әңгіме, 2) пікірсайыс әдісі, 3) “миды шабуылдау” әдісі, 4) “дөңгелек үстел” әдіс, 5) “іскерлік ойын” әдісі және т.б.
Осы әдістерге тоқтала кетсек.
Эвристикалық әңгіме әдісі өз атауын Сократтық “эвристика” (грек сөзінен – табамын, іздеймін, ашамын) деген сөзінен алынған. Оның ежелгі грекиялық нұсқауында бұл әдіс сократтық әңгімелерге негізделе отырып, сол кездегі білім жүйесінің бір түрін көрсеткен. Ол жылдарда бұл сократтық әңгіме оқушылардың өзіндік ізденісін талап ететін жетекші тамаша сұрақтармен ерекшеленген.
Эвристикалық әңгіменің тақырыбының мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақты фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет. Интерактивті оқыту технологиясының бұл түрі көбінесе бастауыш сынып оқушылары және жеткіншек жастағы балалармен жүргізіледі.
Эвристикалық әңгіме Сократ әңгімесінен бір жағынан бөлек болса, екінші жағынан тамаша озат құрылған сұрақтарға оқушының қызығуын арттыруымен, олардың ойлауын белсендірумен ұқсас келеді. Өзінің психологиялық табиғаты бойынша эвристикалық әңгіме – қойылған сауалға жауап іздеу немесе ұжымдық ойлау ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл әдістіпедагогика ғылымы проблемдік оқұытудағы проблемдік-іздеу әдісі мен эвристикалық әңгімені бір-біріне ұқсатады. Педагогика бұл екі әдіс арасында формальді-сандық шек қояды: егер эвристикалық әңгіме тақырыпты ашуда тек қана бір элементті есепке алса, ал проблемдік-іздену әдісіне – тұтас проблемалық жағдай сериясы арқау болады.
Ал қазір эвристикалық әңгімені проблемдік оқытудың қатарына қоймай қарастырайық. Бірақ бұл ойлағыштық әңгіме ұжымдық кеңеске айналып, аралық шешімнің әртүрлі нұсқауларымен алмасып, оқушылар өзара жұмыс істеп, өзара көмек көрсетіп, бір-бірінің ойлауын белсендетеді. Сондықтан да эвристикалық әңгімені интерактивті технология әдістерінің қатарына жатқызу өте мәнді.
Құрылға сұрақтар проблемдік оқытудың шарттарына эвристикалық әңгімені өрістету, күшейту үшін бағынады. Сонымен проблемдік жағдаймен туындайтын эвристикалық әңгіме мұғалімнің айрықша шеберлігін талап ететін интерактивті оқытудың бір әдісі болып табылады.
Бұл әңгіме түрі жүру барысында мына жүргізушілер тарапынан мына жағдайлар ескерілуі керек:
әңгіме тақырыбы қызықты, әрі проблемалық сипатта болуы;
оқушылардың қойылған мәселені талқылауға белсене араласуы;
оған сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауы;
оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу;
өзара түсінушіліктің болуы;
олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру;
белсенді оқушыларды және оларды дұрыс жауаптарын көтермелеп, қолдап отыру;
кемшіліктері болса, әдеппен түзеу т.б.
Келесі кезекте пікірталас әдісі. Пікірталас – тұрмыстық сауалдармен қатар саясат, идеология теорияларының проблемаларының плюрализмдік пікірі құпия болмаушылық кезінен бастап, тек соңғы жылдарда интерактивті технология әдістері қатарына жатқызылатын болды.
Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында оқушылар мен студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зеттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.
Пікірталасты ұйымдастыру әрі құрылымды жағынан өте күрделі болып келеді. Оқытудың басқа әдістерінен мұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікіралмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді. Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.
Ол әдіс арнайы алдын-ала дайындалған оқу бағдарламасындағы теориялық сұрақтарды еркін әңгіме ету, эвристикалық әңгімеден туындап, “жағалауға шыққан” пікірталасқа айналады.
Ендеше бізде, пікірталас технология тұрғысынан қалай сипатталады деген сұрақ туындайды?
Біріншіден, пікірталас – пікір аласу кезінде туындайтын әртүрлі ойлардың арасында қызу күрес жүретін сөз-әрекеттік диалогтық формасы. Мұнда әңгімелесу кезіндегідей ой алмасу қарқынды түрде еес, әртүрлі темпте өтілуі мүмкін. Бұл әдістің басты ерекшелігі – пікірталасқа түсіп жатқан адамдардың ой-пікірлері қайдан алынғаны белгісіз емес, нақты және дәлелденген болып келеді.
Екіншіден, психологияда ой-пікірлердің тоғысып, олардан пікірталас жаңа бір нәрсе шығарып, кейін ол да тіптен, өзгеше, дара, айтысатындай ой туындайтыны қызықты. Бұл жердегі пікірталас пен ойлаудың арасындағы себеп-салдарлық өзара қатынасты Л.С.Выготский зерттеген.
Әдетте, ой қорытындысынан шешім шығарылып, сондықтан да ойдың алуандығы пікірталас туғызса, ал бұл жағдайда керісінше: пікірталас жаңа ой тудырып, ойлау процесін белсендетеді.
Иновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде пікір сайыс технологясы тиімді құралдардың бірі. Бұл бағдарлама Қазақстанға 1996 жылы “Сорос” қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген бастапқы семинарларының арқасында келген. Аталған бағдарламаның әдістемесі қазақстандық ұстаздардың тарапынан жай қабылданып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық жалғасын да тапты.
Бағдарламаны ілгері дамыту және оның ауқымын кеңейту мақсатында 1998 жылы “Ұлттық Пікір Сайыс Орталығы” Қоғамдық Қоры құрылған.
Бүгінде “Пікір сайыс” бағдарламасы оқытудың басқа иновациялық әдістемелерімен қатар қанатын кең жайып, Қазақстанның әрбір обылысын қамтыды.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып оқыту-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі таңда, білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікір сайыста оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қана қоймай, мұғалімман тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы емес жетекші позицияны ұстады. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, ал білімді ол әртүрлі жерден табуы мүмкін шешімдеріде әр оқушыда сан түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Пікір сайыс шығармашылық тұлғаның дамуына үлесін қосқаннан басқа, бүкіл іс-әрекетті білімге негізделген тұлға тәрбиелейді.
Пікір сайыс оқыту мен тәрбие үрдісіне маңызды өзіндік рөл атқарады . “Цивилизацияның аса маңызды міндеті – адамды ойлай білуге үйрету” – деп Эдиссон атап көрсеткендей, пікір сайыс оқушылардың өздігінен қалыптасқан логикалық интуициясының тереңдей түсуіне, дәйекті және дәлелді ойлау мен пайымдау дағдыларын қалыптастыруға көмектееседі.
Бірін-бірі танып, ойындарда бір-бірімен сұхбаттасып , ал қалалық турнирлерге қатысқанда, бірлесіп дайындық өткізу барысында, сабақ арасында да, сабақтан тыс уақытта кітапханаға бару, ортақ мақсат оларды достастырады. Бос уақыттарында олар кездесіп, ой бөлісіп, бір-біріне қол ұшын береді.
Қорыта келе, пікір сайыс ұлттық ерекшелігімізге сай келетін бірден-бір жаңа педагогикалық технология, оны үш түрлі бағытта пайдалануға болады:
Оқу үрдісінде.
Тәрбие сағаттарында
Сыныптан тыс уақытта, дебат клубында.
Пікір сайысты оқу үрдісінде қолданудың пайдасы өте жоғары,
өйткені:
- Пікір сайыс – философиялық, психологиялық, саяси лингвистикалық ғылым.
Ол жаңа оқыту, дамыту технологиясы.
Интелектуалдық тұрғыда нені талап етеді?
жоғары интеллектуалдық мүмкіндіктер;
қызығушылық, ынта;
білім қоры;
оқушы - өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбенқарайды;
ойлануға, зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дәлелдеуге үйренеді;
ашық, әсерлі, нақты сөйлейді;
логикалы, жүйелі ойлауға, ой қорытындысын жасай алады;
достық, ұстамдық, пікір сыйлау, құрметпен қарауға дағдыланады;
шешендік дағдысы жетіледі;
белсенділік, инициатившілдік дамиды.
“Пікірталас бәсекесі – үйренуге, үйретуге тұрарлық өнер. Өйткені, оқушының өз бетімен ізденіп, білім алуын және шығармашылық белсенділігін арттыруын көздейді. Саяси сауатты, еркін көзқарасы бар, демократиялы қарым - қатынасқа қалыптасқан қоғамдағы тұлға өсіп жетіледі.Сондықтан да пікірталастың интерактивті оқыту технолгияларының ішіндегі ең тиімдісі деп танылуы бекер емес”. [3;27]
“Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі мен термині ең алғашында Сократтық эвристикалық Диалогты негізге ала отырып жасалынған.
1983 жылы ірі жарнамалық компания иегері Алекс Ф.Осборн өзінің фирмасында кейін қызметкерлерімен “миға шабул” деп атап кеткен әдісті тәжірибеленген. Миға шабуыл кезінде кез-келген идеялар тыңдалына беріп айтылған ойда ешкімге, сынап, келеке еткізілмеген. Айтылған пікірлердің барлығы қағазға жазылып, келесі жиналыста талқыланған.
Фирма жетекшілерін миға шабуылдың жемесі керемет идеялардың көптеп пайда болуы бірден таңырқатқан. Әдістің сәттілігі соншалық, ол 50 жылдарда барлық Американдық корпорациялардың басты қаруы бола бастаған.
Тікелей “миға шабуылдау” ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.
Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.
Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.
“Дөңгелек үстел” әдісі саясат және ғылым жағынан педагогикалық келген әдіс. Әдетте, “дөңгелек үстел” саясат пен ғылымның әртүрлі саласының өкілдерімен белгілі бір проблеманы талқылап, шешу үшін ұйымдастырылады. Бұл әдісте пікіралмасу белгілі бір пікірлердің сәйкес келуіне мүмкіндік береді, ал ол болашақ жұмыстануда жалпы қорытындыны анықтаудың қызметін атқарады, содан келіп қоғамымыздағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады.
“Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.[4;20]
Қысқаша айтсам, психолгияны оқытуда “дөңгелек үстел” әдісі әртүрлі формалы болады. Егер ең маңызды шартты ескерсе және оны мүлтіксіз орындаса, міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек, теориялық проблемаларды шешуде әртүрлі аспектілі позиция мен көзқарасты сараманда жүзеге асырылады. Егер мұндай қажеттілік болып, я, болмаса және ол барлық жағынан саналы түрде қаралмаса, онда "дөңгелек үстел" әдісі әдеттегі, әрбіреу тек өзіндік ойын білдіріп, консенсус туындатпайтын жай ғана жиын болып есептеледі.
“Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді.
Ресей психологтары: “”Ойын – бұл шартты жағдайларда ғылым және мәдениет заттарымен әлеуметтік бекітілген әдістерде қоғамдық тәжірбиені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы”,-дейді.
Іскерлік ойын әдісі ең алғашында білім беру жүйесінде емес, тәжірибелік басқару саласында алыптасқан. Бүгін де іскерлік ойын әдісі тәжірибенің әртүрлі аймақтарында: зеттеу жұмыстарында, жобалық өңдеу процесінде, шынайы өндірістік жағдаяттарда ұжымдық шешім шығаруда, сонымен қатар әскери салада қолданылады. Айта кетсек, іскерлік ойынның болашақ үлгісіне негіз болған, ұрыстың шарты мен әрекеттерін суреттейтін әскери ойындардың жағдаяттардан тұратын әскерлерді ұрысқа дайындау мақсатымен құрылған ерте заманна келе жатқан “әскери ойындар” екен.
Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы оқушылардың бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.
№14 дәріс тақырыбы: Ақпараттық оқыту технологиясы
Компьютер – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы Витагенді оқытудың теориялық негіздері
Мәліметтер қоры
Бүгінгі күні оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуінде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты борлып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық-техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірбиеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз.
Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекомуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.
Алдымен жаңа ақпараттық технологияға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақрпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпаратық технология дегеніміз – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудың жаңа ақпаратты технология аса қажетті технологиялық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкееледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:
“тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);
негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологияның ең маңыздысы ретінде қолдану);
монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;
“ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау;
білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:
оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
оқытудың диалог түрінде болуы;
басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект
субъект, объект-субъект ;
жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;
оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыларға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындауға мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсендік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі біреулеріне жаңа материл түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.
Орындалатын тапсырмалардлың түрлері көбейеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі – оқу іс-әрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып оқушылармен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың әрқайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.
Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару дипазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.
Компьютер оқушыда өз іс-әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс-әрекетінің нәтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.
Компьютер мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана мәліметтер қоры болып қала береді. Мұнда да мұғалім қажет және оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып өзін-өзі дамыта алады.
Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді.
Мәліметтер қоры дегеніміз – компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік , графикалық ақпарат енеді. Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асады.
Иерархиялық мәліметтер қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері болып табылдаы.
Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бір атрибуттар меншіктеледі (автор, түйінді сөз, аймақ, ақпарат түрі, т.б.) және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асады.
Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді (кейде үш өлшемді) матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп атайды.
Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының
құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады.
№15 дәріс тақырыбы: Бағдарламалық оқыту негіздері.
Кәсіби даярлықты компьютерлеудің екі жақты сипаты.
Компьютер қазіргі оқу үрдісінде.
Оқытудың мультимедиялық-технологиясын қолданып интерактивті дәріс өткізу әдістемесі.
Бағдарламаланған оқыту 1950 жылы АҚШ қаласында пайда болды.Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер есімімен байланысты. Бағдарламаланған оқыту- оқытудың мақсат пен міндеттерін, оқытудың қызметін анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі- бихевиоризм болып табылады. Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның обьектісі болды. Әсіресе, Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламаланған оқытудың принциптері қатты сынға алынды. Скиннер педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ және жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады. 1960 жылдың басында бағдарламаланған оқытудың скиннерлік нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шыға бастады.Мұнда тексттер бірнеше сұрақтардан тұрды және оларға әртүрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді әдіске жатпайды. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер бойынша, үйрету-стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны әрі қарай орындауға сигнал рөлін атқарады. В.Оконь бойынша Скиннердің түсінігінде сызықты бағдарлама келесілермен сипатталады:
дидактикалық материал қадамдар деп аталатын азғантай мөлшерлеп бөлінеді, оны оқушылар қадам сайын қадамдап оп-оңай меңгереді;
бағдарламаның жеке шеңберінде орын алатын сұрақтар мен ақтаңдақтар өте қиын болмауы тиіс, себебі оқушылардың жұмысқа қызығушылығы жоғалады;
оқушылар сұраққа жауапты өздері береді және ақтаңдақтарды толтырады, ол үшін олар қажетті ақпаратты қолданады;
оқыту барысында оқушылар олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екені жөнінде хабардар етеді;
барлық оқушылар кезекпен бағдарламаның барлық шеңберінен өтеді, алайда оның әрбіреуі оны өзіне ыңғайлы жылдамдықпен меңгереді;
жауап алуда жеңілдіктер беретін бағдарламаның бас жағында көп берілетін нұсқаулар біртіндеп шектелінеді;
ақпаратты механикалық есте сақтау болмас үшін бір ой бағдарламаның бірнеше шеңберінде әртүрлі варианттарда қайталанады.
Тармақталған бағдарламалау (Н.Кроудер) сызықтық бағдарламалаудан қадам таңдаудағы көптілігімен ерекшеленеді. Ол іс-әрекеттің қатесіздігіне ғана емес, мұғалімнін қате туғызатын себепті анықтауына бағытталған. Осыған сәйкес, тармақталған бағдарламалау оқушылардан ой еңбегін талап етеді, шын мәнінде ол «ойлау прцесін басқару» болып табылады(В.Оконь). Тармақталған бағдарлама сызықтыққа қарағанда толығырақ, ол адамды үйретудің ерекшеліктерін ескереді(мотивацияны, мағыналылық, жылжу жылдамдығының әсері). Бағдарламаланған оқыту 60-шы жылдардың аяғында 70-ші жылдардың басында Л.Н.Ланданың еңбектерінде жаңа дамуын бастады, ол бұл процесті алгоритмдеуді ұсынды. Л.Н. Ланда бойынша, алгоритм оңай болғандығынан жақсы түсініліп, барлық оқушылар орындайтын кәдімгі жай әрекеттерінің кезектілігі жөніндегі ереже. Алгоритм- бұл осы әрекеттертуралы, олардың қайсысы және қалай жасау керегі туралы нұсқаулар жүйесі.
Бағдарламалану келесі талаптарға жауап беретіндей оқытудың теориясына негізделуі керек:
А) немен басқару керектігін көрсету, сонымен қатар қатысушылардың әртүрлі қызмет түрлерін меңгеру жолының үрдісі қалай өтетінін көрсету. Соның ішінде танымдық қызмет.
Б) ақпарат мазмұнын анықтау үшін басқару боьектісін көрсету.
В) меңгеру кезеңдерін көрсету.
Сонымен, бағдарламаланған оқытудың дамуы үшін танымдық қызметті қалыптастыратын оқыту теориясы қажет. Бағдарламалаған оқытудың қызметі- мақсатқа жету үшін қажетті амалдарды таңдау және осы қызметтің орындау процесін ұйымдастыру. Бағдарламаланған оқытудың негізгі әдістемелік амалдары:
іс-әрекеттің бағыттылқ негізінің схемасы- қатысушы меңгерген әрекетті қатесіз орындауға мүмкіндік береді.
оқу тапсырмасы- әртүрлі бейнелік ситуацияларды модельдейді. Оқу тапсырмаларын заттық, логикалық, және психологиялық деп бөлуге болады.
Білім беру процесінде басқарудың, бағдарламалаудың басымдылығы ой-еңбегі әрекеттерін сатылап қалыптастырудың психологиялық теориясына негізделген оқытудың бағытында аса толығырақ және теоретикалық негізделген. П.Я. Гальперин «психикалық процестің пайда болу құпиясын ашу» міндетін қойып, яғни материалдық, заттық идеалды, психикалыққа қалай өзгеретінің құпиясын ашу үшін осы қайта өзгерудің тұтас схемасын әзірледі. Н.Ф.Талызинамен бірлесіп, бұл теория оқыту процесінде іс жүзінде жүзеге асырылды. Оған теоретикалық постулаттар көзі болып отандық психологияда Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев зерттеген келесі ережелер болды:
әрбір ішкі психикалық-айналған, интериоризацияланған сырттай; психикалық функция алдымен интерпсихикалық, соңынан интрапсихикалық болады;
психикалық, ішкі әрекеттің сыртқы, пәндік әрекет сияқты құрылымы бар;
психика мен әрекеттің мәні бірлік, ол сәйкес келушілік: психикалық әрекет барысында қалыптасады, әрекет психикалықпен реттеледі.
№16 дәріс тақырыбы: Оқыту процесі және ойынның маңызы
Ойынның оқыту процесіндегі қызметтері
Ойынның түрлері
Ойынның ерекшеліктері
Проблемалы оқыту туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиетте көп айтылып та, жазылып та жүр, бұл жайлы пікірталастар да баршылық.
Кейбір авторлар проблемалық оқытуды оқытудың өз алдына ерекше проблемалы оқыту басқа әдістер (эвристикалық әңгіме, баяндау, оқушылардың өздігінен бақылау, эксперимент жүргізуші, іздену әдісі т.б. ) арқылы іске асырылады. Біздің ше, проблемалық оқыту – жаңа әдіс те, оқытудың жаңа жүйесі де емес, оны оқтыу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі деп қаралғаны дұрысы. Психологтардың (Л.С. Рубинштейн, Н.А.Менчинская, А.М. Матюшкин т.б. ) пікірінше, бұл құбылыс адамның таным әрекетінің, әсіресе ойлау ерекшелігіне байланысты пайда болған. Л.С. Рубинштейн жалпы проблеманың болуы – адамның дұрыс тану әрекетінің негізгі бір сипаты деп қарайды. Ол «ойлау-проблемалы жағдайдан басталады» деген.
Проблемалы оқытуда көздейтін мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі бір проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.
Проблемалы оқыту – проблема, проблемалық сұрақ, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдаят (ситуация) деген ұғымдарды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсіндірудің маңызы зор.
Кез-келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап ізденуде оқушыларға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблемалы міндет дегеніміз – осындай жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін мәселе. Міндет мазмұны деп, белгілі ізденіліп отырғанның арасындағы қайшылық нәтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз. Мұның жауабын практикалық операциялар арқылы табуға болады. Сондықтан кез-келген міндет проблема болмайды.
Проблемалы оқыту тек проблемалы жағдаят тудырып қана қоюда емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгеруді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда (мәтінде) кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс.
Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл - оқылатын материалға сай оқушы тараптарынан дұрыс сұрақ қоя білуден басталу керек. Өйткені оқушылар баяндалатын мәтінге байланысты ондағы ой, пікірді дұрыс ашуға көмектесетін нақты, дәлел, дұрыс сұрақ қоюды білмейді. Мысалы, мұғалім әдеби шығармаларды талдап, осы шығармалардағы басты кейіпкер мынау болып табылады деп соған тоқталады, түсіндіреді немесе әдеби ағынға талдау жасап, оның өкілдерін атайды, осы кезде оқушы тарапынан: «Біз мұны неге негізгі кейіпкер деп ерекшелейміз?», «Әдеби ағымның тууы неге байланысты?», «Бұл ақындарды неге осы ағымға ғана жатқызамыз?» т.б. осылар сияқты сұрақтар қойылады.
Ал фактілерді зерттеп шешуге мүмкіндік беретін сұрақтар логикалық жағынан қарама-қайшылық тудырады.
Қарама-қайшылықтың пайда болуы оқушы алдында проблеманың тууына, оны шешу үшін ойдың тікелей қатысуына мүмкіндік жасайтын құбылысты дербес алып қарауға мүмкіндік беретін алғашқы бастама болып саналады. Қарама-қайшылықты аңғартып, оны таба білуге үйрету мұғалім тарапынан шеберлікті талап етеді.
Ой жүйесінде пайда болған қарама-қайшылық оқушының дербес жұмыс істеуіне түрткі болып, оқылатын материал (мәтін) оқушыны қайшы пікірге алып келеді де шешуді керек ететін проблема туады.
Ой қайшылығы пікір таласын тудырып, дұрыс ой қорытындысына келетін жағдайға итермелеген де ғана біз проблема туады деп есептеуіміз керек. Мысалы, Махамбет шығармаларын талдау кезінде туатын «Махамбет шығармаларындағы романтикалық сарынның сыры неде?» т.б. деген сұрақтар болып табылады.
Сонымен, ойлауға үйрету дегеніміз диалектикалық қарама – қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама – қайшылық ой-дамуының қозғаушы күші.
Қорыта келгенде, проблемалық оқыту сабақта проблемалық жағдаят тудырып, проблемалық шешуді талап етеді.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтіні арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы жағдаят пайда болады, осыған орай, оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Бұл мәселе туралы педагогикалық және методикалық әдебиетте көп айтылып та, жазылып та жүр. Проблемалық оқыту туралы талас пікірлер де бар. Кейбір авторлар (И.Я. Лернер, М.И. Махмутов) проблеманы оқытудың өз алдына ерекше әдісі және жаңа жүйесі деп қарайды. Бұл дұрыс пікір емес. Өйткені проблемалық оқыту басқа әдістер (эвристикалық әңгіме, баяндау, оқушылардың өздігінен бақылау, эксперимент жүргізуші, іздену әдісі т.б. ) арқылы іске асырылады.
Біздіңше М.Н.Скатин, Т.А. Ильина ұсынған пікір дұрыс сияқты. Бұл ғалымдардың ойынша, проблемалық оқыту – жаңа әдісте оқытудың жаңа жүйесі де емес, ол – оқыту жұмысын ұйымдастыруға қоятын талап, принцип. Психологтардың (Л.С.Рубинштейн, Н.А. Меншчинская, А.М.Матюшкин т.б.) пікірінше, бұл талап адамның таным әрекетінің, әсіресе ойлау процесінің ерекшелігіне байланысты пайда болған. Л.С. Рубинштейн жалпы проблеманың болуы – адамның дұрыс тану әрекетінің негізгі бір сипаты деп қарайды. Ол: «ойлау-проблемалы жағдайдан басталады» дейді.
Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі бір проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.
Проблемалы оқыту – проблема, проблемалық сұрақ, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдаят (ситуация) деген ұғымдарды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор.
Кез-келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап ізденуде оқушыларға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділігін, іздену тәжірибесі т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай. Сондықтан да кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады. Кез-келген проблемалы жағдайда (субъекті шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.
Проблемалы міндет дегеніміз – осындай жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін проблема. Міндет мазмұны деп, белгілі ізденіліп отырғанның арасындағы қайшылық нәтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз. Мұның жауабын практикалық операциялар арқылы табуға болады. Ендеше кез-келген міндет проблема болмайды.
Проблемалы оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюда емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда (тақырыпта) кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс.
Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл - оқылатын материалға сай оқушы тараптарынан дұрыс сұрақ қоя білуден басталу керек. Өйткені оқушылар баяндалатын тақырыпқа байланысты ондағы ой, пікірді дұрыс ашуға көмектесетін нақты, дәл, дұрыс сұрақ қоюды білмейді.
Проблемалы оқытудың негізгі ерекшелігі : Оқушының білетіні мен білмейтіні арсындағы қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдай пайда болады, осыған орай, оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Проблемалық оқытуда оқушылардың таным әрекеті төмендегендей негізгі үш кезеңнен тұрады:
Проблемалық міндет қою және ұғыну.
Проблемалық міндетті талдау және оның дұрыстығын тексеру.
№17 дәріс тақырыбы: Тірек сигналдары
Тірек сигналары, Шаталовтың қосқан үлестері
Тірек сигналдарын қолдану ерекшеліктері
Тірек сигналдарын қолдану принциптері
Нәтижелі оқыту моделін жасауда белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, оған қоса интерактивке аса зор мән берілді. “Интерактивті” дегеніміз - өзара әрекеттесу қабілет, яғни бір нәрсемен (мысалы, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалогта, әңгіме режимінде болу. “Интерактивті” әдістер және “интерактивті оқыту” терминдерінің ортақ түбірі – интер ағылшын тілінің “inter” аралық; “act” әрекет ету деген сөздерінен енген. “Интерактивті әдістер” тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал “интерактивті оқытуды” өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінуге болады. Сонымен интерактивті оқыту деген не ?
Оқыту мен үйрету арасындағы айырмашылық.
Іскерлікке үйрету тренингтері.
Lnteracive Learning - стихиялық немесе арнайы ұйымдастырлған үйрету,
өзара байланысқа негізделген үйрету, өзара байланысқа негізделген оқыту.
Оқыту-арнайы ұйымдастырылған үрдіс.
Тәжірбиемен өзара байланыс.
Оқушылардың білім ортасымен тікелей байланысы
Оқыту шындыққа негізделген, оқушылар меңгерілетін тәжірбие саласын табады.
Оқушылардың тәжірбиесі негізгі қызмет атқарады.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім фильтр ақпаратты өзі арқылы өткізеді.
Мұғалім белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, мұғалім міндеті-оқушы белсенділігіне жағдай жасау.
Мұғалім дайын білім бермейді. Оқушыны өз бетінше ізденуге итермелейді.
Бұрынғы тәжірбиені өзгеру, құрылым жасау, белгілі логикамен құру, бұрынғы тәжірбиемен жұмыс жасау-интерактивті оқытуға тән белгі.
Оқушыларды түрлі тәсілмен белсенді қылуға болады, бірақ оқушылар жай ғана көрермен немесе тыңдаушы болып қала беруі мүмкін.
Физикалық белсенділік: жұмыс орнын ауыстыру, сөйлеу, жазу, тыңдау, сурет салу, т.б.
Әлеуметтік белсенділік: сұрақ қою, сұраққа жауап беру, пікір алысу, т.б.
Танымдық белсенділік: мұғалім сөзін толықтыру, проблеманың шешімін табу.
Белсенділіктің 3 түрі бірімен бірі байланыста болуы шарт.
Мұғалім лектор-эксперт позициясында болса жаңа материалды түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді,т.б.
Мұғалім ұйымдастырушы позициясында болса, оқушының әлеуметтік және физикалық ортамен байланысын қамтамасыз етеді (топтарға бөлу, мини-презентанциялар жасау,т.б.)
Мұғалім кеңесші позициясында болса, оқушы тәжірбиесіне сүйенеді, оқушының өз бетінше мәлімет жинауына, қойылған міндеттердің шешімін іздеуге, өз бетінше міндеттер қоюға итермелейді.
Оқушының ойы-мұғалім біз білмеген нәрсені біледі. Мұғалім барлық сүрақтардың жауабын білу міндетті ме? Мұғалімнің тәжірбиесі оқушының әлі айқын емес жолынан тайдырмай ма?
Фасилитация-көмек.
Мұғалім белгілі бір уақытқа білім әкелуші ролінен шығады, бұл ролге оқушының өзін қояды. Эсперт ролінен шығып, көмекші ролін атқарады.
Оқушыға білім беру емес, оқушыны білім ала білуге үйрету, бағыт көрсету, әдіс-тәсілдерін үйрету, мұғалім бүкіл сұрақтың жауаптарын білуі міндетті емес, бірақ оларды талқылай білуі, жауапты қалай іздеу керек екенін білуі керек.
Мұғалім кез-келген мәселені талқылауға дайын болуы керек.
№18 дәріс тақырыбы: Жекелей оқыту
Жекелей оқыту ерекшеліктері
Жекелей оқытудың негізгі принциптері
Жекелей оқыту. Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.
1 кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни студенттер оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға және өткізуге 15 – 20 минут уақыт беріледі.
2 кезең. Жұппен жұмыс. Әрбір топша мүшесін өзіндік шартты белгімен бейнелейміз. Төрт адам – алфавиттің төрт әрпімен А, Б, В, Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде әрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. Мыс; А – Г, В – Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне әкелу. Уақыты – 10 минут.
3 кезең. Жұп болып жұмыс жасауды жалғастыру. Төрттіктегі жұптар тағы да алмасады. Мазмұны өзгермейді. Бұрынғы жұптардың өкілдері жаңа әріптестеріне мәселені өзіндік шешудің жолдарын және жаңарту мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің табылған шешімін қорғай білуге үйренеді.
4 кезең. Топтық шешімді қабылдау. Әрбір төртік жиналады. Топ мүшелерінің мәселені әдістерінен хабары болса да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, сонымен қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі. Жұмыстың бұл формасы, яғни ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс – әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл өзгелерден қысылатын студенттерге көмектесіп, студенттердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді.Бірақ, барлық әдістер сияқты бұл әдістің өзіндік кемшіліктері бар. Мәселен, студенттер шағын топтың пікірімен ғана санасып, тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа формасы «Мозайкаға» көшуге болады. Бұл әдістің мәні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортағашығаруынан тұрады. Бұл әдістің мазмұны (мәселесі, тақырыбы,т.б) алдыңғы әдістермен бірдей. Алайда , бұл әдістің ерекшелігі мәселенің топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.
1 кезең. Шеңбер ішінде мәселені шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мәселе 4 адамнан тұратын кіші топтардың ішінде шешіледі. Әрбір қатысушы талқылаудың (15 – 20 мин.) соңында сол топтың ортақ шешімінің жоспарын білуі керек.
2 кезең. Адамдар арасында мәселені шешу. Бұл жағдайда да кезеңнің аты кейінгі әрекеттерді көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан(әріптік бірлік)қағидасы бойынша құрылған топтар(А-А-А-А)келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып, өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады.
3 кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты 15-20 минут. Бұл өзара әрекетте әрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. Сабақты интерактивті түрде өткізген кезде студенттер тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселерді де өз бетінше шеше алатын болады.
№19 дәріс тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Технологиясының мақсаты, функциялары.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиясы.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажетінсіз алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу-
ағартудың, оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл құралдар бастыидеялар және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Соның бірі – сын тұлғысынан ойлау тенологиясы.
Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке қабілет деңгейлерін дамытуда осы аталған бағдарламаның маңызыы ерекше екендігін сабақтарда қолданыс тапқаннан байқауға болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының психо-педагогикалық негізі ретінде Л.С.Выготскийдің, Ж. Пиаже және Д.Дьюи иееялары алынған. Бұл технологияның авторы Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз не? Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - өте күрделі ойлау процесі , бұл процес мәліметтің қабылдауынан басталады және шешім қабылдаумен аяқталады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – педагогикалық технологияның бірі. Бұл технология оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауын және барлық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады.
Технологияның мақсаты – оқушылардың сын тұрғыссынан ойлау қабілетін дамыту, оқу процесіне енгізу, қызығушылығын ояту. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы адамдар арасында сыйластыққа және қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Әлемге деген әртүрлі көзкөзқарастарын түсінуге көмектеседі. Кез келген мазмұнға сыни көзқараспен қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің еліміздегі Дж. Соростың “Сорос Қазақстан” ашық қоғам институты қоры арқылы бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибесіне ене бастады.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасы бойынша ол:
Шыңдалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;
үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Келесі оқыту жағдайлары сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал етеді: сын тұрғысынан ойлау тәжірибесінде мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлануына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіру. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені уақтылы шешуге үйрету. Сабақта қолданылатын әдістер сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді, солардың бірнешеуінің жүргізу әдістемесін назарларыңызға ұсынамын:
1. Топтастыру – оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымынан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болу да мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.
2. Кубизм әдісі – оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. “кубизм” стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар 1-ші бетін суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі, 2-бетін салыстырыңыз: неге ұқсас?, айырмашылықтары болса неде? 3-бетін – зертте: қандай?, қалай?, неден жасалған? Шығу тегі, тарихы. 4-беті – пайда болған ойлар: ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді? Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар? 5-бетін қолданыңыз: онымен не істеуге болады? Қалай қолодану керек? 6-бетін талқылаңыз: қолданыңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.
Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды, не оны мадақтайды.
суреттеңіз
салыстырыңыз
байланыстырыңыз
саралаңыз
қолданыңыз
талқылаңыз
Суреттеңіз – ойыңызша тақырыпқа жақын келіп, түсінігіңізді
суреттеңіз.
Салыстырыңыз – неге ұқсас, айырмашылығы бар ма?
Нені ойлаттырады, ойыңызға нені келтіреді. Ұқсас заттар ма,
әлде бөлек заттар ма? Ойыңызбен шолып өтіп. Осы мәселеге байланысты қандай мәселе бар, біліңіз ?
Саралаңыз – қалай жасалғанын айтыңыз, өзіңіз жасаңыз.
Қолданыңыз – онымен не істеуге болатынын айтыңыз.
Талқылаңыз - өз ойыңызда тұрыңыз, өзіңіздің дәлеліңізді
немесе пікіріңізді айтыңыз.
Бұл әдісті ой толғауда қолдану тиімді.
Венн диаграммасы
Бір-біріне айқасқан шеңбердің екі жағына салыстырылуғаберілетін объектілердің ортақ сипаттамалары беріледі. Ал, айқасқан жеріне екеуіне ортақ сипат тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясы.
5. Симатикалық карта. Ол алған білімді жинақтауға, көрсетуге, салыстыруға, өзінің білгеін көрсетуге арналған таблица түрінде болады. Қатып қалған график жоқ. Өз пәніне, тақырыбына байланысты толтыруға болады.
6. Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың ой толғанысы үшін пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле тұру керектігін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады, жазуға уақыт береді. Аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерн таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымға оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға өған сын көзбен қарап, ойын түсіндіруге үйретеді. Бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.
№20 дәріс тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларын қолданудың жолдары
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Толғаныс
Достарыңызбен бөлісу: |