Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушылардыңшыңдалған әрекеті. Класс оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы
өзара пікірлесіп, ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Сұрақтаға тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға , дәлелдеуге мүмкіндік алады. Бұл технология бойынша сабақ құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Ол:
1. Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді үштастыру. Үйренуші жаңа ұғымдарды түсініктерді жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақтағы қаралғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алады. Осы кезеңге қызмет ететін “ой ашар, ой шақыру”, “топтау”, “болжау” т.б. аттары бар әдістер жинақталған. Мысалы: Әл-Фарабидің суреті арқылы бас киімі, киім үлгісі, талғампаз адам, қарапайым адам, ақылды, ойшыл, көрікті, ғалым.
Қызығушылықты оятудың екінші мақсаты белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, көршісімен бөліседі, тота талқылайды. Оқушы осы кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны баяғыдағы білімімен ұштастырады.
2. Мағынаны тану-түсіне білу – бүгінгі сабақты игеру. Бұл кезде үйренуші жаңа ұғыммен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді, талқылайды, өз бетімен жұмыс жасайды. Бұл кезеңде “Insert” әдісін қолданған тиімді. Оқушыға оқу материалымен танысу барысында:
V – білемін
+ үйренгенім
? үйренгім келеді. Белгілерін қойып отыру тапсырылады. “Insert” оқыту оқығанын түсініп отыруға, ойын анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірлейді.
3. Ой толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының ой толғанысын қалыптастыру. Өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру көзден тыс қалып жатады. Толғануды тиімді етіп “бес жолды өлең”, “Вен диаграммасы”, “еркін жазу”, “симатикалық карта” стратегиялары әр сабақтың ерекшеліктеріне, ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады. Оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Бұл кезең сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалауға негіз болады. Сын тұрғысынан ойлау үшін мына шарттар ескерілуі қажет:
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
Оқушылардың өз ойларын ашық айтуға рұхсат керек.
Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысындағы оқушының белсенді іс-әрекетін қолдану.
Кейбір оқушылар түсіп қалатын жағдайды әжуаға, мазаққа
айналдырмау.
6. Оқушының жасаған жауабына класс дәлелді, дәйекті болуын талап етеді. Стратегияны кез-келген үш кезеңде қолдана білуге байланысты. Стратегия оңай, мұның нәтежиесі тезірек көрінеді, жүйелі түрде білімді игеретін, жеткізетін стратегиялар.
№21 дәріс тақырыбы: Ынтымақтастықта оқыту.
Әлеуметтік-белсенді мектеп: өзара әрекетте оқыту.
Топтық жұмыстың мәні.
Ынтымақтастықта қалыптасатын дағдылар. «Үш тыйым» ережесі.
Зейін фокусының ауысуы.
Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:
- мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект;
оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
оқушы мен мұғалім арасыдағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық
қарым-қатынас.
№23 дәріс тақырыбы: Интерактивті оқыту және оның ЖОО-дарында қолдану жағдайлары
Дәрісті интерактивті формада жүргізу
Семинарды интерактивті формада өткізу
СОӨЖ өткізудің интерактивті формалары
Пікірталас- тұрмыстық сауалдармен қатар саясат, идеология теорияларының проблемаларының плюрализмдік пікірі құпия болмаушылық кезінен бастап, тек соңғы жылдарда интерактивті технология әдістері қатарына жатқызылатын болды.
Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігін арттыруына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында оқушылар мен студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениетін деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйренеді, әрі шешендік өнерге баулиды.
Пікірталасты ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді. Оқытудың басқа әдістерінен мұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарына емес, керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді. Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.
Ол әдіс арнайы- алдын-ала дайындалған оқу бағдарламасындағы теориялық сұрақтарды еркін әңгіме ету, эвристикалық әңгімеден туындап, « жағалауға шыққан» пікірталасқа айналады.
« Миға шабуыл», «ойға шабуыл» (мозговая атака) немесе «миға батыл әрекет» ( мозговой штурм) әдісі мен термині ең алғашында Сократтық эвристикалық диалогты негізге ала отырып жасалынған.
1938 ірі жарнамалық компания иегері Алекс Ф.Осборн фирмасында кейін қызметкерлерімен «миға шабуыл» аталып кеткен әдісті тәжірибелеген. Миға шабуыл кезінде кез келген идеялар тыңдалына беріп айтылған ойды ешкімге, сынап, келеке еткізілмеген. Айтылған пікірлердің барлығы қағазға жазылып, келесіде жиналыста талқыланған.
Фирма жетекшілері миға шабуылдың жемісі керемет идеялардың көптен пайда болуы бірден таңырқатқан. Әдістің сәттілігі соншалық, ол 50 жылдарда барлық Американдық корпорациялардың басты қаруы бола бастаған.
Ал Осборнға бұл әдісті жазуға шабыт берген 1788 жылы Фридрих Шиллердің досына жазылған хаты еді. Досы оған жаңа идеялардың жетіспеушілігіне көңілсіздігін білдіреді.
Сонда Шиллер : « Сенің қиындыққа тап болуың... сенің ақыл-ойыңның қиялға бағынатын шектеулігінде. Сен өте жеңіл ойлап және қатал сынай бәрін жоққа шығарасын. Сондықтан да сенің ақыл-ойыңның шығармашылық жұмысы тоқталуда»,- деп классик жауап қайтарған.
Қазіргі таңда «миға шабуыл» әдісінің бірнеше түрі модификацияланады.
Тікелей «миды шабуылдау» ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты- шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инергиясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.
Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі- қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтижесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.
Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармалық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптимальды нұсқасы таңдалынады.
Шамасы 20-60 адамдардан құралған үлкен аудиторияларда жаңа идеяларды өңдеуде жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік беретін массалық «миға шабуыл» әдіс түрін американдық Дж. Дональд Филипс ұсынған.
Бұл әдіс түрінің ерекшелігі 5-6 адамдардан тұратын аудитория ішілік шағын топтардың құрылуында. Шағын топ әрекеті нақты анықталған, бірақ алуан түрлі болуы мүмкін. Оған 15 минут уақыт бөлінеді. Шағын топ идеяларын өңдеуден кейін, оларды бағалап, ең жақсы үлгісін басшылыққа алады.
«Миға батыл әрекет» әдісі қазіргі заман психологі Е.А. Александровпен ұсынылып, Г.Я.Бушпен модификацияланды. Бұл әдіс бұзылған бағалауға ие диалог әдісі. Бұл диалог мәні ұжымдық идеяларды өңдейге шығармашылық потенциалды белсендетуде кезекті қарсы идеяларды, яғни контридеяларды құру болып табылады.
Мұнда «ми батыл әрекеті» әдісінің қатысушылары рационалды түрде келесі топтарға бөлінген кезде ғана бұл әдіс өзінің нәтижелілігін көрсете алады. Бұл топтар:
1. Идеяларды өңдеу тобы;
2.Проблемдік жағдайларды талдау және идеяларға баға беру тобы;
3. Қарсы идеяларды өңдеу тобы;
Қарастырылып жатқан әдістің артықшылығы ұжым адамдарының тең құқылы болуымен жетекшілік етуде авторитарлық стильге жол берілмеуінде. Әдісте жалқаулық пен ескішіл ойлау, эмоционалдық «алау» мен рационализм, өзін еркін ұстауға, интуиция мен қиялды белсендетуге арналған психологиялық микроклиматтың көмегімен автоматты түрде жоғалады. Сонымен қоса « ми шабуылы» әдісі проблемалардың шешімін іздеуге жаңа идея, ой, пікірлер шығару барысында «ақылсыз ойлардан» қорықпауға, интенсивті «ой кезбелігінде» күлкілі жағдайда қалған кезде қысылмай еркін сезінуге үйрететін бірден-бір әдіс болып келеді.
« Дөңгелек үстел » әдісі саясат және ғылым жағынан педагогикаға
келген әдіс. Әдетте, «дөңгелек үстел» саясат пен ғылымның әртүрлі саласының өкілдерімен белгілі бір проблеманы талқылап, шешу үшін ұйымдастырылады. Бұл әдісте пікір алмасу белгілі бір пікірлердің сәйкес келуіне мүмкіндік береді, ал ол болашақ жұмыстануда жалпы қорытындыны анықтаудың қызметін атқарады, содан келіп қоғамымыздағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады.
« Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу».
Қысқаша айтсам психологияны оқытуда «дөңгелек үстел» әдісі әртүрлі формалы болады. Егер ең маңызды шартты ескерсе және оны мүлтіксіз орындаса. Міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек, теориялық проблемаларды шешуде әртүрлі аспектілі позиция мен көзқарасты сараманда жүзеге асырылады. Егер мұндай қажеттілік болып, я, болмаса және ол барлық жағынан саналы түрде қаралмаса, онда «дөңгелек үстел» әдісі әдеттегі, әрбіреу тек өзіндік ойын білдіріп, консенсус туындатпайтын жай ғана жиын болып есептеледі.
Сонымен «дөңгелек үстел» әдісін мектеп оқушыларына да, студенттерге де қолдануға болады. Ол әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді
«Іскерлік ойын» әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі бірігіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді.
Ресей психологтары: «Ойын- бұл шартты жағдайларда ғылым және мәдениет заттарымен әлеуметтік бекітілген әдістерде қоғамдық тәжірибені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы», -дейді.
Іскерлік ойын әдісі ең алғашында біліс беру жүйесінде емес, тәжірибелік басқару саласында қалыптасқан. Бүгін де іскерлік ойын әдісі тәжірибенің әртүрлі аймақтарында: зерттеу жұмыстарында, жобалық өңдеу процесінде, шынайы өндірістік жағдаяттарда ұжымдық шешім шығаруда, сонымен қатар әскери салада қолданылады. Айта кетсек, іскерлік ойынның болашақ үлгісіне негіз болған, ұрыстың шарты мен әрекеттерін суреттейтін әскери ойындардың жағдаяттардан тұратын әскерлерді ұрысқа дайындау мақсатымен құралған ерте заманнан келе жатқан «әскери ойындар»екен.
Интерактивті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл- тренинг. Осы аталған әдістің жа адан қолдануға енуі , біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқытуда пайдаланылды. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекеттің нәтижелігі үшін жауапкершілікпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысында әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі- топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтижелілігі, яғни үйлесімділігі.
№24 дәріс тақырыбы: Дамыта оқыту.
Дамыта оқыту мдеясының тарихы
Дамыта оқытудың ерекшеліктері, негізгі функциялары мен белгілері.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.
ХVІІ ғасырдағы Я.А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру үсіне басшылық» (Руководство в образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған.
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Осылай бола тұрғанымен, «дамыта оқыту» деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі, «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады.
Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді» деген Л.С. Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психикалық функциясын зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі ілгері эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.
Зерттеулердің мақсаты Л.С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі – назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.
Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасына жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі-бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті.
Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпал тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістен кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар қолданылып келеді.
Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгетуші субъект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын,, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның «Мен» деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі ролдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Ал, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларының талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая түседі. Өйткені, дәстүрлі мектептің мақсаттарын шешу мұғалімнің айтқандарын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.
Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:
Үлгіні көрсету.
Түсіндіру.
Бағалау, бақылау.
Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту және т.б.
Дәстүрлі оқытуда оқу процессіне қатысушылардың «басқарушылар мен оындаушылар» түріндегі ролдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні – оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді. Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне ерекше тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады:
оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
мақсаттағы айырмашылықтар;
дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көреткіштері;
мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынаста.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Мысалы, «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың? Немесе 4 және 5 сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады?» түріндегі сұрақтар.Көрнекілік және т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін байқауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе, оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
№26 дәріс тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері
Модульді құру ережелері
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобалаңған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.
1.3. Модульдік оқыту технологиясы және ерекшеліктері
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.
Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселеледі шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді. [10;18-21
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
ақпарат материалының мақсаттылығы;
жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
модуль элементтерінің жеке даралығы;
ақпараттық және әдістемелік материалын оңтайлы берілуі.
Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.
Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л. Йоваиша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:
Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан).
Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).
Ізденпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық диолог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).
Өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу). [8;95-101]
Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.
Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға арналады. Мысалы, «видеоконфрантация» әдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.
Ізденпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. «Іскер себет» әдісіне оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.
Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектері жалғаса бермек.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі.
Оқу модулінің диалогтік бөлімі.
Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі этаптары.
Диалогтік бөлімді құру принциптері.
Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.
Шығармашылық және технология.
Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.
Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі рөлі.
Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Ойын арқылы оқыту және ойындар.
Дискуссиялық формалар.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы.
Оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модульіндегі нұсқаулары.
Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау.
Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде “қалпына келтіре қайталай” оқыту циклының иедясы жатыр.
Оның мазмұны:
Оқыту мақсатын жалпы анықтау.
Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу.
Оқушылардың білімділік дәрежесін алдын-ала бағалау.
Оқыту процедураларының жиынтығы (бұл кезеңде “кері байланыс” негізінде оқыту коррекциясы орын алады).
Нәтижені бағалау.
Осындай құрылымына қарай оқу процесі “модульдік” сипатқа ие болады. “Модуль” – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі – ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін “диалогтік” қарым-қатынас негізінде құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. [9]
Оқу модулінің бірінші ерекшелігі – жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты – кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты – диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса 1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, “диалогтік” бөлімге 9 сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3 деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым білім, білік, дағдылы меңгеруден бастап “білімді көшіру” немесе пайдалануға” дейнігі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет қайталау – қарапайымнан күрделілге қарай, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр оқушыға оқу материалын “түсіну”, деңгейінен білімді көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді.
Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады:
Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
Класта берілген блокты немесе тарауды оқыту модулімен таныстыру.
Оқу материалын мұғалімнің қысқаша (схема, график, кестелер т.б. түрінде) баяндауға немесе зерттеу тұрғысында беруі).
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін “диалогтік” негізінде әрбір оқушының іс-әрекетінің нәтижесін әр сабақ сайын бағалай отырып ұйымдастыру.
Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай оқыту.
Тарау, блок бойынша тест алу.
Тарау бойынша “релейный” зачет алу (немесе диктант, бақылау, т.б.). Бұл 3 деңгейлі жүйеден тұратын карточкалармен білім тексеру.[25;28-29]
№27 дәріс тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістері.
Бағдарламалап оқыту
Оқу пікірталасы.
Case-study.
Бағдарламаланған оқыту 1950 жылы АҚШ қаласында пайда болды.Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер есімімен байланысты. Бағдарламаланған оқыту- оқытудың мақсат пен міндеттерін, оқытудың қызметін анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі- бихевиоризм болып табылады. Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның обьектісі болды. Әсіресе, Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламаланған оқытудың принциптері қатты сынға алынды. Скиннер педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ және жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады. 1960 жылдың басында бағдарламаланған оқытудың скиннерлік нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шыға бастады.Мұнда тексттер бірнеше сұрақтардан тұрды және оларға әртүрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді әдіске жатпайды. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер бойынша, үйрету-стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны әрі қарай орындауға сигнал рөлін атқарады.
№28 дәріс тақырыбы: Таңбалы-контекстік оқыту және интегративті оқыту технологиялары.
Таңбалы-контекстік білім беру технологиясы.
А.А.Вербицкийдің таңбалы-контекстік тұжырымдамасы.
Авторы – психология ғылымының докторы, профессор А.А.Вербицкий. Кәсіптік педагогикада белгілі-контекстілі оқыту технологиясын даярлаған. Кәсіби білім берудің негізгі бағыттарын талдай отырып, мына қорытындыға келеді: қазіргі білім берудегі авторитарлық басқару, оқушы, студент тұлғасы әсер етудің объектісі ретінде танылатын ситуация оқу-танымдық әрекетте оқушының белсенді позициясын дамытуға қажетті жағдайды қамтамасыз етпейді, маманның кәсіби іс-әрекетінің теориялық моделінен шынайы, нақты, түрлі проблемалар мен қайшылықтарға толы модельге көшу үрдісін қиындатады.
А.А.Вербицкий пікірінше, білім беру міндеттері:
Мұғалімнің оқытушы әрекетінен студенттің танымдық әрекетіне көшуі. Бұдан баланы оқуға үйрету қажеттілігі туындайды (өзін танымдық іс-әрекетте көрсете білуі, яғни оқудың субъектісіне айналуы);
«Оқытушы - оқушы», «оқушы - оқушы» жүйелерінде тұлғааралық өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне көшу. Диалог, өзара түсіністік, ашықтық сенім жағдайлары оқушы тұлғасына еркіндік береді, оның танымдық белсенділігін ынталандырады, тұлғалық қасиеттер мен сапалардың толық анықталуына мүмкіндік береді;
Кәсіби білім, іскерлдік, дағдыларды, жалпы және кәсіби әлеуметтік сапаларын қаруландыруға, олардың шығармашылық әрекеттену тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
Міндеті – белгілер жүйесінде ғылым жинақтаған, «тағы да дидактикалық киім кигізілген» «болмыстың шындығын», кәсіби іс-әрекеттің шындығын осы шындықтың формаларына сәйкес түсіндіру.
Вербицкий бойынша, оқыту – бүкіл дидактикалық формалар, әдіс-тәсілдер, құралдар көмегімен маманның болашақ кәсіби іс-әрекетінің пәндәк және әлеуметтік мазмұныны модельдеу, ал абстрактілі білім – белгілер жүйесін меңгеру болып табылады. Сол білімді меңгеру осы іс-әрекетке салынған, оны белгі-контекстілі, немесе контекстілі оқыту деп атайды. Ең бастысы оқу тек өз айналасында бірікпей ( тек білім (ақпарат) алу үшін оқу керек емес), ол маман тұлғасының қажетті пәндік-кәсіби және әлеуметтік сапаларын тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі оқытудағы сияқты оқу материалы контекстілі оқытуда оқу мәтіндері түрінде (белгілер жүйесі ретінде)
№29 дәріс тақырыбы: Коммуникативтік ойындар
Коммуникативті ойындардың ерекшеліктері
Коммуникативті ойындарды ұйымдастыру
Коммуникативтік ойындардың түрлері
Қандай да болмасын қызмет саласының негізгі түрі қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Оның маңыздылығы - адамдардың бір-біріне ықпал слуі, ақпарат алмасуы. Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі іспеттес. Адамдар үшін қарым-қатынас-оның ортадағы мекені.
Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеітері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі, т.б.) қалыптасады. Яғни қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт:
1. Адамдармен дүрыс қарым-қатынас жасай білу. Түрақты жақсы көңіл күй.
2. Қоғамдық жүмыстарға белсенділік көрсете білу.
3. Басқа адамды түсіне білу.
4. Өзін басқа адамның орнына қоя білу.
5. Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау.
6. Жаңа адамдармен тіл табыса біду.
7. Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып, қарым-қатынас жасау.
8. Кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дүрыс шеше білу.
9. Басқа адамдардың кезқарастарын есепке ала білу.
10. Адам қүндылықтарына сипаттама беру.
Осындай қасиетгер сіздің мінезіңізге сәйкес келсе, онда қарым-қатынас жасау барысында белгілі бір нәтижені көре аласыз.
Қарым-қатынас мазмұны ақпараттық, жеке дарайық байла-ныстар арқылы басқа субъектілермен немесе өзіндік қатынастар арқылы айқындалады. Оның қызметін төмендегі кестеден керуге болады:
Сондықтан да маманның комуникативтік мәденіиетіне төмендегідей мәселелерді енгізу керек:
• Адамдармен қарым-қатынас жасаудағы қызығушылық пен
алшақтық;
• Кәсіби әріптестермен қарым-қатынастағы өзіндік талпынысы;
• үйымдастырушылығы, өзіндік косіби беделі, өзіндік беделін көтсруге талпыііу;
• қарым-қатынас дегеніміз не, қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынастың қүрылымы мен қызметі, қарым-қатынастың қажеттілігі, қарым-қатынас стилі;
• білім және ақыл-ой;
№30 дәріс тақырыбы: Оқытудың жаңа техникалық құралдары
Басқа ел мектептерінде жаңа техникалық құралдарды қолдану жағдайлары
Оқу процесіндегі жаңа техникалық құралдардың орны
Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкееледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:
“тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);
негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологияның ең маңыздысы ретінде қолдану);
монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;
“ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау;
білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:
оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
оқытудың диалог түрінде болуы;
басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект
субъект, объект-субъект ;
жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;
оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыларға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындауға мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсендік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі біреулеріне жаңа материл түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.
Орындалатын тапсырмалардлың түрлері көбейеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі – оқу іс-әрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып оқушылармен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың әрқайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.
Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару дипазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.
Компьютер оқушыда өз іс-әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс-әрекетінің нәтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.
Компьютер мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана мәліметтер қоры болып қала береді. Мұнда да мұғалім қажет және оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып өзін-өзі дамыта алады.
Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді.
Мәліметтер қоры дегеніміз – компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік , графикалық ақпарат енеді. Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асады.
Иерархиялық мәліметтер қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері болып табылдаы.
Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бір атрибуттар меншіктеледі (автор, түйінді сөз, аймақ, ақпарат түрі, т.б.) және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асады.
Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді (кейде үш өлшемді) матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп атайды.
Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының
құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады.
Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық психологияның алдына бірқатар көкейтесті мәселелер қойады. Біздің ойымызша, бұл мәселені екі топқа бөлуге болады. Олардың біріншісі, оқытатын функциялар немесе олардың кейбіреулері техникалық құрылғыға жүктелетіндігімен байланысты. Ең алдымен, бұл – оқушы мен компьютердің дара қарым-қатынасы мәселелері. Бұл тек қана компьютер жүйелерінің техникалық немесе бағдарламалық жабдықталуының кемшілігінен ғана емес, адам мен адамның және адам мен компьютердің қарым-қатынасының айтарлықтай ерекшелігінен туындайды. Компьютер мұғалімді алмастыра алмайды, себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы бола тұра оқушыға тек бағыттаушы ретінде әсер етеді, оқу материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |