Педагогикалық факультет


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 0,94 Mb.
бет4/9
Дата07.02.2020
өлшемі0,94 Mb.
#28607
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дәріс тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістер мәселесі

  1. Инновациялық ізденістердің көкейкестілігі және педагогикалық инноватика.

  2. Педагогикалық жаңалық және педагогикалық жаңа түзілімдер.

  3. Педагогикалық инновация және новатор-модернизаторлар.

Жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесінде пайдалану қажеттіліктен туындайды. Ғылыми – техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі – интелектаулдық, шығармашылық, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педагогикалық оқыту процесінің негізгі, терең мағыналы мәніне айналды.

Кез – келген педагогикалық технологияның философиялық және педагогикалық – психологиялық әдістемелік негізі болады. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым – қатынаста тепе – теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі кезде педагогикалық оқыту технологиялары пайдалану қажеттілігінің жоғарылауына байланысты педагогикалық оқыту технологияларын қанағаттандыруға тиісті бірнеше талаптар анықталды:



  • Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұранысына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияларын таңдай білу қажет;

  • Оқыту технологияларының түрлерімен танысу, оған қойылатын талаптарды ескеру, олардың білім парадигмаларына сәйкес келуі, оқыту процесін технологияландыру, осы принциптерге сәйкес бағдарламаларын жасау жұмыстарында қарастырылады.

Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі:

    • мақсаттың уақыт талабына сай болуы;

    • технологияның оқытушыға да, оқушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы;

    • технологиялық құралдар мен дидактикалық материалды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы;

    • оқу іс-әректінің нәтижеснің жоғары сапалы болуы;

    • оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

    • оқу поцесінде қарым-қатынсатың еркін болуы;

    • оның үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осыған орай, білімінің мазмұны да, оған қойылатын талаптары да өзгереді. Сол себепті қазір мектептерде де оқытудың жаңа технологиялары қолданыла бастады. Онсыз жаңа сатыға көтерілу, білім сапасын арттыру әсте мүмкін емес. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде студенттердің белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымды – шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік – сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс – тәсілдерімен анықтауға, сабақта, сабақтаны тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.
2 дәріс тақырыбы: Қазіргі оқытудың инновациялық технологияларына теориялық сипаттама.

  1. Шет ел және отандық әдебиеттердегі «оқыту технологиялары» ұғымы.

  2. Оқыту технологияларының классификациясы.

  3. Инновация түріне сай оқыту технологияларын қолдану мәселесі.

«Технологияға» анықтама берейік. Бұл жерде осы «педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» сөзінің екі мағынасы бар.

1. Өндірістік құралдарының жиынтығы

2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі ( ілім) деген мағынаны

білдіреді. Шын мәнінде, білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болды деу ағаттық. Оқыту технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.Коменский айтқан екен.

Интерактивті технология әдістеріне мыналар жатады:

а) эвристикалық әңгіме б) пікірсайыс әдісі в) «миды шабуылдау» әдісі

г) «дөңгелек үстел» д) «іскерлік ойын» әдісі және т.б.

Г.В.Селевко «педагогикалық технология» үш жағын белгілейді:

- ғылымилық: педагогикалық технология – оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үрдісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы;

- үрдісті-сипаттаушы: үрдісті сипаттау (алгоритмі), оқытудың жоспарланған нәәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;

- үрдісті – іс-әрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үрдісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.

Отандық педагогикада «педагогикалық технология» ұғымы оқыту және тәрбиелеу үрдісінде бірдей қолданса, шетелдік педагогикада ол тек оқыту саласымен шектелген.

Білім беру практикасында «педагогика технология» ұғымы үш өзара бағынышты деңгейде қолданылады;



  1. Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпытәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.

  2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы (мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)

  3. Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы және т.б.)

Педагогикалық техънологияның негізгі құрылымдық бөліктері:

    1. Тұжырымдамалық негізі;

    2. Оқытудың мазмұндық бөлігі:

  • оқытудың мақсаттары – жалпы және нақты;

  • оқу материалының мазмұны;

    1. үрдістік бөлік – технологиялық үрдіс:

  • оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен формалары;

  • мұғалім жұмысының әдістері, формалары;

  • материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалім әрекеті;

  • оқу үрдісін диагностикалау.

Кез-келген педагогикалық технологияға қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар:

  1. тұжырымдамалық негіздің болуы. Кез-келген педагогикалық технологияға белгілі білім ғылыми тұжырымдама тән. Оған білім беру мақсаттарына жетудің философиялық , психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.

  2. Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйеге тән барлық қасиеттерге ие болуы тиіс: үрдістің логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы.

  3. Басқарушылық сипаты. Оқу үрдісін жобалау, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нәтижені түхзетук мақсатында әдіс-тәсілдерді, құралдарды өзгерту.

  4. Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында өмір сүргендіктен, нәтижесі бойынша тиімді, шығындары бойынша үнемді, оқытудың белгілі білім стандарттарына жетуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

  5. Қайта өндірілуі. Педагогикалық технологиялар білім беру орындарында түрлі субъектілердің қолдана алу (қайталау, қайта өндіру) мүмкіндігі.

3 дәріс тақырыбы: Технологияны оқыту. Технологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері



  1. Технологиялық оқыту – даралап және деңгейлік саралап оқытудың құралы.

  2. Технологиялық оқытуды ұйымдастыру.

  3. Технологияны оқыту бойынша оқу жоспарын құру принциптері

Технологиялардың жіктелуі.

Педагогикалық технологияларды жіктеу мәселесі В.Г. Гульчевская, В.П.Беспалько, в.Т.Фоменко, Г.К.Селевко және т.б. еңбектерінде қарастырылған.



  1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогикалық, жеке әдістемелік (пәндік) және модульдік технологиялар.

  2. Философиялық негізі бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми (сциентикалық), діни; ізгілікті, ізгілікті емес; антропософиялық, теософтық; прагматикалық экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және зорлау; және т.б.

  3. Психикалық дамудың басым факторы бойынша: биогенді, социогенді, психогенді және идеалистік технология. Тұлға - бұл биогенді, социогенді, психогенді факторлар әсерінен туындайтын нәтиже, нақты технология олардың тек біреуін есепке алып, оны негізгісі ретінде көрсетуі мүмкін.

  4. Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы; бихевиористік, гештальттехнологиялар, интериоризаторлық, дамытушы, нейролингвистикалық бағдарламалау және суггестивті.

  5. Тұлғалық құрылымдарға бағытталуы бойынша: ақпараттық технология (пәндер бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру); операциялық (ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру); эмоционалдық-көркем және эмоционалдық құлықтық (эстетикалық және құлықтық сапаларда қарым-қатынастарды қалыптастыру); өзін-өзі дамыту технологиялары (тұлғаның өзін-өзі басқару механизмін қалыптастыру(; эвристикалық (шығармашылық қабілеттерді дамыту) және қолданбалы (іс-әрекеттік, практикалық саланы қалыптастыру).

  6. Мазмұн мен құрылым сипаты бойынша: оқыту және тәрбиелеу; зайырлы және діни, жалпы білім беретін және кәсіби-бағдарлы, гуманитарлық және технократтық, кешенді (политехнологиялар) және аралас технологиялар. Монотехнологияларда оқу-тәрбие үрдісі бір басым идея, ұқстаным, тұжырымдамаға негізделсе, политехнологияда – бірнеше технологиялардың бірігуі. Басқа технологияларға жиі енгізілетін технологиялар, олардың элементтері аралас технологиялар деп аталады. Олардың рөлі – катализатор (жеделдеткіш), белсендендіргіш.

  7. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару бойынша ажыратылған (оқушылардың іс-әрекеті бақыланбайды, нақтыланбайды), циклді (бақылау, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау), бейтарап (фронтальды), бағытталған (жеке), қолмен жұмыс (вербальді(, автоматтандырылған (оқу құралдарының көмегімен).

Аталған қасиеттерге сәйкес технологиялардың мына түрлері ажыратылады (В.П.Беспалько):

1 – дәстүрлі дәрістік оқыту;

2 – аудиовизуальды техникалық құралдар көмегімен оқыту;

3 – «кеңесші» жүйесі;

4 – оқулық көмегімен оқыту;

5 – «шағын топтар» жүйесі;

6 – компьютерлік оқыту;

7 – «репетитор» жүйесі;

8 – «бағдарламалы оқыту».

4 дәріс тақырыбы: Оқытудың инновациялық технологияларының білім беруді модернизациялау контекстінде дамуы.



  1. Білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы.

  2. Білім берудің педагогикалық технологиялары.

Педагогикалық технологияда баланың позициясы, білім беру үрдісінде ересектердің балаға деген қарым-қатынасы өте маңызды орын алады. Осы көрсеткіш бойынша технологияның типтері мынадай:



  1. Авторитарлы технологиялар (субъект-объектілі қарым-қатынас, талап қою мен зорлаудың басылымдылығы);

  2. Дидактоцентрикалық (субъект-объектілі қарым-қатынас, негізгі мақсат – оқыту, тұлғаны қалыптастыру құралдары- дидактикалық құралдар);

  3. Тұлғалық-бағдарлы (бастысы – бала тұлғасы, оның табиғи әлеуетін дамыту. Бала тұлғасы – білім беру субъектісі, мақсаты оларды антропоцентрикалық деп те атайды).

Тұлғалық бағдарлы технологияға:

Антропоцентрикалық,

Гуманистік

Психотерапевтикалық бағыттар тән.

Мақсаты – жан-жақты дамытылған, еркін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Тұлғалық бағдарлы технологиялар түрлері:



  1. ізгіліктік-тұлғалық технологиялар – ізгіліктік мәнге ие, тұлғаға психотерапевтикалық қолдауц көрсету, көмек беру. Идеясы – баланы жан-жақты құрметтеу, жақсы көру, оның шығармашылығына сену.

  2. ынтымақтастық технологиясы демократизмді, педагог пен баланың субъект-субъектілі қарым-қатынасындағы теңдік, жолдастық.

  3. еркін тәрбиелеу технологиясы. Балаға таңдау және өз бетімен жұмыстану еркіндігін беру.

  4. эзотериялық технология – «ұғынылмайтын» санаасты, эзотериялық білім жайындағы ілімге негізделген – шындық және оған апаратын жолдар. Педагогикалық үрдіс – бұл шындықты айту емес, оған ену, жақындау.

  1. Оқытудың тәсілі, әдісі, құралы бойынша: догматикалық, репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті, бағдарламалы оқыту, проблемді оқыту, дамыта оқыту, өзін-өзі дамыта оқу диалогтық, коммуникативтік, ойын, шығармашылық және т.б.

  2. Оқушылардың категориясы бойынша:

  • көпшілік (дәстүрлі) мектеп технологиясы, орташа оқушыға есептелген;

  • алдыңғы деңгейлі технологиялар (пәндерді тереңдетіп, оқыту, гимназиялық, лицейлік, арнайы білім беру және т.б.;

  • орнын толтыра оқыту технологиясы (педагогикалық түзету, педагогикалық қолдау және т.б.);

  • түрлі виктимологиялық (сурдо-, орто-, тифло-, олигрофренопедагогика);

  • мектеп аясында ерекше балалармен (қиын балалар, дарынды балалар) жұмыс жасау технологиясы.

  1. Дәстүрлі жүйені модернизациялау бағыты бойынша:

  1. Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру және демократияландыру негізгі педагогикалық технологиялар – іс-әрекетке бағытталу, тұлғалық қарым-қатынастардың басымдылығы, жекелеу тұрғысы, демократиялық басқару, мазмұнның айқын ізгіліктік сипаты тән. Олар: ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің ізгіліктік-тұлғалық технологиясы, адамды қалыптастырушы пән-әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильинаның) және т.б.

  2. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендендіру және интенсификациялау (жеделдету) негізіндегі педагогикалық технологиялар: ойын техөнологиялары, проблемді оқыту, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативті оқыту технологиясы.

  3. Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технологиялар: бағдарламалы оқыту, саралап оқыту, жекелеп оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, компьютерлік (ақпараттық) оқыту технологиялары.

  4. Оқу материалын әдістемелік және дидактикалық қайта құру негізіндегі педагогикалық технологиялар: дидактикалық бірліктерді үлкейту (П.М.Эрдниев), В.С.Библердің «Мәдениеттер диалогы» технологиясы, Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» технологиясы, М.В.Воловинтің ақыл-ой әрекеттерін деңгейлі қалыптастыру теориясын жүзеге асыру технологиясы және т.б.

  5. Табиғатқа сәйкестік технологиясы, халық педагогикасының әдістерін қолдану, баланың табиғи дамуына негізделген технологиялар: Л.Н.Толстой бойынша оқыту, М.Монтессори технологиясы және т.б.

  6. Альтернативті: Р.Штайнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы, және т.б.

5 дәріс тақырыбы: Интерактивтік әдістерді қолданудың теориялық негіздері

1.«Интерактивтік оқыту» ұғымы

2.Интерактивтік оқыту үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері

«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter»-бұл өзара, «act»-әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әңгімелесу) диолог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен, интерактивтік оқыту- бұл ең алдымен мұғалім мен студенттердің өзара әрекеті жүзеге асырылатын диалогтық оқыту, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Оның өзінің нақты және болжаған мақсаттары болады. Оның мақсаттарының бірі -оқыту үрдісін жемісті ететін студенттердің өзінің интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай жасау.

Оқу процесіндегі өзара әсердің жаңа мазмұнын бере алатын анықтаманы іздестіру барысында интерактивті оқыту термині пайда болды. Бұл шын мәнінде педагогикалық қарым – қатынастың мәнін, мазмұны мен құрылымын, оңтайландыруға қабілетті екендігін көрсетті. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни адамдар арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отыр. Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар.

«Интерактивтің» негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі – студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай тудыру болып табылады және бұл оқыту процесінің нәтижелі болуына әсер етеді. Оқы процесіндегі интерактивтік әрекет диалогтың қарым – қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Өзара түсінісу, өзара әсерге бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Диалогтық оқыту нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі мәселелерді талдау негізінде шешуге, балама пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рольдік ойындар қолданылады, әртүрлі құжаттар мен ақпарат көздері мен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісін барлық студенттер таным үрдісіне тартылып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.

Интерактивті оқыту жеке студенттермен жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мәселен, педагогика сабағында интерактивті әдістерді қолдану кезінде студенттерді топқа бөліп, оларды белсенді әрекет етуге, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйретуге болады. Екі студенттің сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың студенті болуы да мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан, ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі студенттің сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қатысты тың дерегімен қатыса алады. Мұны полилог деп атайды. Бұл өзге тілді үйренуді жеңілдетеді, оқу процесінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Сонымен қатар бұл әдіспен өткізілген сабақта мұғалім әр студентке жеке көңіл бөле алады. Себебі әрбір студенттің жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы болады. Мұнда әрбір студент өз жұмысының нәтежелі болуын көздейді. Сөйте тұра, олар жұп болып, топ болып жұмыс істейтіндіктен, біріккен әрекеттерінің жеткілікті болуын да мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен студенттер озат студенттерден кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, ал озат студенттер топтық әрекетте артта қалмау үшін тілді нашар білетін, я білімі төмен серіктесіне көмек береді. Осылайша интерактивті әдіс студенттерге мәселені бірігіп шешуді үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді. Интерактивті әдіс барысында олар мәселені бірігіп шешіп қана қоймай, бірлесуге, ұйымдасуға бейімделе отырып, оқып үйренуге тырысады. Бұл оқытудың тәрбиемен бірлікте жүруіне алғы шарт қалыптастырады.

Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын студент пен студенттің арасында болатын интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау.

Ал интерактивті оқытудың мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.

Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілілері-«Үлкен шеңбер», «Өзара» (междусобойчик) , «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас жургізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Психологиялық- педогогикалық консилиум» және т.б.

Мамандар интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез – құлық нормаларын төмендегіше бөлінеді:

- өзара біріккен іс- әрекетте «актерлер» мен «көрермендер» жоқ, барлығы қатысушылар;

- топтың әрбір мүшесінің сөздері тыңдауға тұрарлық;

- сөйлегенде нақты тақырып бойынша, түсінікті тілмен, артық ақпаратсыз сөйлеген дұрыс;

- егер ақпараттың кейбір жерлері түсініксіз болса, оны түсінуге бағытталған сұрақта қою керек («Мен дұрыс түсінсем?...»); тек содан кейін ғана қорытынды шығарылады;

- жеке тұлға емес, идея сыналады;

- өзара біріккен іс - әрекеттің мақсаты қандай да бір көзқарасты «жеңу» емес, мәселе бойынша түрлі пікірлерді біліп, жақсы шешім шығару т.б.;

«Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда бұл термин ертеден қарастырылып келеді. Алайда кейбір әлеуметтанушы ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым- қатынас деп түсіндіріледі. Енді бір әлеуметтенушілер интеракцияны қарым-қатынастың бір түрі деп біледі.

Педагогикада «интерактивтілік» терминінің жиі қолданылғанына қарамастан, ол теория мен практиканың жеке пәні ретінде қарастырылған емес. Әдіскер ғалымдар бұл ұғымды жан-жақты саралай келе, оны жүйе ретінде төмендегідей сипаттайды:

- екі не одан да көп қатысушының біріккен әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық жүйе,

- ұжымдық (топтық) іс-әрекет,

- әрекет нәтижесіне ролдік жауапкершілік,

- басқа тұлғамен субъектілік байланыс,

- тұлға әрекетінің басқа мүшелердің қасиеттеріне тәуелді болуы және оларға ықпалы,

- әрекеттің тәрбиелік сипатының субъектінің іс- әрекетінде бейнеленуі,

- субъектілердің өзара қарым-қатынасы.

6 дәріс тақырыбы: Кредиттік оқыту жүйесінде интерактивтік әдістерді қолдану жолдары

1. Студенттердің тұлғалық дамуын жүзеге асыратын интерактивті оқыту моделі

2. Кредиттік оқыту жүйесіндегі интерактивті дәрісті ұйымдастыру және жүргізу бағыттары

Кредиттік технология жүйесінің негізі оқытушы мен студенттердің бір – біріне үлкен сенім артуында, яғни білім жөнінде сенім кредиті болу керек. Студент өз бетінше оқып келіп оған берілген білім кредитін өтеуі керек. Бұл жүйе АҚШ, Жапония сияқты дамыған елдерде енгізілген.

Қазақстанда кредиттік оқу жүйесіне көшудің алғашқы нәтежелері студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) ролін күшейту керектігін көрсетті, себебі аудиториялық сабақтардың санын тиімді түрде кеміту және мәселені студенттердің өзіндік жұмыстарына негіздеу шәкірттердің білімін өз бетінше көтеруіне және өз бетінше дамуына, сын көзқарас пен ойлау қабылеттерін арттыруына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Студент үшін кредиттік жүйе бойынша оқытудағы ең маңызды нәрсе пәннің жұмыстық бағдарламасы (силабус) болып табылады.

Кредиттік жүйе бойынша студент бұрынғыша конспект жазбайды, оның мазмұны белсенді таратылатын материалда (БТМ) болады. Студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында аудиторияда өткізілетін әрбір 2 сағатқа сәйкес студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысына 1 – 2 сағат бөлініп отыр. Бұл сағаттар сабақ кестесіне енеді және оқытушының журналына жазылады. Оқытудың кредиттік жүйесін енгізу экспериментінде студенттің білімін бағалау екі түрлі маңызды функция атқарады. Оның біріншісі студенттерді үлгерімі бойыншаесепке алу, екіншісі оқытудың мәнін анықтау. Студенттердің білімін тексеру мен бағалау студенттердің білімді қаншалықты игергеніне сәйкес түрде жүргізіледі, сонымен бірге оқытушының қызметінің қаншалықты нәтежелі болғанын білдіреді.

Оқудың кредиттік жүйесі бойынша курстан курсқа көшудің орташа балы әрбір жоғары оқу орнында өз бетінше анықталады.

Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын екіге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі- лекция сабақтарына дайын болу үшін қажетті әдебиеттерді оқу, термендер мен түсіндірме сөздерден глоссарий түзу,эссе жазу т. б.

Екіншісі – әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір білім мен уақыт көлемін қажет ететін арнайы тапсырмалар. Мысалы: презентация,топтық және жобалар. Т.б. Соңғы жылдардағы практика көрсетіп отырғандай, студенттердің өзіндік жұмыс тапсымаларының көптеген түрі қолданылып жүр.

Интерактивті оқыту үрдісінде оқу диалогының сөздік емес және сөздік тәсілдерін қарастырып көрейік.

Сөздік емес оқыту тәсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады.

- визуальді

- акустикалық және т.б.

Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:

- ашық сұрақтарды қою іскерлігі біріккен « дұрыс» жауапқа алдын-ала бағытталған жауаптар емес, мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды айту;

- мұғалімнің өз тұғырын өзара әрекеттесуде анықтаушы ретінде емес, сонымен қатар студентерге сабақ барысында « дұрыс» және «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы;

- сабақтың қалай және неге жүзеге асатынын түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болды, келешекте қалай шешуге болды;

- сабақтың өту жағдайын, оның нәтежелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу.

Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікірсайысы (Сократтық диологтар), «ойындық жобалау, « ми шабуылы», «пікірталас», «дөңгелек үстел». Енді осы әдістерді қолданудың әдістемесін қарастырамыз.



Топтағы жұмыс немесе «Өзаралық». Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.

1 кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни студенттер оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға және өткізуге 15 – 20 минут уақыт беріледі.

2 кезең. Жұппен жұмыс. Әрбір топша мүшесін өзіндік шартты белгімен бейнелейміз. Төрт адам – алфавиттің төрт әрпімен А, Б, В, Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде әрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. Мыс; А – Г, В – Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне әкелу. Уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұп болып жұмыс жасауды жалғастыру. Төрттіктегі жұптар тағы да алмасады. Мазмұны өзгермейді. Бұрынғы жұптардың өкілдері жаңа әріптестеріне мәселені өзіндік шешудің жолдарын және жаңарту мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің табылған шешімін қорғай білуге үйренеді.

4 кезең. Топтық шешімді қабылдау. Әрбір төртік жиналады. Топ мүшелерінің мәселені әдістерінен хабары болса да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, сонымен қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі. Жұмыстың бұл формасы, яғни ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс – әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл өзгелерден қысылатын студенттерге көмектесіп, студенттердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді.Бірақ, барлық әдістер сияқты бұл әдістің өзіндік кемшіліктері бар. Мәселен, студенттер шағын топтың пікірімен ғана санасып, тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа формасы «Мозайкаға» көшуге болады. Бұл әдістің мәні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортағашығаруынан тұрады. Бұл әдістің мазмұны (мәселесі, тақырыбы,т.б) алдыңғы әдістермен бірдей. Алайда , бұл әдістің ерекшелігі мәселенің топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.

1 кезең. Шеңбер ішінде мәселені шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мәселе 4 адамнан тұратын кіші топтардың ішінде шешіледі. Әрбір қатысушы талқылаудың (15 – 20 мин.) соңында сол топтың ортақ шешімінің жоспарын білуі керек.

2 кезең. Адамдар арасында мәселені шешу. Бұл жағдайда да кезеңнің аты кейінгі әрекеттерді көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан(әріптік бірлік)қағидасы бойынша құрылған топтар(А-А-А-А)келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып, өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады.

3 кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты 15-20 минут. Бұл өзара әрекетте әрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. Сабақты интерактивті түрде өткізген кезде студенттер тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселерді де өз бетінше шеше алатын болады.

Конференцияның бұл түрін «Дөнгелек үстел», «Ойға шабуыл», «Дебат», «Фокус-топ» және т.б. оқыту формаларын қолдану арқылы ұйымдастыруға болады.
7 дәріс тақырыбы: Педагогиканы оқыту технологиясы.


  1. Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.

  2. Оқытудың инновациялық технологиясы.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В.М.Монахов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В.П.Беспалько “Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба” деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

«ХХ1 ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдануында. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғаны белгілі. Кез келген мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген оқушыдан болашақта жақсы маман білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХ1 ғасыр жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне сенімді азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Мектепте жұмыс атқаратын, яғни балаларға жүрек жылуын беріп, оларды білім нәрімен сусындататын әрбір мұғалімге қойылатын қазіргі талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет /22;22/.

Технология дегеніміз- қандай болса да белгілі бір іске қолданылатын қабылдаулардың жиынтығы. Технология – оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процесі.

Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдері, оның құрамды бөлігі ғана.

Жаңаша оқытудың негізгі мақсаты оқушыға деген сенімді бағыт беру, түзету енгізу. Жаңа технологияларды пайдаланғанда мына жағдайларды ескерген жөн:

- қатар отырған топтың білім деңгейін ескеру;

- әдістеме мен технологияның сабақтастығы.

Бастысы:


- оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруде мұғалім тарапынан көмек беруді бірітіндеп азайту.

- мұғалімнің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.

Жаңа технологиялардың түрлері жетерлік. Алайда жаңа технологиялардың мына түлері біздің мектеп оқушыларына тиімді нәтиже береді:

- бағдарламалы оқыту;

- профильді және кәсіптік бағдар беру;

-тірек конспектісін қолдану;

диалогтік әдістеме;

- модульдік технология;

- семинар сынақ;

- өз бетімен білім алу;

- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы.

Шығармашылық тапсырманы орындау.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңарту және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.

1-кезең – оқып үйрену.

2-кезең – меңгеру.

3-кезең - өмірге енгзу, тәжірбеде қолдану.

4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.

Б.Т.Лихачев “Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бір-ліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, үнемі өзгеріп отыратындығын айтады”.

М.В.Кларин “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және істеу реті”, деген анықтама ұсынды.

М.А.Чошановтың анықтамасы бойынша “Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі”. Ал В.М.Монахов “педагогикалық технологиялар – оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” деп көрсеткен. [22;3-7]
8 дәріс тақырыбы: Ойындық технология


  1. Ойындар жөнінде теориялар мен түрлері

  2. Ойындық педагогикалық технологиялар

Мұғалімнің үнемі ізденіп, өз шеберлігін жетілдіріп, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіруі қажет. Оқушылардың жас ерекшеліктері мұғалімнен сабақ кезінде оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру жолында ерекше жағдай туғызу қажеттігін талап етеді. Сабақта оқушылар тек жаңа материалды оқып, есте сақтап қана қоймай, өмірдің түрлі бағалы тәжірибесінен үйреніп, әлемдік зерттеу ақпараттарымен танысып, солармен біте қайнасып, бағалай білуге үйренсе ұстаз еңбегінің зая кетпегені деп білемін. Әр ұстаз өз сабағының қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл үшін өз пәніңді жақсы білгенің жеткіліксіз, ұстаз жақсы әңгімешіл болуы қажет.

Оқушылардың күнделікті оқу материалын қабылдауын қызықты да, тартымды ететін, олардың шығармашылық ізденісін шындай түсетін, оқу үрдісінен бірден-бір тиімді тәсілі - ойын технологиясы болып табылады.

Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоционалды және тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде бала өзінің нақты тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының оқуға деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады. Ойын – шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д.Б.Элькониннің айтқаны ойға оралады: “ойын - баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйренеді”. [24;225-228]

Ойынның ұйымдастырылуы оның негізгі арқауынан: өткізілу орнын, уақытын, қатысушыларды айқындаудан басталады. Бұл үшін тақырыптық күнтізбе жоспар құру кезеңінде әр түрлі сабақтарда ойындарды қолданудың перспективалары айқындалады.

Сабақ жоспарларын қарастыру кезеңінде ойынның ережелері құрылады, атрибуттары дайындалады. Бұл процеске оқушылар да тартылады.

Ойынды әрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді, өйткені қызығушылық-шарттылық жағдаят туғызу арқасында әрекет ойын өзгешелігіне айналады. Сондықтан керекті шарттарды не арқылы туатынын ескере отырып, ойындарды топтарға бөлуге болады.

Қазіргі кезең әр мұғалімнің алдына оқушының қыбілеті мен мүмкіндігін ескере отырып, осы заманғы алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдануды талап етеді. Мұғалім өз тәжірибесінде жалпы топқа ғана білім беру емес, әр баланың санасын ажеткізу үшін еңбектенеді.

Ойын технологиясы арқылы оқытудың әр деңгейлігіне және оқу үрдісінің негізгі міндеті жаңа материалды оқып үйренудің барынша тиімді нәтижесіне қол жеткізуге болады.


9 дәріс тақырыбы: Жобалау әдісі.

  1. Жобалау әдісі.

  2. Жобалау типтері. Оларды құрылымдау.

Әлуеметтік табиғи ортамен жанама өзара әрекеттесу процесінде стандартты емес жағдайларда алынатын білім мен біліктердің қолданылуы жобалау әдісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқытудың бұл әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ тың ауыл мектептерінде пайда болды. СОЛ кезден бастап әлемнің көп елдерінде сәтті қолданыла бастады .Ресейде бұл әдісті алғаш қолдануға әрекет жасаған С. Т. Шатскийдің клубы болды.Жобалау әдісі –ұғылықты толық нәтижемен айақталуы керек балалар анықтаған немесе педагог ұсынған мәселені деталъдық өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жеткізу әдісі. Ол нәтижені ақиқат тәжірибелік іс әрекетте көруге ұғынуға болады.

Мәселені шешу бір жағынан оқытудың турлі әдіс,тәсілдердің бірлігін қолдануды,екінші жағынан білім,біліктерді интеграциялау,ғылымның түрлісалаларынан білімді қолдануды талап етеді.Жобалау әдісі бойынша жұмысқандайда бір мәселенің болуын ғана емес ,сонымен қатароны ашушешу әрекеті жоспарлау болжамның болуы,ролъдің бөлінуін қарастырады.Жобаның тематикасы оқу процесін дифференциялау процессі,сол сұраққа қатысты жеке оқушының білімін тереңдету мақсатында оқу бағдарламасын ың қандайда бір теориялықсұрағына қатысты болуы мүмкін.Дегенмен көп жағдайда жобаның тақырыбы практикалық өмір үшін өзекті,шығармашылық ойлау,зерттеу жәнепрактикалық дағдыларды талап ететін сұраққа қатысты болады.Осылайша білімнің интеграциясына қол жеткізіледі.Жобалау әдістерінің маңызды мақсаттарының бірі оқуменпрактиканың толыққанды байланыстылығы классиканың дидактикалық принципін жузеге асыру,

Жобалау әдісі келесі түрдегі педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданнылуы мүмкін.

- Білім,білік дағдылардын практикалықмәнділігін ұғынған жағдайда оларды баланың меңгеруі.

-Өз бетінше индивидуалъды және топтық іс-әрекет әдістерін меңгеруі.

-Танымдық және шығармашылық қабілетті дамыту.

-балалардың кәсіпті таңдауына көмектесу бағыт беру.

Жобалар алуан түрлі,олардыңжіктемесі түрлі негізде болады.Жобада басымдылық танытқан міндеттің сипатына қарай олар келесідей жіктеледі.Ізденістік,жіктеушілік,шығармашылық,қолданбалы.

Әдістемелік жобалар-ақпаратты жинау және талдау,мәселені анықтау және қою,міндет қою.Бұл жағдайда ақпарат әдістері болуы керек.Сауалнамалар,публикациялардың талқылануы,бақылау т.б.Сонымен қатар қажет қай әдіспен алуғу болатынын бала өзі анықтайды.

Жобаға қатысушылар осы міндеттерді шешу бойынша іс-әрекеттердің бағдарламасын өздері жасайды,бірақ міндеттерді шешуді жүзеге асыру ізденістік жоба ретінде қалады.Іс-әректтің заттықнәтижесін балалар жинаған,доклат,стенд,электрондық презентация түрінде ұсынған ақпараттар құрайды.Зерттеушілік,шығармашылық және қолданбалы жобалар-педагог ұсынған немесе алдыңғы ізденістік жобаның орындалу қорытындысы болып табылатын һандайда бір міндетті шешу.

Зерттеушілік жобаларды орындау барыснда балалар ақпаратты жинау және талдау әдістерінқандайда бір ғылым саласында қолданылатын экспериментті жүргізу әдістерін меңгереді.Балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқушылардың зерттеушілік жобалары нәтижесі ғылымжәне практикалық мәнге ие мәселелерге қатысты өткізіледі.

Балаллардың шығармашылық және қолданбалы жобалары өнер немесе техника саласында нақты өнім жасауға бағытталған.

Өнер саласындағы балалардың шығармашылығын жобалары қоғамдық бағытта,өйткені шығармашылық өнімі белгілі бір көрермендер үшін жасалады.Шығармашылық қолданбалы шаралар коммерциялық сипатта яғни жасалған өнімді басынан бастап сатуға бағытталуы мүмкін.Мұндай жоба тек оқу-тәрбие міндеттерін ғана емес,балаларға білім беру мәселесінің эканомикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.Балалар жобалары пәндік аймақта менозапәндік жне пән болуы мүмкін.Индивидуалды жобалардың орындалуындада оқу тобының ішінде қатынас болалды.Біріншіден әрбір индивидуалъды яғни жеке жоба ортақ мәселенің алтерънатифті шешімдерінің бірі болып табылады.Екіншіден жобаны орындау барысында стихиялық түрдегі кооперация болуы мүмкін.Жобаның орындалуының кез-келген кезінде ұжымдық талқылау жүреді.Өйткені олардың негізінде бір алгаритм жатыр.Жобалар педагог жағынан басқару сипатына қарай өзгешеленеді.

Сонымен қатар жүзеге асыру ұзақтығына қарайда өзгешеленеді.Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Балаларға қосымша білім беретін мекеме тәжірибелерінде жобалау әдісін қолдануға келесі талаптар қойылады. Бірінші талап – зерттеушілік және шығармашылық жоспарда мәселенің болуы.

Мәселенің шешілуінің объективті мәнділігі елеулі болмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде балалар үшін оның субъективті мәні болуы керек.

Екінші талап – күтілетін нәтижелердің практикалық және теориялық мәнділігі болып табылады.

Үшінші талап – балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкінділігі.

Бұл балаларда қажет білімін және біліктердің болуымен, физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік жағдайының сақталуымен ақпарат көздерінің қол жетерліктей болуы, материал, құрылғылардың болуымен байланысты.

Төртінші талап – аралық нәтижелерді көрсете отырып жобаның мазмұнды бөлігінің кезеңдерге құрылымдануы. Жобамен жұмыс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.

Біріншісі – ізденіс. Оның негізгі қызметі- жобаның мақсаты мен міндетін анықтау. Бұл кезеңде ізденіс пен мәселені қалыптсатыру жүзеге асады. Мәселені педагог меңгерілетін тақырып шеңберінде береді. Ал бала ақпаратты алдын- ала жинақтау және талдау барысында ұсынады. Ол үшін балалар келесі сұрақтар қатарына жауап беруі керек. Мен не істегім келеді? Неге мен мұны істегім келеді? Менің жұмысымның нәтижесі не болады? Осы сұрақтарға жауап бере отырып бала мәселенің субъективті мәнін ұсынады, алда тұрған іс- әрекеттің мақсаты мен міндеттерін нақтылайды.Бұл көлемді және нақты түрде жобаның тақырыбын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты анықталғаннан кейін ол міндеттерде, аралық мақсаттарда нақтыланады. Олардың орындалуы түпкі мақсатқа жетуге жеткізеді.

Екінші кезең – келешек жұмысты жоспарлау. Бұл кезеңде балаларға келесідей сұрақтар қойылады. Ұсынылған тақырыптардың шешімі қандай? Олардың әр біреуін қанша уақытта шешу керек? Әр міндетті шешу кімге жүктеледі? Жұмыстың әр кезеңін орындау үшін қандай материалдар мен құрылғылар қолданылады? Әр кезеңге кімнің көмегі керек және оны қалай алуға болады? Әр кезеңнің нәтижелері мен түсінікті нәтиже қалай ұсынылады? Жоспарлау кезеңі анықталғаннан кейін келешек жұмыстың жобасы жасалады. Онда мақсаты мен орындалу кезеңдерінің барлығы сипатталады. Зерттеушілік жобалауды әдетте жасөспірімдік жастағы балалар орындайды. Бұл жерде жүргізілетін зерттеудің жоба жоспарының орындалуы орынды. Мұнда болжам, қолданлатын әдіс, бақылау және эксперимент жүргізу графигі, аралық және түпкі нәтиженің ұсынылу формасы көрсетіледі.

Жоспарлау кезеңінде жобаның түпкі нәтижесіне қойылатын талаптар жасалады. Ол қалай жасалуы керек, қандай критериялармен бағаланады Бұл талаптарды педагогтың өзі өңдеуі немесе ұжымдық талқылау кезеңінде өңделуі мүмкін. Индивидуальді немесе топтық жобаларды тәжірибелік жүзеге асырмас бұрын оларды аудитория алдында қорғағаны жөн. Қорғау процедурасы кірістіреді:


  • жобаны жасаушы адамның қысқаша жоба жөнінде сипаттама беруі;

  • жарияланған жұмыстың орындалуы мен нәтижесіне жауапты адамдарға заттық символдар беру;

  • үшінші кезең – практикалық (техникалық) – жобаның кезеңдік орындалуы, аралық нәтижелердің бағалануы, жұмыс барысын талдау, қажет түзетулер енгізу.

Ол педагогпен жеке кеңес сериясы немесе дөңгелек стол түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Балалармен жоба әдісін пайдаланудың өз ерекшелігі бар. Кіші мектеп жасындағылардың жобалық іс- әрекетін ұйымдастыру әдісін Т.В.Цветков өңдеді. Ол жоба әдісі мен ұзақ сюжетті – рольдік ойынның синтезі ретінде көрінеді.

Жасөспірімдер үшін жобаның іс- әрекетті ұйымдастырылудағы маңызды кезең- жарысу т.б. Балаларға қосымша білім беретін меемелерде «Идея және іс биржасы» әдісі қолданылады. Ізденіс кезеңі мүмкін жобалар жөнінде идеяларды жинақтау идеялар тематикасы, іс - әрекет түріне қарай топтастырылады, олардың «құны» - өзектілігі және орындалу қиындығы анықталады.
10 дәріс тақырыбы: ЖОО-дағы инновация және оқыту ортасы.

Тақырыбы:


  1. Аудиториядағы оқытушы рөлі.

  2. Қатынастың диалогтық формасы.

  3. Диалог.

Қазіргі кезең дидактикасы интерактивті оқыту формасы мен әдістерінің дәстүрлі оқытуда мынадай негізгі айырмашылықтарын атап көрсетеді:

Оқушылардың танымдық қызметін міндетті түрде белсенді ету;

Сабақта студенттің белсендігін мүмкіндігінше ұзақ уақытқа көтеру;

Студенттің проблемаларды шешу барысында (өз бетімен және топпен) жоғары деңгейде күш-жігер салуы;

Белсенді қызмет ету үшін эмоционалдық еріктік жағдай танытуы;

Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынаста үздіксіз тура және кері байланыстың болуы;

Мұғалім қызметінің менеджер, оқу үрдісін ұйымдастырушы, кеңесші рөліне ауысуы.


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау