Об организации оздоровления детей в летний период



жүктеу 124 Kb.
Дата16.02.2020
өлшемі124 Kb.
#29222


2019 жылы балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Жазғы демалыс уақытында балалардың демалысын, сауықтырылуын, бос уақыты мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.

2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 310-III Жарлығы).

3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы.

5. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV).

6. Бала құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы 44/25 Резолюциясы. 1990 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді.).

7. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы.

8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы).

9. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы)

10. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысы)

11. «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығы)

12. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2004 жылғы 9 шілдедегі № 591)

13. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы (2007 ж.)

14. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ Заңы

15. «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 36-ө Өкімі

16. «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

17. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ.

18. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі.

19. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 253 «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы.



Балалардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуда демалыс уақытының тәрбиелік құндылығын қамтамасыз етудегі бағдарламалық-әдістемелік қолдау
Балалардың демалыс жағдайларында педагогтердің ғылыми-тәжірибелік, тәрбиелік, ұйымдастырушылық-бұқаралық, ойын-сауық қызметін аса тиімді іске асыруға ықпал ететін және қамтамасыз ететін қажетті ақпаратсыз, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандырусыз балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуын, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыру мүмкін емес.

Бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыруды жетілдіру оқушылардың жазғы кезеңде функционалдық сауаттылығын одан әрі дамыту процесінде білімдерін кеңінен жаңғыртуға; оқушылардың өзін-өзі таныту уәждемесін дамытуға; әлеуметтік пайдалы қызметке қосуға; балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге; қоғамдағы өмірге бейімдеуге; бос уақыты мен еңбекпен қамтуды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Демалыс уақытында балалардың бос уақытын ұйымдастыру бағдарламаларын әзірлеу барысында ұлттық сана-сезімді, патриотизмді және азаматтық бірегейлікті, ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықты қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың этномәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға, балалардағы денсаулыққа және барлық аспектілерінде салауатты өмір салтына құндылық қатынасын тәрбиелеуге назар аудару қажет.

Демалыс кезінде балаларға дене шынықтыру сабақтарына, спортқа, туризмге тарту, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, сауықтыру және мәдени іс-шараларды өткізу, қызығушылықтар бойынша бірлестіктерде экскурсиялар, жорықтар, ойындар, сабақтар ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасалуы керек.

Балалармен жұмыс істеу түрлері әртүрлі болуы мүмкін:



- спорттық-сауықтыру (турнирлер, спорттық жарыстар және ойындар);

- экологиялық-өлкетану (жорықтар, экскурсиялар, рейдтер, десант);

- зияткерлік-танымдық (викториналар, әңгімелесулер, дәрістер, мәдени-ойын-сауық мекемелерге бару, белгілі тұлғалармен кездесулер, тренингтер);

- адамгершілік-эстетикалық (конкурстар, көрмелер, концерттер, шоу, дискотекалар, ойын және танымдық бағдарламалар).

Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей демалыс уақытында мұғалімдердің мақсатты және нақты ұйымдастырылған жұмысы барысында балалар тәжірибелік, шығармашылық, зерттеу, қоғамдық, жаңашылдық қызметтің түрлі әлеуметтік тәжірибеге, қарым-қатынас, жеңістер, көңілі қалу, сәттілік пен сәтсіздіктер тәжірибесін алады.
Жазғы сауықтыру лагері қызметінің негіздері және қызметті ұйымдастыру
Лагерь әдеттегідей стационарлық негізде – жалпы білім беретін ұйымдардың, мектептен тыс ұйымдардың, балалар мен жасөспірімдердің тұратын жері бойынша ұйымдардың, басқа да білім беру ұйымдарының негізінде құрылады.

Лагерь бір немесе бірнеше білім беру ұйымдары оқушыларының қатарынан жинақталады.

Балалар мен жасөспірімдердің лагерьде болу ұзақтығын, өткізу мерзімі мен ауысымдар санын лагерь құрылтайшысы білім, денсаулық сақтау органлдарының ұсынымдарын, табиғаттық-климаттық жағдайларды ескере отырып белгілейді.

Лагерьде топтар, жасақтар, бейінді бірлестіктер құрылады, құрылтайшы олардың толымдығын оқушылардың жасы мен қызығушылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды, қауіпсіздік техника ережелерін, қаржы және кадрлық мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды.

Лагерь ұжымы демократия және адамгершілік қағидаттарына, ұлттық және мәдени-тарихи дәстүрлерді дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтарын ескере отырып бастамашылық пен дербестікке негізделген жұмыс мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтайды.

Жұмыс түрлері мен әдістерін таңдаған кезінде бірінші кезекте сауықтыру шаралары, екіншіден баланы дамытуға бағытталған білім беру қызметі (құнарлы тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету, таза ауада болу, сауықтыру, дене шынықтыру, мәдени іс-шаралар, экскурсиялар, жорықтар, ойындар, қызығушылықтар бойынша бірлестіктерде: үйірмелерде, секцияларда, клубтарда, шығармашылық шеберханаларда сабақтар ұйымдастыру) назарда болу қажет.

Лагерь ұжымы жұмыс бағдарламасын, тіршілік қарекетінің негізгі бағыттарын, күн тәртібін, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды өз бетінше анықтайды.

Лагерь балалары мен қызметкерлерінің жалпы жиналысында балалар мен қызметкерлердің тең өкілдігі кезінде Кеңес (басқарма) немесе өзін-өзі басқарудың басқа органы сайланады. Лагерь кеңесі лагерь әкімшілігімен, ата-аналармен, оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Балалар мен жасөспірімдер ұйымның асханасында немесе Мемсанэпидқадағалаудың аумақтық орталықтарының келісімімен шартты негізде қоғамдық тамақтанудың жақын объектілерінде тамақтанады

Балалар мен жасөспірімдерді экскурсиялар мен басқа да іс-шаралардың өту орнына көліктің тиісті түрімен тасымалдауға қойылатын талаптарды сақтай отырып кемінде екі мұғалім алып жүреді. Егер топта 30-дан аса адам болса, онда алып жүретін педагогтердің саны әр 15 адамға бір педагог келеді.


Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің өмірін және денсаулығын қорғау

1. Ауысымның әкімшілігі және тәрбиешісі мектеп жанындағы алаңда және лагердегі балалардың өміріне және денсаулығына толықтай жауап береді.

2. Лагерь қызметкерлері және балалар тәртіпті қатаң сақтаулары тиіс, ішкі тәртіп ережелерін, күн тәртібін, оқу және тәрбие жұмыс жоспарын орындауы керек. Балаларға лагерь қызметкерлерінің алып жүруінсіз лагерь аймағынан кетуге тыйым салынады.

3. Мектеп әкімшілігінің немесе дәрігердің рұқсатымен тексерілген су айдындарында, бассейндерде ғана балалар мен жасөспірімдердің шомылуына рұқсат етіледі және тәлімгер мен дәрігердің (мейірбикенің) қатысуымен жүзу бойынша нұсқама өткізіледі.

4. Балаларды тасымалдаған кезінде көліктің техникалық жағдайына, жүргізушілердің даярлығына ерекше көңіл бөлінеді. Балаларды тасымалдау жауапкершілігі лагерь құрылтайшысына және басшысына жүктеледі. Балаларды жүк машинасында тасымалдауға тыйым салынады.

5. Лагерьдің барлық үй-жайлары өртке қарсы құралдармен және бұршақтан сақтану құралдарымен жабдықталады. Мектепте балаларды өрт және дүлей апаттары жағдайларында эвакуациялау жоспарлары әзірленуі тиіс.

6. Лагерьдің, сауықтыру алаңның қызметкерлері арнайы оқыту семинарынан және медициналық рұқсатнамадан, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаудан жұмысқа жіберіледі.

7. Жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқамаға сәйкес жүзеге асырылады.


Жазғы лагерьді қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есептілік
1. Лагерь құрылтайшының қаражаты, сондай-ақ ата-ана төлемақысы мен басқа да қосымша тартылған қаражат есебінен ұсталады.

2. Балалар мен жасөспірімдердің осы немесе басқа да санаттарына жеңілдіктерді ұсыну және лагерьде болғаны үшін төлеуден босату тәртібін атқарушы билік органдары белгілейді.

3. Лагерьді күтіп-ұстауға жұмсалатын барлық қаржы шығындар бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Лагерь құрылтайшысы лагерьді күтіп-ұстауға бөлінетін ақшалай қаражаттың жұмсалу дұрыстығын және мақсаттылығын бақылайды және лагерьдің жабылуынан кейін қаржы қызметінің қорытындысын шығарады.


Балалар күндіз болатын лагерьдің нормативті-құқықтық қамсыздандырылуы
Ұйымдастырушылық құжаттар:

1. Лагерьді құру туралы бұйрық.

2. Лагерь туралы ереже.

3. Құрылымдық бөлімшелер туралы ереже.

4. Штаттық кесте.

5. Лагерь әкімшілігі арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық.

6.Лауазымдық нұсқаулықтар.

7. Лагерьдегі ішкі тәртіп ережелері.

8. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар (нұсқаулықтар, журналдар).

9. Лагерьді қабылдау және тапсыру актісі.

10. Қаржылық-бухгалтерлік құжаттар.

11. Лагерь қызметкерлерінің жұмыс кестесі.

12. Демалыстар, ауыстыру, ынталандыру, жазалар туралы бұйрықтар.

13. Лагерь қызметкерлерінің санитарлық кітапшалары.

14. Жоғары тұрған ұйымдарының нормативтік актілері.
Тәрбиелік-сауықтыру процесін реттейтін құжаттар:

1. Лагерь жұмысының бағдарламасы.

2. Лагерьдің барлық кезеңге тәрбиелік-сауықтыру жұмысының жоспар-кестесі.

3. Лагерьдің жұмыс тәртібі.

4. Тәлімгерлер мен тәрбиешілердің күнтізбелік жоспары.

5. Балаларды жасақтар бойынша бөлу журналы (тізімі)


Лагерь құжаттамасы:

Мектеп директоры:

1. Мектеп бойынша мектеп жанындағы лагерьді ашу туралы бұйрықты шығарады, бұйрықта жұмысын, мерзімін, күндер санын, күнтізбелік мерзімдерін, уақытын, тәртібін белгілейді.

2. Тәрбиешілердің, медициналық қызметкерінің, музыкалық қызметкерінің тегін көрсете отырып, мектеп жанындағы лагерь оқушыларының тізімін (оқушылардың Т.А.Ә, сынып) бекітеді.

3. Лагерь басшысын тағайындайды (мұғалімнің Т.А.Ә.).


Лагерь қызметкерлері:

А) ойын бөлмесін; Б) жатын бөлмесін; В) асхананы; Г) спорттық алаңды; Д) лагерьдің ерекше белгісін дайындайды.


Лагерь басшысы:

1. Лагерьдің маусымға арналған жұмыс жоспарын жасайды

2. Күн тәртібін құрайды

3. Лагерь бойынша бұйрықтар кітабын ресімдейді:


- директордың бұйрығы

- оқушылар тізімі

- ата-аналардың қолы қойылған төлеуге арналған тізімдеме; - № 1 бұйрық Мектеп директорының бұйрығы негізінде ___________ қабылдансын және _______ тағайындалсын - № 2 бұйрық Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы - № 3 бұйрық __________ лагерінің ашылуы жүргізілсін

- Экскурсияға шығу бұйрықпен ресімделеді

4. Лагерьдің барлық қызметкерлерінің санитарлық кітапшалары

Тәрбиешілер:

1) маусымға арналған жұмыс жоспары;

2) күнделікті жоспарлар;

3) жасақ күнделігі;

4) әр күнге талдау жасау.

Жазғы демалысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттар қажет:

1. Жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы.

2. Лауазымдық нұсқаулықтар (лагерь бастығы, тәрбиешілер, медициналық қызметкерлер).

3. Серуендеу, экскурсиялар, спорттық жарыстар өткізу барысында оқушыларға арналған еңбекті қорғау нұсқамалығы.

4. Демалу бөлмесінде, тамақтанатын залда оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелер бойынша нұсқаулық.

5. Қауіпсіздік техника жөніндегі журнал.



Лагерь ауысымының (маусымның) басшысы (директоры, бастығы):

 лагерь ауысымының қызметіне жалпы басшылық етеді, арнайы журналда тіркелетін лагерь ауысымы бойынша бұйрықтар және өкімдер шығарады;

 лагерь ауысымы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлейді және бекітеді, оларды еңбек жағдайларымен таныстырады, арнайы журналға тіркей отырып лагерь ауысымының персоналына қауіпсіздік техникасы, балалар жарақаттанушылығын алдын алу және жазатайым оқиғаларды ескеру бойынша нұсқамалық жүргізеді, ауысым персоналының жұмысқа шығу кестесін жасайды;

 білім беру және сауықтыру жұмысын өткізу, балалардың бос уақытын, олардың еңбек қызметін ұйымдастыру үшін қауіпсіз жағдайларды жасайды;

 тәрбиеленушілерді тамақтандыруды ұйымдастыру және лагерь ауысымының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырғаны үшін жауапты.

Басшының орынбасары, тәрбиеші, жасақ тәлімгері, дене шынықтыру нұсқаушысы, қосымша білім беру педагогы, медициналық қызметкер балалардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты.


Жазғы сауықтыру лагері істері номенклатурасының үлгісі
01-іс. Лагерь жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар 01-01. «Білім туралы» ҚР Заңы

01-02. ҚР Еңбек туралы заңдар кодексі

01-03. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы

01-04. «Баланың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы

01-05. Жазғы сауықтыру лагері туралы ереже (немесе Жарғы)

01-06. Лагерьдегі ішкі тәртіп ережелері

01-07. Күн тәртібі

01-08. Балалардың лагерьдегі мінез-құлық ережелері (жазбаша, барлық балалар мен олардың ата-аналарының танысқаны туралы қолдары)

01-09. Бөгде ұйымдармен жасалған шарттар (экскурсиялар, мәдени қызмет көрсету)

01-10. Лагердің істер номенклатурасы



02-іс. Кеңсе

02-01. Бұйрықтар кітабы

02-02. Штаттық кесте

02-03. Қызметкерлер тізімі

02-04. Балалардың тізімі

02-05. Бағыттық қағаздар

02-06. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттері

02-07. Ата-аналардың және оларды алмастыратын тұлғалардың өтініштері мен арыздары



03-іс. Медицина

03-01. Дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек көрсетуге лицензия

03-02. Лагерь қызметкерлері туралы медициналық мәліметтер

03-03. Балалардың эпидемиологиялық саулығы туралы медициналық анықтамалар

03-04. Санитариялық жағдайды тексеру актілері

04-іс. Шаруашылық қызмет

04-01. Лагерь бойынша шығындар сметасы

04-02. Асханада тамақтануға тапсырыс-өтінім

04-03. Тамақ құнын оперативті есептің күндізгі тізімдемесі

04-04. Түбіртектер

04-05. Әр күнге арналған мәзір

04-06. Тамақ құны есебінің жинақ тізімдемесі

05-іс. Тәрбие жұмысы (орындау, қатынасу және талдау)

05-01. Лагерь жұмысының бағдарламасы (мемлекеттік тілде)

05-02. Лагерьдің ауысым жұмыс жоспары (мемлекеттік тілде)

05-03. Лагерьдің күделікті жұмыс жоспары (мемлекеттік тілде)

05-04. Ауысым жұмысын талдау (мемлекеттік тілде)

06-іс. Еңбекті қорғау

06-0.1. Жазғы сауықтыру лагерін қабылдау актісі

06-02. Спорт жабдығын техникалық зерттеп-қарау актісі

06-03. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалық

06-04. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқамалық

06-05. Санитариялық-гигиеналық параметрлер жөніндегі нұсқамалық

06-06. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалық

06-07. Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналы

06-08. Жұмыс орнында нұсқамалықты тіркеу журналы

06-09. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалықты тіркеу журналы

06-10. Жорықтар мен экскурсияларды өткізу барысында нұсқамалықты тіркеу журналы

06-11. Журнал регистрации инструктажа воспитанников по охране труда Тәрбиеленушілерге еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалық өткізуді тіркеу журналы

06-12. Лагерь тәрбиеленушілерімен жазатайым оқиғаларды тіркеу журналы

Істер номенклатурасы белгіленген үлгідегі құжат болып табылмайды, бұл дегеніміз, білім беру ұйымы тарауларды өздігінше жасау, оларға атау беруге құқығы бар.
Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу жөніндегі жадынама
Мақсаты: Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу.

Қамсыздандыру объектілері: білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері, меншіктің барлық типтері мен нысандарының лагерлері, мектептен тыс ұйымдар, жалпы білім беретін.

Жұмыс әдістері мен нысандары:

- балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттаманың жағдайын зерделеу және талдау;

- меншіктің барлық типтері мен нысандарының лагерлерін талдау (қала сыртындағы, мектеп жанындағы, мектептен тыс ұйымдар және басқа да білім беру ұйымдарының объектілері);

- балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастырушылармен әңгімелесулер, кездесу (директорлар, тәрбиешілер, тәлімгерлер.



Зерделеуге арналған сұрақтар:

1. «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін іске асыру.

2. Облыс көрсеткіштерін, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа қажетсінуді, облыстың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларды ескере отырып ағымдағы оқу жылында балалар мен жасөспірімдердің демалыс, сауықтырылуы мен еңбекпен қамтылу бағдарламасы.

3. Барлық типтегі лагерлердің желісін арттыру, олардың қызметін жандандыру, педагогикалық және басқа да кадрлармен қамтамасыз ету, оларда (лагерь тізімі) балалар мен жасөспірімдердің болуына қажетті материалдық-техникалық және тұрмыстық жағдайлар жасау бойынша шаралар.

4. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмысы, олардың шешімін орындау, нәтижелер.

5. Барлық типтегі балаларды сауықтыру ұйымдарының педагогикалық мамандарын ұйымдастырушылық және әдістемелік даярлауды қамтамасыз ету (мемлекеттік және мемлекеттік емес, жекеменшік).

6. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылары балаларының, экологиялық тұрғыда қолайсыз аудандарда тұратын балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру.

7. Девианттық мінез-құлқы бар балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру.

8. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша мектеп орманшылықтарының, бригадаларының қызметін ұйымдастыру.

9. Жазғы демалыс кезеңінде мектептен тыс ұйымдардың жұмысы, олардың жанынан шатырлы лагерлерді ұйымдастыру, туристік жорықтарды, экскурсияларды, саяхаттарды, экспедициялар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу.

10. Жазғы кезеңде жасөспірімдердің еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені, олар үшін жеңіл еңбек бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру, еңбекпен қамту қызметімен байланыс.

11. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруда ата-ананың қатысуы.

12. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбек биржаларын ұйымдастыру, оларға заңнамаға сәйкес жазғы демалыс кезінде жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орындарын ұсыну.

13. Бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен еңбекпен қамтылу барысы туралы жариялау

14. Балалар, жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары, дене шынықтыру және спорт өңірлік орталығы ұйымдастырған республикалық, халықаралық іс-шараларға қатысу.

15. Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің үздік жазғы демалыс ұйымына байқау-конкурсын өткізу.

16. Жазғы демалыс мәселесін кім, қашан және қайда қаралды? Қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды орындау барысы

17. Ауылдық елді мекенде жазғы демалыс, сауықтыруды және еңбекпен қамтуды ұйымдастыру, қамсыздандыру %.

18. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастырудың жаңа нысандары.

19. Ауданның, облыстың, республиканың шегінен тыс балалардың, жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру

20. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру үшін демеушілік және қайырымдылық көмекті тарту.

21. Осы мәселе бойынша денсаулық сақтау, спорт және басқа да мүдделі ведомстволарымен және ұйымдармен өзара әрекеттесу.

22. Жазғы лагерьлерді лицензиялау мәселелері (лагерьлерді лицензиялауға қажетті құжаттар тізімі).

23. Лагерьдің істер номенклатурасының болуы.


Жазғы сауықтыру лагерінде балалар

мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын

сақтау жөніндегі нұсқамалық
1. Жазғы сауықтыру лагеріндегі жұмысқа медициналық куәландырудан өткен 18 жасқа толған тұлғалар жіберіледі.

2. Сауықтыру лагерінің тәрбиешісі (тәлімгері) және мейірбике:

 өз жасағындағы балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты;

 өз жасағындағы балалардың денсаулығын бақылайды, дәрігерге балалардың ауруы мен сырқаттануы туралы уақытылы хабарлау;

 балалардың денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты дәрігердің талаптарын орындайды және сабақ, ойын мен күндізгі ұйқы кезінде балалардың жағдайы туралы өзінің байқауларын лагерь басшысына хабарлайды;

3. Мейірбике балаларды күнделікті тексеру жүргізеді, дәрігердің балаларға емдік және профилактикалық көмек көрсету бойынша тағайындауларын орындайды;

4. Тәрбиеші және мейірбике сауықтыру рәсімдерін өткізуге қатысады, тамақтандыруға бақылау жүргізеді, алғашқы медициналық көмек көрсетеді;

5. Таңертен баланы лагерьдің тәрбиешісі немесе қызметкері қарсы алады. Күннің аяғында тәрбиеші баланы ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға береді. Кейбір жағдайларда балалар ата-аналардың жазбаша өтініші бойынша өз бетінше кете алады.

6. Сауықтыру лагерінің персоналы баланың кенеттен ауырып немесе жазатайым оқиғасы барысында алғашқы көмек көрсетуге дайын болуы тиіс.

7. Ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға лагерь басшысының рұқсатынсыз жұмыс күннің аяқталуына дейін балаларды лагерьден алып кетуге тыйым салады.

8. Баланы мас күйіндегі адамдарға және 18 жасқа дейінгі тұлғаларға беруге тыйым салынады.

9. Бала ауысымның аяқталуына дейін ата-ананың немесе оны алмастыратын адамның ғана қолхаты бойынша лагерьден кете алады.

10. Балаларды тәулік бойы қараусыз қалдыруға тыйым салынады:

 балаларды ересектердің алып жүруінсіз серуендеуге жіберуге;

 балалар ас әзірлейтін бөлмеге тек ересектермен кіруге тиіс;

 іс-шараларға даярлықты жұмыстан тыс уақытта ғана жүзеге асыруға;

11. Тәрбиеші лагерь шегінен тысқары экскурсия өткізген кезде:

 әкімшілікті орналасқан жер туралы хабардар етуге;

 балалардың нақты санын білуге;

 балалардың қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерінің қатаң орындалуын қамтамасыз етуге;

 Су ішу тәртібін қамтамасыз етуге;

 күн өтуді алдын алу үшін әрбір баланың басында бас киімі бар болуын қадағалауға;

12. Балалардың қолы жететін зарарсыздандыру, кесетін құралдарының жақын жерде орналасуын қадағалауға міндетті.

13. Мейірбике және тәрбиеші қызуөлшегіштерді дұрыс сақтауға және пайдалануға жауап береді:

 қызуды тек ересек болған кезде өлшеуге;

 сынған қызуөлшегіштер лагерьден дереу жойылуға жатады.

14. Спорттық снарядтар және ойын құрал-сайманы орнықты, жарамды болу тиіс.

15. Тәрбиеші және дене шынықтыру жетекшісі спорттық іс-шаралар мен ойын жаттығуларын өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

16. Лагерь персоналы лагерьдің жай-күйін бақылаулары тиіс (қауіпті заттарды жоюға: әйнек, тақтайлар, шегелер, темір заттар және т.б.)

17. Лагерьдің барлық қызметкерлері:

 өрт қауіпсіздігінің ережелерін білуге;

 өртке қарсы құрал-саймандарды қолдануды білуге;

 өрт эвакуациясының жоспарын білуге;

 жол қауіпсіздігі ережелерін білуге;

 экскурсиялар мен жорықтар өткізу кезінде балаларды көлікпен тасымалдау шарттарын білуге;

 суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын білуге;

 құтқаратын құралдың пайдалануын білуге;

 күн өткен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуге міндетті.


Үйірмелердегі сабақтарда, лагерьде еңбекті ұйымдастырған кезде еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ
Лагерьде, үйірмелерде балалардың еңбегін ұйымдастыратын тәрбиешілерге, қосымша білім беру педагогтарға қауіпсіздік техникасы талаптарының келесі ережелерін сақтаулары қажет:

  1. Учаскелерде, топтарда жасалатын жағдайлар баланың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету тиіс.

2. Еңбек қызметіне арналған құрал-саймандарды бір метр деңгейде орналасқан сөрелерде орналастыру қажет.

3. Аквариумды, жануарлары бар торларды, бөлме өсімдіктерін баланың еденде тұрып күтім жасай алатындай орналастыру қажет.



Асханада балалардың кезекшілігін ұйымдастыру барысында еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ
Балалардың кезекшілігін ұйымдастыратын тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтары қауіпсіздік техникасы талаптарының келесі ережелерін сақтау қажет:

1. Балалардың асханадағы кезекшілігі кезекші тәрбиешінің немесе асханада кезекші болуға тапсырылған тұлғаның қатысуымен ғана өтеді.

2. Балаларға ыстық тамақ, суды және басқа да ыстық заттарды тасуға тыйым салынады.

3. Салмағы 2-3 килограмнан асатын ауыр заттарды көтеруге тыйым салынады.

4. Балалар ас әзірлейтін бөлмені ересектің алып жүруімен ғана аралай алады.

5. Асхана бойынша кезекші болуға лагерьдің медициналық қызметкерінің рұқсатымен ғана жол беріледі.


Жазғы демалыс қорытындысы бойынша талдау

Ата-аналарға арналған сауалнама
1. Мектептің жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына қандай баға берер едіңіз (бес балдық шкала бойынша)?______________________________________

2. Келесі жылы балаңыздың мектептің жазғы сауықтыру лагерінде демалғанын қалайсыз ба?_______________________

3. Балаңыз лагерьде өткізген әрбір күннен соң өзінің әсерімен бөлісті ме (керектіні белгілеңіз):
- күн сайын;

- жиі;


- кейде;

- сирек;

4. Бағалаңыз (бес балдық шкала бойынша):

- лагерьдегі өмірі мен демалыс шарттары ________________________________

- лагерьде болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету ___________________

- лагерьде өткізілетін іс-шаралар ______________________________

- тамақтандыру _____________________________________________________

- тәрбиешілер мен тәлімгерлердің балаға деген қарым-қатынасы ________________________________________________________

5. Мектептің жазғы сауықтыру лагерінің ауысымы басшысына қандай да бір тілегіңіз бар ма? ________________________
Оқушыларға арналған сауалнама

1. Қалай ойлайсың жазғы сауықтыру лагерінде не үшін демалдың? ______________________________________________________

2. Ауысымның тақырыптық мазмұны саған ұнады ма? ______________________________________________________

3. Денсаулық және жеке қауіпсіздікті сақтау ережелерін есте сақтадың ба? ______________________________________________________

Жазғы лагерьден тыс жерде осы білімдер саған керек бола ма? ______________________________________________________

4. Лагерьде өткізілген іс-шараларға қатыстың ба? (астын сыз)

Участвовал ли ты в мероприятиях, проводимых в лагере (нужноеподчеркни):
- иә, әрдайым қатыстым;

- жоқ (себебін көрсет)_______________________________

- кейде;
5. Жасақтағы балалардың қайсысымен сен достастың және одан не нәрсе үйрендің?

________________________________________________

6. Келесі жылы мектеп лагерінде демалғың келе ме?______

7. Жазғы лагерде өткізілген іс-шараның қайсысы есте қалды?_________________________________________

8. Бес балдық шкала бойынша бағала:

- лагерьдегі демалыс шарттары ________________________________

- лагерьде өткізілген іс-шаралар ______________________________

- атмосферасы____________________________________________

- ауысым тақырыбы және қызығушылық ________________________________

- тамақ _____________________________________________________



- тәрбиешілер мен тәлімгерлер тарапынан саған деген қарым-қатынасы ______________.
жүктеу 124 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау