1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ кітапханада, кафедрада жинақталған.
2. ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
2.1 Оқытушы жөнiнде мәлiмет:
Базарғалиев Ғабит Бағытжанұлы – «Педагогика» кафедра-лабораториясыныңаға аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты (мамандандырылуы «Жоғары білім беру»), телефоны: 87016260221, e-mail: g1972@mail.ru, ғылыми қызығушылығы: жалпы педагогика, педагогикалық менеджмент, ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері, этнопедагогика, т.б.
Кафедрадаболууақыты:сабақтанбосуақытта 9.00-17.00
2.2 Пән жөнінде мәлiмет:
Модульдің коды мен атауы: IBBM 207 Инновациялық білім беру модулі
Пәннің коды мен атауы: ВВМ 2204 «Білім берудегі менеджмент»
ҚР және ЕСТS кредиттерініңкөлемі: 2/3
Өтетін орны: сабақ кестесіне сәйкес
Білім беру бағдарламасы бойынша сағаттардың бөлінуі
Сабақтар түрі
|
Жалпы
сағатсаны
|
Күзгі семестр
|
Көктемгі семестр
|
Аптасына
|
Барлығы
|
Аптасына
|
Барлығы
|
Дәрістер
|
15
|
|
|
1
|
15
|
Практикалық сабақтар
|
15
|
|
|
1
|
15
|
Семинар сабақтары
|
|
|
|
|
|
Зертханалық сабақтар
|
|
|
|
|
|
Студиялық сабақтар
|
|
|
|
|
|
ОЖБӨЖ/БӨЖ
|
15/45
|
|
|
1/1
|
60
|
2.3 Пәнді меңгеруді бастамас бұрын және оны оқуды аяқтағаннан кейінгі білім алушылардың дайындығына (құзіреттіліктеріне) қойылатын талаптар
Пререквизиттер: педагогикалық мамандыққа кіріспе, педагогика, психология, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Постреквизиттер:жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту әдістемесі, кіріктірілген оқытудың практикумы.
2.4 Оқу пәнінің сипаттамасы
2.4.1 Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджмент жайында білімдермен қаруландыру – бүгінгі нарықтық жағдайда өзекті мәселе. Соңғы кездері мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару мәселесін ізгіліктік және демократиялық көзқарастар тұрғысында қайта зерделеу арқылы жаңа басқару технологиясы қалыптасуда. Қазіргі мектеп – балаға білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймайды, сонымен қатар өмірде өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, үнемі даму үстінде болатын тұлғаны қалыптастыра алатын жаңа менеджменттік көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектеп қызметінің тиімділігі менеджментті мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқарудың тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалану қажеттігімен анықталады. Осыған орай 5В010000 «Білім» мамандықтар тобы студенттеріне «Білім берудегі менеджмент»пәні оқытылады.
«Білім берудегі менеджмент» пәнінің негізгі мақсаты –болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесінің тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып, басқарудағы кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру.
Пәннің объектісі – менеджмент негізінде қазіргі мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару үдерісі.
«Білім берудегі менеджмент» пәнінің негізгі міндеттері:
- білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру;
- болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджментің мәні және негізгі міндеттерімен таныстыру;
айрықша кәсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру;
менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |