3 ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
***
Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.
***
Білім берудегі менеджмент– білім беру үдерісін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған оның қағидаларының, әдістерінің, ұйымдастыру формаларының және технологиялық тәсілдерінің кешені.
***
Мектеп (білім беру) менеджері – негізінде білім мен білім беру үдерістері және технологиялармен басқару, ұйымдастыру, жетекшілік және осы үшін жауапкершілік ету мүмкін болатын адами қабілеттер қызметінің типі жататын кәсіп.
***
Басқару әрекеті – максатқа бағытталып, жоспарланып, нәтижемен аяқталатын, нақты бір мәселені шешуге арналатын үдеріс.
***
Педагогикалық үдерісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті.
***
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективті заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
***
Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
***
Білім берудегі менеджментқағидасы –білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылыктарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық үдеріс.
***
Сапа менеджменті жүйесі– көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін білім беру ұйымына басшылық пен басқару үшін менеджмент жүйесі.
***
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет сұранысына сәйкестігін анықтау тәсілдерінің, түрлерінің, рәсімдері мен институционалдық құрылымдарының жиынтығы.
***
Мониторинг – әлеуметтік ақпаратты кезеңдік жинау, жалпылау және талдау, стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдау үшін алынған деректерді ұсынудың ғылыми негізделген жүйесі.
***
Аккредиттеу – өткізу барысында аккредиттеу органы ресми түрде заңды тұлғаның белгілі салада жұмыстарды орындауға құқығын мойындайтын рәсім.
***
Лицензиялау – лицензияларды берумен, лицензиялардың болуын дәлелдейтін құжаттарды қайта рәсімдеуімен, лицензияларды тоқтатумен және жоюмен, лицензиаттармен тиісінше талаптар мен шарттарды сақтауына қадағалау жүргізумен байланысты іс-шаралар.
***
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауы – білім беру ұйымдарымен ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес келуін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.
***
Педагогикалық қызметкерлерді аттесттаттауы – педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім.
***
Диагностика – оқу үдерісінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық үдерісте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |