Модуль 2. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
Дәріс №7. Тақырыбы: Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
«Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама (тұтастық және бөлінушілік, тұрақты қарым-қатынас болуы, пайда (эмерджентность), синергетикалылық, мультипликативтік). Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты (түлектің мінсіз бейнесі) жүйеқұраушы құрылым ретінде. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және қарым-қатынасқа бағыттылығы. Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. Әдістемелік жүйенің мақсаты. Педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны. Мәдени-білім беру ортасы. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру технологиясы. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері.
Негізгі түсініктер:жүйе, педагогикалық жүйе, әдістемелік жүйе.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 3, 9, қосымша 1
Дәріс №8. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
"Диагностика" ұғымының мәні. Педагогикалық диагностика түсінігі. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы.
ТПҰ - ныңжұмыс істеу әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат - диагностиканың негізі.
ТПҰ - ныңәр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.
Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы, үлгерім сапасы, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтік белсенділігінің деңгейі және т. б.) және олардың көрсеткіштері. ТПҰ - ныңжай-күйі туралы ақпаратты өңдеудің әдістемесі және нәтижелерін мектеп қызметін болжау үшін ұсыну.
Педагогикалық үдерісті басқару және оның жай-күйін зерделеу үшін ақпараттарды іріктеу критерийлері. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. SWOT-талдау.
Білім беру үдерісін бақылау технологиялары. Мектепішілік бақылаудың принциптері, түрлері, әдістері, мазмұны.
Бақылау нәтижелілігінің шарттары.Педагогикалық ұжымдардыңқызмет критерийлері мен көрсеткіштері. Мектеп - тұтас педагогикалық үдерісті басқару сапасының мониторингі.
Негізгі түсініктер: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы).
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 8, 10
Достарыңызбен бөлісу: |