Нұсқаулары Қарағанды 2010 «Жалпы және әлеуметтік педагогика»



жүктеу 217,46 Kb.
Дата04.01.2018
өлшемі217,46 Kb.
#6938
түріНұсқаулар

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

«Жалпы және әлеуметтік педагогика» пәнінен

050905 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының

студенттеріне арналған курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары


Қарағанды 2010
«Жалпы және әлеуметтік педагогика» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқауды құрастырған п.ғ.к., доцент М.К. Абдакимова

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарында бекітілген

№2 хаттама «14» қазан 2010ж.
Кафедра меңгерушісі

п.ғ.к.,доцент Абдакимова М.К.

КІРІСПЕ

«Жалпы және әлеуметтік педагогика» курсы болашақ әлеуметтік қызметкерлердің әлеуметтік педагогиканың теориясы және тәжірибесі жөнінде ғылыми көзқарастарды қалыптастырады, теориялық білімдерді меңгеруге көмектеседі, әлеуметтік тәрбиелеу мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді, әлеуметтік тәрбиенің субъектілеріне байланысты гуманистік көзқарастарды қалыптастырады, ғылыми зерттеу әрекетінің икемділігін дамытады.

Курсты оқу барысында студенттер жалпы және әлеуметтік педагогиканың теориялық әдістемелік негіздерін, әлеуметтік педагогикалық әдістерді меңгеруге, әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлердің әрекетін ұйымдастыру түрлерін үйренуге міндетті болып табылады.

Курстық жұмыс студенттердің өзіндік жұмысының маңызды түрі болып табылады. Курстық жұмысты орындай отырып, студенттер күрделі теориялық сұрақтарды талдау барысында өз ойларын нақты жеткізу, жалпы теорияларды күнделікті ақиқатпен байланыстыру, өз мамандығымен байланыстыруды үйренеді. Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті тарихи әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен іріктеуді, нақты статистикалық материалдар жинауды, әлеуметтік құбылыстарды талдау икемін қалыптастырады.

Курстық жұмысты қорғау барысында студенттер көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін меңгереді.

Осылайша студенттердің «Жалпы және әлеуметтік педагогика» пәні бойынша курстық жұмысты орындауы келесі мақсаттарды көздеу керек:



  • Пән бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік икемдерді жүйелеу;

  • Шығармашылық инициативаны, жауапкершілікті дамыту;

  • Жүйелік тексеріс.

Студенттердің «Жалпы және әлеуметтік педагогика» пәні бойынша курстық жұмысты орындауы келесі негізгі оқу және ғылыми зерттеу әдістемелеріне сүйену керек:

  • Берілген тақырып бойынша ақпаратты өз бетімен іздеу;

  • Қажетті ақпаратты талдау зерттеу мәселесін толық ашу үшін қажетті;

  • Зерттеу мәселесі бойынша талдау және синтез жасау;

  • Зерттеу мәселесі бойынша ақпаратты жалпылау және классификациялау;

  • Тақырыпты логикалық тұрғыда ашу;

  • Зерттеу мәселесі бойынша білімді жалпылау және қорытынды шығару;

  • Ғылыми рефераттық мәтінді сауатты қалыптастыру;

  • Ғылыми жұмысты дұрыс рәсімдеу.

Берілген әдістемелік нұсқауда курстық жұмысты жазу бойынша нұсқаулар берілген. Олар студентке өзіндік зерттеу жұмысын жүргізуде көмек көрсетеді.
Тақырыпты таңдау критерийлері

Курстық жұмыс тақырыбы келесі талаптарға сәйкес болу керек:



  • маманды дайындау міндеттеріне сәйкес болу;

  • қазіргі ғылыми зерттеулердің бағыттарын ескеру;

  • жеке оқытушылар зерттейтін мәселелерге студенттерді қосу;

  • балаларды тәрбиелеу және оқытудың өзекті мәселелерін қалыптастыру;

  • теория және тәжірибедегі студенттердің қызығушылықтарын ескеру.

Курстық жұмыс тематикасы кафедраның әдістемелік семинарының отырысында бекітіледі. Ол жалпы және әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелерін қарастыру керек.

Кафедра отырысында бекітілген курстық жұмыс тақырыптарының ішінен студент бір тақырыпты таңдап алып, оны кафедрада бекітуге тиісті.

Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент келесі критерийлерге негізделуге міндетті.



Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырып өзектілігі берілген мәселенің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын сипаттауға міндетті.

Екіншіден, жалпы және әлеуметтік педагогика бойынша әртүрлі әдебиеттер арқылы зерттеу тақырыбын ашу.

Үшіншіден, зерттеу шеңберін нақты анықтау.

Төртіншіден, мәселенің зерттелу деңгейі.


Курстық жұмыс құрылымына қойылатын талаптар

Курстық жұмыс келесі құрылымдық компоненттерден тұрады:

  • титулдық бет;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымша.


Курстық жұмыстың құрылымдық компоненттері

Титулдық бет келесі құрылымдық компоненттерден тұрады:

  • жұмыс орындалған мекеменің атауы;

  • жұмыс орындалатын кафедра атауы;

  • квалификациондық жұмыс атауы;

  • жұмыс орындалатын пән атауы;

  • курстық жұмыс тақырыбы;

  • студенттің аты жөні, оқу тобы;

  • ғылыми жетекшінің аты жөні;

  • курстық жұмыстың жазылған жері және жылы (Қосымша 2).

Мазмұн курстық жұмыстың барлық тарауларынан тұрады. Олардың атауы жұмыс мазмұнына толық сәйкес болу керек. Онда ішкі логика нақты көріну керек. Тарау және тармақ басталатын беттер міндетті түрде көрсетілу керек (Қосымша 3)

Кіріспеде жұмыс өзектілігі, объектісі, зерттеу пәні, жұмыс жаңашылдығы, қолданылған әдістер, әр тараудың мазмұны, қолданылған әдебиеттер тізімі және қомысшалар сипатталады. Кіріспе барлығы 3 беттен тұрады. Әр тармақ жаңа абзацтан жазылады.

Негізгі бөлім зерттеу сұрағының тарихы және теориясын, әдебиеттердің сын талдауын, автор позициясын көрсетеді. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі қатаң логикалық кезекпен берілуге тиісті.

Компиляция және басқа авторлардың еңбектерін көшіру арқылы жазылған курстық жұмыс өз бетімен жасалмаған деп танылып, жиналған ақпараттарды жалпылау және жүйелеуге ұсынылады.

Қорытындыда қысқаша және жүйелі түрде негізгі қорытындылар сипатталып, пайдаланылған әдебиеттердің қорытындылары жасалады және тәжірибелік бөлімде барлық жұмыстың қорытындылары жасалады. Қорытындылар нумерациясы үлкен құрылымдылыққа әкеледі. «Қорытынды» 5–7 беттен тұруға тиісті.

Соңғы бөлім – «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі». Онда жұмысты жазу барысында қолданған барлық әдебиеттер көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 20 жуық болса дұрыс. Тізім алфавит кезегімен авторлар фамилиясы мен олардың еңбек атауларынан тұрады. Тізімде әдебиеттер жалпы нумерация арқылы беріледі. Әдебиеттер тізімінде автор туралы мәлімет, атау, баспа туралы ақпарат, шығу мәліметтері, сандық сипаттамалар жазылады.

«Қосымша» деп аталатын тарау студент қалауына байланысты қосылады. Қосымша тарауы жұмыстың жалпы көлеміне қосылмайды. Жұмысқа маңызды болып табылатын мәліметтердің барлығы жұмыстың негізі мәтінінде көрсетіледі.


Курстық жұмысты рәсімдеу

Жалпы талаптар

Курстық жұмыс стандартты формат А4 (210x297) жазылады, ал таблицалар A3 (297x420) беттерге жазылуға тиісті болып табылады. Мәтін және курстық жұмыстың басқа да элементтері түсінікті жазумен немесе компьютер арқылы 1 интервал жолымен жазылады. Курстық жұмысты жазу барысында «Times New Roman», №14 кегльді пайдалану талабы қойылады.

Поля: оң жағы - 10 мм, үстінгі - 20 мм, сол жағы - 30 мм және төменгі - 25мм.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 беттен тұрады. Беттердің номері беттердің оң жоғарғы жағынан араб сандары арқылы қойылуға тиісті.

Бірінші бет – титулдық бет және екінші бет – мазмұнға бет номері қойылмайды, алайда ескеріледі. Мәтін үшінші беттен басталады.

Курстық жұмыстың әр тарауы жаңа беттен басталуға тиісті. Тараулар жұмыс көлемінде реттік номерге ие болып, абар әріптерімен көрсетілуге міндетті болып табылады. Тараулардың атаулары абзацтық шектеуден белгіленеді. Тараудың тармақтары әр тарау аралығында нумерацияға ие болады. Тармақтың номеры нүктемен ажыратылатын тарау және тармақ номерінен тұрады. Тараулар, тармақтар сияқты бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Тармақ, тарау атауынан интервал қалдырғаннан кейін абзацтан басталады. Екінші және кейінгі параграфтар екі интервалдан кейін жазылады. Тараулардың атауы басәріптермен, ал параграфтар кішкентай әріптермен жазылады. Курстық жұмыстың жоспары және мәтіні рәсімделгенде тармақтардың атауы жаылған кезде «Тарау» деген сөз жазылмайды. Абзацтық интервал барлық мәтінде бірдейболуға тиісті.
Кестелерді рәсімдеу

Тараулар мен тармақтардың мазмұны кесте, график, сурет, фото сурет түріндегі иллюстрациялармен сипатталуға тиісті. Кесте жақсы сипаттау және салыстырмалы материалдарды түсінікті етіп орналастыру үшін қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнын сипаттап, қысқа болу керек. Барлық кестелер абар сандарымен нумарациялануға тиісті болып табылады. «Кесте» деген сөз бір рет кестенің жоғарғы сол жағынан жазылып, онда «№» белгі жазылмайды және келесіде «Кестенің жаласы» деген сөз орын алуға міндетті. Кесте атауынан кейін нүкте қойылмайды.



Егер кесте беттің соңғы жағында орын алып, аяқталмаса, онда оның астыңғы жағынан сызық қойылмайды. Барлық кестелер атауына және сілтемеге ие болады. Жұмыста кестені ол аталған мәтіннен кейін бірден сол бетке немесе келсі бетке орналастыру керек. Курстық жұмыста барлық кестелерге сілтеме берілуге тиісті. Сілтемеде «кесте» сөзін жазып, оның номерін жазу керек.
Курстық жұмыс мәтініндегі кестені рәсімдеу үлгісі.
Кесте 2 – Әлеуметтік технологияларды пайдалануға байланысты бағыттардың ауысуы








































































Иллюстрациялық материалдарды рәсімдеу

Құжат мәтінін толықтыратын материалдарды қосымшаларға енгізеді. Қосымшаларға жататын: графикалық материалдар, үлкен форматтағы кестелер, есептер, аппаратура сипаттамас, алгоритмдар мен бағдарламалар сипаттамасы және т.б. Мәтіндегі иллюстрациялар мәтінді түсіндіру үшін жеткілікті болу керек. Иллюстрациялар құжат мәтінінде немесе одан кейін орналасуы мүмкін. Иллюстрацияларды араб сандарымен белгілеу керек. Иллюстрацияның атауы болу керек, одан кейін нүкте қойылмайды. Егер сурет жалғыз болса, ол «Сурет 1» деп белгіленеді. Иллюстрациялар атауға ие болу керек. Қажет болса түсіну мәтіні орын алуға тиісті. «Сурет» сөзі және оның атауы келесі түрде рәсімделеді: Сурет - Кәсіпорын құрылымы. «Сурет» сөзі және оның атауы жол ортасынан жазылады. Тарау ішіндегі иллюстрацияларға нумерация қою мүмкіндігі бар. Иллюстрциялар компьютерлық тұрғыда, әртүрлі түсте бейнеленуі мүмкін. А4 форматынан кіші фото суреттер стандартты ақ параққа жабыстырылу керек. Курстық жұмыстағы барлық иллюстрацияларға сілтеме берілу керек. Сурет және мәтін арасындағы ара-қашықтық 2 интервал немесе 1 «бос жол» болу керек.


Сілтемені рәсімдеу

Жұмыс барысында қолданылған барлық әдебиетерге міндетті түрде сілтеме ұсынылуға тиісті.Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасағанда, оны квадратты жақшаға алған дұрыс. Егер жұмыс барысынды бір әдебиетке бірнеше рет сілтеме берілсе, оның бірінші рет пайдаланылғанда берілген номерін жазу керек. Мұнда берілген әдебиеттің беттері ғана ауысып отырады. Нүкте-үтір арқылы бөлінген әдебиеттер олардың бірнеше санын сипаттайды (мысалы, [8;11;13]).




Пайдаланылған ғылыми әдебиеттерді рәсімдеу

Бір автордың монографиялары:

Козлов А.А. Социальная работа за рубежом: состояние, тенденции, перспективы: Сб. науч. очерков. – М.: «Флинта», МПСИ, 1998. – 224 с.

Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. – М.: Институт практической психологии, 1997. – 365 с.

Фирсов М.В. Введение в теоретические основы социальной работы (историко-понятийный аспект). – М.; Воронеж: НПО «МОДЭК», 1997. – 192 с.

Абельс Хайнц Интеракция, идентичность, презентация. Введение в интерпретативную социологию./ Пер. с нем. яз. под общей ред. Н.А. Головина, В.В. Козловского. – СПб.: Изд-во «Алетейя», 1999. – 272 с.

 2 немесе одан көп авторлардың монографиялары:



Фирсов М.В., Студёнова Е.Г. Теория социальной работы. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 432 с.

Томпсон Д.Л., Пристли Д. Социология: Вводный курс./ Пер. с англ. – М.: ООО Фирма «Издательство АСТ»; Львов: «Инициатива», 1998. – 496 с. – (Классики зарубежной психологии).

Пэнто Р., Гравитц М. Методы социальных наук. – М.: Прогресс, 1972. – 608 с.

3 немесе одан көп авторлардың монографиялары:

Ромм Т.А., Ромм М.В., Скалабан И.А. Исторические очерки российской социальной работы: Учебное пособие. – Новосибирск: Изд-во НГПУ, 1999. – 134 с.

Ромм Т.А. и др. Исторические очерки российской социальной работы: Учебное пособие. – Новосибирск: Изд-во НГПУ, 1999. – 134 с.

Из глубины: Сборник статей о русской революции./ С.А. Аскольдов, Н.А. Бердяев, С.А. Булгаков и др. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 1990. – 298 с.

Советский простой человек. Опыт социального портрета на рубеже 90-х./ А.А. Голов и др. Отв. ред. Ю.А. Левада. – М., 1993. –300 с.

 Мақалалар:



Дементьева И.Ф. Роль института защиты детства в формировании социальной структуры общества // Социальное расслоение и социальная мобильность. – М.: Наука, 1999. – С. 116 – 124.

Дмитриев М.В. Религиозная реформация XVI в. и восточнославянский мир

Интернет материалдары:

Қоғамның әлеуметтік институттары

http//www.socialinst.org.ru/

Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік кеңістік



http://www.ibci.ru/konferencia/page/statya01.htm
Қосымшаны рәсімдеу

Қосымша А-4 форматына жазылады. Әр қосымша жаңа беттен басталады. Қосымша құжаттың жалғасы ретінде келесі беттен немесе жекеқұжат болып орын алуы мүмкін. Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме берілу керек. Қосымшалар мәтінде пайдаланынуына байланысты сілтеме тәртібімен беріледі. Әр қосымшаны жаңа парақтан бастап, беттің жоғарғы жағынан «Қосымша»және атауын берумен бастау керек. Қосымша міндетті түрде атауға ие болу керек. Қосымшалар әліппенің әріптерімен кезекпен орналасады. Көбінесе қосымшалар А4 форматындағы беттерге жазылады. А3, А4хЗ, А4х4, А2 және AI форматына да қосымшаларды орналастыруға болады.
Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыру

Кафедрамен ұсынылатын тақырыптар тізімінен өзге, ұйымдар мен мекемелер өзекті мәселелер бойынша тапсырыс арқылы өз тақырыптарын ұсынады. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау студенттің өзімен жұмыс орнына немесе тәжірибеден өзу объектісіне байланысты таңдалып алынады. Сонымен бірге студент ғылыми теориялық және тәжірибелік маңызын негіздей отырып өзінің жеке тақырыбын ұсынуы мүмкін. Ұқсас жұмыстарды болдырмау мақсатында бірдей мекемеде тәжірибеден өтетін студенттеге бірдей тақырып алуға болмайды. Осыған сәйкес комплекстық тақрыптарды да таңдауға болмайды.



Әр студентке курстық жұмыс жүргізілетін пәнді оқытатын оқытушы беітіледі. Ғылыми жетеші студентке тақырыпты қалыптастыруда, зерттеу объектісін таңдауда, жұмыс жоспарын жасауда, әдебиеттер тізімін таңдауда көмек көрсетеді. Студент берілген мәселесе бойынша әдебиеттерді зерттейді, зерттеу объектісі болып табылатын белгілі бір мекеме бойынша тәжірибелік мәліметтерді жинайды. Ғылыми жетекші курстық жұмыстың орындалу үрдісін қадағалайды, негізгі сұрақтар бойынша консультациялар жүргізеді, біртіндеп тарауларды тексереді, және жұмыстың уақытылы орындалуын тексеріп отырады. Егер ұсынылған материал мазмұны бойынша тақырыпқа сәйкес келмесе, қойылған сұрақтарды толық ашпаса, дұрыс ұсынылмаса, редакциондық қателер орын алса, онда жетекші жұмысты толықтыруға жібереді.

Курстық жұмысты рецензиялау

Студентпен жазылған курстық жұмыс кафедраға рецензиялауға өткізіледі. Курстық жұмысты рецензиялау – бұл жұмысты бақылаудың формасы ғана емес, ол сонымен қоса пәнді жетік меңгеру үшін берілетін көмек.

Объективтік рецензия жоғары талаптар мен оқуға жауапкершілікті стимулдайды, зерттеу тақырыбындағы кемшіліктердің орнын толтырады.

Рецензияда студент келесі сұрақтардың жауабын алады: берілген мәселені ол қаншалықты терең зерттеді, жұмыс мазмұны жоспарға сай келеді ме, тақырып мазмұны қаншалықты түрде ашылды, курстық жұмыс дұрыс рәсімделді ме.

Курстық жұмыстарда жиі кездесетін кемшіліктерге тоқталып өтейік:

  1. Курстық жұмыстың мазмұнының теориялық деңгейімен байланысты кемшіліктер. Олар әлеуметтік жұмыс теориясының қазіргі дамуындағы көзқарастарға қайшы келетін түсініктер. Немесе жұмыс абстрактылы жазылып, онда тәжірибелік мәліметтерге назар аударылмауы мүмкін.

  2. Курстық жұмыстағы материалды сипаттау кемшіліктері. Мәтін кезегімен берілмей, логикалық байланыс болмай, сұрақтар арасындағы өзара байланыстың жоқ болуы.

  3. Жұмысты рәсімдеу құрылымына қойылатын талаптарға байланысты кемшіліктер. Ол құрылымдық бөліктердің біреуінің: мазмұн, кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің жоқ болуымен, сілтемелердің жоқтығымен байланысты болуы мүмкін.

Егер рецензиядаберілген және өзге де кемшіліктер белгіленсе, онда жұмыс қосымша толықтырулар жасауға қайтарылады. Содан кейін ғана курстық жұмыс қорғауға жіберіледі.


Курстық жұмысты қорғау:

Курстық жұмыс қойылған талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құралған комиссияның алдында жүзеге асады. Қорғауға топ студентерінің қатысуы мүмкін.

Студент қорғауға дайындау керек: өз баяндамасының мәтінін, рецензиямен таныс болу керек, рецензияда ескертулер орын алған жағдайда, оған сәйкес жауап даярлап қоюға міндетті.

Курстық жұмыс мазмұнын баяндауға студентке 10-15 минут беріледі.

Курстық жұмыс ондық жүйе арқылы ғылыми жетекші, рецензент және кафедра мүшелерінен тұратын комиссиямен бағаланады.

Кафедра курстық жұмыстарды қорғау тізімін дайындайды.

Курстық жұмыстың мазмұны мен қорғауын бағалаудың негізгі критерийлеріне жататын:

- оның құрылым, мазмұн, логикалық баяндау талаптарына сәйкес келуі;

- арнайы мәліметтерді жинауы және ұсыныстар құруы;

- мәселені шешудегі шығармашылық бағыттылығы, ғылыми-зерттеужұмысына икемділігі;



- зерттеу мәселесіне байланысты студенттің логикалық ойы, жүйелік талдауы, сын көзқарасы;

- экономикалық-математикалқ әдістер мен модельдерді пайдалана білуі;

- студенттің курстық жұмыс пәні бойынша жалпыбілім дәрежесі, оның эрудициясы;

- студенттің аудтория алдында сауатты әрі қызықты тұрғыда сөз сөйлеу өнері;

- иллюстрациондық материалды қолдануы.

Крстық жұмыс жетекшісі жұмыс мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесін ескере отырып, соңғы бағаны қояды.

Қорғау барысында студент комиссия мүшелері қойған сұрақтарғажауап бере білу керек.

Жағымды баға қойылмаған курстық жұмыс айта қорғалуға жіберіледі.

Сынақ кітапшасы жоқ студент «Әлеуметтік жұмыстың әдістері және технологиялары» пәні бойынша курстық жұмысты қорғауға жіберілмейді.



Қорғаудан кейін курстық жұмыс кафедрада сақтауға қалдырылады.

«Жалпы және әлеуметтік педагогика» оқу пәні бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары

  1. Мектеп-ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде

  2. Дарынды балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жүмыс

  3. Әлеуметтік патронат балаларды отбасына орналастыру негізі ретінде.

  4. Отбасымен жүргізілетін әлеукметтік-саяси жұмыстардың түрлері мен әдістері

  5. Салауатты өмір салтын тәрбиелеудің әлеуметтік шарттары

  6. Тұлға - әлеуметтік тәрбие субьектісі ретінде

  7. Әлеуметтік-педагогикалық комплекстердің қазіргі кездегі модельдері.

  8. Девианттық мінез-құлық әлеуметтік мәселе ретінде.

  9. Балалардың қараусыз қалуы әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде.

  10. Ауылдық мектеп – ашық ортадағы әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырушы ретінде

  11. Жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациясы.

  12. Ерекше білім қажеттігіне ие балалары бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс

  13. Әлеуметтік жетімдік қазіргі қоғамның өзекті мәселесі ретінде.

  14. Ықшам аудандардағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.

  15. Әлеуметтік педагогика ғылым және тәжірибелік әрекет саласы ретінде.

  16. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология.

  17. Әлеуметтік-педагогикалық әрекет, әдіс және технологиялар.

  18. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.

  19. Балалық шақты қорғау жалпы адамзаттық мәселе ретінде.

  20. Ерекше білім қажеттігі бар балаларды әлеуметтік қорғау.

  21. Тәрбиенің жаңа технологиялары.

  22. Отбасылық тәрбиенің негіздері.

  23. Тәрбиенің қазіргі кездегі модельдері.

  24. Әлуеметтік адаптация.

  25. ҚР әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің әлеуметтік институттары.


Оқу-әдістемелік қамтамасыздану

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Агафонов А.Н., Буйнова Л.П. Социальная работа с молодежью девиантного поведения. – Петропавловск 2001.

  2. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н., Туганбекова, К.М.,Черная Г.Г. Социальная работа: теория и технология Караганда, 2005.

  3. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью Караганда, 2003.

  4. Авчарова Р.В. Справочная книга социального педагога – М: ТЦ «Сфера»2001.

  5. Алифиренко Л.А., Шульга Т.И., Дементьева И.Ф. Социально-педагогическая поддержка детей группы риска: учебное пособие – М 2002.

  6. Баймуканова М.П. Социальная работа с семьей – Караганда 2004

  7. Бочарова В.Г Педагогика социальной работы – М: SvR –Аргус 1994-124с

  8. Василькова Ю.В. , Василькова Т.А. Социальная педагогика курс лекций – М. изд.центр «Академия» 1999

  9. Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога: учебное пособие – М: изд. Центр «Академия» 2000

  10. Гуров В.Н. Социальная работа школы с семьей – М изд.»Педагогическое общество России» 2003

  11. Дубинский В.И. Социальная работа В Германии - М. 1996

  12. Загвязинский В.И., Зайцев М.П., Кудошев Г.Н., Селеванова О.А., Страков Ю.П. Основы социальной педагогики: Учебное пособие (под ред. П.И. Пидкасистого) – М: «Педагогическое общество России

  13. История социальной педагогики: хрестоматия (под ред. М.А. Галагузовой) М: ВЛАДОС 2000.

  14. Игнатов В.Г., Батурин Л.А., Бутов В.И., Мащенко Ю.А., Уварова Г.Г., Ходарев С.В., Ходарев А.С., Эланский Ю.Т. Экономика социальной сферы: Учебное пособие, 2-е издание – М. – Ростов-на-Дону.

  15. Липский И.А. Социальная педагогика Уч. пособие М 2004

  16. Методика и технологии работы социального педагога: учебное пособие Б.Н. Алмазов, М.А. Беляева М.Н. Бессонова и др., под ред. М.А. Гологузовой, Л.В. Мардахаева – М: «Академия»2002

  17. Мудрик А.В. Социальная педагогика под ред. В.А. Сластенина – М: изд. Центр «Академия» 2002

  18. Мустаева Ф.А. Социальная педагогика учебник – М академический проект, Екатеринбург:деловая книга 2003

  19. Никитина Л.Е. Социальная педагогика М 2003

  20. Педагогика. (Под ред. С.А. Смирнова) – М 2003

  21. Сигида Е.А. Содержание и методика социальной работы: Учебное пособие – М.: Владос, 2005

  22. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. Уч. Посбие – М 2004

  23. Социальная педагогика: Курс лекций (под ред. М.А. Гологузовой) М: ВЛАДОС 2000

  24. Социальная работа: теория и практика. Учебное пособие. М.: Инфра – М, 2001.

  25. Социальная работа с молодежью. Учебное пособие/ Под ред. Н.Ф. Басова – М, 2007.

  26. Е.И. Холостова. Социальная работа. Учебное пособие. М, 2007.

  27. Е.И.Холостова Практикум по социальной работе – М, 2007.

  28. Основы социальной работы Учебник/ отв.ред. П.Д. Павленок – 3-е изд., испр. И доп – М.: ИНФРА – М, 2006.

Қосымша А1

Өтініш үлгісі

Әлеуметтік жұмыс және ӘСП

кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент Абдакимоваға М.К.

СОЦ-21к тобының студенті

Абишева А.К.

Өтініш
Маған «Жалпы және әлеуметтік педагогика» пәні бойынша «Отбасылық тәрбиенің негіздері» курстық жұмыс тақырыбын бекітуіңізді сұраймын.
Күні

Қолы


Қосымша 2
Титулдық бет үлгісі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пән: «Жалпы және әлеуметтік педагогика»


тақырып:___________________________________________
___________________________________________________
Орындаған

Студент

____________атыөні

(қолы)

Тексерген

____________аты-жөні

(қолы)

Қарағанды 200_

Қосымша 3
Курстық жұмыстың жоспарын жазу үлгісі
МАЗМҰНЫ
Бет




КІРІСПЕ













1

ТАРАУ АТАУЫ




1.1

Тармақ атауы




1.2







1.3
















2

ТАРАУ АТАУЫ




2.1

Тармақ атауы




2.2







2.3










ҚОРЫТЫНДЫ
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
















ҚОСЫМША









жүктеу 217,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау