Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 1,83 Mb.
бет5/24
Дата07.02.2020
өлшемі1,83 Mb.
#28580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тәжірибелік әдісті ең алғаш қолданған ғалым?

  2. Зерттеудің негізгі бағыттарын ата?

  3. Зерттеудің алғашқы кезеңіне сипаттама бер?

  4. Зерттеудің үшінші кезеңінің негізгі міндеттері?

Әдебиеттер:

1. Дюк В.А. Компьютерная психодиагностика . СПБ Братство , 1994

2. Закс Л. Статистическое оценование .М,Статистика , 1976г

3. Кулагин Б. Ф. Основы профессиональной психодиагностики .М,1984г

4. Кумеков Л.В. Психологическое исследование .СПБ ,Наука ,1994

5.Крылова А.А., Маничева С.А. Практикум по обшей экспериментальной и прикладной психологии М.,2006.205-221б.

4 Дәріс.

Тақырып:Зерттеудің логикалық құрылымы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Зерттеу логикасы туралы түсінік.

2.Зерттеу проблемасы мен тақырыбы.

3.Зерттеу обектісі мен пәні.

Мақсаты: Ғылыми зерттеу дің құрылымы оның негізгі проблемасы мен тақырыбымен обьектісімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1.Біздің психологиялық әдебиеттерде шетел логикалық психологиялық зерттеу модельдеріне аз назар аударылады. Соның ішінде де өзіміздің зерттеу материалдарға да дәл солай. Қазіргі психологиялық зерттеу материалы ретінде мінез-құлық алынады. Ол іс-әрекеттің негізгі моделі немесе мінез-құлықтың логикалық суреттелуі, ол тіл. Негізі ол психологиялық зерттеудің суреттеу негізінде қолданылады.Психологиялық дәстүр бойынша бүкіл әлемдік құрылыс негізінде Е-ортасы S-жүйесі және ортамен жүйенің әрекеті R-мен белгіленетін қолданылуда “адам мен әлем,” “ тұлға мен қоршаған орта ”беделді субъект пен айнала жеке жағдай жалпы іс-әрекеттің негізі болып табылады. Жеке психологияда оппозиция дәстүр бойынша жеке мен қоршаған ортаның арасында қарастырылады. (персоналдық, интеракционалдық, және жағдайлық ) бұл дәстүр ең біріншіден К.Левиннің (Левин 1935-1936) атымен тікелей байланысты. К.Левиннің жұмысынан басқа психологияда сыртқы бейнелеудің және мінез-құлықтың суреттеуінің логикалық әдісін бұл ғалымнан басқа ешкім зерттеген жоқ.

Әлеуметтік психологияда мінез-құлықты зертеумен Т.Парсонс айналысты. Бірақ, оның әлеуметтік әрекет теориясы формолданған деңгейге жеткен жоқ бұл оның басқа модельдермен салыстыруының негізгі жағдайы болуы керек.Логикалық іс-әрекет моделдері, таң қаларлықтай бірақ бұларды біздер психологтардың жұмыстарынан гөрі лингвестердің, философтардың логиктардың еңбектерінен таба аламыз.

Осындай жұмыстардың біріне біздер Ч.Филмордың (1968) септікті граматикаға арналған жұмысынан көре аламыз. Автор әмбебапты психолингвистикалық теорияны құрастырар алдында, негізінде латентті элементтерді бөліп алды. Олар әмбебапты семантикалық коды болып табылады, бұл субъектпен сөйлем құрауда қолданылады. Негізгі түсінік ,бұл жұмыста S- агент қолданылады. Ч. Филмордың айтуы бойынша беделді іс-әрекет ететін тірі тәрізді. Г.Х.Фон Врихтанның логикалық әрекетінің нұсқауынан біз анық көре аламыз. Фон Врихта әлемнің жалпы жағдайы соңында n санымен жағдайы Pn....Pn болып суреттеледі. Олар болуы, болмауы мүмкін. Түсініктің өзі анықталмайды, бірақ оның жалпы және индивидуалдық мағынасы айқындалады. Сонымен қатар түсінік шектеуші және қозғалушы жағдай сияқты өзгеріске кіреді. Егер m-ды жағдайдың ізімен деп алсақ өзгерудің толық көрінісін ала аламыз.(n)-өзгеру әлемі. әлемнің тарихы ұзындығы-m. Сәйкестендірілген сан мүмкін тарихқа 2mn. тең. Фон Врихта логикалық сөздігі бұл пропозиционалдық логикалық сөздік. Әлемде бір агент бар екені болжамды, яғни белсенді абсолютті жүйе, яғни ол әрекетті туғызуы мүмкін.

2.Қарастырған қажетті ойлау әрекетін бейнелеу былай болады:

А)Әлемнің жағдайын айту агенттің алдындағы әрекеттің жүзеге асуы.

Б)Әлемнің жағдайын айту агенттің кейінгі әрекеттің жүзеге асуы.

В)Әлем агенттен тәуелсіз жағдайын айту.

Бұнымен әрекет спектор мүмкіндігі мен нәтижесімен анықталады. Фон Врихт Jсимволын жүргізеді, бұл шын әлем болып белгіленеді, яғни мұнда агент болады, ал сол позициасында әлемнің шындығы яғни мұнда агент жоқ.J мен T әлемнің негізгі коордениталары болып есептелінеді. Ал, пайдаланудағы логикалық шығару

(T-J шығару) деп аталады. Формалдық тілде негізгі пәнді Фон Врихт теория жүйесімен және оның дәлелдемесі “ өмірлік ағаш ” түсінігімен көрсетіп қарастырды. Біз үшін ең маңыздысы ол субъектіні және қандай ортада олардың терминдері қарастырылатыны анықталды. Біріншіден оның ортасы өзгермелі және пассивтік агенттік әректке тәуелсіз. Екіншіден агент активті және үш түрлі әрекетті орындауға мүмкіндігі бар:

1)продуктивті, әлемді өзгерту , 2)кедергілер, жағдайды орындатпау. 3)әрекеттен аулақтану.

Соңғы мүмкіндік фон Врихт мен нақты көрсетілмейді. Автор агентті және ортаны мінездеме берді, және оның әр- түрлі өзіндік сапасымен бірақ агенттік дамуынан бас тартты. Ол агенттің көптеген жағдайын көрмеді. Әлем агентке сәйкес әрекеттсепейді. Нақтырақ бұл әрекет кіріспемен айқындалады: әлем тек адамның белсенділігі үшін көрсетіледі. Жәй айтқанда тек физикалық әрекет емес, әлемнің жағдайындағы агент Фон Врихтаның назарымен жасалуымен қалады

Агенттің анықталуы абсолюттік белсенділік сияқты жүйелер психологқа тек функционалдық мүмкіндік береді, мақсаттылық жағынан мінезі оның сырттқы себебінің мінезі анықталады. Фон Врихтаның жағдайы каузальді емес телеологиялық Филмордың “агент” түсінігі және Ч.Филмордың түсінігімен бірдей. Екеуіде жұмыстарында бұл түсінікті база сияқты қарастырды. Фон Врихта философиялық интуитцияны және семантикалық талдауды көрсетті. Фон Врихт шектелген үлгіні құрды, оның логикасы теориялық жоспар зерттеуінде және ортаның негіздерімен байланысты болмады.

3. Психологтар өздерінің эмперикалық зерттеулерінде бұл еңбектерінде әр-түрлі бақылау агенттерін салыстырады. Психологиялық эксперименттік жоспар еңбектерінде құрылып, бөліседі. Формальды анолог – логикалық тілді мінез құлықты бейнелеуде әр – түрлі психологиялық жұмыстарда кездеседі. 1-ші кезекте – психологтардың мотивациялық зерттеуінде К. Левиннің өткізген негізгі теориясында. Ол жүйені S- пен белгілейді. Қоршаған объектіні m деп белгілейді. Барлық көптеген объектілер үш түрге бөлінеді: келісілген, келісілмеген және нейтралды. Бұл бөлімдерде негізгі қарым – қатынас түрлерінің жүйесі және объектісі меңгеріледі. Мінез объект дәрежеге жеткенше немесе одан бас тартқанша және субъектпен ортаның қалыптасуына дейін жалғасады. Мотивациялық мінез тұрақты іздеуші объект сияқты қарастырылады. Мұнда мынадай жүріс тұрыстар мінезделеді:1)беделді, ұзақты, жинақ бағыттаушылығымен кейбір векторға жүйеден орта объектісіне бағытталған. 2)скалиярлы, белгілі уақыттағы әрекеттің мінездерге белсенділік деңгейімен жүйесі. Біз үшін ең маңыздысы бір қалыптылық әлем және мінездің мүкүндігі қарастырылған. Бұл мінезді іздеушілік, белсенділіктен анықтауға болады. әрекеттің орындалған бөлігі- әлемнің білімділігі- үлгіде көрсетілмеген. Нәтижесінде үлгілі мотивациялық мінез адамда бастапқы белсенділік жүйесі болып саналады. Сонымен кейбір нәтижелерді шығаруға болады. Негізгі түсінік болып құрастырушылар әр түрлі логикалық деңгейде мінезді суреттейді. Бұған жүйе ( агент,субъект және т.б. ) орта ( әлем, қоршаған орта көптеген объектілер және т.б.) әрекет ( операция, мінез –құлық белсенділік т.б.) өзара әрекет. Жүйе бастапқы белсенділікпен айқындалады. Базалық түсінікпен “жағдайы ” және “уақыты” айқындалады.

Жаңа модельді өңдеу кезінде логикалық суреттеу үшін адамның мінезі ортада бақылануға тиісті: 1) Принціп пен шынайы басқару, бақыланған және бақыланбаған ауыспалылық және оның қатынасы.2) Ауыспалылықтың әлемдік жағдайы сияқты үйрету өзара әрекеттің жүйедегі және ортадағы көріністі қарастыру. 3) Мінездің екі формасы бар: ортаға бағытталу және айнала уақытының жағдай жүйесіне сипаттама. 4) мінез- құлықты бейнелеудің екі вариантын көруге болады : беделді мақсатқа бағытталған мінез- құлық және реактивті мінез-құлық. Осыған байланысты екі түрде анықтау түсіну мінез-құлқы технологиялық және каузалдық.

Психологиядағы қысқартылған дәстүр логикалық талдау әрекетімен вихевиористік және вихевиориссіз дәстүрмен байланыстырыды.Стимул- реакция схемасы өзара әрекеттестік моделі системасымен және ортамен талаптана алмайды.Вихевиориссіз

Ортада схема жақшаға алынады және сыртқы шығумен –реакциямен өрнектеледі. Вихевиориссіз үлгі каузалдық үлгі болып табылады,онда детернимациялық бір түрі қарастырады:өткен-қазіргі.Сонымен қатар Н.А.Бернштейн психикада әлемнің екі үлгісі құрастырылады деп белгіледі:бірінші-өткен –қазіргі,екіншісі-келер.Мінездік белсенділіктің қортындысында екінші үлгі біріншісімен сәйкестендіріледі.Оларға каузалдық және теологиялық а.)психологиялық шындық үлгісі.б).психологиялық әлемнің бейнесі.в.жүріс-тұрысты түсіндіру үлгісі-паритекті және жай өзара қосымшалыққа жатпайды.Ғылыми психология үшін орталық болып психиканың өзіндік бағалануы деген постулат болып табылады,яғни психика басқа обьект секілді басқаға жататын психика әрдайым психика секілді түсініледі.Осыдан қортынды шығады:егер психика пайда болу тікелей бақылануда болса,онда біз оған орын ауыстыратын адамды табу қажет және біз бұл ауыстырылымды шындық өмірлік табиғатты табамыз.Егер бұл принціпті кең түсінсек-қозғалыс,барлық психикалық органдардың көңіл-күйді қабылдаулар.

Ғылыми психологияда психика түсіндірмелі принціп болады,яғни психология осындай жүйелердің ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Ю.М.Забродинаның сөзін өзгертпей айтатын болсақ:психологияның шындығы,ақиқаттығы тәжірибелік эксперименталдық ғылымда түбегейлі тұжырым жатыр.Егер организм қызмет етсе,яғниөзін өзгеше ұстайтын болса,онда оны белгілі-бір зат оны өзін басқалай іс-әрекет еткізеді.Бұл тұжырымдамада зерттеулік мәселе және оның функционалдық шешімі қарастырылған:іс-әрекет,қозғалыстан айырмашылығы бар,оны психика анықтайды.В.В.Давыдова және В.П.Зинченко пайымдауы бойынша:әрекет бұл-дененің ойлайтын қасиеті.Демек,біздің есептің құрылуы,мұқият тәсіл әрекет айрықша зерттеу мүмкін емес.Адам келешегін болжайды,келешегіне бейне құрады,өздерінің реалды мінез-құлқын анықтайды.Ерекше адамдық әрекет,белсенді әрекетте болу,орындалуда емес,бірақ функциялық зерттеулерде.Белсенді әрекеттегі адам-спонтанды өзгеріс оның тиістілігі кеңістікке және уақыт барлық мақсаттар анықталмайды.Сондықтан мінез-құлықты психология төрт шағын топқа бөлуге болады:

А.белсенді орындаушы болашақтың бейнесін анықтауда.Б.орындаушы –қоршаған ортаның әрекетін анықтау.С.спонтанды қозғалыс мақсатқа жағдайланған.Д.обьекті-нің белсенділігін іздеу,орындаушы жағдай жасалынған және әрекетті фазаны орын-дайды.Мінез-құлық біршама түрге бөлінеді:мыс:кластағы өзіндік ойындық мінез-құлық және мақсаттқа бағытталған ортаны анықтау,басқалардың мінез-құлқы редукциясында бір түрге мүмкіндігі бар.Зерттеуші әрекеттің екі түрін қарайды:бағытталушы және орындаушы.Әсіресе бағытталушы әрекет психиканың детерминациясымен байланысты.Басында адамдардың әрекеті зерттелушілік функцияда жүреді.

Психиканың сапасын түсіндіріп анықтауда психолог табиғи түрде қолданылады,көп нәрсенің себебін шешеді.Көрсеткен ғалым Жан Пиаже ол көптеген форманың себебін түсіндірді,бейнесін модельді көрді.Кез-келген модель алынған обьективті реалді:механизм Ж.Ламетри.телефон станциясы.физикалық дене Коливин.компьютер т.б психиканың реалді зерттеудің реалді зерттеу сапасын сәйкес келеді. Психика элемент жүйесі жағдай тіркейді барлық ортаның жүйесі қарым-қатынаста алынады.Бұл принціпте негізгі қарым-қатынас бар.Оны дәлелдеген И.М.Сим .Ол психика аймағындағы организмнің жағдайын бейнелеп көрсетті.

Ерекшеленген негізгі комуникативті функцияда қарым-қатынас белсенді мінез-құлық фазасы адамдарда бірақ та бұл функциялар реализацияланады.Сонымен психологияда табиғи ғылыми психологиялық зерттеу түсіндірілген принціп болады

Негізгі қозғалыстардың түсіндіруінде қолданылған (мінез-құлық,әрекет,белсенділік т.б) психика белгісіз болады және оған модельдік қалып қолданылмаған.

Адекватты үлгі психиканың жеке психологияның интуациясын анықтайды және ерекше психологиялық әдіспен.

Психолог зерттеулерін психикалық реалды,табиғи-ғылыми әдістемелерді т.б қарастырған.Психикалық обьективті бөлімде құрылған реалды,дарақты,тұлға констактылы топ,әлеуметтік қауым т.б алып жүреді.Зерттеуші ең бірінші зерттеуін-де екі компонентпен жұмыс істейді:жүйе және оның ортаның және қарым-қатынас пен басқалар мен қарым-қатынас өзіндік әрекеттіжәне өзіне қосу жүйені ортаны және ортадағы жүйеде анықтайды.Қарым-қатынас негізгі материалдың кез-келген психологиялық талдауында болады.Қатынас ортадағы жүйе әрекетін анықтайды,әрекет акт,негізгі психикалық реалды детерменеледі.Өзінің әрекеттік жүйесі өзгеріс ортаны өндіреді,ал орта жүйе біріншіден өзара әрекетті жүйені және ортаны уақытымен қараған ыңғайлы.Екіншіден,жағдайжүйесі және жағдай ортасы түсінікте қарастыратын үрдіс өзіндік әрекеттің өзгеруіжүйедегі жағдайда және ортада жолын қуады.Уақыт шартты дискретті саналады.

Ортаны бөлуде екі құрылым бар:сыртқы орта және ішкі орта.Психикаға ішкі орта-бұл организмнің ортасы,психиканың бейнелік жағдайы.Барлық бөлінгенде қатынас және оның реализациясы өзіндік әрекетте жүйе,психика,орта.Алайда,әртүрлі реалды бейнелеу ұсынылады,біршама мағыналы әртүрлі компонент үрдісінде детерминация мінез-құлық зерттеулерінің алдында талдауы өзгереді.Мінез-құлықты модельді түсіндіру де бірінші тур эмперикалық атаумен ұласты.Экспериментте бірінші қандайда ортаға тапсырумен жалғастырылады.Модельдің екінші турінде априорды модельдің мінез-құлқын анықтау ыңғайлы.Олар психикалық жағдайдың адамға алға оның экспериментке қосылуын талап етеді.

Екінші типте зерттелушінің модел априорды психиканың реалды моделі негізделеді,мұны тізімделген,эмперикалық модель бірінші типте зерттелушінің моделі.Қиынсыз байқау үш салыстырмалы тәуелсіз үрдіске бөлінеді:

-орталық жағдайдың өзгеруі(ішкі және сыртқы)

-жүйенің жағдайының өзгеруі

-психикалық жағдайының өзгеруі.

Психикалық детерминация организмі және ортасы бөлек оның жақтары біртұтас үрдісті ерекшелейді:біз әртүрлі әдістемелерді эмперикалық,психологиялық зерттеуіндегі материалды аламыз,соның ішінде-бақылауды.

А)Ортаның жағдайының өзгеруі психологиялық себепті зерттелуде.Мыс:әрекетті үйрену.

В)Жүйе жағдайының себепті психикалық зерттелуі.Мыс:қозғалыстарды үйрену (психомоторика)мимикалы үйрену,пантомимикалар.

С)Психикалық жағдайдың өзгеруінің зерттелуі.Мыс:интроспекция.

Д)Ішкі жағдайлардың өзгерін зерттелуі (ішкі орта) жүйесі.Мыс:электрофизиоло-

гиялық зерттеуде жүректің белсенділігі,қанның,глюкозаның мазмұнын анықтау т.б.

Психологтардың пәнге соңғы және бірінші көзқарасы жатпайды.Жағдайлық бақылаудың бақылау қортындысының шығуы(эксперименте)а)обьектіде келеңсіз өзгерістерді қарау.Б)өзара әрекеттегі өзгерістің қортындыларын бөл



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Зеррттеу логикасы деп нені айтамыз?

2. Зерттеудің негізгі обьектісін ата?

3. К. Левиннің қандай ғылыми зерттеулерін білесің?

4.Қисынсыз бақылау неше процеске бөлінеді?

Әдебиеттер:

1. Дюк В.А. Компьютерная психодиагностика . СПБ Братство , 1994

2. Закс Л. Статистическое оценование .М,Статистика , 1976г

3. Кулагин Б. Ф. Основы профессиональной психодиагностики .М,1984г

4. Кумеков Л.В. Психологическое исследование .СПБ ,Наука ,1994

5.Крылова А.А., Маничева С.А. Практикум по обшей экспериментальной и прикладной психологии М.,2006.205-221б.


5 Дәріс.

Тақырып: Психологиядағы зерттеу әдістері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Ұйымдастырушылық әдістер.

2. Эмперикалық әдістер.

3. Коррекциялық әдістер.

Мақсаты: Психологиядағы зерттеу әдістерінің топтары; ұйымдастырушылық, эмперикалық, коррекциялық әдістерімен таныстыра отырып оның жекелеген түрлерінің қалай жүргізілуін үйрету.

Дәрістің мазмұны:

1.Ғылым – алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипатамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістарін анықтау да енеді. Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология – жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрленіп отырады.

Зерттеу әдісіәрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым, Ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:

1.Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді болатын, әртүрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.

2.Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу оған енбейді.

3.Біз психиканың материалдық негіздерінің органикалық негіздеріне теңелмейтінің байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын қоғамдық тәжірибе көрсетеді.

4.Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар, психологиялық зерттеудің арнайы әдісі болып табылады. Генетикалық принцип біздің әдістемеміздің негізгі принципі болдады.

Психология, кез-келген ғылым сияқты, әртүрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобы атап көрсетейік:

51Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әртүрлі амалдар арқылы зерттейді).

2.Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

3.Мәлімметтеріді өндеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.



Ұйымдастыру әдістері

Зерттеу екі негізгі түрлі арқылы психика дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын білуге болады: көлденең және бойлық (лонгитюдтік). Екеуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді.

Р. Готтштальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті /4/.

Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюлдтік әдістің ерекшеліктері көбірек:

- лонгитюдтік зерттеу жееклеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;

- ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Логитюдтік зерттеулер әрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;

- тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.

Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әртүрлі жастағы, әртүрлі даму деңгейіндегі, әртүрлі тұлғалық ерекшеліктер, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы – қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.

Алайда, таза көлденең кескіндегі зерттеулер статикалық болып қалып, даму үрдісінің динамикасы, оның үздіксіздігі жайлы қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді, ал осылайша алынған көптеген даму заңдылықтары жуық шамада ғана болады.

Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизімдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс «салыстырмалы генетикалық» деген атаққа ие болып, В.А.Вагнердің, Л.С.Выготский жоғары психологиялық функциялардың тарихын зерттей отырып, салыстырмалы генетикалық әдісті жас шамасының психологиясы мен жалпы психология (әсіресе, тіл мен ойлауды зерттегенде) мәселелерін шешуде қолданды /4,9/.

2.Психологиядағы эмпирикалық әдістер.

Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе инторспекция және сырқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеді. Бұл, психиканы өз-өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принциптің зерттеу әдістерінеде қолданылумен байланысты болды.

Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы, жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүргізілген жөн.

Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтіліг пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатыны. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.

Бірінші негізгі талап-нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқаруы керек. Мақсатқа байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.

Бақылау айғатарды тіркеумен ғана шектелмей, қайта бақылаулар арқылы жорамаларды қалыптастыратындықтан, ғылыми танымдық әдіс болып табылады.

Объективтік бақылау әдісінің басты ерекшелігі: психалық үрдістерді табиғи жағдайларда зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс зерттеудің басқа әдістерімен толықтырылуы керек. Бақылау тәртібін төмендегідей талаптар қойылады:

а) мақсат пен міндетті анықтау;

ә) объектіні және жағдайды таңдау;

б) зерттелетін объектіге барынша аз әсер ететін және қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін таңдау;

в) бақыланатын объектіні тіркеу әдісін таңдау;

г) алынған ақпаратты өндеу және нәтижелеу.

Бақылау әдісінің негізгі кемшіліктері: бақылаушының көз қарасы, мақсат, психологиялық күйі, тұлғалық ерекшеліктері бақылау нәтижесіне ықпал етуі мүмкін; мәліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау көп уақытты қажет етеді.

3.Психокоррекциялық әдістер.

Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г.Шульцтің атымен байланысты . Аутогендік жаттығулар –психогигена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдығы өмір жылдамдығына, жүйке жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты.

Аутогендік жаттығуларда жүйке жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды.

1-ші жолы қаңқаның бұлшықеттері мен демалу тонусының орталық жүйке жүйесіне әсер ету ерекшелігімен байланысты. Жүйке жүйесімен тонус арасындағы байланыс бұлшықеттердің тонусын саналы өзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді.

2-ші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі- адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.

Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінщі жолы айтылып қана қоймай, сөздің реттеуші және бағдарламашы ролімен де байланысты. Ішкі сөздің бұл қасйеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін, спортта ертеден қолданылады.Аутогендік жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарламашы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.

Топтық немесе басқаша айтқанда әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынассаласындағы білім беру және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Әлеметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

-әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған( пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу)

-қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.

Әлеуметтік психологиялық тренинг екі үлкен салаға бөлінеді;топтық пікір сайыс және ойындар.

Топтық пікір сайыс әдісі көбінесе белгілі бір тжағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде пайдаланылады.Ал ойын әдісіндеәрбір қатынасушы белгілі бір ролге еніп соған сай білік, дағдыларды меңңгереді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



  1. Психологиялық зерттеу әдістерінің топтарын ата?

  2. Ұйымдастырушылық әдістерді ата?

  3. Эмперикалық әдістер топтарына қандай әдістер жатады ?

  4. Коррекциялық әдістер қандай мақсатта жүргізіледі?

жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау