Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері



жүктеу 0,97 Mb.
бет1/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,97 Mb.
#12666
  1   2   3

Ф-ОБ-001/-033


Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................................................5

1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері...................7

1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі ...............................................................7

1.2 Құқықтық норманың құрылым жүйелері мен түрлері.................................10 1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар..........................17
2 Құқық нормаларын қолдану актілерімен логикалық құрылымы.........36

2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері...............................................................39

2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы..................................................41
3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі..................................................44

3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері...................................48

3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.......................................................49
Қорытынды..............................................................................................................56
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................58

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.

Ғылыми жаңалығы. Заң нормасы –құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және құқық нормалары бір –біріне сай келмейді. Олар жалпы және жеке түрде қатынаста болады. Құқық –бұл құқықтық нормалардың жиынтығы, ал құқықтық норма ең маңызды қоғамға және тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық қатынастарды реттеуші. Құқықтық нормада қоғам және тұлға үшін зиянды қатынастар да бейнеленеді. Құқық нормаларын өз органдары атынан мемлекет бекітеді және ол орындалуға міндетті, оны бөзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылады.

Тақырыптың зеттеу деңгейі. Осы күрделі ғылыми тақырыптағы мәселені қоғамдағы орны мен оны одан әрі дамыту, қолдану көптеген ғалымдардың ат салысуын қажет етеді. Құқық ғылымдарының ролі орасан зор, соның ішінде құқық нормасы –бұл саладағы туындаған қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Диплом жұмысына отандық және алыс-жақын шетел заңгер ғалымдарының ғылыми еңбектері қолданылды.

Жұмыстың методологиялық негіздері. Дипломдық жұмыс диалектикалық танымдық арнайы нақты, тарихи салыстырмалы, әлеуметтік, ғылыми әдістерді құрайды. Жұмыстың теориялық негізін заңгер ғалымдардың құқық нормасы мен элементтері және құқық нормасы арқылы құқықтық қатынастарды реттеу мәселелесі бойынша ғылыми тұжырымдамаларды талқылап, ұсыну.

Зерттеу объектісі. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға қайшы келтірмеулері керек. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

Теориялық және практикалық маңыздылығы. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы. Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, жеті параграфтан, қорытындымен қолданылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі елу тоғыз бет.

1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері

1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі
Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың жиынтығы.

Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;

Техникалық нормаларға кең көлемде, «адам - машина» , «адам мен еңбек құралдары», «адам және өндіріс», «адам- табиғат» (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады.

Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың «Субъективтік құралы» тек адамдарға ғана қатысты емес.

Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Мысалы, кейбір топтағы техникалық нормалар, өздерінің маңыздылығына байланысты әлеуметтік нормалардың заңдарында бекітіліп техникалық – заңдылық сипаттағы нормалар атауына ие болады. Ол дегеніміз техникалық жағдайлар, әртүрлі мемлекеттік стандарттар (ГОСТ ылар), әсіресе суды, темір жолды және әуе жолдарын пайдаланғанда (техникалық қауіпсіздікті сақтау). Ол тәртіптерді бұзғаны үшін, заңды жауапкершілік тағайындалады: мүліктік, әкімшілік құқықтық және қылмыстық –құқықтық.

Тұрмыста пайдаланылатын техникалық нормалар құқықпен жанаспайды, сондықтан оларды бұзудан жауапкершілік тумайды (мысалы,әртүрлі тұрмыстық заттарды пайдалану – телевизорды, тоңазытқыштарды, магнитафондарды пайдалану кезінде, оның тетіктері дұрыс пайдаланбағандықтан бұзылса, оны жөндеу соның иесіне жүктеледі).

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.

Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада қолданылатын құқық Констетуцияның, соған сай келетін заңдардың, өзгеде нормативтік – құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері – делінген Констетуцияда, ол – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.

Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.

- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;

- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;

- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;

- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;

- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы;

Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма –

құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:

Біріншісі – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);

Екіншісі - өз мүдде – мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).

Қоғамдағы барлық прцесс, барлық қарым – қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген.

2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісінә»жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

3. нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.

4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым – қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

1. норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.

3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.

4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.


1.2 Құқықтық норманың құрылым, жүйелері және түрлері.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың дінгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі – моделі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабында, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтарының айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады;


  • айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;

  • сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 – ші бабы). Гипотезаның үш түрі болады:

  • егерде норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;

  • егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;

  • егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:

  • абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:

  • салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);

  • альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егер де нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық болмайды. Констетуцияның баптарында тек гипотеза мен диспозицияға ғана болады. Қылмыстық Кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.

Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.

1. Тікелей норманың үш элементін (гипотез, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.

2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.

3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға қаулыға сілтеме жасау.

Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында элементтердің толық болмауы мүмкін.

Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.


Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл – шаруашылық құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.

2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық – процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.

4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.

5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді: нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.

6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.

7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым – қатынасын реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер бағыттағы нормалар.

Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

Әлеуметтік нормалардың жүйесі дегеніміз, адамдардың тәртібін, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін белгілі нормалардың жиынтығы.

Әлеуметтік нормалар – қоғам мүшелерінің әлеуметтік маңызды тәртібінің жолы. Әлеуметтік нормалар динамикалық жүйенің тұтастығы, қоғам өмірінің қажетті жағдайы, қоғамдық басқару, мемлекттің ұйымдастыруымен қызмет жасауын, адамдардың бір – бірімен келісуін және адам құқығын қамтамасыз ететін құрал. Бұл жүйе, экономикалық, әлеуметтік – саяси және қоғамның рухани дамуын, адамдардың өмірлік сапасын, тарихын, ел өмірінің ұлттық ерекшелігін және мемлекеттік биліктің сипатын көрсетеді. Қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар қоғамдық даму тенденциясының объективтік заңдарының әрекетін көрсетеді және нақтылайды. Бұл заңдардың

объективтік сипаты, олардың ғылыми танымы мен мақсатқа бағытталған әлеуметтік қимылды пайдаланудағы органикалық байланыстылық

. Әлеуметтік нормалар бір-бірімен белгілі, өзара байланыста әрекет жасайды. Әлеуметтік нормаларды жіктеуе келгенде, нормалар негізгі және қосымша белгілерімен қолданылуы мүмкін. Нормалардың түрлерін бөлгенде нормалардың әрекет аясы есепке алынады, тәртіп жолының сапасы, нормаларды іске асырудағы ынталандыру мен кепілдік, сонымен қатар, сезіну жолы және тәртіпті реттеу, нормаларды сақтамағандығы үшін санкция нысандары.

Жоғарыдағы көрсетілгендердің бәрі әлеуметтік нормалар жүйесінен оның мынандай түрлерін шығаруға мүмкіндік береді: экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, діни эстетикалық және басқа нормаларды.

Қоғамның шаруашылық аясында базарлық қатынастар қызмет етеді, сонымен қатар, белгілі мөлшерде, өндірісті қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік басқару іске асырылады, онда маңызды рөл экономикалық нормалар мен нормативтерге жатады. Бұл нормалар өндірістің дамуын, бөлу мен тұтыну қатынастарын, өндіріс салаларының өз арасындағы қатынастарды, ауылшаруашылығын, сауданы реттейді. Экономикалық нормалар және нормативтер ақша-финанс жүйесін, банктердің әрекетін, биржаларды, салық жүйесін реттейді. Базарлық экономика ең алдымен, өзін-өзі басқаратын базарлық қатынасқа сүйенеді, дегенмен барлық дамыған: АҚШ, ФРГ, Франция, Англия сияқты елдерде мемлекет экономиканың дамуына ықпал етіп, қоғамның әлеуметтік –саяси тұрақтылығын сақтауға ұмтылады. Сондықтан мемлекет тұрақтанған еркін кәсіпкерлікті қорғайды, ғылыми – техникалық жетістіктердің негізінде өндірістің төмендеуін болдырмайтын шаралар қолданады. Соған ықпал ететін, салық, кредит, инвестиция, басқа құралдар пайдаланылады.

Әлеуметтік нормалардың маңызды тобын саяси нормалар құрайды. Олар әлеуметтік топтардың, таптардың, азаматтардың мемлекеттік билікке қатынасын, ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастарды, мемлекеттің қоғамдағы саяси жүйесінің басқа ұйымдармен байланысын реттейді. Саяси нормалар өздерінің көлемі мен мазмұнына байланысты, саяси қатынастарды реттейді және әртүрлі нысандарда көрініс табады: саяси декларацияларда, мемлекеттің манифестерінде, саяси партиялардың, қозғалыстардың, мемлекеттердің конституцияларында, саяси париялардың уставтары мен бағдарламалық құжаттарында. Мемлекеттің заңды актілеріндегі көрсетілген саяси нормалар, құқық нормаларының маңыздылығын қабылдайды.

Саяси нормалар азаматтардың мемлекетпен және оның органдарымен қарым-қатынасын реттейді. Сайлау тәртібі, азаматтардың және олардың өкілдерінің мемлекеттік билік органдарына және басқа қызмет адамдарының сайлануы саяси нормалармен реттеледі, олар заңды актілерде көрсетілген. Саяси нормаларға сонымен бірге, белгілейтін, реттейтін нормалар жатады және

заң шығаратын, орындайтын және сот биліктеріне бақылау жасайтын қатынастар жатады. Әрбір заң мемлекеттік билікпен қабылданса, ол тікел

саяси қатынастарды көрсетпесе де, экономикалық, әлеуметтік, саяси негіздеуден өтеді және қоғамның өзіне сай құқықтық және өнегелік сезім бағасына ие болады.

Әлеуметтік нормалардың көпшілік бөлігін корпоративті нормаларды қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпкерлік одақтарда қабылданған белгілеулер құрайды. Бұл нормалар бірлестіктердің, мекемелердің уставтарында, ережелерінде, басқа актілерінде көрінісін табады. Мысалы, қандай болмасын университеттердің өз ережелері болады. Корпоративті нормалардың көпшілік бөлігі – ұйымдастыру сипатындағы тәртіптер. Олар қоғамдық ұйымдардың қалыптасу, құрылу, қызмет ету тәртібін бекітеді, сонымен бірге, сол ұйымдардың мүшелерінің қарым-қатынасын, құқығын, жауапкершілігін белгілейді.

Әлеуметтік әрекет, қоғамдағы адамдардың тәртібі әдетпен де реттеледі. Әдет - қоғамдық тәжірибеде көптеген қайталануының нәтижесінде бекіген, белгілі қатынастар үлгісі, адамның, адамдар әрекетін бағалау тәсілі. Әдет дегеніміз қоғам мүшелеріне, адамдар тобына үйреншікті әлеуметтік реттеу нысаны. Өнегелі сипаттағы әдеттері барлар, мінез деп аталады. Мінезде белгілі әлеуметтік топтардың психологиясын көруге болады. Қоғам мәдени, ұйымдастырушылық шараларды пайдалану арқылы мәдениеттілік қоғамға сай келмейтін мінездермен күрес жүргізуде.

Адамдардың өміріне ықпал жасау үшін, қоғам әдеттік дәстүрге өте жақын - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, әлеуметтік топтардың, адамдардың қалыптасқан тәртіп жолы. Әдет пен дәстүрдің бекітушілік белгілері бар. Дәстүр, әдетке қарағанда кең құрылым. Дәстүр сапасында белгілі идеялар, бағалылықтар, әлеуметтік тұрақтылықтар көрінеді. Дәстүрлердің қоғам үшін тиімділігі, пайдалылығы негізделеді.

Әлеуметтік өмірде, ең алдымен тұрмыстық, жанұялық қатынастарда, әдеттер, дәстүрлік салттарда, оның өткізілуінде көрінеді.

Жора – белгілі сипаттағы адамның, бір топ адамдардың, комплекс қылықтары (мысалы, дәстүрлі үйлендіру ырымы, жорасы). Той кезіндегі шерулерді салт – жоралық деп атайды, яғни жоралардың жиынтығы.

Әлеуметтік нормалардың көп және маңызды бөлігін діни нормалар көрсетеді – адамның рухани қажеттілігіне сай қалыптасқан тәртіп жолы, діни сенімдердің және діни сезімдердің ықпалымен орындалады. Олар Құдайға, шіркеуге, бір- біріне, ұйымдарға сенушілердің қатынасын және діни ұйымдардың қызметін реттейді. Моральдық – этикалық белгілеу жинағы – діни сенім ілімінің бір бөлігі. Қоғамда адам баласының ерте кездегі даму кезеңдерінен бері әрекет жасаған діни канондар (ұйғарым, тәртіп жолы), олар реттеуші рөлін атқарған. Дүниежүзілік діндерге: иудаизм, буддизм, ислам жатады, олар қоғамның өнегелік өміріне ғана өз ықпалын жасаған жоқ, оған қосымша құқықтың жүйесінің дамуына да әсерін тигізді.

Библияда, Құранда, Талмудта, басқа қайнар көздерде, діни канондар мен қатар жалпыадамдық нормалар өз көріністерін тапты. Мысалы, «Моисеевтер

заңдарында» алты күн жұмыс істеу міндеттілігі мен жетінші күні демалыс алу бекітілген, ата –анасын сыйлау талабы көзделген, кісі өлтіру, ұрлау, өтірік куә болуға тыйым салынған. Әлеуметтік нормалар өз көрінісін христиан шіркеуі мен канондық құқықта тапты. Бұл нормалар шіркеудің ішкі ұйымын, шіркеудің органдарының арасындағы қарым – қатынастарды реттейді. 1917 жылы Рим –католиктік шіркеуі канон құқығының Кодексін жариялады. Өмір үлгісі, материалдық игілік жағдайының жетілген деңгейі және қоғам мен адамның мәдениеті өзінің көрінісін мәдени тәртіпте, әдептілік нормаларында, этикетте көрінеді. Этикет дегеніміз адам баласының қарым –қатынасының сыртқы көрінісін реттейтін тәртіптердің жиынтығы: аралау нысаны, қоғамдық орындардағы тәртіп, манералары мен киімдері. Қоғамдық пікір екіжүзділік тәртіпті, формальды, әрекеттер мен ішкі теріс ниеттерді кінәлайды.

Мораль нормаларына - жалпыға бірдей қабылданған жақсылық пен жамандыққа сай ішкі сенімнің күшімен орындалатын қоғамда қалыптасқан тәртіп жолы жатады.

Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әлеуметтік нормалар жүйесіне құқық нормалары кіреді, яғни мемлекетпен белгіленген не санкцияланған және оның күшімен қамтамасыз етілетін тәртіп жолдары.

Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, барлық халықаралық қауымдастыққа қатысты мүдделер мен бағалылықты көрсететін әлеуметтік нормаларды жалпыадамдық нормалар деп атауға болады.

Құқық қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің бөлігі ретінде әлеуметтік нормалар жүйесінде ерекше орынды алады, Біріншіден, бұл нормалар әруақытта формальды белгілілікте, яғни нормативті – құқықтық құжаттардағы жазбаша мәтінінде көрсетілгендей. Екіншіден – белгіленетін, санкция берілетін және мемлекетпен оның күшімен қамтамасыз етілетін бір ғана әлеуметтік нормалар, үшіншіден, құқық нормаларын бұзғандығы үшін жеке адамның еркіндігін тежемейді және қоғамнан бөлмейді.

Заң ғылымдарының өкілдері үшін маңыздысы, құқық нормаларының діннен, саясаттан, экономикадан, дәстүрден бөлетін негізгі белгілерін, сипатын білу.

Құқық пен мораль арасындағы байланыс моральдың нормативтік реттеу жүйесіндегі рөлімен қамтамасыз етілген. Басқа әлеуметтік нормалармен салыстырғанда моральдың әрекет аясы кең келеді. Әлеуметтік шындықтың тек аз ғана бөлігі моральдік бағалаудан еркін, сондықтан құқық пен моральдің аясы көп жағдайда тоғысады. Дегенмен, бір ортада әрекет жасаса да, мораль мен құқық бір – бірінен тәуелсіз нормативті – реттеуші ретінде қалады.

Мораль нормативті реттеудің ерекше кейпі, нормалар мен принциптердің жиынтығы, өз ықпалын барлығына және әрқайсысына жаяды, егер олар өздеріне өнегелік бағалылықты сіңірсе. Дұрыс айтқандай, моральдың жалпыадамдық мазмұны жалпылама түрде «алтын жолда» көрсетілген: («Поступай по отношению к другим так, как ты хотел бы, чтобы они поступали по отношению к тебе») «Басқа адамдар, саған қалай жасасын десең

солай жаса, себебі олар да саған солай жасауы үшін». Мораль өзінің нормаларына абсолютті бағаларды сіңіреді, соған сай мораль нормалары құрылады және бағалау құқықтық тәртіптің жоғарғы белгісі болып табылады.

Мемлекет пен құқық теориясында құқық пен моральдің арақатынасы, олардың бірлігі тұрғысынан, өзгешелігі мен қарым – қатынасынан байқалады.

Құқық пен моральдің бірлігі былай сипатталады:



  • құқық пен моральдің нормативтігімен қорыта келгенде, адам тәртібін бағалаудағы белгі мен эталон болатын, белгілі нормалардың жиынтығы;

  • құқық пен моральдің универсальдығы, ол қоғамдық қатынастарға таралуымен көрінеді, яғни әлеуметтік нормалар жүйесіндегі нағыз универсальді реттеуші ретінде;

- құқық пен моральдің жалпылығы, ол экономикалық базисті және идеологияны, сонымен бірге саясатты және адам баласы өмірінің басқа аясын бағалағандығынан көрінеді;

Құқық нормалары мен моральдік нормалардың айырмашылығы:

Пайда болуына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен белгіленеді және санкция беріледі, мораль нормалары қоғаммен қалыптастырылады, есепке алынатындары жақсылық пен жамандық, адалдық және ар, абырой т.б.

Сонымен қатар, мораль нормалары құқық нормаларынан бұрын пайда болған, өйткені ол мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты.

Әрекет аясына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен заңға айналдырылған қатынастарды реттейді, оның мәжбүрлеу күшімен оны қорғау қамтамасыз етіледі, мораль нормалары құқықтық қатынастарға ғана ықпал жасамай, құқықпен реттелмеген қоғамдық қатынастардың жиынына ықпал етеді.

Бекітілу нысанына байланысты - құқық нормалары арнайы нормативтік актілерде (заңдарда, қарарларда, қаулыларда) бекітіледі, ал моральдік нормалар адамдардың сезімінде болады.

Құрлысына байланысты - құқық нормалары үш бөліктен тұрады – гипотеза, диспозиция, санкция, соның нәтижесінде нақтылы түрде кімнің не істеу керектігі болжанады және қандай жағдайда, қандай нәтижеге байланысты. Мораль нормалары біріктірілген жолдардың және принциптердің түрлері ретінде ғана көріне алады.

Қамтамасыз ету тәсіліне байланысты - құқық нормаларын іс жүзіне асыру мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қолдауға ие болса, мораль жеке адамның ұятына бағытталады. Құқық нормалары бұзылса, кінәлі адамға әртүрлі ( заңмен белгіленген) жазалау түрлері қолданылады, моральдық нормалар бұзылса тек қоғамдық наразылық қолданылады.

Құқық пен моральдің әрекеттестігін (келісушілігін) олардың бір – біріне өтімділігі мен біріне – бірінің ықпалынан көруге болады:


  • бір-біріне ықпал етушілігінен көрінетіні сонда, мораль құқықтық санаға белсенді әсер етеді, соған байланысты құқық нормаларының іске асырылуына

көмектеседі. Өз жағынан құқық моральдің талаптарын заңды санкциялармен қолдап қажетті адамгершілік минимумын қорғайды.

Құқық пен әдеттің арақатынасын әртүрлі тұрғыдан қарауға болады: осы әлеуметтік нормалардың ұқсастығынан, олардың өзгешеліктері мен олардың бір – біріне ықпалынан.

Құқық нормалары мен мораль нормаларының ұқсастығы сонда, құқық және әдет белгілі нормалардың жиынтығы, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, яғни қатынастардың бір жағы адамдар («адам – адам») және адамдардың әртүрлі оқиғадағы тәртіп жолын ұстайды.

Құқық нормаларының әдеттен айырмашылығы сонда, құқықтың реттеу аясына қоғамдық қатынастардың көп бөліктері кіреді, ол әдет нормаларының реттеу аясына қарағанда айырмашылыққа жатады. Құқық пен әдеттің бір-біріне ықпалын айта отырып мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік бар:



  1. Құқықтың әдетке ықпалының жалпы схемасы мынандай: прогрессивті әдеттер құқықпен қолданылады, ал заңға қарсы келетіндері құқықбұзғандық болып есептеледі. Мысалы қылмыстық заңдарда сондай заңдар көрсетілген және ескінің қалдығы ретінде қаралады.

  2. Әдет құқықтың өзіне жасаған ықпалын сынай отырып, өз жағынан, құқыққа да әсер етеді. Белгілі уақытта әдет құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалады. Соның ішінде, азаматтық құқық әдетті іс айналымы ретінде мойындайды.



    1. жүктеу 0,97 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау