48 беттің -сі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,95 Mb.
бет1/6
Дата14.11.2017
өлшемі0,95 Mb.
#297
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18.19-13-2013

03.09.2013

№ басылым




48 беттің -сі





Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті


3 деңгейдегі СМК құжаты

ПӨӘК

Баспа


№____

ПОӘК 042-18.19-13-2013


«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


«Әлеуметтік педагогика»

пәнін оқыту-әдістемелік комплекс

5В010300- «Педагогика және психология»

5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандықтарына арналған



Оқу-әдістемелік материалдар

Семей-2013



МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Практикалық сабақтар






Студенттердің өздік жұмыстар жоспары





1. Глоссарий

Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады.

Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады.

Әлеуметтік тәрбие деп баланың немесе тұлғаның әлеуметтенуіне қажетті қоғамдық маңызды қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағытталған процес

Педагогикалық іс-әрекет - бұл оқушылардың жеке басының дамуы үшін оқыту мен тәрбиені әлеуметтік-мәдени тәжірибе арқылы беруге бағытталған кәсіби әрекеттің бір түрі

Әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет - бұл баланың әлеуметтенуiне, әлеуметтiк-мәдени тәжірибені меңгеруі мен қоғамда өз идеясын жүзеге асыруға қабілетті болуына көмектесуге бағытталған кәсіби әрекеттің бір түрі

Әлеуметтендіру - мәдени құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды үйрену және жетілдіру процесі немесе қоршаған әлеуметтік ортаның адамның бүкіл өмірі барысындағы дамуына ықпалы.

Әлеуметтендіру факторлары - бұл адамның қоғамдық ортада қалыптасуына ықпал етуші шарттар. Әлеуметтену процесі адамның өзінің дамуына әсер ететін көптеген құбылыстармен байланысымен жүзеге асырылады

Әлеумет (Социум) – адамның қалыптасатын ортасы; осы ортаны құрайтын ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер мен әртүрлі топтардың жиынтығы; адамның өз іс-әрекеті барысында сезінетін әсерлері; адамның өз белсенділігін танытатын және көрсететін құралдық, мәдени және рухани кеңістігі.

Микроәлеумет – адамның ең жақын қоршаған ортасы; отбасы, мектеп, тұрғылықты мекен жайы бойынша бос уақытындағы қарым-қатынас жасайтын ортасы, адам мен ортаның күнделікті тіршілік әрекетінде өзара ықпал ету шеңбері мен қарым-қатынасы.

Әлеуметтік институт - адамдардың өзара бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формасы. Әлеуметтік педагогика курсын оқып үйрену барысында тұлғаны қалыптастыру факторлары туралы сөз еткенде әлеуметтендіру институты қызметін отбасы, балабақшалар, мектептер, әртүрлі еңбек ұжымдары атқаратындығын түсінуіміз керек.

Әлеуметтік рөл – тұлғаның қоғамдық және тұлғааралық қарым-қатынастардағы объективті қойылған әлеуметтік позициясы, мінез-құлқының моделі немесе әлеуметтік функциясы.

Әлеуметтік бейімделу - процесс және индивидтің немесе топтың өмірдің жаңа қоғамдық жағдайларында жаңа әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуінің нәтижесі.

Әлеуметтік құлдырау - бала бойында әлеуметтік сезімнің, қызығушылық пен білік, дағдылардың қалыптаспауы; баланың жас ерекшелігіне байланысты әрекетінің әлеуметтік рөлдерге сәйкес келмеуі.

Педагогикалық құлдырау - отбасындағы, мектептегі және балабақшалардағы оқу-тәрбие процесінде орын алған кемшіліктердің жағдайы немесе күй-жайы.

Балалықты қорғау – кәмелет жасына толмаған балалардың құқығын қорғау ережесін анықтайтын нормативтік құжаттарды жасау негізінде балалардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін шаралардың жүйесі; балалар еңбегін құқықтық реттеу; ата-аналарының қамқорлығынан айрылған балаларды қамқорлыққа алу мен асырап алу жүйесін жетілдіру; әлеуметтік көмекке мұқтаж балалармен коррекциялық және реабилитациялық жұмыс жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызмет пен мекемелер жүйесін құру.

Бала құқығы – балалар мен жасөспірімдердің өмірінің барлық сфераларындағы мүдделерін қорғауға бағытталған ерекше құқықтық нормалар мен ережелердің жиынтығы.

Қамқорлыққа алу - азаматтардың жеке және мүліктік мүдделерін қорғаудың құқықтық формасы.

Қорғаншылық жасау - нақтылы себептермен ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және денсаулығына байланысты өздігінен құқығы мен өз мүддесін қорғауға қабілетсіз 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады.

Жетімдік – балаларына қамқорлық жасауға қабілетсіз деп табылған және ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардың балаларының қоғамдағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар тобына жатуымен айқындалған әлеуметтік құбылыс.

Балаларға деген қатігездік қатынас – саналы түрде балаға дене жағынан, психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан зиян келтіру, сонымен бірге ата-ана, тәрбиешілер мен өзге де адамдар тарапынан баланың физиологиялық және психологиялық дамуына кедергі жасау.

Әлеуметтік жұмыс – адамдардың мәдени, әлеуметтік және материалдық өмір сүру деңгейінде жеке дара тұлғаға, отбасына немесе адамдар тобына көмек көрсетуді мақсат еткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан құрылған кәсіби қызметтің арнайы түрі.

Қайырымдылық - ықылас, жанашырлық, мейірімділік таныту, қандай да бір адамға деген қамқорлық сезімінің туындауы.

Әлеуметтік қорғау - азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және экономикалық тұрғыдан кепілдендіруді заң жүзінде іске асырудың механизмдерінің жүйесі.

Әлеуметтік қолдау - өмірлік қажетін қанағаттандыруда елеулі мұқтаждық көріп отырған «әлсіз» әлеуметтік топтың, жекелеген отбасыларының, балалардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау мен қолдау көрсетуге және өмірлік бағдарын айқындау мен өз орнын табуына көмек көрсетуге бағытталған арнайы әлеуметтік шаралардың жүйесі.

Әлеуметтік реабилитация - индивидтің қоғамға немесе мәдени жүйеге енуіне бағытталған бағдарламалар мен әрекеттерді іске асыру; қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделмеген баланы әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қалыптастыруды мақсат еткен медициналық-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және педагогикалық шаралар.

Әлеуметтік кеңес беру - бұл әлеуметтендіру, тұлғалық болмысын қайта қалпына келтіру және олардың әлеуметтік функцияларын, бағдарын, қарым-қатынас нормаларының қалыптасқан тәжірибелерін оптимальдандыру мақсатында адамға психологиялық ықпал ету тәсілімен әлеуметтік көмек көрсетудің ерекше формасы.

Отбасылық кеңес беру - отбасы мен оның мүшелеріне психологиялық ықпал жасау.

Отбасы терапиясы - отбасылық қарым-қатынасты реттеуге және отбасы мүшелерінің психологиялық және психикалық саулығын қалпына келтіру мақсатында отбасы ықпалдастығының моделін өзгертуге бағытталған теориялық және практикалық әрекеттердің аумағы.

Психикалық ауытқу - баланың ақыл-ойы дамуымен, психикалық жетіспеушілігімен байланысты айқындалады.

Педагогикалық ауытқу - бұл ұғым немесе түсінік әлеуметтік педагогика мен педагогика ғылымында өте аз қолданылады.

Әлеуметтік ауытқу - ол «әлеуметтік қалып» ұғымымен байланысты. Әлеуметтік қалып - қоғам дамуының өзіндік кезеңінде қалыптасқан және арнайы қабылданған әлеуметтік топтың немесе адамдардың мінез-құлық әрекеттерінің үлгі ережесі.

Депрессия – бұл жағымсыз эмоциялық белгісі бар аффектілі күй.


2. Дәрістер

Модуль 1 Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері

Дәріс 1. Әлеуметтік педагогика пәні, оның мақсат, міндеттері

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу

2. Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама

3. Әлеуметтiк педагогикалық теория мен практикасының нысандары


«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды.

Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.

Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді.

Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған.

Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-пікірлер тұжырымдалады.

Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау.

Ал, әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi болып табылады. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi.

Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар:

- тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;

- тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;

- тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогика-лық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу;

- әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу;

- тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну;

- адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу;

- тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу;

- әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.

Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады. Әлеуметтену:

- адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы және өмiрдiң әртүрлi жағдайларынан;

- адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы;

- тәрбиенiң немесе адамның дамуының белгiлi бiр жағдайда мақсатты бағытталған процесi арқылы;

- адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi немесе өзiн-өзi дамытуы арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. Әлеуметтiк педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетудi өз мiндетiне жатқызады.

Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектiлерi.

Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының екiншi міндетiнің нысаны - қоғамның әлеуметтiк шеңберi, микро (шағын) орта, адамдар ұжымы және т.б.болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әрекетті жүзеге асырудың белгiлi құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру - сауықтыру, әлеуметтiк-тәрбие жұмыстарын және т.б. ендiруге болады.

Әлеуметтiк педагогиканың үшiншi деңгейдегi нысаны - әлеуметтендiрудiң алуан түрлi сатылары мен деңгейiндегi жеке адам болып табылады.

Бұның өзі қоғамда әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілікке айналып отырғандығы мен осы салада мамандар даярланудың сұранысы артып отырғандығын дәлелдейді. Әйтсе де, халықтық болмысызда тастанды балалар мен қараусыз қалған ата-аналардың болмағандығы қоғамның өркениеттілігінің шарықтаған заманында өз жалғасының үзіліп отырғандығын көрсетеді.



Тұжырым:

  1. Әлеуметтік педагогика ғылымы адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай әлеуметтендiру тәжiрибелерiн ұрпақтан-ұрпаққа беру қажеттiлiгiнен туындады.

  2. Әлеуметтік педагогика ғылымы адам мәселелерiмен айналысатын барлық ғылымдармен тығыз байланысады.

3. Әлеуметтік педагогика ғылымының мақсат-мiндеттерi қоғамның адам тәрбиесiне деген талаптарына сай үнемi өзгерiп отырады. Ол қоғам талаптарынан туындап, қоғам мұқтажын ескередi.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi мен пәнiн сипаттаңыз.

2.Әлеуметтiк педагогика мен педагогика ғылымының арасында қандай байланыс және ерекшелiктер бар?

3.Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие мен тәжiрибе нысандарын атаңыз.

4.Әлеуметтiк педагогика теориялары қай кезден бастап қолданылып келедi?

5.Әлеуметтiк педагогика теорияларының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды бiлесiз?

6.Әлеуметтiк педагогиканың теориялық және қолданбалы қызметтерiн атаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

1.Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. -118 б.

2.Василькова Ю. В., Василькова Т. А. Социальная педагогика. уч.пособие.-М.:1999.

3.Галагузова И. Г. История социальной педагогики. - М.: 2000.

4.Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред. В. А. Сластенина. - М.: 1999.-С.19-24.

5.Социальная педагогика: Курс лекций /под общ.ред. Галагузовай М. А. – М.:2000. - С.162-165

6.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: Деловая книга, 2003. -528 с.
Дәріс 2. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары

Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары

2.Әлеуметтік педагогика пәнінің басқа педагогикалық пәндермен байланысы

3.Әлеуметтiк педагогика ғылымының төл және кірме ұғымдары мен олар арасындағы сабақтастық байланыс


Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі барысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады. Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет, әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б.

«Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады.

Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық.

Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады.

Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев, В. Д. Семенов және т.б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi.
Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т.б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы – «даралық» педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысында адамнан

жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi.

Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi.

Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады.

Сонымен, әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т.б.

Педагогика ғылымы «жеке адам», «даму», «әрекет», «әлеуметтендіру», «қоғам» деген секілді көптеген басқа пәндер түсініктерін де қолданады. Оны педагогика ғылымының кірме түсініктері деп айтамыз. Ал педагогика ғылымының төл ұғымдары «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» категориялары болып табылатындығын бiлемiз. Енді осы ұғымдардан әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктерін ажыратып көрсетейік.

Түсінік - бұл шындықты танып-білу процесінің санамызда бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Ғылыми түсінік бірден қалыптаспайды. Түсініктің мәнін анықтау үшін оның белгілерін ажыратып алу қажет.

Сонымен қатар, негiзгi ұғымдар деп тек сол ғылымға тән түсiнiктердi айтамыз. Кез келген жаңа ғылым саласы өзiнiң негiзгi түсiнiктерiнен туындайтын жаңа түсiнiктерге ие болады. Әлеуметтiк педагогиканың түсiнiктерi педагогика ғылымының түсiнiктерiнен туындайды, олай болса әлеуметтiк педагогика пәнiнiң өзi ғылыми педагогиканың бiр саласы ретiнде көптеген зерттеу объектiсi жеке адамның қалыптасуы болып табылатын басқа ғылымдармен тығыз байланыста болады. Оны төмендегі 1-схема мынадай түрiнде көрсетуге болады:



Тұжырым:

1Әлеуметтік тәрбиенің мақсаты адамзат қоғамының барлық кезеңiнде адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай етiп қалыптастыруды көздеген.

Әлеуметтік педагогика ғылдымының негізгі категориялары педагогика ғылымы категорияларынан келіп туындайды, сонымен қатар олар да қоғамдық категория болып табылады. Өйткенi әртүрлi қоғамдық талаптарға сай берiлген анықтамалар мазмұны бiрдей емес. Бұдан байқайтынымыз, қоғамның мақсаты тәрбиенiң, тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастырудың мақсатымен сәйкес сабақтасып отырады.

Тәрбие үздiксiз және үзiлiссiз процесс болғандықтан, тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру үрдісі де үздіксіз әрі үзіліссіз процес болып табылады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Әлеуметтiк педагогиканың негiзгi ұғымдары мен кірме ұғымдарын атаңыз.

2.Әлеуметтендiру, әлеуметтiк оқу мен әлеуметтік тәрбие, әлеуметтiк бейiмделу және т.б. ұғымдарға сипаттама берiңiз.

3.Тәрбие мен әлеуметтендiру түсiнiктерiнiң өзара арақатынасына талдау жасаңыз.

4.Әлеуметтiк педагогика өз дамуында педагогика ғылымының басқа қандай салаларымен және басқа қандай ғылымдармен байланысады.

5.Әлеуметтiк тәрбиенiң әлеуметтендiру процесiнiң құрамдас бөлiгi екендiгiн дәлелдеңiз.



жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау