Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар



жүктеу 1,83 Mb.
бет8/24
Дата07.02.2020
өлшемі1,83 Mb.
#28580
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

3.Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар.

Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар арасында айырмашылықтар бар. Экспериментке деінгі жоспарлар психологиялық ғылымның бұрынғы рудименттері болып табылады. Ал квазиэкспериментальды жоспарлар бүгінгі күннің және көптеген зерттеушілердің ойынша ертеңгі күннің атрибуты.

Экспериментке дейінгі жоспарлар бұл классикалық зерттеуге қойылатын талаптарды қабылдамайтын және белгілі схемамен жүргізілетін зерттеу. Себеп – бұл талаптарды білмеу.

Квазиэкпериментальды жоспарлар эмпирикалық зерттеулер жүргізудегі өмір шындықтарын тіркеу амалы. өмір шарттары және экспериментатордың практикалық тапсырмалары көбіне «шынайы эксперимент» жоспарларын және сыртқы айнымалықтарды бақылау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейді.

Квазиэксперимент тек қолданбалы проблемаларды ғана шешуге емес сонымен қатар ғылыми зерттеуді жүргізуде қолданылады. Классикалық еңбектің авторлары Кокс пен Кэмпбелл квазиэкпериментальды жоспарлаудың негізгі теоритикалық принциптерін қалыптастырды. Квазиэкспериментальды жоспар одан да артық жоспар қолдануға болмайтын кезде қолданылады. Экспериментке дейінгі жоспарлар иллюстрациялар ретінде қолданылады. Ғылыми зерттеулер практикасында мүмкіндік болғанша оларды қолданбаған жөн.

Экспериментке дейінгі жоспарлар.

Кэмпбел экспериментке дейін жоспардың 3 түрін көрсетеді. Олардың екеуін Макгиган квазиэкспериментальды жоспарға жатқызады.

Экспериментке дейінгі жоспарға : а) бір рет болатын жағдайды зерттеу ; б) бір топты алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары; в) статистикалық топтарды салыстыру.

Бір рет болатын жағдайды зерттеу өткен салаға жатады Х0 оспары бойынша әсерге тап болғанбір топқа тест жүгізіледі. Сыртқы және тәуелсіз айнымалылықтарда бақылау жүрмейді. Бұндай «зерттеуді» салыстыруға ешқандай материал болмайды. Бұл зерттеулер нәтижені күнделікті шындықпен сәйкестендіру үшін ғылыми қызметтің алғашқы этаптарында қолданылады.

Бір топты алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары көбіне социологиялық, социологиялық психологиялық зерттеулерде (О1ХО2) қолданылады. Бұнда соңғы таңдау болмайды, сондықтан тестілеу кезінде тіркелетін тәуелді айнымалының өзгеруі тәуелсіз айнымалының өзгеруінен туады деп айтуға болмайды. Тестілеу эффектісі бұл өткен келесі зерттеуге әсері. Артефактілердің көзі бұл да – бұл жоспармен бақыланбайтын сыртқы айнымалылар.

Экспериментке дейінгі жоспарлау 3 нұсқасы бұл статистикалық топтарды салыстыру.

Х О1

О2

Бұл жоспар көмегімен зерттелушіге фондық әсерді және басқа сыртқы айнымалылардың әсерін анықтауға болғанмен, табиғи дамудың эффектісі алынбайды, себебі зерттелушілердің бастапқы жағдайымен олардың қазіргі күйін салыстыратын материал жоқ.



Бақылау және экспериментальды топтардың нәтижелерін салыстыру үшін Стьюденттің t – критерийі қолданылады. Есте сақтаған жөн: тестілеу нәтижесіндегі айнымалықтар экспериментальды әсерден емес. Топ құрамының айырмашылығымен де негізделуі мүмкін. Егер экспериментальды әсерді алып тастайтын болсақ, бұл жоспар корреляциялық зерттеулерде қолданылады, бірақ оны 2 айнымалы арасындағы себепті байланыс туралы гипотезаны тексеру мақсатында қолданбаған жөн.

Квазиэкспериментальды жоспарлар.

Т.Д.Кук және Д.М Кэмпбелл психологиялық зерттеуде квазиэкспериментальды жоспарларды қолданудың теоритикалық негізін жасады. Квазиэкспериментальды жоспардың 2 түрі болада: А.Эквивалентті емес топтарға арналған жоспарлар.

В.Дискретті уақытша сериялардың жоспарлары.

2 айнымалы арасындағы себепті тәелділікті анықтауға бағытталған кез келген зерттеу – квазиэксперимент болып табылады.

Егер экспериментальды психолоия квазиэкспериментальды зерттеудің қатаң анықтамалары қолданса, бір зерттелуші қатынасатын экспериментті квазиэкспериментке жатқызуға болады. Сонымен қатар уақытша сирияның квазиэкспериментальды жоспарлары экспериментке дейінгі жоспардың модификациясы болып табылады.

Кэмпбелл топтарды таңдаудың 2 нұсқасын көрсетеді. 1-ші жағдайда эксперимент процедурасына қатысты табиғи топтар зерттеуге қатынасады. Сондықтан топ құрамының эффектісі болуы мүмкін, бірақ ол онша маңызды емес. 2-ші жағдайда экспериментальды топ ерікті қатысушылардан құралады, ал бақыланушы топты өзге тәсілдермен жинақтайды. Бұнда топ құрамының факторы экспериментальды және бақыланушы топтың нәтижелеріндегі айырмашылыққа шешуші әсер етуі мүмкін.

Эквивалентті емес топтарға арналған квазиэкспериментальды жоспардың басқа көптеген варианттары бар: «құрама жоспарлар», алдын ала және қорытынды тестілеуге арналған шешуші таңдаулары бар жоспарлар және т.б. Кэмпбеллдің «Әлеуметтік психологиядағы және қолданбалы зерттеудегі эксперимент модельдері» деген монографиясында квазиэкспериментальды жоспарлау туралы көп мәлімет бар.

Квазиэксперимент фондық әсерлер факторын бақылауға мүмкіндік береді. Көбіне бұл жоспарларды балабақшада, мектептерде, клиникаларда немесе өндірісте табиғи топтардың қатысуымен эксперимент жүргізетін зерттеушілерге қолдану ұсынылады. Оны бақылаушы таңдауы бар қалыптастырушы эксперимент деп атауға болады. Бұл жоспарды іске асыру қиын, бірақ егер топтарды рандолизациялайтын болсақ, ол табиғи қалыптастырушы экспериментке айналады.

Ex – post – fakto жоспары.

Психологияда, әлеуметтануда, педагогикада және нейропсихологияда клиникалық психологияда көбіне қолданатын тағы бір эксперимнт. әлеуметтік зерттеулерде оны көбіне 1930-40 жылдарда қолданған. Сол уақытта әлеуметтанушы Ф.С. Чейз бұл әдістің атауын енгізіп, мәліметтерді талдау схемаларын жасады. әлеуметтануда және педагогикада оны қолдану стратегиясы мынадай – экспериментатор зерттелушәге өзі әсер етпейді. әсер ретінде олардың өміріндегі жағдайлар бола алады. әсер алған зерттелушілер тобы және алмаған топ таңдалады.

Топтың эквиваленттілігі рандолизация арқылы жүзеге асады. Бұл жоспар көптеген қазіргі таңдағы зерттеуде іске асырылады. Адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін ситуацияларға түскен кезде, оларда пайда болатын посттравматикалық стресті зерттеу үйреншікті болып табылады.

Популяцияға травматикалық факторлардың әсерінің эффектісі жоғарылайды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Экспериментальды жоспарлар дегеніміз не?

2. Зеррттеушіге арналған эксперимент жоспары қалай жасалады?

3. Квазиэкспериментальды жоспарлар қалай жасалады?

Әдебиеттер:

1. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология . Учебное пособие .М , 2004 33-45б.

2. СобчикЛ.Н. Методы психологической диогностики М.,1990.

3. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. М., 1980.

4. Хармон Г.Современный факторный анализ .М, 1972

5. Шмелев А.Г. Введение в экспериментальную психосемантику .М,1983г


11 Дәріс.

Тақырып:Эксперименталды зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Экспериментальды зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу.

2. экспериментальды таңдау.

3. Экспериментальды айнымалылық және оны бақылау тәсілі.

Мақсаты: Экспериментальды зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу, экспериментальды таңдау, экспериментальды айнымалылық және оны бақылау тәсілі жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Дәрістің мазмұны:

1.Эмпирикалық материал алу үшін қолданылатын барлық әдістерді активті және пассивті деп бөлуге болады. Активті зерттеу әдісіне лабораториялық эксперимент және оның түрлі модификациялары, квазиэксперимент жатады. Пассивті зерттеу әдісіне-бақылау, клиникалық әдіс, еңбек өнімділігін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялық зерттеулер, ақпарат жинау әдістері, архивтік зерттеу және т.б жатады. 1- топтағы әдістерді қолдана отырып, зерттеуші обьектке әсер ете отырып, құбылысты немесе процесті белсенді етеді. 2-ші топтағы әдістерді қолдана отырып, зерттеуші табиғи процестің өтуін қадағалап отырады. Зерттеуші әрекеттерін белгілі құрал қолдану арқылы (сауалнама, тест және т.б) тіркеп отырады. Ал зерттеуші әсер ету үшін әңгімені қолдануды немесе лабораториялық экспериментте зерттеу тәсілдерінің көмегімен зерттеушінің әрекеттерін ұйымдастыра алады. Бұл- психологиялық эмпирикалық әдістің екінші «өлшемі» болып табылады. Сонымен қатар 3-ші де өлшем болады. Зерттеуші зерттеу кезінде ғылыми тұрғыны немесе «түсіну әдістерін», яғни зерттелушінің әрекетін, оның ішкі дүниесін немесе оның психикалық моделін эмпатия жолымен қорытындылау.

Эксперимент барысында және өлшеу барысында зерттелуші тапсырмаларды белсенді орындайды, ал бақылау мен сауалнама кезінде оған ешқандай тапсырма берілмесе, ол өзін күрделі жағдайдай ұстайды.

Сонымен қатар тағы бір маңызды критерий бар.(ол зерттеуді ұйымдастыру әдісін 2 үлкен топқа бөледі). Бұл әдістің идеалды зерттеулердің белгілеріне сәйкес келуі. Бұл критерий бойынша зерттеуді у ұйымдастыру әдістері былай:


  1. экпериментальды зерттеу. жүйелік бақылау немесе корреляциялық зерттеу. Олардың ерекшелігі онда зерттеуші сыртқы айнымалықтарды бақылай отырып, негізгі айнымалының арасындағы корреляциялық байланыстарды орнатуға тырысады. Бұл үшін ол зерттелуші индивидтерінің тобын таңдайды және өзінің әрекеттерін жоспарлайды.

  2. табиғи экперимент және бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс және т.б. Бұлар адам әрекетінің ерекшелігің анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар олар эмпирикалық жалпылаудың және индуктивті гипотезалар шығарудың көздері болып табылады. Айнымалықтарды бақылаудың тәсілдері жүйелі түрде қолданылмайды, мәліметтерді тіркеудің техникаларын қолдануға болады. (бақылау карталары, аудио және видео аппараттары, тесттер және т.б)

  3. квази эксперимент. Табиғи зерттеу әдістері мен айнымалықтарды бақылау жүретін адамдар арасындағы эксперимент. Оны көбіне жүйелік бақылауға ұқсатады, онда эксперименттер зерттелуші обьектке әсер етпейді. Бірақ бұл пікір расталмаған. Кейбір кезде табиғи зерттеуде әсер ету зерттелушіден тәуелсіз табиғи жағдайларда жүретіні анықталды, бірақ бұл жағдайда біз эксперимент пен бақылау арасында орын алатын зерттеу әдістерін аламыз. Квазиэкспериментте идеалды экспериментті бейленейтін схеманы жүзеге асыру мүмкін емес, бірақ бұл қатынастар ерекше квазиэкспериментальды жоспарларды қолданумен ауыстырылады.

Дәстүрге сәйкес экспериментальды зерттеулер барлығы экспериментальды емес әдістерге қарсы қойылады.

Осылайша, Ф.Дж.Мактиган экспериментальды әдістерді келесіге қарсы қояды:



  1. классикалық клиникалық әдіске

  2. табиғи бақылауға

  3. сауалнамаға

  4. архивтік зерттеулерге

  5. корреляциялық байланыс орнатуға

  6. квазиэкспериментке

М.В.Мэтлин экспериметке қарсы қоймаған әдістің мына тізімін көрсетті:

1. табиғи бақылау

2. сауалнама

3. корреляциялық зерттеу

4. архивтік зерттеу

5. белгілі бір жағдайды зерттеу

Н.Козби экспериментке корреляциялық әдісті және экспериментке дейінгі әдісті (сауалнама, далалық бақылау, далалық эксперимент) қарсы қояды. Ол әрекетті өлшеу әдісін (архивтік және тестілеу, өзіндік сұрау) бөліп қарастырады.

Психологияда экспериментальды зерттеу экспериментатордың тәуелсіз айнымалықтарды белсенді өзгертуімен ерекшеленеді. Экспериментальды зерттеу бір нұсқасы бұл зерттелуші топтардың болуы. Эспериментальды емес зерттеулерде негізгі және бақылаушы барлығы топтар бірдей болады, сондықтан олар салыстырылады.

Формальды негіз бойынша экспериментальды зерттеу бірнеше типтерге бөлінеді. Олар: эксплотаторлық эксперимент және дәлелдеуші эксперимент. Олардың айырмашылығы проблеманың зертелу деңгейіне және тәуелді, тәуелсіз айнымалықтар арасындағы байланыс туралы білімнің болуына байланысты.

Эксплотаторлық эксперимент тәуелсіз және тәуелді айнымалықтар арасындағы себептік байланыстардың болуын анықтау үшін қолданылады. Сондықтан эксплотаторлық зерттеу А және В айнымалықтардың арасындағы себепті тәуелділіктің болуын немесе болмауын тексеруге бағытталған.

Егер айырмашылықтар арасында сапалы байланыстың бары туралы ақпарат болса, онда бұл байланыс түрі туралы гипотиза жасады. Онда зерттеуші дәлелдеуші конформаторлық эксперимент жүргізу, ал бұнда тәуелді және тәуелсіз айырмашылықтар арасында болатын функцияларды сандық байланыс түрі анықтайды.

Зерттеу алгоритмі:



  1. А және В-ның сандық байланысы туралы гипотиза шығарылды.

  2. Эксплораторлық эксперимент жүргізү.

  3. Егер гипотиза дәлелденбесе, басқа сапалы гипотиза жасағандар, жаңа эксплораторлық эксперимент жүргізіп, егер сапалы гипотиза дәлелденсе, онда сандық функционалды гипотиза құрылады.

  4. Дәлелдеуші эксперимент жүргізу.

  5. Айналымдар арасындағы байланыс түрі туралы гипотиза қолданылады немесе қолданылмайды.

Психологиялық зерттеу практикасында эксперименталды зерттеудің түрлерін сипаттау үшін “критикалық эксперимент”, “пилотах. зерттеу” немесе “пилот. эксперимент”, “далалық эксперимент” немесе “табиғи эксперимент” ұғымдары қолданылады. Критикалық эксперимент барлық мүмкіндік белгісі гипотизасында уақытша тексеру үшін қолданылады. Оның біреуін дәлелдеу, басқасын қабылдамау б.т. .....да критикалық экспериментті құру тек жоспарлауды ғана емес сонымен қатар ғылыми теорияны өңдеудің жоғары деңгейде жүруін талап етеді. Ал біздің ғылымда редуктивті, эмпириялық жалпылаулар үстем болғандықтан зерттеушілер критикалық экспериментті сирек қолданады.

«Пилотаждық зерттеу»термині I немесе эксперимент алдында жүргізуін зерттейтін әдісті белгілеу үшін қолданнылады. Бұнда негізгі гипотеза, жоспар, зерттеу ұйымдастыру тұрғылары қарастырады. Көбіне пилотажды үлкен экспериментальды зерттеу алдында қаржылы және уақытты бос жібермес үшін жүргізу. Пилотажды зерттеу зерттелушінің аз санына, қысқартылған жоспар бойынша сыртқы айнымалықтарды бақылаусыз жүргізіледі. Пилотаж нәтижесінде алынатын мәліметтің сенімділігі өте кең емес, бірақ оны жүргізу барысында гипотезаның шығарылуымен, зерттеу жоспарларымен және айнымалықтарды бақылауда кететін қателіктерді болдырмауға болады.

Далалық зерттеу күнделікті өмірдегі реалды айнымалылар арасындағы байланыстарды анықтау үшін жүргізіледі. Мысалы, баланың топтағы статусы мен оның ойындағы құрдастарымен контактілерінің санының немесе оның ойын бөлмедегі алатын территорияның арасындағы байланысты анықтау.

Психологияда экспериментальды зерттеу бірнеше туралы оның бір бөлігі міндетті, ал бір бөлігі кейбір жағдайда болмауы мүмкін.

Психологиялық экспериментальдық зерттеудің негізгі кезеңдері:


  1. кез- келген зерттеу оның тақырыптарын анықтаудан басталады. Тақырып зерттеудің ауқымын, проблема шеңберін, пәнді, обьектті, әдістерді таңдауды шектейді. Бірақ 1-ші кезең болып проблеманы алғашқы құру табылады.

Эмпирикалық зерттеу 2 негізгі жағдайда жүргізіледі:

  • құбылыстың болуы туралы гипотезаны тексеру.

  • Құбылыстың байланыстарының болуы туралы гипотезаны тексеру.

2. проблеманы құрудан кейін ғылыми әдебиетпен жұмыс кезінде басталады.

Қазіргі таңда зерттеуші үшін компьютерлік мәліметтер базасы, интернет немесе релком және т.б., кітапханалар, арналған журналдар т.б. мүмкіндіктер бар.

Жұмыс психологиялық сөздерді базалық ұғымдарды анықтаудан басталады. Келесі қадам бұл кітапхананың жүйелік каталогтар көмегімен библиография құрастыру. Зерттеу тақырып публикациясымен алдын-ала танысу реферативті журналдар көмегімен жүзеге асады.

Әдебиетпен жұмыстану нәтижесі бұл проблеманы нақтылай түсу, жаңа гипотезалау және зерттеу экспериментальды жоспарлау идеяларының пайда болуы. Егер проблема шешілмеген немесе теріс шешілсе жаңалық ашуға мүмкін емес болатындай көп зерттеген болса, онда психолог зерттеуден бас тартуы мүмкін.

3. Келесі кезеңде гипотезаны нақтылау және айнымалықтарды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Проблеманы қою оған жауап берудің нұсқаоларын көрсетеді.

Экспериментальды гипотеза, теоритикалық гипотезаға қарағанда импликативті пікір ретінде құрылуы тиіс: «егер ... онда...».

Психолог психикалық реалдықты емес зерттелушінің психиканы әсер ететін ситуацияның сыртқы параметрлерін басқарады. Тәуелсіз айнымалыны тіркей отырып, ол «модератор-айнымалы» және әрекет параметрлері арасында функциональды байланыс бар екендігі анықталды. Тәуелсіз, тәуелді және «модератор-айнымалы» мен қатар сыртқы айнымылылар да анықталыу тиіс.

4. зерттеуші оған мынадай мүмкіндіктер берілген экспериментальды құралды таңдауы керек:

а) тәуелсіз айнымалыны басқаруға

б) тәуелді айнымалыны тіркеуге. Бұнда психологиялық эксперименттің нақты әдісі айтылып отыр. Сонымен қатар эксперименттің өту жағдайлары сыртқы айнымалының тәуелді айнымалыға әсер ету деңгеін сақтап отыруы қажет.

5. экспериментальды зерттеуді жоспарлау процедурасының орталық кезеңі болып табылады. Алдымен сыртқы айнымалықтар туралы айнымалыларды жоспарлау сыртқы және ішкі валидтілігін қамтамасыз ету үшін керек.

Келесі қадам экспериментальды жоспарлауды таңдау. Алдын ала жоспарлау қандай болады. Бұл сұрақтың жауабы гипотезаға, айнымалылар санына зерттеу жүргізу ситуацияларына байланысты. Уақыт пен ресурстар шектелген болса қарапайым экспериментальды жоспарлар таңдалады. 1-ші тәуелсіз айнымалықтарды басқаруды талап ететін қиын гипотезаларды тексеру үшін оларға сәйкес тереңдетілген жоспарлар қолданылады.

Зерттеуші экспериментті бір зерттелушінің өатысуымен жүргізе алады. Бұл жағдайда ол жалғыз зерттелуші үшін жоспардың 1-ін қолданады. Егер зерттеуші топпен жұмыс атқарса, онда ол экспериментальды және бақыланушы топтарда қолданылатын жоспарлар қатарын таңдай алады. Қарапайым жоспар болып 2 топқа арналған жоспарлар табылады.

Бірнеше топтарға қолданылатын жоспарлар. Психологияда жиі қолданылатын өзге нұсқа- бұл факторлы жоспар. Егер 2 немесе одан да көп тәуелсіз айнымалының тәуелдіге әсерін анықтау талап етілгенде қолданылады. Қарапайым факторлы жоспардың 2х2 түрі немесе 2х2х2 2 және 3 тәуелсіз айнымалыға сәйкес 2 дәрежелі градацияда қолдануды болжайды.

Экспериментальды жоспардың одан да күрделі түрлері бар. Зерттеудегі процессуальды жоспарлар классификациясының 2 айнымалыға байланысын Д.Кэмпбеил жасады. Оның негізгісі: жай жоспар 2 топты алдын ала тестілеу үшін (тест-әсер ету-ретест). 2 рандолизировты топқа алдын ала тестілеу үшін қолданылатын жоспар (рандолизация-әсер ету-тест) 4 топ үшін осы 2 жоспарды біріктіретін Соломон жоспары. Бұлар эксперименттегі шын жоспарлар деп аталады. Егер эксперименттегі шын жоспарларды жүзеге асыру мүмкін болмаса немесе қажет болмаса, зерттеуші квазиэкспериментальды жоспарлардың біреуін қолданады.

6.Зерттелушіні топтарға іріктеу және бөлу эксперименталды жоспарға сай жүргізіледі. Осы психологиялық зерттеудің объектісі болатын потенциалды зерттелушілер жиынтығы популяция немесе жалпы жиынтық болып табылады.Көптеген адамдар немесе жануарлар , зерттеуге қатысатындар таңдау деп аталады. Эксперименталды таңдаудың құрамын модельдеу жалпы жиынтығын көрсету қажет, экспериментте алынатын қорытындысы тек таңдаудың өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар барлық популяция мүшелеріне де таратылады.

Популяцияны таңдау зеттеу мақсатына байланысты. Барлық потенциалды зерттеушілер жынысымен, жасымен, әлеуметтік жағдайымен, білім деңгейімен , денсаулық жағдайымен сипатталады. Сонымен қатар олар әртүрлі индивидуальды психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, мысалы интеллект деңгейінің әртүрлілігі, нейротизм , агрессивтілік. Таңдау жалпы жиынтық болу үшін потенциалды зерттеушілер зерттеудің шынайы қатысушылары болуы қажет. Рандализация техникасы жиынтықтың барлық өкілдеріне индекс беріледі , ал содан кейін топтарға кездейсоқ таңдау жүреді, экспериментке қатысу үшін қажетті сандар беріледі. Бұл жағдайда үш топ болады:


  1. Барлық жалпы жиынтық.

  2. Таңдау жүргізген рандализация тобы.

  3. Эксперименталды рандализировты таңдау.

Таңдауға деген бірден-бір талап – репрезентативтілік. Таңдау сапалы және сандық жағынан жалпы жиынтықты, популяцияда болатын негізгі потенциалды зерттеушінің негізгі типін көрсетуі қажет.

Зерттеушілер эксперименталды және бақылау топтарына дұрыс бөліну қажет, барлық топтар эквивалентті болуы үшін.

1.экспериментті жүргізу адамнан тек қана білім мен дағдыны ғана емес, экспериментке деген қабілеті де талап ететін зерттеудің жауапты бөлігі болып табылады. Кез келген ең жақсы ой болса да, оны экспериментті жүргізу барысымен бұзуға болады. Эксперимент барысында зерттеуші зерттелушімен әсерлесу процесін ұйымдастырады, нұсқау береді. Кейде ол зерттелушіні эксперимент соңында әңгімеге шақырады.

Кез келген жағдайда эксперименттегі зерттелушінің әрекеттерінің қосымша белгілерін, оның эмоциональды реакцияларын тіркеу қажет. Аяқтаушы маңызды кезде бұл постэкспериментальды интервью. Эксперимент аяқталған соң зерттелушімен әңгіме жүргізіп, оған зерттеуге қатысқаны үшін рахмет айту қажет.

2.зерттеудің келесі кезеңі – статистикалық өңдеу әдісін таңдау, оны жүргізу және нәтижені интерпретациялау.

Көбіне мәліметтерді өңдеу әдістері экспериментті жоспарлау кезінде немесе одан да ерте экспериментальды гипотезаны шығарған кезде таңдалады. Экспериментальды гипотеза статистикалық болып ауысады.

Статистикалық бағалар бақыланушы және экспериментальды топтың нәтижесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы ақпарат береді.

қорытындылар және нәтижені интерпретациялау зерттеу циклін аяқтайды. Экспериментальды зерттеу қорытындысы айнымалылар арасындағы тәуелділік туралы гипотезаны дәлелдеу немесе жоққа шығару болып табылады.

Статистикалық гипотезаны дәлелдеу, бірақ экспериментальды гипотезаның қолданудың шешуші, бірақ жалғыз аргументті емес. Зерттеуші өзінің қорытындысын өзге авторлардың қорытындыларымен салыстырып, мәліметтер арасындағы өзгешіліктер мен ұқсастықтар туралы гипотеза шығарады.

зерттеудің соңғы өнімі ғылыми есеп, мақала жазу, монография, ғылыми журнал редакциясына хат жазу болып табылады.

Ғылыми жұмыс жазудың белгілі бір талабы болады, қорытындыны көрсетудегі көрнекілеу және мазмұндық құрылымы.

Қорытынды шығару. Экспериментальды зерттеу белгілі бір схемада жасалады. Оның өткізілуіндегі негізгі этаптар: мәселе қою және болжамды ұсыну, әдістеме құру, аппаратура таңдау, зерттелушілерді таңдау, айнымалыларды бақылау үшін жоспар қүру, эксперимент өткізу, қорытынды өңдеу және интерпретация жасау, ,ылыми есепті дайындау.

Зерттеу аяқталды деп есептеледі, егер экспериментальды гипотеза тапсырылған сенімге жеткен кезде, жетпеген кезде, ал зерттеу қорытындысы ғылыми қоғамға сай формада көрсетілсе.


  1. тест тиімділігі- экспериментальды әсер етудегі зертелушінің қабылдауына тестілеу арқылы әсер етудің төмендеуі немесе жоғарылауы. Мысалы, оқушының білімін алдын ала бақылау жаңа оқу материалына қызығушылығын жоғарылауы мүмкін. Генеральды жиынтық алдын ала тестілеуде әсер етпейді, қорытынды оған репрезентативті емес болуы мүмкін.

  2. зерттеу жүргізудегі жағдай. Олар зерттелушінің экспериментке реакциясын шақырады..

  3. экспериментальды әсер етудің мазмұны мен таңдау факторларының өзара әрекеті. Олардың ізі – артефакторлар.

  4. экспериментальды әсер етудің интерференциясы. Зерттелушілер есі мен оұуын меңгереді. Егер эксперимент бірнеше сериялардан тұрса, онда бірінші әсер ету олар үшін із-түссіз болады және соңғы әсер етуден тиімділіктің пайда болғандығы айтылады.

Сыртқы валидтіліктің бұзылуының үлкен себебі психологиялық эксперименттің ерекшеліктерімен байланысты, эксперименттегі психологиялық зерттеуге қатысатын адамның ерекшелігі өзге жаратылыстану ғылымының мамандарымен жүзеге асады.

Тестілеу процедурасының өзара әрекеті мен экспериментальды әсер етудің мазмұнын алғаш анықтаған 1949 жылы Р.Л.Соломон болып табылады. Оқушыларға жүргізілген зерттеу бойынша алдын ала тестілеу оқудың тиімділігін төмендеткен. әлеуметтік жағдайды зерттеу көрсеткендей алдын ала тестілеу жеке тұлғаға әсер еткен, ал Ховленд экспериментінде керісінше фильмдердің әсер етуін сендіру әлсіз болған. «топ құрамының өзара әсері мен әрекеті» экспериментке кездейсоқ қатысатын зертелушілерге байланысты. Реакция 2 типті болуы мүмкін: өз еркімен келгендердің «өзара әрекетке душар болуына» дайындық және бас тарту, экспериментке қатысушының негативті реакциясы. Зерттеуге қатысуға тек интеллектуальды дарынды адамдар келісуі мүмкін.

Кэмбелмен келісе отырып, сыртқы валидтілік проблемасы эксперименттің репрезентативтілігі ретінде шынайылыққа қатысты рұқсат етілмейді, индукция яғни қарым-қатынас ешқашан толығымен обьективті болмайды.

Сыртқы валидтілік проблемасы эксперименттегі ситуацияның адеквадтылығы ретінде оның «алғашқы бейне» өмірлік ситуациясы логикалық және математикалық әдістерге рұқсат етілмейді: олар ситуацияны тұтас бейнелеу үшін барлық ғылыми психологиялық білімнің жиынтығын талап етеді.



жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау