жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шаралардың
ақпараттық әдістемелік
қамтылу дайындығын басқаруды және бақылауды жүзеге асырады. Баспалық қызметті басқарады.
Құрылымдық бөлімшелерге кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және ҚБОӘО директорына ұсынады. ҚБОӘО
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауды, аумақтық құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес
беруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттау жұмысын ұйымдастырады. ҚБОӘО қызметінің
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды жүйелейді және жасайды,
балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзірлеп,
рецензиялайды және бекітуге дайындайды, аумақтық орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің
нәтижесін талдайды және жалпылайды. Қажетті есептерді дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді
жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын
әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын,
оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының
және Еңбек
, Қазақстан
Конституциясын
кодексін
Республикасының
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Қазақстан
,
заңдарын және
Республикасындағы бала құқығы туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
басқа да қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын нормативтік құқықтық
актілерді, педагогика және психология негiздерiн, педагогика, педагогикалық психологияны,
педагогикалық ғылым мен практика жетiстiктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заң
негiздерiн.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша
жоғары білім, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшы
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары
Біліктілікті арттыру институттары
Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) директоры
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біліктілікті арттыру институтының
(бұдан әрі – Институт) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және
қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді
өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін дамытады. Білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарына сәйкес Институт қызметінің ағымдағы және келешек жоспарын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру,
жетекші жоғары оқу орындарымен, алыс және жақын шетел ғалымдарымен білім беру мәселесі бойынша
өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады, заманауи ақпараттық
технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Институттың басқару құрылымын айқындайды.
Институттың Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық
жоспарларын, штаттық кестені, Институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
Басқа да оқу іс-шараларын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізуге
берілген лицензияға сәйкес тыңдаушылар үшін біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау
курстарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады, оған қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз
етеді. Белгіленген заңнама шегінде Институт мүлігі мен құралдарына иелік етеді. Есеп-қисап,
оқу-материалдық базаның түгелдігін және үнемі толықтыруын, Институттың жұмыс тәртібінің және
ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің
қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады,
олардың кәсіби деңгейінің өсуіне жағдай жасайды. Институттың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық
жасайды.
Мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда Институт атынан өкілдік етеді,
қажетті есеп-кисаптың дайындалуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, Қазақстан Республикасының
,
кодексін
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер
,
,
,
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы»
«Ғылым туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа
заңдары және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да
қарсы күрес туралы»
нормативтік құқылық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің,
андрогогиканың, синергетиканың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика,
педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, менеджмент
негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметтің негіздерін, еңбек туралы заңнама, еңбек қорғау
нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық
нормалар мен ережелерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының
кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білім
беруді басқару органдарында басшылық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және Біліктілікті арттыру
институтының (бұдан әрі – Институт) жарғысына сәйкес Институт құрылымдарының қызметіне басшылық
етеді. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады
және қадағалайды. Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және
ғылыми сүйемелдеуге басшылық және қадағалау жүргізеді. Баспа ісіне басшылық жасайды. Алдыңғы
қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ыңтымақтастықты ұйымдастырады.
Білім беру ұйымдарының және әдістемелік қызметтердің, білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі
ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының, басшыларының біліктілігін арттырудың
үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етуді қадағалайды. Институттың құрылымдық
бөлімшелеріне кадрлар іріктеуді іске асырып, оларды Институт басшылығына ұсынады. Кафедра,
әдістемелік кабинеттер және басқа да құрылымдар қызметкерлеріне консультация береді, олардың
жұмысын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп-қисаптың
ұйымдастырылуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Еңбек
,
Конституциясын
кодексін
Қазақстан Республикасының
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
,
,
«Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы»
«Ғылым туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңдарын және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да
күрес туралы»
нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет
негіздерін, андрогогика, синергетика, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым
мен тәжірибенің жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін,
қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының
кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білім
беруді басқару органдарында басшылық қызметтегі ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес)
жыл.
Біліктілікті арттыру институтының (БАИ) әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Курстардың, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық
оқулардың, конкурстардың, көрмелердің сараланған жабдықталуын және өткізілуін ұйымдастырады.
Курстарға оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді. Зертханалық-практикалық сабақтарды,
тренингтерді, тиісті санаттардың біліктілігін арттырудың (бұдан әрі – БА) өзекті мәселелері
бойынша іскерлік ойындарды даярлап, өткізілуін қамтамасыз етеді. Жаңа тиімді технологияларды
енгізу бойынша арнаулы проблемалық курстарды ұйымдастырады. БА курстарына арналған жаңа
оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді. Білім беру қызметкерлерінің үздіксіз БА