дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының
,
кодексін
Кодексін
Қазақстан Республикасының "
", "
", "
Білім туралы
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы
", "
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
", "
"
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік
құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың
жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті
қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық
ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі
ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем
болмауы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша бағдарламаларды
құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады, білім
беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.
Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және жас топтары бойынша сабақтар
ретін құрады. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара
іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы
жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен,
ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды. Тәрбиешілер үшін ашық
сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді,
шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің
деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым
мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына
және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді. Педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді. Компьютерлік сауаттылықты,
ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
,
кодексін
Кодексін
Қазақстан Республикасының "
", "
", "
Білім туралы
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы
", "
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
", "
"
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік
құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактика
принциптерін, педагогика мен жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін, тәрбие мен оқытудың
жалпы және жеке әдістемелерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен
тәртібін, педагогикалық жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтауды, жинақтау және
енгізуді, балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және жас ерекшелік
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және жүйке-психикалық қызметін, әдістемелік және
ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқытудың аудиовизуалды және интерактивті
құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғауды,
техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер
мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және
кәсіптік білім және МДҰ тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі
тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды
ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы
тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білімі және МДҰ әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы
тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық
семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық
жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері
лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім
беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері
лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі
тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды
ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы
тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік
білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық
семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық
жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік
білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап
беруі тиіс, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің
өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік
білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі