Семинар сабағы №2
Тақырып: Тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері.
Семинар сабағының мақсаты:Галерея әдісі арқылы студенттерді тас дәуірінің даму ерекшеліктерін зерттеуге және өз ойларын сараптауға үйрету.
Семинар сабағының мазмұны:1. Тас дәуірінің кезеңдері, ерекшеліктері. 2. Қазақстанның ежелгі дәуірдегі табиғи жағдайлары, өтпелі объектілер. 3. Адамзаттың қалыптасу, даму сатылары. 4. Тас дәуіріндегі қоғамдық ұйымдасуы мен шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері.
Әдістемелік нұсқау: Галеряға саяхат.
Галеряға саяхат.
1. Студенттер онлайн әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрлері жөнінде шағын топта талқылау жүргізеді және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде әңгіменің бір түрін үлгі ретінде онлайн көрсетеді;
2. Көрсетілген үлгіні оқытушы онлайн талқылайды;
3. Әр топ көрсетілген үлгінің жетістіктерін, кемшіліктерін чатта көрсетеді және осы чатта ұсыныстарын береді;
4. Осы галерея саяхатынан соң, топтар өз үлгілерін басқалармен салыстыра зерттейді, өзгелердің байқауларын, талдауларын талқылайды.
Өткізу формасы: топтық жұмыс
Бағалау критерийлері:
90-100 балл алу үшін: әңгіменің белгілі бір түрін топтық талдауда өз рөлін тиянақты орындайды; ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, идеяларды топтастыра алады, сөйтіп жақсы үлгі шығаруға белсенді қатысады; өзара бағалауға белсене қатысады, ұсыныстар жасайды; өзін-өзі бағалайды; жетілдіру жолдарын ұсынады;
70-89 балл алу үшін: әңгіменің белгілі бір түрін топтық талдауда өз рөлін тиянақты орындайды; ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, идеяларды топтастыра алады, сөйтіп жақсы үлгі шығаруға белсенді қатысады; өзара бағалауға белсене қатысады, ұсыныстар жасайды;
50-69 балл алу үшін: әңгіменің белгілі бір түрін топтық талдауда немқұрайлық танытады; ақпараттарды ішінара түсініп, идеяларды ұсынып, идеяларды топтастыруға қатыспайды; үлгіні көрсетуде өзіне берілген рөлді атқарып шығады; өзара, өзін-өзі бағалауға қатыспайды, ұсыныстар жасамайды.
Әдебиеттер:
1 Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы. – А.: «Білім», 2001.
2 Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.
3 Қазақстан тарихы очерктер. – Алматы, 1994.
4 Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.
5 Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита южного Казахстана. - А., 1989.
6 Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. - А., 1989.
7 По следам древних культур Казахстана. - А., 1970.
8 Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана. - А., 1993.
9 Таймагамбетов Ж.К. Палеолитическая стоянка им. Ч. Валиханова. - А-А., 1990.
10 Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. – А.-А., 1982.
Достарыңызбен бөлісу: |