Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 52,5 Kb.
Дата18.02.2020
өлшемі52,5 Kb.
#29340
түріКонкурс

ҚҰЖАТТАР 2015 ЖЫЛДЫҢ 24 АҚПАНЫНАН 10 НАУРЫЗЫНА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының

бос орнына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлама
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-2 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің бар болуы;

Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі

Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығы сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 10.01.2008 ж. № 5084 тіркелген.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

(теңге)

Санаты


Қызмет өткерген жылдарына байланысты

лауазымдық еңбекақысы

бастап

дейін

Е-R-2

98016

132610

Е-R-3

74313

99938

Е-R-4

56 375

76 235

Е-G-3

53.813

72.391


«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ (101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12 үй, анықтама телефон: 8(7213) 92-25-24, факс: 8(7213) 92-25-24; электрондық пошта: tmr_okr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, № 1-1-1 , Е-R-2 санаты).

Функционалдық міндеттері: Жұмыссыздықты қысқартуды қолдау, жұмысқа қабілетті жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды жұмысқа тұрғызу, қайта даярлау мен кәсіби мамандық бағытын өзгертуге ықпал ету жұмыстарын бақылауды іске асырады Жұмыспен қамту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, тұрғын үй көмегін, балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсініктемелі жұмыс жүргізеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің іс-әрекетін жалғыз тұратын ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, жалпы ауру мүгедектері мен қарт азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсету үшін бағыттайды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы тиіс және босаған тұлғаларды оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:



Білімі – әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 2-1 , Е-R-3 санаты, 2017 жылдың 6 қазанына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй коммуналдық сала, энергетика қызметтері мәселелерін үйлестіреді. Инженерлік жүйелер, коммуналдық қызмет көрсету саласы кәсіпорындары қызметі мен даму мәселелерін қарайды және шешеді. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, қала автомобиль жолдары қызметі бойынша жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасайды. Бюджеттік өтінімдерді есептеу үшін ақаулық тізімдемесін құрайды. Автомобиль жолдарын күтіп ұстауға техниканың шығуына мониторинг жүргізеді, қаланы санитарлық тазалау жөніндегі үшайлықтың жүргізілуінің ұйымдастырылуын тексереді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:



Білімі – техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ коммуналдық- құрылыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 3-3, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Кентте коммуналдық желілер мен ғимараттарды салуға ұсыныстар мен негіздемелер әзірлейді. Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) қабылдау мен тіркеу бойынша мәселелерімен айналысады. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы пәтерлерді есепке алады, нормативтік күтіп ұсталуын, сонымен қатар салынуын, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілуін бақылайды. Калькуляция, сметалық есептеулер мен ақаулық тізімдемесін құрайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар



Білімі – техникалық немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-1-2, Е-R-4).

Функционалдық міндеттері: Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша әртүрлі меншік нысанындағы жұмыс берушілермен шарттар жасайды. Семей полигоны бойынша біржолғы жәрдемақы тағайындау жөніндегі құжаттарды дайындайды және азаматтарды тіркеу мен қабылдауды жүргізеді. Жасырын жұмыссыздық туралы мониторнинг құрастырады. Бос жұмыс орындары бойынша «Рынок» ақпараттық базасын жасарту жұмыстарын жүзеге асырады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуге қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.


Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
жүктеу 52,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау